Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

artemjev_gylym_kz_2011

.pdf
Скачиваний:
84
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
2.33 Mб
Скачать

ол оны «сезімдік тәжірибе» деп атайды. Жалпы қорытындыларға адам зерттеліп жатқан нәрселердің қасиеттерін салыстыру арқылы келеді.

Шындық – заттардың ішкі мәні. Әрбір заттың шындығы өзіне тән асылдығын құрай отырып, оның өмір сүру ерекшеліктерінен көрінеді. Логика бізге заттардың мәнін ашуға көмектеседі, сол арқылы біз дара және жалпы деген ұғымдар туралы ойлай аламыз. Жалпы дара заттардың мәнін құрайды.

Өзінің әлеуметтік-саяси көзқарастарында Ибн-Сина әділеттілікке айтарлықтай көңіл бөледі және оны кез келген қоғамның орнықтылығына негіздеме болады деп санайды. Данышпанның ойынша, егер қоғам әділетсіз жолмен басқарылатын болса, онда халық қарулы көтеріліске шығып, ондай үкіметті құлатуға құқылы.

Арабтілді аристотелизмнің дамуын аяғына дейін жеткізген ұлы араб философы Ибн-Рушд (1126-1198) Испанияда, Кордово қаласында дүниеге келген. Ұлты – араб, латынша есімі – Аввероэс. Кейіннен оны Данте «Білгіштердің ұстазы» деп атаған. Оның негізгі еңбектері:

«Алғашқы қозғаушы туралы», «Терістеуді терістеу», «Аспан денелерінің қозғалысы жайында» және басқалары.

Болмыс туралы ілімінде ибн-Рушд Әлемнің мәңгілігі мен шексіздігі туралы айтады. Сөз жоқ, ол өз заманының ұлы болды және Құдайды мойындады. Алайда философия мен діннің арақатынасы туралы мәселені зерттей келе, оларды алған бағыттарында ұқсас деп санады. «Философия – ол діннің серігі және қандас туысы, олар табиғаты бойынша серіктер болса, мәні мен тума бейімділігіне қарай достар болып табылады», – дейді ойшыл (А.В.Сагадеевтен дәйексөз. – ИбнРушд. – М., 1973. – 198-бет). Философияның да, діннің де зерттейтін тақырыбы – Құдай, бірақ Ол туралы мүлдем әртүрлі ойлайды. Сөйтіп, егер ұмытпасаңыздар, философияны «Құдай сөзінің қызметшісі» санайтын схоластикадан Ибн-Рушд жоғары көтеріле білді. Егер Құдай шындықтың мәңгі бастауы болса, онда материя – мүмкін болатын әлемнің мәңгі бастауы. Егер Құдай мәңгілік болса, онда Ол жаратқан Әлем де мәңгілік. Құдай – қажетті бар болушылық, бар болуы мүмкін материяға бітім-пішін бере отырып, оны шындыққа айналдырады. Дүниеде ештеңе де пайда болмайды және құрымайды: өзгеру барысында зат басқа затқа айналады. Егер материя заттардың ішкі мүмкіндігін құраса, ал пішін оны сыртқы іске асуға, шындыққа айналуға келтіреді.

Ибн-Рушд ары қарай Аристотельдің: Пішінсіз материя жоқ және материясыз пішін жоқ» деген негізгі қағидасын жетілдіреді. Егер біз материяны пішіннен ажыратып бөле алмасақ, онда мүмкіндік пен шындық та біртұтас, олардың айырмашылығы салыстырмалы ғана. Әлем

91

мәңгілік болғаннан кейін, ерте ме, кеш пе, әлемнің бар мүмкіндіктері іске асырылатынына ойшыл кәміл сенеді.

Ибн-Рушд таным туралы ілімінде ой-санаға басты орын береді. Әлбетте, Құранда да әлем туралы белгілі бір шындықтар берілген, бірақ сонда, сенім мен ақыл шындықтары қалай өзара қатынаста болады? Өз заманында өзгеше батылдыққа барып, ол екі шындық жоқ деп жариялады. Шындық – жалғыз және ол ақылға негізделуге тиіс.

Құранның шындықтары бұқара халыққа арналып, соларға түсінікті болу үшін жазылған. Ал философиямен танымы терең адамдар айналысады, олар өздері жасаған қорытындыларға саналы, ақылды негіздемелер бере алады. Демек, Құран қағидалары мен ғылыми нәтижелер арасында қарама-қайшылықтар туғанда, діни қағидаларға жаңа түсініктемелер берілуі керек, яғни оларды заманға сай жаңартып отыру қажет. Егер Ибн-Рушд осы уақытқа дейін тірі болғанда, қазіргі ғалымдар оның осындай ойын, сірә, кешіре қоймас еді.

Ибн-Рушд әлеуетті парасат деп адамзатты тұтастай танып білу мүмкіндіктерінің жиынтығын түсінеді. Шындығында, әрбір тірі адамның уақыты шектеулі және ол өтпелі тіршілік иесі болып табылады, сол себепті әлеуетті парасатсыз, биік ой өресінсіз ол әлемнің универсалияларын аша алмаған болар еді. Сөйтіп, Ибн-Рушдтың әлеуетті парасаты қазіргі заманғы философияның қоғамдық сана түсінігіне жақын.

Адамның қоршаған дүниені танып білуіне Алланың белсенді ақыл-парасаты көзге көрінбей ықпал етеді. Алайда ол тікелей емес, адамдардың сезімдерін, қиялдары мен елестерін оята отырып ықпал етеді. Соған орай ойдың белсенділігі артады және заттардың мән-мағыналары ашылады, демек, адамзаттың әлеуетті парасаты байи түседі. Бүгінгі күні біз адамның сезімдері мен әсерлерінсіз, құштарлықтарынсыз болмыстың терең қойнауларына жету мүмкін еместігін айтар едік. Ибн Рушдтың ойынша, әлеуетті парасат әрдайым Алланың белсенді ақыл-парасатына жақындаумен болады, бірақ ешқашан онымен толық бірігіп кете алмайды. Шындығында, егер біз Әлемнің бар құпияларын ашып қойсақ, онда өзіміз Құдайларға айналған болар едік, бұл, әлбетте, мүмкін емес.

Ибн-Рушдтың екінші, өз заманы үшін «заңға қайшы» тұжырымы мынада: адам – өтпелі. Адамның денесі өлгеннен кейін, оның жаны да өледі. Яғни бұдан адам өмірінің мағынасыздығы келіп шықпай ма? Бұл тығырықтан Ибн-Рушд адамзаттың әлеуетті ақыл-парасаты ажалсыз деп мәлімдей отырып шыққан. Демек, адам бәрін жасауға, өзінен

92

кейін әлеуетті ақыл-парасатта шығармашылық із қалдыруға тиіс дей алады екенбіз.

Әрине, адамның құндылық бағдарларына байланысты ИбнРушдтың бұл «заңға қайшы» тұжырымынан екі: бірі – тақуалық, ал екіншісі гедонистік1 ұстаным келіп шығады. Егер адам өлсе де, бірақ мәңгі әлеуетті ақыл-парасат қалады, сондықтан ол тақуалықмистикалық өмір салтына бейімделуге тиіс. Екіншіден, егер адам бұл дүниеде бір-ақ рет өмір сүрсе және оның жаны өзімен бірге өлсе, онда ол бұл өмірден барынша мол ләззат алып, барлық мүмкін болатын рақаттарға батуға тиіс.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, Ибн-Рушдтың бүгінгі таңда да біздерді өзінің философиясымен таңдандыратын терең сезімтал және батыл ойшыл болғанын ерекше атап айтқымыз келеді.

2.7. Ибн-Хальдун – қазіргі заманғы әлеуметтік философияның және саясаттанудың негізін салушы

Ибн-Хальдун (1332-1406) – тарихшы және философ, сондай-ақ араб Шығысының жарқын ойшылдарының бірі. Оның негізгі еңбектері:

«Әл-Мүккадима», «Арабтардың, парсылардың және берберлердің тарихы...», «Өнеге-өсиет үлгілерінің кітабы» және басқалары.

Болмыс туралы ілімінде Ибн-Хальдун әлем тәртіпке келтірілген, үйлесімді, денелер мен заттар бір-бірімен өзара байланыста дегенді айтады. Заттардың негізінде сол баяғы төрт элемент: жер, су, ауа, от жатыр. Олардың заттарға араласып кеткеніне қарамастан, сол элементтердің біреуі басым болуға тиіс, олай болмаса, зат өмір сүре алмайды. Заттардың бұл өмірде болуында дүние элементі саналатын оттан шығатын «туа біткен жылу» шешуші рөл атқарады.

Әлемде болып жататын алуан түрлі үдерістер адамға тәуелді емес. «Табиғатта даму бар ма?» – деген сұраққа ол оң жауап қайтарады. Табиғаттағы ең бір күрделі түпнегіздерге қараңызшы: минералдар, өсімдіктер, жан-жануарлар бұл дүниеге бірінің артынан бірі келіп жатады. Аса күрделі минералдар мүкке айналса, ал ең жоғары тұрған өсімдіктер қарапайым жәндіктер – ұлуларға айналады. Жануарлар әлемі көбейе және өне бойы тіршілік иелерінің жаңа-жаңа түрлерін тудыра отырып, ақыр соңында, ақылы бар тіршілік иесі – адамның пайда болуына жеткізеді. Маймылдарға қараңызшы: олардың түйсіну,

1 Гедонизм – адам рақат тұрмысқа ұмтылады дейтін көне грек ілімі. 

93

қабылдау сезімдері бар, бірақ ойлау қабілеті жоқ. Сөйтіп, Ибн-Хальдун Ч.Дарвинге дейін 400 жыл бұрын-ақ, рас, тым қарабайыр болғанмен, өмірдің дамитыны туралы идеяға келген.

Табиғат пен қоғамның өзара қарым-қатынастары мәселелерін де алғашқылардың бірі болып Ибн-Хальдун қойған. Адамдар бір-бірімен азық тауып жеу қажеттілігіне бола бірігеді, өйткені онсыз өмір жоқ. Адамдарды бірігуге келтіретін екінші фактор – ол жабайы жанжануарлардан, тіпті адамдардың өздерінен де қорғану қажеттігі.

Сөйтіп, адамдардың табиғаттан шыққанына қарамастан, олар, қалай болғанда да, әлеуметтілік деңгейіне дейін көтеріледі. Бірақ Табиғат туындысы болғаннан кейін, адам оның ықпалынан толықтай шығып кете алмайды.

Табиғат қоғамға бәрінен бұрын өзінің климаты (ықылым) арқылы ықпал етеді. Ол жер бетіндегі климатты жеті белдеуге: ең суық аймақтар (7-6-белдеу), ең ыстық (1-2-белдеу), қалыпты (4-белдеу), ауыспалы (3 және 5-белдеу) ажыратып бөледі. Ең суық және ең ыстық аймақтардағы адамдар қызба мінезді, ұшқалақ болып келеді, өйткені олар қиын жағдайларда өмір сүреді. Тіпті олардың дене құрылысы мен бет әлпеттері де соны айтып тұрады. Африкалықтар денелерінің қара түсі, ал солтүстіктегілердің бозғылдығын ол осы факторлармен түсіндіреді. Табиғат адам жанының толғаныстарына, мінез-құлқына, ал жейтін тағамдары дене құрылысына әсер етеді. Бүгінгі күні ондай ой-пікір географиялық детерминизм1 деп аталады.

Ойшылдың осындай пікірлерінде ұтымды мән-мағына бар ма? Әрине, бар. Оның үстіне, теориялық қана емес, практикалық-саяси да мәні бар. Бүгінгі таңда дамыған елдердің тәжірибесін үйрене отырып, біз өз еліміздің ерекшеліктерін ескермейміз, яғни қыстың жеті айға созылатынын, судың тапшылығын, халықтың аз қоныстанатын аймақтарын, көп жерлердің бос жатқанын естен шығарып аламыз. Демек, біз, сірә, елімізді еуропалық мәнермен өзгерте алмаспыз. Еліміздің болашақтағы бейнесі өзіндік болмақ. Мүмкін, халық аз қоныстанған көптеген жерлер ұлттық саябақтарға айналар, ал біз бүгінгі күні құрып бара жатқан өсімдік әлемі мен жануарлар әлемін қалпына келтірерміз. Демек, біз ата-бабаларымыздың тәжірибелерін ұмытпауға тиіспіз.

Сонымен бірге Ибн-Хальдун барлығының да табиғат факторларына тәуелдіеместігінайтады.Климатжағдайларыбірдейелдердеөмірсүріп

1 Детерминизм – табиғат пен қоғам құбылыстарының объективтік заңдылығы мен себептік байланыстылығын мойындайтын философиялық тұжырымдама. 

94

жатқан әртүрлі халықтардың өмір сүру деңгейі де әртүрлі: біреулері бай, ал екіншілері кедей дегендей. Ибн-Хальдунның данышпандығы оның осы фактіні айтқандығы емес, ол сонымен қатар оның себептерін де көрсетеді емес пе! Қоғамдар өзара нені және қалай өндіретіндігіне және алған игіліктерді қалай бөлетіндігіне қарай ажыратылады. Сөйтіп, Ибн-Хальдун К.Марксқа дейін 400 жыл бұрын-ақ қоғамның материалистік түсінігіне дейін көтеріле алған.

Ибн-Хальдун терең ойшыл ретінде қоғам дамуындағы: бидави және хидари деген екі ірі кезеңді ажыратып көрсетеді. Бұл сөздердің шығу тегі мынадай: «бидави» ауылдық, бастапқы, көшпенді қоғамды, ал «хидари» қалалық, астаналық қоғамды білдіреді. Егер бастапқы кезеңде адамдар мал шаруашылығымен және жер өңдеумен айналысса, ал хидари кезеңінде қалалар, әртүрлі кәсіптер, сауда-саттық, ғылым мен өнер пайда болады. Бұл – іс жүзінде кейіннен еуропалықтар

«жабайылық пен озбырлық» және «өркениет» деп атаған кезеңдер.

Оған қоса, ол тарихта осы екі кезеңнің болғанын айтып қана қоймайды, сонымен қатар біріншісінен екіншісіне өтудің себептерін де көрсетеді.Бұлөндірістіңдамуынажәнеөніммолшылығыныңпайдаболуына байланысты, өйткені өнімнің артық болуы қымбат тауарлардың шығуына және оларды алуға ұмтылуға әкеліп соқтырады. Әдемі киім, дәмді тамақ, жайлы тұрғын үй, әлбетте, көпшілікті қызықтырады. Сонымен бірге олар өндірістің дамуына, бұрынғыдан да көп алуан түрлі тауарлардың пайда болуына (жұп-жұқа былғарыны илеу және бояу технологиясы, әртүрлі әшекей бұйымдарды жасау, минералдар мен тастарды өңдеу технологиясы және басқалары) серпін береді. Ақыл-ой қызметімен айналысатын адамдардың ерекше топтары пайда болып, ғылым мен өнердің жедел дамуына себепкер болады.

Ары қарай – одан да көбірек... Ибн-Хальдун әлемдік философияда алдыңғылардың бірі болып бастапқы салыстырмалы теңдіктен толық теңсіздікке өтудің қалай орын алғанын айқын көрсетіп берді. Бұл жерде ол тағы: «асабийя» және «мүлік» деген екі жаңа санат енгізіп, қоғамның әлеуметтік-саяси өмірін талдауға дейін көтеріледі. Бұл ұғымдардың шығу тегі мынадай: «асабийя» ру-тайпаның бірлігі, өзара байланыс дегенді, ал «мүлік» байлық, меншік дегенді білдіреді.

Ибн-Хальдун адамдардың бастапқы байланыстары қандықтуыстық болғанын ғана айтып қойған жоқ, сонымен қатар оның материалдық мұқтаждықтардың және әртүрлі қауіп-қатерлерден қорғану қажеттілігінің маңыздылығын да көрсеткені ғажап болды. Сол себепті кей кезде қандық-туыстық әлеуметтік құрылым айтарлықтай

95

өзгерістерге ұшырап, күрделене түседі. Мысалы, ру-тайпа мүшелігіне басқа жерлерден келгендер қабылдануы, ал кейбір топтар қорғаныш және қолдау іздеп, бір тайпаның құрамына кіруі мүмкін.

Бастапқы кезеңде адамдық қатынастар теңдік қағидасына негізделіп құрылады, өйткені әлі өнімдер молшылығы бола қойған жоқ. Рутайпалардың көсемдері тайпаны басқарумен, ру-тайпаішілік және оның шекараларынан тыс қатынастарды реттеумен айналысады. Бірақ дәл осы басқару ісінде болашақ теңсіздіктің ұрығы жасырынған.

Басқарушы барлықтарын да өз еркіне бағындыруға, ал көнбегендерді жазалауға тиіс. Ал бұл ру-тайпа мүшелерінің көсемге тәуелді болуының күннен-күнге арта түсуіне әкеп соқтырады. Бастапқыда көсемнің жанында тең дәрежеде болғандар енді оның еркіне бағынуға мәжбүр. Билікке қолы жеткен билеуші енді ешқашанда одан бас тартпайды, керісінше, бар күшін салып, оны нығайтуға ұмтылады.

Билікпен бірге көсем басқа да артықшылықтар иеленеді, бұл, ақыр соңында, мүліктің (жеке меншіктің) қалыптасуына, сондайақ теңсіздіктің пайда болуына жеткізеді. Бұл жерде «мүлік» сөзінің «билік» деген басқа бір мағынасына назар аударған жөн. Қазақ тілінде «бай» – дәулетті, ал «би» – билеуші дегенді білдірсе, орыс тіліндегі «власть» және «владеть» сөздері бір түбірден шыққан.

Тайпа ішіндегі теңсіздіктің пайда болуы басқа тайпаларды күшпен басып алу немесе қорқыту арқылы оларды «өз еркімен» бағынышты болуға келтіреді.

Ибн-Хальдунның мемлекет теориясы. Мемлекеттің пайда болуын ойшыл күш көрсетумен байланыстырады. Ақылды көсемі бар, күшті, жақсы ұйымдастырылған тайпа көрші тайпаларды тізе бүктіре бастайды, оларға салық салады және бастапқы кезеңде көсем басқару үшін ол жаққа өзінің туыс-жақындарын жібереді – мемлекет осылай пайда болады. Билігінің күшеюіне қарай ол жақын-жуықтарын биліктен шеттете бастайды да, басқа адамдарды тағайындап, оларға артықшылықтар белгілеп, еңбектеріне жоғары ақы төлейді. Сол кезден-ақ мемлекеттің дағдарысы басталады, өйткені сырттан қауіп төнгенде, ақша үшін жұмыс істейтін адамдар, мемлекет бастауы басында тұрған алғашқы тайпалардың мүшелері сияқты, өмірлерін қия қоймайды.

Ибн-Хальдун мемлекет пен өндірістің өзара байланысын зерттеді. Оның кейбір идеялары тап бүгінгі күндерден көшірілгендей. Мемлекет пен өндіріс табиғаты әртүрлі. Мысалы, тауарлардың бағасы оларды өндіруге шығындалған қаражатқа байланысты: оған көлік шығыстары, нарықтағы сұраныс және, әлбетте, ойшыл дұрыс атап көрсеткендей,

96

салықтар да кіреді. Ал мемлекет салықсыз өмір сүре алмайды ғой. Олар билік басына келіп қалған кешегі көшпенділерге рақат өмір сүру, шекараларды күзету, саяси қарсыластармен күрес жүргізу үшін керек. Мемлекет, бір жағынан, салықтарды күшейте алады, ал, екінші жағынан, ішкі және сыртқы сауда-саттыққа бақылау белгілей отырып, экономикаға тікелей араласа да алады.

Егер салықтар көлемді болса, онда халық қалжырайды және онымен бірге мемлекет әлсірейді. Бай адамдар алтындарын тиеп алып, шетелге қашады. Қарапайым адамдар киім, тамақ іздеп, Ибн-Хальдун болжағандай, жан-жаққа бытырайды. Бұл факторлар мемлекеттің күйреуіне әкеліп соқтыруы мүмкін, өйткені мемлекет – қоғамның формасы, ал өндіріспен айналысатын қарапайым адамдар – оның материясы. Алайда бұл мемлекет толық құрып кетеді дегенді білдірмейді. Ескі мемлекеттің орнына, өзінің даму кезеңінен өткен соң, келесіге жол беретін жаңа мемлекет пайда болады.

Ибн-Хальдунның пікірінше, әрбір мемлекеттің өмір сүру мерзімі адамдардың үш ұрпағымен өлшенеді. Бірінші ұрпақ жаңа мемлекеттің негізін құра отырып, өзінің жеке мүдделеріне қарағанда, ортақ мүдделерді көбірек ойлап, күш-қуатын аямайды. Екінші ұрпақ мемлекеттің жинақталған байлығына билік етіп, оны өз игілігіне пайдалануға ұмтылады. Үшінші ұрпақ мемлекетті түбегейлі әлсіретіп, оны күйреуге жеткізеді.

Сөйтіп, мемлекет пен өркениеттің пайда болуының себебі – бір. Олар өндірістің дамуы мен өнім молшылығының пайда болуына байланысты.

Мемлекеттер мен өркениеттердің күйреу себептері де айқын. ИбнХальдунның ойынша, бұл – билеушілердің ерекше қымбат тауарлар сатып алуға, өмірден барынша мол ләззат алып қалуға ұмтылуы, ал ол, өз кезегінде, қымбатшылыққа, салықтардың өсуіне, экономиканың әлсіреуіне келтіреді. Соңғы кезеңдерде қоғамның қарқынды түрде моральдық азғындауы орын алады. Адамдар бұзылады, бір-бірлерін алдап, қастық ұйымдастыра бастайды. Осының барлығы байлыққа жету үшін жасалады.

Рухани дағдарысты басынан өткеріп жатқан қазіргі заманғы адамзат үшін Ибн-Хальдунның көптеген идеяларының әлі де өзекті екенін мойындағанымыз жөн болар.

Ибн-Хальдунның шығармашылығын зерттеумен айналысқан поляк ғалымы Ежи Вятр оны «қазіргі заманғы әлеуметтану мен саясаттанудың әкесі» санайды. Біз, өз тарапымыздан, осы пікірге қосыламыз.

97

Араб ғалымдарының да білімдердің көпшілік саласына сіңірген еңбектерін асыра бағалау мүмкін емес. Ортағасырлық ғылым мен философияның кіріспе бөлімінде бұл туралы ішінара айтып өткенбіз. Бұл жерде біз алты ғасырдан артық уақыт бойы арабтардың техникалық және ғылыми тұрғыда Батыстан айтарлықтай озық болғанын айтпақпыз. Ал астрономия, математика, медицина, оптика сияқты салаларда олар, дау жоқ, жетекші орын алады. Мысалы, Ибн- әл-Шатыр XIV ғасырда, Коперникке дейін-ақ, Птолемей жүйесіне елеулі өзгерістер енгізіп, оны математикалық тұрғыда кейінірек пайда болған Коперник жүйесіне парапар болатындай етіп дамытты.

Орта ғасырлардың мұсылмандық философиясы мен ғылымы туралы әңгімемізді аяқтай келе, тағы бір ірі құбылыс туралы айтқанымыз дұрыс болар. Ол – ортағасырлық рухани дүние бейнесін көрсететін «Таза бауырластар трактатының» жарыққа шығуы. «Таза бауырластар» немесе «Тазалық пен шынайылық бауырластары» – ол X ғасырдың: Ирак, Иран, Әзірбайжан, Орта Азия елдері мен Сібір ойшылдары енген философтар тобы. Олар дін, философия және жаратылыстану ғылымдары туралы елу бір жасырын «жолдау» құрап, мұсылмандық метафизика аясына антика дәуірінің ғалымдары мен ойшылдарының: аристотелизм және неоплатонизм, эманация тұжырымдамасы, Птолемей космологиясы, Гиппократтың медициналық ілімі идеяларын енгізген.

Сонымен, қорытындылайық. Бұны белгілі американдық шығыстанушы Франц Раузенталдың: «Сөз жоқ, «білімдерге» қатысты табандылық ортағасырлық мұсылмандық өркениетті ғалымдық және ғылым мағынасында айтарлықтай өнімді етті, соның нәтижесінде адамзат тарихына берік үлес қосты», – деген сөздерімен аяқтағанымыз дұрыс сияқты (Раузентал Франц. Торжество знания. Концепция знания в средневековом исламе. – М.: Наука, 1978. – 330-бет).

Жинақтай келе, ортағасырлық философия – бұл антикалық философияның тірі жалғасы, грек көкжиегінен өзіндік көтерілу, қол жеткен жетістіктерді қайтадан бағалау және Қайта өрлеу дәуірі философиясына дайындық деп, тағы бір рет атап өткіміз келеді.

98

3-тарау. Қайта өрлеу дәуірі философиясы

3.1. Қайта өрлеу дәуірінің ерекшелігі

Қайта өрлеу немесе Ренессанс дәуірі (фран. – Renaissance) Еуропа тарихында XIV-XVI ғасырлар бойы жалғасқан феодализмнен капитализмге өту кезеңіне тап келді. Ренессанс отаны болып Италия саналады.

Аталған өтпелі кезеңнің орын алуына қандай жағдайлар себеп болды? Әлеуметтік-экономикалық тұрғыда кәсіптер мен саудасаттық, балық шаруашылығы, тоқыма өндірісі қарқынды дами бастады. Сауда-саттық пен балық аулау арқылы байып алған шаруалар өз қожайындарынан іргелерін аулақ салып, еркін адамдарға айналды. Олар еркін жалдамалы еңбекті пайдаланып, әртүрлі шеберханалар мен дүкендер салды. Сөйтіп, капиталистік қатынастардың бүршіктері пайда болып, феодализм бірте-бірте шегіне берді. Қалалар жылдам қарқынмен өсіп, тауарлар импорты мен экспорты серпінді жүзеге асырыла бастады, сән пайда болып, шетелдерден тәтті-тәрім, жібек мата әкелінетін болды. Феодалдық қоғамның бірсарынды өмірі осындай экономикалық және әлеуметтік өзгерістердің дүмпуінен күрт өзгерді. Өмір түбегейлі өзгеріске ұшырады. Еуропа жедел адыммен капитализмге бет алды.

Әлеуметтік-экономикалық салада орын алған күрт өзгерістер рухани өмірде де жаңашылдық үдеріске жеткізді:

а) өндірістік күштерді дамыту қажеттігі схоластиканы кейін ысы-

рып тастап, жаратылысты ғылыми тұрғыда тануға, табиғатты зерт-

теуге себепкер болды; ә) бірақ табиғат дегеннің өзі не? – Материя. Бұл, өз кезегінде, ой-

шылдарды материализм жағына қарай бағыттады; б) табиғатқа жүргізілген кез келген зерттеу әртүрлі тәжірибелер

жасауға байланысты болады, философия тілінде бұл эмпиризм деп аталады;

в) фактілердің жинақталуына қарай оларды қорытындылау қажет болды, демек, рационализм (лат. – ratio – ақыл, сана) пайда болды;

г) бұл, өз кезегінде, зиялы қауым (интеллигенция) рөлін арттырады. Егер Орта ғасырларда оны, негізінен, діни қайраткерлер көрсетсе,

ал қазір ақсүйектердің зиялы қауымы пайда болды;

д) енді, ақыр соңында, даралық (индивидуализм) үшін жол ашыл - ды: ортағасырлық корпоративизм екінші орынға ығысып, ал алдың-

99

ғы орынға талантты, жоғары дарынды тұлғалар шықты, олар өз мақсаттарын іске асыра отырып, суретші, мүсінші, сәулетші, музыкант болып қалыптасады;

е) олар, өз кезегінде, «Studia Humanitatis» (гуманитарлық зерттеулер) деп аталатын үйірмелер ұйымдастырады. Бұл Қайта өрлеу заманының аса маңызды жетістігі болды.

XIV ғасырдың екінші жартысынан бастап антика дәуіріне, оның мәдениетіне, өнеріне, философиясына қызығушылық артты. Адамдар антика мәдениеті мен әдебиетін қаншалықты білетініне қарап бағаланатын болды. «Ренессанс» («Қайта өрлеу») деген терминнің өзін антика жетістіктерін игеруге деген құштарлықтан шығаруға болады. Бірақ бұның бәрі ерте заманға жай ғана оралу дегенді білдірмейді.

Бұл жерде көне заманды жаңаша өзгерген нақтылық негізінде қайта жаңғырту туралы сөз болып отыр. Сондықтан Қайта өрлеу іс жүзінде ескіні қалпына келтіру емес, жаңаны іздеу дегенді білдіреді. Егер көне заман философиясының қақ ортасында табиғи-ғарыштық өмір, ал Орта ғасырларда«құтқарудың»дінимәселесіболса,алҚайтаөрлеудәуірінде аксүйектік өмір, адамның осы дүниедегі, осы дүние үшін қызметі алдыңғы орынға шығады. Адам бақытқа осы өмірде, Жер бетінде жетуге тиіс. Адамға бетбұрыс қана Қайта өрлеу деген дүниетанымдық дәуірдің ерекше сипаты болып табылады, сол себепті бұл дәуірдің философиялық ойлауын антропологиялық ойлау, яғни Адам Ғалам орталығы және әлемде болып жататын барлық оқиғалардың мақсаты болып табылатын көзқарас деп сипаттауға болады.

«Ренессанс» деген терминнің өзі алғаш рет италиялық өнер тарихшысы Джорджо Вазари (XVI ғасыр) еңбектерінде кездескен, бірақ тарихтану санаты ретінде ол XIX ғасырда, Якоб Буркгардтың

1860 жылы жарық көрген «Италиядағы Ренессанс мәдениеті» деген еңбегінен бері қарай қолданысқа ене бастады.

Жоғарыда аталып өткен бетбұрысты негіздеуде Джаноццо Манеттидің (1396-1459) сіңірген еңбегі орасан болды. Құдай жаратқан Табиғаттың сұлулықтары мен салтанаттығы туралы айта келе, ол шың басына адамның өзін қояды. Адамның денесі қандай көркем және оны ештеңемен салыстыру мүмкін емес! Мысалы, кез келген затты жасай алатын адамның қолдары не деген ғажап десеңші! Шындығында, дәл солай ғой. Адамның қолы оның ақылынан туған. Егер ғайыптанғайып бір күні барлық адамдар жоқ болып шықса және егер әлдеқалай адамның бір қолы болса да қалса, сол қол арқылы жерден тыс пайым жер бетінде ақылдың болғанын түсінер еді. Жануар қоршаған ортаға

100

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]