Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

artemjev_gylym_kz_2011

.pdf
Скачиваний:
84
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
2.33 Mб
Скачать

біржақты бейімделген, ал ол кезде адам жан-жақты. Егер Құдай Табиғатты жаратса, онда адам мәдениетті туғызады.

Италиялық философ, филолог және тарихшы Лоренцо Валла (1407-1457) адам өмірінің сезімдік қырына тоқталады. Оның этикалықфилософиялық шығармаларының бірі дәл солай – «Шынайы игілік іспетті ләззат туралы» (екінші редакциясында «Шынайы және жалған игілік туралы») деп аталады. Ең жоғарғы игіліктің не екенін айқын және сенімдірек көрсету үшін, автор стоиктік, эпикурлік және христиан арасындағы әңгімелесу түрін таңдайды. Стоик табиғаттың адамға қас екенін дәлелдеуге тырысады, өйткені оны ізгіліктерге емес, жаман қылықтарға бейім етті. Эпикурдың жолын қуушы адамдарға табиғат берген және ләззаттардан тұратын игіліктерге жету мүмкіндігі туралы айтады. Христиан онымен келіспейді. Эпикуршіл сияқты, ол да ләззатты жоғарғы игілік санайды, бірақ адамның пендешілік қуаныштарға жақындығын айыптайды. Ал Валланың өзі оқырманды «ләззат, сөз жоқ, адамға пайдалы, тек ақылға қонымды шектерде ғана, әйтпесе азап шегу аса зиян» деген сенімге келтіреді.

Валла адам танымының, ойлаумен қатар, әсерлі сезімдерсіз өмір сүре алмайтынына сенімді болды. Табиғаттың өзі: «өзіңнің тәніңді және өміріңді сақта және соған қауіп төндіретіндердің барлығынан аулақ бол» деген өмір заңдылығын беріп отыр – ал бұл адам сезімдерінің қатысуынсыз мүмкін емес. Сондықтан адам өмірден барынша мол ләззат алу үшін туады. «Менің бар-жоғы бес сезімімнің болғаны қандай өкінішті. Олар елу болғанда, қандай рақатқа батар едім!» – деп шаттанады Валла.

Гүлдей жайнаған жастық шағында өмірден кеткен Пико делла Мирандолланың (1463-1494) ойынша, адам – Құдай мен Ол жаратқан Табиғат арасындағы делдал. Өз бойына бәрін жинай отырып, адам кім болуға да қабілетті. Жер бетінде адамнан биік ештеңе жоқ және адам үшін оның жаны мен рухынан биік тұратын ештеңе жоқ. Құдай адамдарды жан-жақты тіршілік иелері ете отырып, олардың бойына өмірдің алуан түрдегі ұрықтарын енгізді. Адам рухындағы ең тамаша саналатыны – ол еркіндік. Адамдардың өмірдің әр алуан жолдарын таңдайтын мүмкіндіктері бар. Әңгіме таңдаған мүмкіндікті тиісті дәрежеде пайдалану туралы болып отыр. Сөйтіп, егер ортағасырлық философтар адамның ерік-қалауын, таңдау мүмкіндігін күнәға әкеліп соқтыратын жол деп ұқса, ал Мирандолла оны Құдайдың адамға берген баға жетпес сыйы деп түсінеді. Міне, Пико антропологиясының түпқазығында бәрінен бұрын өзінің толыққанды жаратушы ретінде

101

«Мен» дейтін адамның мәртебесі мен еркіндігі туралы ілім жатыр. Жалпылай айтқанда, Қайта өрлеу дәуірінің ерекшеліктері осындай.

Егер біз Қайта өрлеу дәуірінің ерекшеліктеріне талдау жасаумен ғана шектелсек және бұл кезеңде философия мен ғылымға енген басты жаңалықтар, дәлірек айтқанда, үлестер туралы ештеңе айтпасақ, үлкен қателік жіберген болар едік.

Адам құндылықтары мен мәртебесі, еркіндіктің мұраттары басты, басымдыққа ие болып саналған рухани ахуал табиғаттың жаңа философиясын тудырмай қоймас еді және тудырды да. Ал сонымен қатарлас жаңа жаратылыстану да дами бастады. Ол бірқатар дәуір жаңалықтарын әкелді және жаңа философияның маңызды бастауларының біріне айналды.

Ғылымдағы жаңа үрдістер Леонардо да Винчи (1452-1519), Николай Коперник (1473-1543), Иоган Кеплер (1571-1630), Джордано Бруно (15481600) және Галилео Галилей (1546-1642) шығармашылығында көрініс тапты.

3.2. Н.Кузанский және оның философиялық идеялары

Қазіргі заманғы ой-пікірлерге алғашқы жол салушылардың бірі, табиғат философиясы мен космологиясының жарқын өкілі болған Николай Кузанский (1407-1457) – Қайта өрлеу дәуірінің ірі философы. Негізгі еңбегі – «Оқымысты білімсіздік». Қалай ойлайсыз: оғаш, әрі қарама-қайшы атау емес пе?! Шындығында, «оқымысты» сөзі бірінші кезекте «білімсіздік» емес, «білімділік» деген сөзбен орайласады. Олай болса, Кузанскийдің ой желісімен жүріп көрейік. Табиғаттың қандай да бір құбылысын танып біле отырып, біз оны бұрыннан таныс басқа құбылыстармен салыстырамыз. Қашанда кеңістікте және уақытта шектеулі, бізді қоршаған заттарды танып білу осылай іске асады. Бірақ шексіздікті зерттеу барысында біз әп-сәтте басқа жағдайға тап боламыз, өйткені оны көз алдымызға елестете алмаймыз және оны бірдеңемен салыстыру мүмкін де емес. Осы жерде адамның қашанда шектеулі ойы және бізді оқымысты білімсіздікке келтіретін шексіздік арасында қарама-қайшылық туады.

Кузанскийдің көрнекті теолог қана емес, сонымен қатар неміс кардиналы болғанына, демек, ортағасырлық конкордатқа бағынуға міндетті болғанына байланысты, оның табиғат философиясының да, космологиялық көзқарасының да дін шектерінен шығуына болмағанын және шықпағанын ерекше атап айтқан жөн. Бірақ соған қарамастан, оның әлемді және адамды танып білуі болашаққа бағытталды.

102

Н.Кузанский философиясының басты тақырыбы қарама-қайшы-

лықтардың: абсолютті максимум және абсолютті минимумның

сәйкестігі туралы ілім болып табылады. Абсолютті максимум («Біртұтас – ол барлығы») – дара. Ол – жоғарғы шек. Оған ештеңе қарсы тұрмайды. Солай болғанда, абсолютті минимум онымен сәйкес келеді.

Кузанскийдің пікірінше, Абсолютті максимум – ол Құдай. Онда бәрі бар деген мағынада ол барлығын өзіне жинаған. Демек, Ол бәрінде Өзі бар болғандықтан, барлығының да дамуы Оның Өзі болып табылады. Құдайды жаратудан алыстатсаң, болмыссыздық немесе ештеңе емес қалады.

Шексіз Құдайды табиғатқа осылай пантеистік («Барлығы – Құдай») жақындату Кузанскийді Ғаламның пайда болуын және Ғарыштың құрылысын жаңаша түсіндіруге алып келді.

Өз заманының ірі діни қайраткері ретінде кардинал Кузанский көпшілік қабылдаған креационизмге ашықтан-ашық қарсы шыға алмады. Бірақ оның ойларының желісі әлемді Құдай жаратқаны туралы қағидадан іс жүзінде шеттегеніне сендіреді. Құдай мен әлем қатынасын ол бүтін мен бөлшектің қатынасы сияқты көреді: Құдай – ол бітпейтін, шексіз максимум, ал Ғалам немесе бітпейтін әлем – ол шектеулі максимум. Осы тұрғыдан алғанда, Құдай, әлбетте, – біз енді шексіздік туралы айтып отырғандықтан, мүлдем танылмайды. Құдайды бізді қоршаған әлемнің ешбір затымен қатар қою, салыстыру мүмкін емес. Егер Құдай – шынайы шексіздік болса, онда Ол жаратқан Табиғат тек шексіздік мүмкіндігіне ие. Егер солай болса, онда көкжиектен келесісі, оның артынан үшіншісі ашыла береді. Құдай танылмайтын болса да, біртіндеп оның құпияларына ене отырып, Ол жаратқан Табиғатты танып білуге болады.

ӨзініңосыойынКузанскийматематикалықжолменкөрсетугеәрекет етеді: егер біз көпбұрыштың шеңберге салынған санын көбейте берсек, онда ол оған көбірек ұқсайтын болады, ал егер шектеусіз көбейтсек, онда көпбұрыш пен шеңбер бірбүтінге айналады. Егер теңбүйірлі үшбұрыштың бір бұрышын жоғары тартсақ, онда бұрыштары сөзсіз бір-біріне жақындай береді, ал егер шектеусіз созсақ, онда бір сызық шығады, яғни олар бірігіп кетеді.

Осыдан барып Кузанский қарама-қайшылықтардың сәйкестігі

(coincidentia oppositorum) деген ұстанымға келеді. Әлем қарама-қайшы, бірақ қарама-қайшылықтар бір-біріне өтеді. Егер солай болса, онда адамның ақыл-ойы қарама-қайшылықтарды және олардың бір-біріне

103

өтуін танып біліп, бірте-бірте шексіздікке, демек, Құдайға жақындай береді. Сол себепті әрдайым шектеулі заттарды зерттей отырып, біз оларды шексіздікпен байланыстыруға тиіспіз. Заттарды танып біле отырып, адам зердесінде олардың шынайы бейнесін ғана емес, сонымен қатар мүмкін болатын, өзгерген бейнесін де сақтайды. Демек, адам шығармашылық үшін, тудыру үшін жаралған. Ол – адами Құдай

(лат. – Humanus Deus).

Адам жанының қабілет-мүмкіндіктерін зерттей келе, ол сезімді

(лат. – sensus), ақыл-ес (лат. – ratio) және парасатты (лат. – intellectus)

бөліп көрсетеді. Ақыл-ес адамның сезімдері мен парасаты арасындағы делдал іспетті.

Сезімдермен тығыз байланысқан ақыл-ес ғылымды тудырады. Алайда адамның таным мүмкіндіктері бұлармен шектелмейді. Тіпті жан-жануарлардың да сезімдері және, қарабайыр болса да, ойлау қабілеті бар. Адамды жануарлардан ажырататын шешуші айырмашылық адамның ақыл-есінің оның парасатымен тығыз байланысты екендігінде, өйткені соңғы бірде-бір жануарда жоқ.

Парасаттың болуы нәтижесінде біз болмыстың шекті негіздеріне қол жеткіземіз, терең метафизикалық сұрақтарға жауап бере аламыз. Ақыл-естің бұл тән мен сезім әлеміне ешқандай қатысы жоқ. Ол уақыттан және өтпелі дүниеден тыс, олардан мүлдем азат. Парасат тым жалпы, тұрақты, мәңгі нәрселерді зерттейді, сол себепті ол пайымға қарағанда, Құдай берген ақылға тым жақынырақ.

Әрбір адам – өз заманының ұрпағы. Сондықтан Н.Кузанский Сенімді Ақыл-ойдан жоғары қояды. Бірақ бұл соқыр сенім емес,

өйткені «ақылды сенім тудырады, ал сенімді ақыл анықтайды».

Ақыл-ойдың көмегімен ғана біз шексіз Құдайға жақындай аламыз. Құдай, бір жағынан, барлығын барлық жерде қамтиды, ал, екінші жағынан, еш жерде ештеңе де қамтымайды. Егер біз шардың кез кел - ген жерінде бір нүкте белгілесек, ол соның ортасы болады. Сонымен бірге нүктенің кішкентайлығы соншалықты, тіпті оны жоқ деуге бола-

ды. Құдайдың математикалық белгісі (символы) деген – осы.

Сөйтіп, Кузанскийдің пікірінше, Ғарыштың түпқазығы мен шеңбері – ол Құдай, сондықтан әлем шексіз емес. Алайда оны шекті деп те ойлауға болмайды, өйткені оның шегі жоқ. Нәтижесінде, Орта ғасырларда Жердің сондай деп саналғаны сияқты, әлемнің орнықты орталығының (түпқазығының) жоқтығы туралы идея пайда болған.

Кузанский астрономияда әлемнің геоорталық суретін жойған Коперник революциясын осылай дайындаған.

104

Шындыққа жету мәселелерін айтар болсақ, онда, Кузанскийдің ойынша, ол өзінің қарама-қайшылығы – өтірікпен бірге берілген. Олар, күн мен түн сияқты, – жарық пен көлеңке. Әлемдердің ішіндегі ең жоғарғы, жарыққа толы дүниеде де көлеңке бар, ал толықтай қараңғы, ең төменгі әлемде де жарықтың сәулелерін көруге болады. Демек, адамның ең терең танымдары да қателіксіз емес. «Нағыз білгіш те өзінің білмейтінін біледі», – деп тұжырымдайды ойшыл.

Айтылғандарды қорытындылай келе, Н.Кузанскийдің диалектикалық ақылы Жаңа дәуірдің ғылымы мен философиясының қалыптасуы мен өркендеуіне орасан зор ықпал еткенін тағы бір рет ерекше атап өткенді жөн көрдік.

3.3. Қайта өрлеу дәуірінің ғылыми жетістіктері

Қайта өрлеу дәуірінде ғылым, негізінен, ғалымдардың ақыл-ойын әлі де схоластика торлап тұрған университеттерде дамыды. Бірақ сонымен бірге суретшілердің, сәулетшілердің, өнертапқыштардың шеберханалары ашылып, оларда бір пікірдегі замандастар бас қосып, ғылым мен өнердегі жаңалықтарды талқылайтын. Нақ сол көркем студиялардың қабырғаларында адам денесі құрылысын зерттеу басталған-ды, ал сәулетшілердің үлкен ғимараттарды жобалауы терең геометриялық және математикалық білімдерді қажет етеді емес пе.

Қайта өрлеу заманының ғалымдары алдыңғы кезекке тәжірибені, зерттеудің тәжірибелік әдістерін шығарады. Ғылымды математикалық жүйелеу ғылым дамуының, философиялық және ғылыми ойлаудың негізгі прогрессивтік үрдістеріне сай келеді.

Қайта өрлеу дәуірі алыптарының ішінде, мүмкін, ең тұлғалысы Леонардо да Винчи (1452-1519) – ұлы суретші, ғалым, инженерөнертапқыш болса керек. Ол адамзаттың есінде өзінің «Джокондасымен» немесе «Кештер сыры» арқылы ғана емес, сонымен қатар ғылыми-анатомиялық, физиологиялық ізденістерімен, әртүрлі жобаларымен де (қазіргі заманғы танктердің, ұшақтардың, парашюттің, су қоймаларындағы тоспалардың жобаларымен) сақталып қалған.

Өзінің философиялық көзқарастарында табиғат пен адамды салыстыра келе, ол адамның табиғат тудырған құбылыстардың барлығынан да жоғары екені, оның мәдени туындыларының адамның қатысынсыз табиғат «жасаған» туындылардан анағұрлым артық екені туралы қорытындыға келеді.

105

Леонардо өз заманының схоластикасына қарсы шығады. Оның ойынша, шындыққа тәжірибеге негізделген білім ғана жеткізеді. Ал тәжірибе танымның ең терең тұңғиығына жетелейді. Бірақ табиғатты тәжірибелермен сарқуға болмайды. Демек, теориялық білім керек. Баллистикаға арналған үзінділерінің бірін аяқтай келе, ол: «Ғылым – қолбасшы, ал практика – әскер», – деп жазды. Да Винчидің ғылыми жұмыстарының қақ ортасында математика тұр. Ол: «Адамның ешқандай зерттеуі математикалық дәлелдеулерсіз шынайы ғылым деп атануға таласа алмайды», – деп жазады. Немесе: «Математика ғылымдарының бірі қолданыс таппаған, я болмаса математикаға байланысы жоқ ғылымдар қолданылған жерде ешқандай нақтылық жоқ», – дейді (Екі үзінді дәйексөз де А.Дживегеловтан алынған: Леонардо и Возрождение. Леонардо да Винчидің екі томдық таңдамалы шығармаларына кіріспе мақала. – 1-т. – М.: Academia, 1935. – XXXVIII).

Леонардо-ғалымның бойында болашаққа ұмтылу бірден байқалады, ол Ф.Бэконның алдындағы көшбастаушы сияқты жаңа ғылымның бастамашысы ретінде әрекет етті. Бірақ сонымен қатар ол практика қаншалықты керемет болғанмен, ғылымға айналу үшін қорытындылауды талап ететінін түсіне отырып, өзіне дейін жаңалық ашқандардың ғылыми мұраларын зейін қойып зерттеді.

Леонардоның математикалық әдісі – ол табиғаттағы сандық тепетеңдіктерді іздеу, «басқалар өлшей де, санай да алмаған немесе қаламағанды өлшеу және санау». Фотометрия мен анемометрдің пайда болуы, жүріп өткен қашықтықтардың механикалық есептеуіштеріне қызығушылық осыдан шыққан.

Леонардо сол заманның әскери техникасының, әскери көпірлердің құрылысының дамуына, гидротехникаға, баллистикаға, тоқыма станоктарын жасауға үлкен еңбек сіңірді. Бірақ оның ерекше еңбегі адам анатомиясы мен психологиясын зерттеуі болды.

Күнделікті өмірінде Леонардо Адам мен «адамды» бір-бірінен ажыратады. «Осанна (мадақ) «көзіне» айтылатын, самғап ұшуға қабілетті адам-жасампаз болып табылатын Адам – бір бөлек. Екіншісі – ол бәрін құртуға және бүлдіруге бейім, әйтеуір неге екенін, «хайуандардың патшасы» деп атау дұрыс кезде (өйткені ол солардың ішіндегі ең үлкені), «аңдардың патшасы» деген атқа ие болған адам». Ондай адамдарға Леонардо сыпайыгершілік таныта алмайды, оларды жек көреді. Жазбаларының бірінде: «Оларды тамақ өткізгіштер (transito di cibo), керектілерді көбейткіштер (aumentatory di sterco)... және берушілер де-

106

геннен басқаша атау мүмкін емес, өйткені олардан толық керектілерден басқа ештеңе қалмайды», – деп сипаттайды (Бұл да сонда. XLVI).

Леонардо да Винчи – ұлы суретші, Қайта өрлеу дәуірі рухани мәдениетінің ғаламат өкілі. Оның ойынша, қоршаған дүниені танып білуде, ғылыммен қатар, өнер де орасан үлкен рөл атқарады. Егер ғылымның атқаратын міндеті – заттардың сандық мән-маңыздарын зерттеу болса, ал өнер дүниенің сапалық, қайталанбас, керемет жақтарын көрсетеді. Оған қоса, Леонардо өнерді ғылымнан жоғары қояды. Шындағында да, егер бұл суретшінің суреттеріне зейін сала қарасаңыз, адам денесінің құрылысы анатомиялық өлшемдерге сай келетінін байқайсыз, ал ол кезде суретші өз кейіпкерлерінің жан дүниесін, психологиялық көңіл күйін, ішкі күйзелістерін шеберлікпен жеткізеді.

Ғылым тарихында поляктың ұлы ғалымы Николай Коперниктің (1473-1543) ілімі Әлемге көзқарасы бойынша төңкеріс жасаған оқиға болды. Ойшыл, экономист, дәрігер, мемлекет қайраткері өз өмірінің басты туындысы «Аспан денелерінің айналуы туралы» деп ата-

латын кітапқа 16 жылдан астам уақытын арнады. Алайда ол еңбегін жариялауға өлер шағы жақындағанда ғана бекінді, сол ғана оны жәбір көруден құтқарып қалды. Ал қайтыс бола салысымен оған күпір деген ат тағылып, 1616 жылы католиктер шіркеуі оның кітабына тыйым салды.

Коперниктің ашқан жаңалығы Жер мен Адамзаттың дара сипаты туралы қалыптасқан көзқарасты теріске шығарып, Жер мен Күнге ұқсайтын басқа да денелердің бар екенін негіздеуге жол ашты.

Бірақ оның еңбегінің басты идеясы – Ғаламның кіндігі Жер емес, Күн (гелиоцентризм) деп сендіру болып табылады. Дүниеге деген бұл жаңа көзқарас күн мен түннің ауысуын, планеталардың қозғалысын, Айдың Жерді айналып қозғалатынын және басқаларын түсінуге мүмкіндік туғызды. Сөйтіп, ол астрономия ғылымына кейіннен «Коперник төңкерісі» деген атқа ие болған түбегейлі өзгеріс енгізді.

Алайда католик шіркеуінің қысымымен ол Птолемейдің кейбір: Ғаламда өте алыста орналасқан қозғалмайтын денелердің бар екені, Жер және дәл сондай дөңгелек және бірдей жылдамдықпен қозғалатын басқа планеталар қозғалысының орбитасы (айналып жүретін жолы) туралы түсініктерінен бас тартуға мәжбүр болды.

Соған қарамастан, Н.Коперник әлемді діни тұрғыдан ғана танып білуге күйрете соққы беріп, Жаңа заман ғылымына жол ашты.

107

Неміс астрономы Иоганн Кеплердің атымен, бәрінен бұрын, ол математикалық жолмен дәлелдеген планеталар қозғалысының заңдылықтары туралы теория байланыстырылады. Ол гелиоцентризм теориясын қабылдаған Коперниктен кейінгі алғашқы ірі астроном болды. Кеплер пікіріне сәйкес, планеталардың қозғалысы үш заңға бағынады:

а) планеталар дөңгелек шеңбер жолмен емес, эллипстік жолмен қозғалады;

ә) планеталардың жылдамдығы біртекті емес, бірақ айналатын жолдарындағы әртүрлі нүктелерде олар өзгеріп отырады; тең уақыт ішіндегі сипатталатын радиус-векторлары бірдей;

б) планеталардың салыстырмалы жылдамдықтарын математикалық тұрғыда белгілеуге болады: планеталардың айналысы кезеңдерінің квадраттары олардың Күннен қашықтығы кубтарына тең.

Кеплер Күннің бар Ғарышты тесіп өтетін өзінің күшінің қайнар көзі болып табылатынына сенімді болды.

Кеплер мұрасын зерттеушілердің бірі, американдық профессор Марк Райли өте әділеттілікпен атап көрсеткендей, Иоганн Кеплердің бар шығармашылығы – ол ғылымның маңызын құрайтын орасан көп бақылаулардың ішінен жалпы ережелер шығарудың үлгісі. Оның антика астрономиясынан, яғни әлемнің птолемейлік бейнесінен қол үзуіне астрономиялық мағлұматтарға дене қағидаларын қолдануға әрекеттенуі себеп болды. Алдыға оза отырып, Кеплердің еңбектерін: «Кеплердің күн эманациялары туралы идеяларын және оның үш заңын әлемдік тартылыс теориясына енгізіп, сол арқылы оның көрегендігін астродинамика қағидасына айналдырған» Исаак Ньютонның аяқтап шыққанын айтқан жөн (қараңыз: Великие мыслители Запада. – М., 1998. – 260-266-беттер).

Кеплермен қатар, Н.Кузанский мен Н.Коперниктің идеяларын дамытқан және тереңдеткен ғалым, Қайта өрлеу дәуірінің батыр азап шегушісі, әлемдік ғылымда азғантайлардың бірі болып көзқарастары үшін өмірін қиған Джордано Бруно болды. Оның негізгі еңбектері:

«Сұхбаттар», «Батыл энтузиазм туралы», «Салтанат құрушы аңды қуып шығу» және басқалары.

Дүниеге деген көзқарастарында Бруно пантеизмнің: «Құдай – шексіздіктің шексіздігі, ол барлығының ішінде, барлық жерде... Заттардың бәрі де Ғаламның ішінде, Ғалам – барлық заттарда, біз солардың ішіндеміз, ол бізде» деген қағидаларын ұстанған. Ертедегілердің

108

микрокосм мен макрокосмның сәйкес келетіні туралы идеяларына қайта оралып, Дж.Бруно ортағасырлық схоластардың адамға ұқсас, жоғарыда және тыс тұратын табиғаттың тіршілік иесі іспетті Құдай туралы идеяларына қарсы шығады. Табиғаттан жоғары тұратын Құдай аспан денелерін бізге әлдебір нышан-белгілер ретінде жаратты дей отырып, ол табиғаттан тыс күшке жүгінетіндерді сын садағына алды. Бірақ біз сол тектес пайғамбарлармен сөйлеспейміз және әңгіме ақылой мен сезімдердің дәлелдері негізінде болып жатқанда, оларға жауап берудің қажеттігін көріп тұрған жоқпыз. Материяны «заттардағы Құдай берген болмыс» деп қарастыра отырып, ол Аристотельден бері келе жатқан, соған сәйкес материя бар-жоғы баяу инертті мүмкіндік болып табылатын және пішінге ие болған соң ғана нақты затқа айналады дейтін схоластикалық дәстүрге күйрете соққы берді. Оған қарсы Дж.Бруно материяның өзінің құрылымдық қуатын көрсетіп, материяның «заттардағы Құдай болмысы» екеніне сендіреді. Ол кезде материя жоғалып кетпейді, керісінше, бір күйден екінші бір күйге ауысады. Сөйтіп, ұрық сабаққа айналып, одан нан жасалатын масақ өсіп шығады. Қанға айналатын наннан асқазан сөлі бөлінсе, қаннан енді басқа ұрық, яғни: уақыт өте келе, өлікке айналатын, жерде шіритін, өз кезегінде, тасқа айналатын адам пайда болып, өсіп-өнеді.

Оның үстіне, Дж.Бруно материяға сырттан енгізілмеген бітімнің де маңызын жоғары бағалайды: ол тек материяның ішкі құрылымдық күші деп қана түсінілуі мүмкін.

Бруносендіретіндей,ТабиғаттыңөзіҚұдайболыптабылатындықтан, барша Әлемнің жаны бар. Ол заттарды қалыптастырып, олардың ішкі энергиясын құрайды. Егер бұл осылай болса, онда дүниедегінің бәрі де мақсатқа сай (грекше – телеологизм). Соған орай ғылымның негізгі

міндеті – заттардың осы мақсатқа сай болушылығын танып білу.

Таным сезімділіктен (sensus) басталады, бұл әлі затты оймен қамтып қабылдау емес. Ол заттың бейнесін (imaginatio) тудырады, содан кейін ғана ой жұмысы (ratio) басталып, әлемнің жан дүниесі жанасу арқылы өз-өзін танып білетін парасатпен (intellectus) аяқталады.

Шындық туралы мәселені қарастыра келе, Дж.Бруно «қосарлы шындық» туралы ілімді теріске шығарады. Шындық – біреу және оған «оқу және ойға қонымды таным көмегімен, пәрменді ақыл күшімен қол жеткізуге болады». Адамның ойлау қабілетінен жоғары тұрған Құдай аянын (ашылуды) жақтаушыларды ол «киелі есекке айналу» деп атап, еркін ойлауды қолдай отырып, қасаң ойлауға (догма) қарсы шықты.

109

Джордано Бруно әлем жаратылысының геоцентристік тұжырымдамасын қабылдамайды. Оның пікірінше, өз өсін және Күнді айналып жүретін Жер – шексіз әлемдегі болар-болмас тозаң ғана. Жер Ғарыштың кіндігі бола алмайды, өйткені әлемнің орталығы да, шекаралары да жоқ. Н.Коперникпен таласа отырып, Бруно: «Күн – біздің әлеміміздің орталығы ғана, ал Ғарыштағы әрбір Жұлдыз – өзінің барлық Планеталарын қоса алғандағы Күн, ал оларда (планеталарда) Өмір болуы мүмкін», – деп мәлімдейді. Әлбетте, шіркеу оның мұндай күпірлігін кешіре алған жоқ.

1592 жылы ол тұтқынға алынды, ал күн сайын монах-жазалаушы оның камерасына келіп, өзінің күпірлік көзқарастарынан бас тартуын өтінетін.Бұлсегізжылғасозылды.Оныңопынғанына,көзқарастарынан бас тартуына қол жеткізе алмаған жазалаушылар Джордано Бруноны Римдегі Гүлдер алаңында өртеу арқылы өлім жазасына кесті. Үкімді ол қайтпас қайсарлықпен қарсы алды: жанып жатқан отқа түскенде, ол жендеттерге: «Сендер, мүмкін, бұл үкімнен менің оны тыңдағанымнан да артық үреймен қорқатын шығарсыңдар!» – дегенді айтты.

Өзінің идеялары арқылы Бруно, Н.Кузанскийдің артынан-ақ, Жаңа заманның философиясы мен жаратылыстану ғылымының негізін салды.

Қазіргі заман ғылымының негізін салушылардың ішіндегі ең ұлысы, – Ньютонды, әлбетте, қоспағанда, – Галилео Галилей болып саналады. Италиялық ғалымның, нақты жаратылыстанудың негізін қалаушылардың бірегейінің орны мен рөлін XX ғасырдың екінші бір ұлы философы және ғалымы Бертран Рассел осылай айқындады.

Ал, шындығында, адамның өз өмірінде қаншалықты көп нәрсе жасай алатынына таңдануға және мақтануға болады. Галилей қазіргі заманғы механиканың негізін салды. Галилейдің маятниктің тербелісіне жасаған тәжірибелері де аз қызығушылық тудырмайды. Салмақтары әртүрлі, бірақ ұзындығы бірдей маятниктер ұзақтығы бірдей тербелісті қозғалыс жасайды екен. Маятниктің тербелісі дененің шеңбер доғасы бойынша құлауы емей, немене? Ал егер осылай болса, онда әртүрлі салмақтағы денелер құлаған кезде бірдей жылдамдықта болмай ма? Егер ортаның кедергісінен ауытқыса, барлық денелер еркін құлаған кезде, бірдей жылдамдықпен қозғалады. Кейбір кемшіліктері болғанмен, Галилей денелерді көлбеу жазықтықта сырғанату тәжірибелерінде соған ұқсас нәтижелерге қол жеткізді. Жағдайды ретке келтіріп түзету мақсатында математика ғылымының жетістіктерін пайдалана отырып, Галилей ойша тәжірибе жасауға жүгінеді. Галилей

110

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]