Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

artemjev_gylym_kz_2011

.pdf
Скачиваний:
84
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
2.33 Mб
Скачать

бадай ерекше күшті әсер еткен Ч.Дарвиннің эволюциялық теория-

сы болды. Физика саласында неміс оқымыстылары Р.Майер мен Г.Гельмгольцтің және ағылшын физигі Дж.Джоульдің энергияны сақтау және айналдыру заңын негіздеуі материализм қағидаларын нығайта түсті.

Маркстік философия адамзаттың философиялық ойларының ең жақсы жетістіктерін: ертедегі грек ойшылдарының ілімдерін, Қайта өрлеу дәуірі мен Ағарту дәуірі идеяларын, әсіресе неміс ойшылдары – Лессинг, Гердер, Гейне және басқаларының идеяларын бойына сіңірген. Марксизм философиясының қалыптасуында Канттың, Гегельдің, Фихтенің, Фейербахтың да идеялары үлкен рөл атқарды.

Марксизмнің неміс классикалық философиясымен тығыз байланысы Маркстің шығармашылық өмірбаянында ерекше айқын көрінеді. Берлин университетінің студенті болып жүрген кезіндеақ, яғни 1837 жылы ол Гегель философиясымен танысып, А.Руге мен Б.Бауэр басқаратын жас гегельшілер үйірмесіне қатысады. Бұл кезеңде Маркс неміс классикалық философиясының көптеген қағидаларын құптайтын. Басқа гегельшілер сияқты, ол да философияны рухани, яғни қоғамға даналық пен парасат енгізуге, сол арқылы қоғамдықтарихи прогреске ықпал етуге арналған негіз, нағыз мән (квинтэссенция) деп санайды.

Маркстің белсенді қоғамдық қызметке «Рейн газетінің» журналисі және редакторы ретінде енуі нақты өмірмен жақынырақ танысуына мүмкіндік берді. Бұл оның гегельдік философияның бастапқы идеяларынан теріс айналуына себеп болды. 1843-1844 жж. Маркс Фейербах ұстанымы жағына шықты. Ол кезде Маркске адам бойындағы сезім бастауларын қалпына келтіруді, адамның табиғат берген дарындарын толық іске асыруын, адамның табиғатқа және адамның адамға адамгершілік көзқарасымен қарауын жақтайтын Фейербах материализмінің адамгершілік ұстанымы көбірек ұнайтын. Фейербах болашақты адамдардың жалпыға бірдей бауырластығы ретінде көріп, оны «коммунизм» (лат. – communis – жалпыға ортақ) деп атаған.

Маркс – экономика ғылымының көрнекті теоретигі. Оны ол Фейербах гуманизмі және сынға қатысты әлеуметтік талдаумен біріктіру жолымен құрған. Оның аса нанымды көрінісі – «1844 жылдың экономикалық-философиялық қолжазбалары» атты еңбегі болып табылады. Еңбектің негізгі мақсаты – жеке меншік қоғамында адамды шеттету, жат ету идеясы және алдағы коммунистік қоғамда шеттетуді жою идеясы.

211

Сонымен, бұл жат ету тұжырымдамасының мәні неде болды? Бәрінен бұрын Маркс шеттетілген еңбектің мәнін, яғни еріксіз

еңбектің ешқандай пенделік те, моральдық та қанағаттанушылық бермейтінін көрсетті, өйткені ол – өзің үшін емес, қожайының үшін еңбектену. Ондай еңбектің нәтижелері оны істеген адамға тиесілі емес, ол жетістіктер оған жат. Жұмысшы үшін еңбек – тек өмір сүру құралы, бірақ өмірдің өзі емес.

Жұмысшының жұмыс істеймін немесе істемеймін дейтін таңдауы жоқ. Ол өмір сүру үшін жұмыс істеуге тиіс. Бірақ бұл еңбекке қажеттіліктен келетін қанағаттану емес, ол – басқа мұқтаждықтарды қанағаттандыратын құрал ғана. Сондықтан адам өзінің өмірде іске асырғысы келетін мақсаттарын еңбектен емес, одан тыс нәрселерден іздейді. Көбінесе бұл хайуандық мұқтаждықтар: тамақ, су ішу, тұрғынжайды безендіру немесе өзін әдемілеу. Өйткені еңбек адамды биікке көтеру қызметінен оны кемсітіп қорлау қызметіне ауысады.

Шеттетілген, жат болған еңбек адамды механизмге айналдырады. Ондай еңбекпен айналысатын адам еркін және жауапкершілікті бола алмайды. Ол – өндірістің құлы, оның «бұрандасы». Ондай адамдар бір-бірімен қандай қарым-қатынас орната алады? Олардың арасындағы қарым-қатынас – ол еркін адамдардың қатынасы емес, керісінше, жат, бір-біріне жау механизмдердің қатынасы.

Марксше, еңбекті жат ету – барлық әлеуметтік өмірді түсінудің кілті болып табылатын жеке меншіктің өмір сүруіне тікелей байланысты. Ал біз көп уақыт бойы істердің жағдайының өзгеруін Маркс жеке меншіктің жойылуымен байланыстырады деп ойлап келдік. Бірақ ол тіпті де олай емес. Бұрмаланбаған, шыншыл да шынайы Маркс: «Байлық та – кедейшілік сияқты кемістік», – деп санайды және болмыстың қақ ортасында болуға кеңес береді.

Жалпы алғанда, Маркс пен Энгельстің тұжырымдамасы өте қарапайым және ұсыныстары да өзінен-өзі түсінікті. Ол адамгершілік рухында және коммунистік ынтамен құрылған. Өзекті идеясы – терең танып білу негізінде әлемді шығармашылықпен өзгерту, адам-

гершілікке негізделген, яғни тұлғаның өз-өзін шығармашылықпен дамытуы үшін, жан-жақты жетілген адамдардың өздері басқаратын қоғам құру.

Енді қазір сұрақты нақтылай отырып сұраймыз: олар философияға жаңадан не енгізді?

Маркс пен Энгельстің еңбегі бірізді, жүйелі материалистік философия қалыптастыру болды. Егер Маркске дейінгі материалис-

212

тер Табиғатты материалистік көзқараспен жүйелі талдай отырып, қоғамның қызметін идеалистік деп түсінсе, ал Маркс тарихтың жаңа материалистік түсінігін ұсынады.

Сұрақтың мәні мынада: алдыңғы өткен дәуірлердің ойшылдары қоғамды қарау барысында адам – ойлай алатын тіршілік иесі және бірдеңені істемес бұрын, ол өзінің басында мақсатқа сай жоспар құрады деген айқын факт шектерінен аса алмады. Ой қашанда нақты істердің алдында жүреді. Бірақ солай болса, онда тарихтың тағдыры корольдар мен қолбасшылардың, ғалымдар мен заңгерлердің қолында – олардың идеялары мен есептері, жігерлі шешімдері қоғам дамуының негізінде жатыр. Демек, олар тарих доңғалағын қалаған жақтарына қарай бұра алады. Сонда олардың шешіміне кім ықпал етуі мүмкін? Сол тұлғаларға жақын жүретін адамдар және, бәрінен бұрын, әрине, «осы өмірдің мықтылары» жақсы көретін ақсүйек би-

кеш-арыстандар. Шамасы, «Cherchez la femme!» – «Әйелді іздеңдер!»

деген француз мәтелінің тамыры қоғамды осылай түсінуде жатса керек. Егер біз француз романистері – әкелі-балалы Дюмалардың «20 жыл өткен соң», «10 жыл өткен соң», «Виконт де Бражелон» деп аталатын шығармаларындағы тарихи тұжырымдаманы алатын болсақ, онда қанқұмар француз корольдары немесе соларға жақын жүретін кардиналдар Францияның тарихын жасайды, ал оларға шешуші ықпал ететіндер – олардың сүйіктілері. Қоғамның дамуы маңызды, шешуші дәрежеде жақсы заңдарға байланысты болады деп санайтын ұлы Монтескьё де осындай көзқараста ойлайтын. Бірақ заңдар – тағы сол заң шығарушылардың шығармашылық әрекеттерінің жемісі емес пе.

Шамасы, бұл жерде марксистердің де адамға тән идеяларды, яғни

сананың өнімдерін жоққа шығармайтынын ерекше атап айтқан жөн болар. Олардың ойы бойынша, «драмаларының авторлары да, актерлері де – адамдардың өздері». Сонымен бірге олар өздеріне: «Нақты дәуірде пайда болатын ескі идеялардың бастаулары қайда кетеді?», «Уақыт өте келе, ескі идеялардың орнында жаңалары пайда бола ма?» – деген терең мағыналы сұрақтар қояды. Ол сұрақтарға жауапбереотырып,оларсолидеялардыңөздерінақтыдәуірадамдарының өмір сүру шарттарынан, бәрінен бұрын, соларға тәуелді материалдық жағдайлардан келіп шығатынын көрсетеді. Қоғамдық қатынастардың бар жиынтығынан Маркс пен Энгельс анықтаушы ретінде өндірістік қатынастарды бөліп көрсетеді, ал ол әр алуан халықтардың тарихи дамуындағы қайталанушылықтарды табуға және әртүрлі елдердің ұқсас қоғамдық тәртіптерін бір негізгі ұғымға – «қоғамдық-

213

экономикалық формацияға» жинақтауға мүмкіндік берді. Ол: өндіргіш күштер дамуының белгілі бір деңгейі негізінде пайда болатын, олардың саяси және құқықтық құрылымына сай келетін өндіргіш қатынастармен, қоғамдық сана, отбасы, тұрмыс сияқты формалармен сипатталады.

Маркс пен Энгельс: «Адамдардың санасы олардың болмысын айқындамайды, керісінше, қоғамдық болмыс олардың санасын айқындайды», – деген қорытындыға келеді. Әлбетте, қоғамдық өмірде миллиондағанадамәрекететеді,ондаолардыңәрқайсысысаналытүрде өзінің алдына белгілі бір мақсаттар қояды және соларды іске асыруға талпынады. Бірақ бұл мақсаттардың барлығы және адамдардың талпынысы бір-бірімен бәсекелесе, бір-бірімен қарама-қайшылықтарға түсе отырып, тарихи үдерістің параллелограмын құрады.

Екі ғұлама да қоғамның дамуына тарихтың жүйелі сатыларынан өту үдерісі ретінде қарады. Осы әбден дұрыс көзқарас тұрғысынан алғанда, Кеңес Одағының ыдырауының терең себептерінің бірі – большевиктердің «марксизмнің шығармашылық дамуы» дегенді жалаулатып, әлі капитализмнің «қазанында қайнап үлгірмеген» Ресейге социалистік даму жолын таңғаны болды.

Марксистік философияда оның негізін салушылар жоғарыда аталған материализмді табиғи түрде диалектикамен – даму тура - лы іліммен біріктіре алды. Маркс пен Энгельс басты, әрі маңызды және Гегель қисынды талдау жасаған диалектикалық тәуелділіктер мен қатынастардың табиғат пен қоғам өмірінің нақты үдерістеріне, адамдардың тіршілік қарекетіне қатысатынын дәлелді түрде көрсете білді. Егер, Гегель бойынша, бұл «Ай астындағы әлемде» бар-жоғы жүріп өткен баспалдақтар ғана бар болса, ал шынайы даму адам рухы саласында орын алса, онда марксизм тұрақты қозғалыста болатын және ішкі қарама-қайшылықтарды жеңу арқылы дамитын нақты материалдық дүниенің өзін көрсеткен. Олай болса, қоғамның негізгі қозғаушы күші – ол өндіргіш күштер мен адамдардың өндірістік қатынастары арасындағы қайшылықтар болып табылады.

Материалдық әлемнің диалектикалық сипатын түсінуге ерекше үлкен үлес қосқан Энгельс болды. «Анти-дюринг» және «Табиғат диалектикасы» деп аталатын еңбектерінде жансыз және жанды табиғатта, қоғамдық дамуда, адамдардың рухани шығармашылығында және іс жүзіндегі тіршілік қарекеттерінде диалектика заңдары мен санаттарының қалай пайда болатынын ол егжей-тегжейлі, сонымен қатар жалпыға ұғынықты етіп түсіндіріп берді. Қоғам өмірін

214

талдай келе, Энгельс те, Маркс сияқты, капиталистік қоғамдық қатынастардың соншалықты қатыгез, қарапайым адамдардың өмір сүру жағдайларының аянышты екенін, ал оларды қанаудың адам төзгісіз деңгейін өкінішпен баяндайды. Осының бәрін ол «Англиядағы жұмысшы таптың жағдайы» деген жұмысында нақты фактілер келтіре отырып керемет көрсетіп, сол арқылы өз заманындағы қоғамдық пікірге үлкен ықпал етеді. Ол мұндай жағдай мәңгі болмайтынына, оның осы қоғамның қоғамдық қарама-қайшылықтарын жеңу нәтижесінде өзгеруге тиіс екеніне сенді.

Егер Гегель диалектикалық өзгерістердің себебін қоғамдағы ұлттардың іс-әрекетінен көрсе, Маркс оны әлеуметтік таптардың іс-әрекеттерінен көрді. Өз заманының көпшілік ойшылдары сияқты, ол да адам қоғамының жарқын болашағына сенді және басқаларға қарағанда, осы жарқын болашаққа жеткізетін күш – тек жұмысшы табы ғана болып табылады деп санады.

Маркс пен Энгельс пролетариаттың бұл міндетін қалай негіздеді? Бәрінен бұрын, пролетариаттың қоғамға қажетті барлық негізгі материалдық игіліктерді өндіретіні туралы тезис арқылы. Оның үстіне, пролетариат қоғамның ең үлкен әлеуметтік тобын құрайды ғой. Сондай-ақ ол меншіктің ешқандай түрімен байланыспаған, сол себепті әділ қоғамның орнауына мүдделі. Егер мыңжылдықтар бойы адамзаттың өркениетті дамуы аясында шағын шығармашылық әлеуметтік топ – зиялы топ, яғни интеллигенцияның рөлі жетекші деп жорамалданып келсе, енді жұмысшы табын қоғамның жетекші күші деп тану – сол кездегі қоғам үшін тосын және естен тандыратындай болды. Жұмысшы табының жетекшілік рөлін мойындаудан оның диктатурасы идея-сына дейін бір-ақ адым қалған-ды. Бұл тұрғыда Маркстің замандасы – орыс ойшылы, сенімдері бойынша анархист М.А.Бакуниннің көрегендігін мойындаған жөн: ол пролетариат диктатурасының қантөгіс тоталитарлыққа жеткізетінін айтқан.

Бірақ бұл қоғамдық қатынастар дамуының белгілі бір кезеңі іспетті социализмнің маңызын еш кемсітпесе керек: оған қазіргі заманғы дамыған қоғамдардағы әлеуметтік бағдарламалардың шешімдері нақты дәлел бола алады. Сөздің кең мағынасында социализм адамдар арасындағы айырмашылықтар сақталған кездегі қоғамның әлеуметтігі болып табылады. Коммунизм идеяларына келсек, онда бұл жерде, дау жоқ, белгілі бір іске аспайтын қиял – утопизм орын алады.

Марксизмнің таным теориясы да әлемді диалектикалықматериалистік түсінуге негізделген. Маркске дейінгі материалистер

215

адамның қоршаған дүниені танып білуін оның сезімдік пайымдауы деп түсіндірді. Қоршаған әлемдегі заттар адамның сезіміне әсер етеді және сол заттарды тек қабылдайды, ал белсенділік сыртқы дүние заттарының өздеріне берілген. Маркс бойынша, кез келген таным субъект (адам) пен объектінің (адамның танымдық әрекеттері бағытталған заттар, құбылыстар) өзара іс-әрекеттерін білдіреді. Адам назарынан және іс-әрекетінен тыс жатқан заттар мен құбылыстар тек Табиғаттың шикі материалы болып табылады. Міне, сондықтан адамның ойлауының негізі – Табиғат қана емес, сонымен қатар адамның іс-әрекеті арқылы оны өзгерту қажеттігі. Ал осы өзгерту барысында ойлау дамиды, демек, адамның қоршаған дүниені танып білуі орын алады. Сөйтіп, адамның белсенділігі нәтижесінде ғана табиғат заты танылады және адамдардың қажеттіліктерін өтеу үшін өзгерістерге ұшырайды. Әлемді нақты танып білу – оны адамның игеруі болып табылады.

Маркстік философия теориялық емес, бәрінен бұрын практикалық, яғни іс жүзіндегі мәселеболып табылатын шындықмәселесіне де жаңа идеялар енгізеді. Шындық туралы өмірден, тәжірибеден алшақ жатқан, таусылмайтын айтыс-тартыстар тек схоластикалық теориялауға әкеліп соқтырады. Философтар әртүрлі жолдармен дүниені түсінуге ғана әрекет жасады ғой, ал мәселе оны өзгерту қажеттігінде жатыр. Олар кез келген философиялық қағидалардың келешекте ғылым мен қоғамдық өмірдің дамуы барысында сөзсіз өзгеретініне, нақтыланатынына, байитынына сенді.

Адам мәселесін қарай келе, Маркс пен Энгельс Фейербахтың биологияға қатысты көзқарасын қатаң сынға алды. Адамның биологиялық-әлеуметтік табиғатын мойындай отырып, олар бұл мәселеге жүйелі көзқарасты іске асырды. Маркс адамның мәні қоғамдық қатынастардың «ансамблі» болып табылатынын көрсетті. Ол Гегельді адамды тек Дара Идеяны өздігінен танып білу құралына айналдырғаны үшін жазғырды. Маркс пен Энгельстің ойынша, адам тарихты өзінің көпқырлы қызметі, іс-әрекеттері барысында тудырады және соның нәтижесінде өзі де өзгереді. Болашақтағы коммунистік қоғамда зорлық-зомбылық, қылмыс, тойымсыздық, көреалмаушылық және басқа да күнәлар оған жат болатын жаңа адам дүниеге келеді. Ал бұл құқықтық мекемелерге, тіпті қоғам институты саналатын мемлекеттің өзіне де қажеттілік жойылатынына жеткізеді.

Маркс пен Энгельс мұрасында дінге көзқарас мәселесі ерекше орын алады. Маркстің пікірінше, діннің бастаулары аспанда емес, жерде,

216

«... дін – ол әлі өзін таппаған немесе өзін енді қайтадан жоғалтқан адамның сана-сезімі және өз-өзін сезуі. Бірақ адам – дерексіз, әлемнен тыс бір жерді паналап жүрген тіршілік иесі емес. Адам – ол адамның әлемі, мемлекет, қоғам. Бұл мемлекет, бұл қоғам дінді, жалған дүниетанымды тудырады, өйткені олардың өздері – жалған әлем» (Маркс К., Энгельс Ф. Шығ. – 1-том. 414-бет).

Ол «социализм қалай дамыса, діннің солай жоғалатынына, ал оның жоғалуы қоғамдық даму, яғни тәрбиеге үлкен мән берілетін даму нәтижесінде болуға тиіс екеніне» сенімді болды (Маркс К. Энгельс Ф.

Шығ. 45-том. 474-бет).

Маркстің барлық ой-пікірлерінің ішінде «күресу» деген сөздің жоқ екенін (қарсыластары оны сол үшін жазғырады) ерекше атап айтқан жөн. Кейіннен: «Біз дінмен күресуге тиіспіз. Бұл – бүкіл марксизмнің әліпбиі», – дегенді айтқан Ленин еді (В.И.Ленин. Шығ. толық жин. – 17-т. 418-бет). Біздің ойымызша, «Дін – халықты улайтын апиын» деген формуласына Маркс біршама басқадай мағына берсе керек. Маркстің заманында апиын ауруды жазатын дәрі болған және адамды бұзатын, оны құлдырауға жеткізетін есірткі ретінде қабылданбаған.

Бүгінгі күні марксизм туралы кімде-кім не жазса да, не айтса да, ол – ерікті немесе еріксіз, ашық немесе жасырын түрде бір ғана: «Өзін социалистік деп жариялаған біздің қоғамымыздың мүлдем біз қалағандай болып шықпағанына Маркс кінәлі ме?» – деген сұраққа жауап беруге тырысады.

Алғашқы жауап төмендегідей сипатта: Маркс те, Энгельс те, Ленин де бұрынғы КСРО мен социалистік бағыт ұстаған басқа да елдерде орын алған өзгерістерге кінәлі емес. Аталған өзгерістер – Сталин мен оның ізбасарларының марксизмді саналы түрде және қасақана пиғылмен бұзып көрсеткенінің нәтижесі.

Осы дәстүр арнасында маркстік теорияның негізгі құндылықтарын кейбір ғалымдар мен публицистер ескі, қасаң қағида түрінде көрсетіп келген. Марксизмді бұзып көрсеткені үшін сталинизмді әділетті жазғыра отырып, бұл көзқарасты жақтаушылар сонымен бірге Маркс пен Энгельстің мұрасына, оның теориялық-әдістемелік пікірлеріне қандай да бір сыни көзқарастың болуы мүмкіндігін шын мәнінде жоққа шығарады және сол арқылы олардың шығармашылық мұрасындағы кейбір қарама-қайшы ойлардың тұралап қалуына себеп болады.

Екінші жауап – осы уақытқа қарай басымдық алып келе жатқан балама үрдіс: марксизмге бастапқыдан-ақ дұрыс емес немесе уақыт

217

өте келе дұрыс болмаған қағидалар негіз болғанына, ал оларды іске асыру үшін жасалған әрекеттердің кейіннен социализмнің әртүрлі өзгерістеріне әкеліп соқтырғанына сендіреді.

Марксизмнің осы тектес «тұжырымдамалық» кемшіліктеріне көбінесе: Маркс пен Энгельстің нарықтық шаруашылықты, капитализмнің өздігінен даму қабілетін жете бағаламағандығы; олардың таптық көзқарасты даралағаны; жалпыадамдық құндылықтарды, демократияны, гуманизмді, қоғам дамуының эволюциялық жолдарын жеткіліксіз бағалағандығы және, тиісінше, күрестің революциялық, әсіресе озбырлық әдістерін асыра бағалағандығы жатқызылады.

Кейбір авторлар олардың қоғамға деген көзқарастарының бос қиялдығын сөгеді және олардың ойынша, Ленин ғана алғаш рет әскери коммунизмнен жаңа экономикалық саясатқа (ЖЭС) өту барысында нарықтық шаруашылыққа, қоғамдық өмірдің демократиялық формаларына нигилистік, яғни дәлелсіз жоққа шығаратын көзқараспен қарауға мәжбүр болған.

Осы,бірқарағанда,мүлдемкереғарүрдістердіңнегізіндебіздіңсанамызда қалыптасып қалған: «Маркстің теориясында келешек қоғамның

егжей-тегжейлі зерттеліп әзірленген тұтас тұжырымдамасы бар» болғаны туралы мифке құрылған көзқарас жатқанын дәлелдеуге болады. Ол кезде үш маңызды нәрсе, әйтеуір, «ұмытылып қалады».

Біріншіден, социализмнің бізде болған тұжырымдамасының негізгі бөлігін құрған тіпті де марксизмнің негізін салушылар емес, демек, Маркс те, Энгельс те оның түбегейлі жасалуы үшін жауапкершілік көтермейді.

Марксистік теорияның мазмұнына деген осындай қасаң қағидалы көзқарас себептерінің ішінен марксизмнің пайда болуы мен дамуының тарихи түйінінің жеткілікті дәрежеде есепке алынбағанын атап көрсетуге болады. Кейбір жұмыстардың авторлары Маркс пен Энгельстің әртүрлі тарихи кезеңдерге жататын еңбектерінен алып, ондағы ойлардың қандай жағдайларда туғанын, кімдерге бағытталғанын, кейіннен әлдебір авторлардың қандай түзетулер жасағанын ескерместен, жапа-тармағай дәйексөздер қолданып жатады. Бүгінгі таңда біздің өте-мөте қазіргі заманғы шындықтарымыз бен көзқарастарымыз XIX ғасырдың нақты шындықтарымен астасып (кескінделіп) жатады, дегенмен ғылымда бұл тәсіл қашанда тыйым салынған болып саналады.

Маркс пен Энгельсті, мысалы, Пруссия реакциясында немесе бонапартизмгеқарсыкүрестедемократиялықеркіндіктердіңжалпыадамдық

218

маңызын жете бағаламады және қоғамдық өзгерістердің озбырлық жолдарын ұсынды деп кінәлау мүлдем дұрыс емес. Әйтпесе осылайша оларды XIX ғасырдың ортасындағы ғаламдық экологиялық және ол уақытта әлі бола қоймаған басқа да мәселелерді жете бағаламады деп күстаналауға болушы еді.

Екіншіден, қазіргі заманның көптеген авторлары Маркстің ілімін

барлық социалистік ойдың дамуы үдерісінен тыс қараудың жаман дәстүрімен жүретіні сын көтермейді. Мысалы, онда демократия мәселесі маңызды орын алған. Бірақ еуропалық тарихтың әр кезеңінде ол бір немесе басқа елдің нақты жағдайларына, өмір сүрген уақытына, ұлттық және мемлекеттік дәстүрлеріне байланысты мейлінше нақты қабылданатын. Маркс пен Энгельстің демократияға қатынасы да соған сәйкес қалыптасқан.

Үшіншіден, Маркстің де, Энгельстің де ешқашан библиялық апостолдар рөліне ынтықпағанын есте ұстаған жөн. Оның үстіне, олардың өздері әлеуметтік теорияға соған ұқсас көзқарас болғанын қаламаған. 1881 жылы, яғни қайтыс боларынан екі жыл бұрын, Маркс Фердинанд Ньювенгейске жолдаған хатында: «Болашақ революция әрекеттерінің бағдарламасына алдын ала теориялау, сөзсіз фантастикалық тұрғыда масаттану – біздің назарымызды бүгінгі күнгі күрестен басқа жаққа аудару ғана болып шығады», – деп жазды. Ал содан кейін он жыл өткенде, Энгельс француздардың «Фигаро» газетіне берген сұхбатында: «Біз тұрақты, үздіксіз даму жағындамыз... және біздің адамзатқа қандай да бір түпкілікті заңдарды телитін ниетіміз жоқ. Болашақ қоғамды ұйымдастырудың егжей-тегжейіне қатысты алдын ала дайын пікірлер дейсіз бе? Сіз біздің тарапымыздан тіпті ешбір ишара да таппайсыз», – деген-ді.

Ал, ақыр соңында, бүгінгі күні марксизммен күрескісі келетіндерге арнағандай: «Біз үшін түбегейлі шешімдер мен мәңгі шындықтарды талап ету – кез келген мағынасын үзілді-кесілді жоғалтқан; біз білімдеріміздің қажеттілігі бойынша шектеулі және оларға қол жеткізудің жағдайларына байланысты екенін ешқашанда ұмытпаймыз», – дегенді айтқан.

«Марксизмді түсіндірушілер Марксті өзгертіп жіберді» және алдында Аристотель мен оның шәкірттерін құтқарғандай, «оны марксистерден құтқаруға тура келді» деп санайтындармен келіспеуге болмайды. Алғашқылардың бірі болып бұл туралы ашық жариялаған Карл Поппер еді. Маркстің өзі де қайтыс боларынан аз уақыт бұрын

219

ізбасарларының көп жағдайда оның ілімін экономикалық детерминизм рухында өрескел бұрмалайтындарын көріп: «Егер бұл марксизм болса, онда мен марксист емеспін», – деп қынжылған-ды.

Әлбетте, Маркс пен Энгельс өз заманының аса көрнекті ойшылдары болды. Алайда әлемдік тарих үдерісіне үлкен ықпал еткен терең көріпкелдіктерімен қатар, олар қателіктерден де ада болған жоқ, өйткені, Маркстің өзі атап өткендей, «адамға тән нәрсенің барлығы оларға да жат болмаған». Егер олардың еңбектерін объективтік көзқарас тұрғысынан қарасақ, оларда терістен гөрі, оң басым.

Маркстік философия – адам табиғаттың дүлей күштерінен үстем тұр және оларды тұлғаның жан-жақты дамуы, өз жоспарларын іске асыруы үшін түрлендіруге, өзгертуге болады дейтін қағидалары бар еуропалық рационализмнің қисынды аяқталуы іспетті. Алайда кейіннен еуропалық философияда рационалдық дискурстан (пайымдаудан) түңілу орын алды. Соның нәтижесінде, философиялаудың жаңа, яғни алдыңғы классикалық философиядан алшақтаған формалары пайда болды.

Бірақ марксизмді ұмытуға әзірше ерте. Бір нәрсе айқын: марксизм – адамзат тарихында үлкен рөл атқарған ұлы ілім. Алайда бұл ілім әлі аяқталған жоқ. Платон мен Аристотельдің, Әл-Фараби мен Канттың және басқаларының ілімі сияқты, Маркс пен Энгельстің іліміне адамзат әлі көптеген жүзжылдықтар бойы жүгінетін болады.

220

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]