Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсач.doc
Скачиваний:
26
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
2.81 Mб
Скачать

2.4 Техникалық қамтамасыздандыру

Жүйе серверінің архитектурасы 1 серверді қарастырады. Ол келесі конфигурациялардан тұрады:

  • жиілігі 1 GHz кем емес кеңейтілу мүмкіндігі2-ге дейін UltraSPARC 1 процессор;

  • 4 GB көлемді жедел жад;

  • Ethernet 1000/100/10 интерфейс;

  • Ultra 320SCSI 2 интерфейс;

  • 4-тен кем емес Ultra320 SCSI 73 GB дисктері;

  • DVD;

  • қайталанған қуат көздері;

  • DDS 4 немесе DAT 72 стримерлері.

Жұмыс станциялары ретінде IBM қолдайтын компьютерлер қолданылуы тиіс. Оның техникалық сипаттамасы:

  • Pentium III процессоры, тактілі жиілігі 1 GHz кем емес;

  • жедел жад көлемі 512 MB кем емес;

  • дисктегі бос орын көлемі 5 GB кем емес;

  • SVGA монитор және видеокарта 1024*768 пиксельді қамтамасыз етуі керек;

  • MS Windows 2000/XP Ru амалдық жүйесі.

2.5 Эргономикалық қамтамасыздандыру

Жұмыс орынындағы микроклимат параметрлері. Микроклимат парамтерлері кең мағынада өзгертіледі, адам өмірінің қызметінің шарттарында қажетті болып терморегуляция қасиетінің көмегімен бөлмелік температурасының ұстануы.

Микроклиматтың қалыптастырылуын негізгі қағидаларына – қоршаған ортамен адам денесінің жылуды алмастыруы үшін тиімді шарттардың құрылуы. Санитарлы қалыпта ыңғайлықтарды құрайтын микроклимат параметрлерінің кеңдінің шарттарын құрайты (Кесте 7).

Кесте 7

Микроклимат параметрлерінің көлемі

Аймақ

Жыл мезгілі

Ауа температурасы

Қатысты ылғалдық, %

Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с

Тиімді

Суық кезең

18 – 21

60 – 40

0,2

Мүмкін

Алмастырулық кезең

17 - 21

75

0,3

Тиімді

Жылы кезең

20 – 25

60 – 40

0,3

Мүмкін

Ыстық кезең

28 - 13

75

0

Ыңғайлы шарттарды қамтамасыздандыру үшін қазіргі уақытта ұйымдастырушылық әдістер ретінде қолданылады.

Еңбекті қорғау - техникалық үйірмені ұйымдастырудың аса маңызды және қажетті элементі және ол техниқалық санитарлық тазалық шаралардан құралады. Бұл шаралар денсаулық және қауіпсіздік жағдайларын жасауға жәрдемдеседі [19, б.125].

Шумды қалыптастыру. Шум адам организміне кері әсерін тигізетін еңбек шарттарын нашарлатады. Адамға шумның ұзақ уақыт әсері барысында ұнамсыз жағдайлар пайда болады: көру, есту өткірлігі төмендейді, қан қысымы жоғарылайды. Жүрек және жүйке жүйелерінің функционалдық өзгерістерінің себептері ретінде жалғастырылған қатты шум болады.

Жұмыс орнында шум көздері болып, ереже бойынша, техникалық құрал болып табылады: компьютер, принтер, желдеткіш жабдықтар, сонымен қатар сыртқы шумдар.

Біздің елімізде еңбекті қорғауды ұйымдастырудың негізгі принциптері: қауіпсіздік техникасы мен техникалық жаңа жетістіктерін ескере отырып жасалады. Еңбекті қорғау талаптары мен нормалардың сақталуын оқытушылардың өздері бақылайды.

Қызмет көрсету еңбегі пәнінің мүғалімі жыл сайын бациллаға байланысты тексеріліп, көкірек қуысын флюрографиядан өткізеді. Асқазан-ішек аурулары, тамақтан улану мәселелеріне қатысты әдебиеттерді оқып, дәрігерлермен кеңесіп отыру қажет. Әрбір сабақтан соң бөлмені жуып, ауасын тазартып отырады.

Азық-түліктерді пайдаланудан бұрын оның сапасы мен сақталу мерзімін тексеру керек. Асханаға оқушылар арнайы аяқ киіммен, таза алжапқыш байлап, басына бас киім киіп немесе орамал тартып кіреді. Мүғалім оқушыларды сабаққа дейін тексеріп, сабақты жүргізу барысында көптеген дәрігерлік талаптарды орындайды. Сабаққа тері ауруы, іріңді жарасы бар, дене қызуы көтерілген баларды жіберуге болмайды. Асқазан-ішек аурулары бар балаларға сақтықпен қарау керек.

Бөлменің метеорологиялық жағдайлары. Адам организміне метеорологиялық фактордың әсері. Бөлменің метеорологиялық жағдайы деп - ауаның температурасы, дымқылдылығы, қозғалыс жылдамдығы арқылы қалыптасатын физикалық күйін айтады. Әр бөлменің өзіне тән метеорологиялық жағдайын микроклимат деп аталады. Метео-рологиялық факторлар адамның функционалдық әрекетіне, көңіл күйіне, денсаулығына үлкен әсерін тигізеді [20, б.64].

Дене өте қызып кетсе дірілдеу, ыстық соғу, естен тану тағы басқа жағымсыз жағдайлар туады. Бұл адам өліміне әкеліп соғуы мүмкін. Дене температурасының көтерілуі организмді әлсіретіп, сақсыздық пен байқамдық туғызады, бұл травматизм туғызуы мүмкін.

Адамның төмен температурасы дененің жылуын азайтады, тоңдырады, дене дірілдеп, тері ағарады, тыныс алу және пульс азаяды, дененің кей мүшелері үсуі мүмкін. Дене тоңғанда оның өзін - өзі қорғау қабілеті азайып, бірнеше ауруларға шалдығуы мүмкін (тұмауға, ангина, ревматизм т.б.).

Сондықтан санитарлық нормаға сәйкес жұмыс органдарында ауаның температурасы мынадай мөлшерде болу керек: жылы мезгілде (сыртқы ауаның температурасы > +10 С°) 18-25 С°, суық мезгілде (сыртқы температура < +10° С) 16-23° С тең болуы керек.

Ауаның жоғары дымқылдығы да жағымсыз метеорологиялық жағдай туғызады. Ыстық кезде ауаның жоғары дымқылдығы денеден жылу шығу үрдісін азайтып, оның қызуы шамадан тыс көтерілуі мүмкін, содан адамның хал-жағдайы нашарлап, жұмысқа қабілеттілігі төмендейді. Ал суық кезде жоғарылап дымқылдың денеден жылу шығуын ұлғайтады, оны тоңдырып, адамның хал-жағдайын нашарлатады.

Адамның өте төмен дымқылдығы да организмге жағымсыз әсерін тигізеді. Бұл жағдайда адамның жоғары тыныс жолдарының шырышты қабығында кебірсушілік сезім пайда болып, мазасыздық туады. Нормаға сәйкес ауаның дымқылдығы 40-60° С шамасында болу керек, әйтседе 75 % аспау керек.

Ауаның қозғалысы (қозғалыс V- ғы) адам организміне әр түрлі әсерін тигізеді. Ыстық жағдайда ауаның қозғалысы денеден жылу шығу үрдісін улғайтады, адамның хал-жағдайын жақсартады. Суық мезгілде керісінше дене тоңазытып жағдайды нашарлатады. Сондықтан норма бойынша жылы мезгілде ауаның қозғалыс жылдамдығы 0,2-0,5 м/с, ал суық мезгілде 0,2-0,3 м/с болуы керек.

Сонымен жоғарыда көрсетілген метеорологиялық фактор жұмыс орындарында микроклиматты қалыптастырып, адам организміне әсерін тигізеді.

Территорияға және жайларға талаптар. Оқу-өндірістік шеберханаларының бөлмелеріндегі құралдар мен механизмдердің орналасуы санитарлы норма талаптарына құрылыс нормалары мен ережелеріне, Қазақстан денсаулық министрлігімен бекітілген ережелердің талаптарына сай болуы керек. Компьютерлік бөлмелері жарық, жылы және құрғақ болған дүрыс. Олар барлық қабаттарда орналасуы мүмкін. Жұмыс бөлмелердің ауданы әрбір адамға 4 м2 болатындай етіп жасалады. Әрбір жұмысшыға бөлме көлемі - 15 м3, есік пен өткелдердің биіктігі - 2 м, бөлме биіктігі - 3,2 м. Еденнің конструктивті элементтерге дейін ара қашықтығы - 2,6 м кем емес, есіктердің минималды ені - 0,8 м, коридор ені - 1,4 м болуы керек. Терезелер күн шуағы барлық жұмыс орындарына түсетіндей болып орналастырылады. Терезелердің міндетті түрде желдеткіштері болуы керек [21, б.69].

Бөлме қабырғалары мен төбесін майлы немесе эмульсиялы бояумен сырлайды, өйткені сулы шүберекпен сүрткенде жағылмайды. Қабырғаларды тегіс етіп, ешқандай тесік, өрнексіз салады. Бұл шаң болмауды қамтиды.

Бөлмелерді желдету (вентиляция). Желдету - жұмыс бөлмелерінде қолайлы жағдайлар жасау, олардың ішінен зиянды газдарды, шаңдарды тағы басқа заттарды сыртқа шығару үшін қолданылады. Бөлмеде ауаның ауысу әдісіне қарай желдетудің 2 түрі бар: табиғи және жасанды.

Табиғи желдету сырттағы ауа мен бөлме ішіндегі ауаның температурасының айырмашылығы арқасында орындалады. Табиғи желдету ұйымдастырылмаған (инфлитрация) және ұйымдастырылған (аэрация) болып екіге бөлінеді.

Инфильтрацияда ауа алмасуы терезе, есік, дефлектор, тағы басқа құрылғыларды керегінде әдейі ашып-жабу арқылы жүргізіледі.

Аэрация - бұл жалпы алмасу желдету рөлін орындайтын ұйымдастырылған табиғи желдету [23, б.68].

Механикалық (жасанды) желдетуде ауа алмасуы арнайы желдеткіш қондырғылардың күшімен жүзеге асырылады. Механикалық желдетудің ауа ағысының бағытына қарай сорғыш, үрлегіш және үрлеп сорғыш түрлері болады.

Сорғыш желдету бөлмеден ластанған ауаны сыртқа сорып шығаруға арналады. Ал үрлегіш желдету, керісінше, сырттан таза ауаны бөлме ішіне айдап кіргізеді. Ол үрлеп сорғыш желдету - бір жағынан бөлмеден ластанған ауаны сорып сыртқа шығарып, екінші жағынан оның орнына бөлмеге таза ауа кіргізуге арналады.

Механикалық желдету орналасқан жеріне байланысты жалпы алмасу, жергілікті және аралас түрлері болады.

Жергілікті сорғыш желдету - жұмыс орындарынан шығатын зиянды заттарды сорып әкететін болса, үрлегіш желдету - жұмыс орындарына таза ауаны үрлеп жіберіп отырады. Жергілікті желдетудің ішінде көбіне сорғыш желдетуді пайдаланады. Жергілікті сорғыш желдетудің бірнеше түрлері бар: сорғыш зонты, шкаф, кабина, бүйірден сору, шлангамен сору, тағы басқа.

Жұмыс орындарын жақсы жарықтандыру - еңбекті қорғау талаптарының маңызды бір түрі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]