Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

На сортировку / 2 / Тарих / Желтоксан 1986 жыл

.doc
Скачиваний:
31
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
70.14 Кб
Скачать

1986-дың желтоқсаны социалистік-құрылыстың күйреуінің хабаршысы.

Кез-келген қоғамдық жүйенің күйреуін сол қоғамдық күйенің өз болмысынан бөліп алып қарастыруға тіпті болмайды.

1986 жылдың желтоқсаны тек кеңестік мемлекеттік машинаның ғана жүрісін шайқалтқан жоқ, соционумның бүкіләлемдік жүйесінің дәурені өтіп бара жатқандығының хабаршысы болды. Осынау жүйенің күллі ғұмырын шартты түрде екі кезеңге бөлуге болар еді. Алғашқысы «Будапешт күзінен» басталып 1979 жылғы Целиноград оқиғаларымен және 80 жылдардың басындағы поляк оқиғаларымен аяқталады. Екінші кезең 1986 жылдың желтоқсанынан басталып, тағы да сол желтоқсанда, бірақ бір кездегі қуатты держава кеңестер ғасырындағы Ирандағы маздық үстемдігі ұсынғандағыдай, бұл жолы да бар болғаны сексен жылға жетер-жетпес уақыт жеткілікті болды.

Кеңестік империяның негізін шайқалтуды жалғастыруда бұрынғы КСРО-ның басқа республикалары үшін дәл осы Алматы оқиғасының үлгі болғаны – ең биік тарихи әділеттілік екені ақиқат!

Желтоқсан оқиғасының маңызы, себеп-салдары.

1986 жылдың Желтоқсаны қазақ халқының ұлттық сезімінің өсуіне айрықша ықпал етті, қазақтың өзін-өзі тануын, ұлттық мақтаныш пен тәуелсіздік туралы ұғымын түбірімен өзгертті. Халықаралық тұрғыда танылған ұлттардың өзін-өзі басқару құқығы принципі кеңестік кезең мен салыстырғанда мүлде бөлек шығынға ие болды. Дербес мемлекеттік жолындағы күрес өркейді.

Жастардың бас көтеруі сонымен бірге демократия мен адам құқығы туралы ұғымға да ойға қаларлық өзгеріс енгізгенін көрсетті. Кеңестер Одағының тотиларлық жүйесінің шырқау шегінде тар миграциялық билікке қол сұғылмайтындығы туралы түсініктің тас-талқанын шығартып бергені үшін де Желтоқсан қозғалысы бүкіләлемдік тарихи маңызға ие.

Республиканың бірінші басшылығына өзі тіршілік етіп, жұмыс істейтін ортаның не тілін, не әдет-ғрыптарын, не мәдениетін білмейтін адамды тағайындау – шектен шыққан кемсітушілік еді. Қазақстанның көптеген қалаларында алаңдар мен көшеге шыққан халық өзінің азаматтық құқықтарының бірі – сөз бостандығын ғана пайдаланған болатын. Бірақ сол кезде – 1986 жылдың желтоқсанында, халықтың демократиялық ерік-құқын білдіруін ел басшылығы барлық адам құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретінде саналатын тәртіп тұғырын шайқалту деп қабылдады.

Алматы оқиғасы халықтың сана-сезімінің өскендігінің, өзін толғандыратын проблемаларға азаматтық көзғарасын білдіру құқығын пайдалануға деген аңсарының да көрінісі еді.

Желтоқсан оқиғасы барысында Қазақстанда алданып, түрмеге тасталған ақыл-ой мен ар-ождан тұтқындары пайда болды. Олар жоғарғы басшылықтың әрекетіне қарсы өздерінің келіспеушілігін білдіруден жасқанған жоқ, олар өз халқының азай өмірі үшін айқасқа шыққан саналы күрескендерге айналды.

Алматы дүмпуінен кейін бейбіт шеруге қойысушыларды ұлтаралық жанжалды ұшықтырды деп кінәлады, оларға «ұлтшылдар» деген айып тақты.

1986 жылғы Желтоқсан дақпырт және шындық.

1986 жылғы Желтоқсан қалай бағаланды?

СОКП-ның бас хатшысы М.С.Торбасевтің өкілетті елшісі, басқарушы партияның саяси бюросының мүшесі.

М.А.Соломенцев бастаған илеп-билеушілер Желтоқсанды «ұлтшыл элеметтер», «тобыр», «бұзақылар», «арамтамақтар және қоғамға жат адамдар», «қайта құруға қарсы күштер», «маскүнем, нашақор, көргенсіз бұзақылар», «шектен шыққан ұлтшылдық» деп бағалады. 1986 жылы 18 желтоқсан күні СОКП-ның саяси бюросы өзінің мәжілісінде «Алматыдағы оқиғаға байланысты шаралар» туралы қаулы қабылданды. Сөйтіп, қазақ ұлтының жас реформатор ұрпағының қозғалысын «оқиғаға» сайды. Амал нешік, бүкіл әдебиетте, оның ішінде Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының арнайы комиссиясының шешімінде де Алматыдағы Желтоқсан қозғалысы «оқиға» болып саналуына жүйе осылай жол салды, бағыт берді.

Желтоқсан қозғалысын әлемдік деңгейге көтеріп, демократиялық жұртшылықтың ниетін оған бұруда америкалық Хельсинки тобының еңбегі ерекше. Бұл топ Желтоқсан феноменін Михаил Горбачев билікке келгелі болған халық наразылығының ең бірінші немесе айқын көрінісі деп таныды.

1986 жылғы Желтоқсан – алды дабыл, арты дауыл, үскірік аязға ұласты, елді түнек басты. Желтоқсан құбылысын комиссия «толқу, қақтығыс» деп бағалады.

1986 жылғы Желтоқсан – тек Алматы жастарының өнері емес. Ол «Жезқазған да, Қарағанды да да 60 адамнан ұсталып, соққыға жығылды, митингілер мен шерулер Талдықорғанда, Арқалықта, Көкшетауда, Сарыөзекте, Талғарда, Павлодарда, Шымкентте немесе басқа қалаларда өтті. Олардың қорытындылары бойынша 21 шеруші сотталды.

1986 жылғы Желтоқсан туралы Т.Өтегенов Т.Зәйнәбілов құрастырған айғақ кітаптардың орны ерекше екендігін атап кету орынды.

Алматы Желтоқсан феноменін зерттеуде Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Әбіш Кекілбаевтің «Жарқын бетбұрыстың жойқын беташары» деген басылымының аяқ алысы, шабысы ерен.

16 желтоқсан. Жергілікті уақыт – сағат 10.00

Қазақстанның, жаңа тарихының бастауы мен болашағының жол айырығы болған Республика Орталық комитеттерінің Пленумын осы Партия ұйымын 26 жылдан астам уақыт бойы үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаев ашып, сөзді Мәскеуден келген төтенше уәкіл Г.П. Разумовскийге берді. Ол осы бір аумалы-төкпелі кезеңде жетпіс бес жасқа лек артқан партия, мемлекет қайраткерінің өз қызметінен босату туралы жазбаша өтінішімен қысқаша таныстыра келіп, Пленумға қатысушылардың бұл өтінішті «шын жүректен» қолдайтынына сенім білдірді. Сөйтіп, республика партия ұйымының бұрынғы басшысының орнына бұрын Қазақстанды көріп білмеген, әрі оның ішкі-сыртқы саясатынан, экономикасынан баспасөз дәрежесінде ғана үстүрт мағлұматы бар Г.В. Колбин бірауыздан сайланды. Ол әкімшілік әдіспен жоғарыдан әкелінген 18-ші басшы еді. Бұған дейін жергілікті халық ортасынан үш-ақ басшы Мұхамедғалиев, Шаяхметов, Қонаев ғана шыққанын көп ел білмейтінді. Колбиннің шаруасын лезде тындырған Разумовский қайтадан сөз алып, Қазақстан басшылығының соңғы кездері ауылшаруашылығында, өнеркәсіпте, кадрлар тәрбиелеу саласында елеулі өрескел кемшіліктерге жол бергенін тілге тиек ете келіп, 7-8 минуттай залдағыларға қаһарын төкті. Оның пленум алдында екі ай бойы қайта-қайта телефон шалып, әр саладан анықтамалар сұратып, тыным таппай құжаттар жинау себебі енді түсінікті болды. Мұндай оқыс шабуылды күтпеген көпшілік үн-түнсіз. Ауыр тыныштық орнаған. Уәкілдің көмейінен түйдек-түйдегімен төгілген айыптаулар мен деректерді жинастыруға жанын сала көмектесіп, осы пленумға бірге қатысып отырған КОКП Орталық комитетінің Ұйымдық-партиялық жұмыс бөлімі Қазақстан секторының меңгерушісі Н.Ф. Мищенкодан басқа бірде-бір жан еңсесін көтеріп жан-жағына қарай алмағаны былай тұрсын, қас пен көздің арасында партия тағдырын ғана емес, бүкіл ел тағдырын оп-оңай шеше салған әкімшілдік жүйенің кезекті ойынан кейін сүт пісірім уақыт есін жия алмады. Аты-жөні аталмаса да, тікелей Қонаевқа бағытталған алғашқы соққы еді бұл. Мұны ұйымдастырып отырған нағыз Мәскеудің өзі екені жас балаға да аян еді. Саяси Бюроның құрамында Брежнев дәуірінің аса ықпалды екі акуласының Қонаев пен Щербицскийдің қалуы Орталықтың жаңа ойластырған қадамдарына үлкен тұсау болды. Мәселен 1986 жылы Қазақстандағы Теңіз Мұнай-газ кеніші мен Ресейдегі Түменді біріктіріп, біртұтас өндірістік аймақ жасау туралы Мәскеудің жұмысқы ниетін сезіп қойған Қонаев олардың бұл жоспарын жүзеге асырмай тастады. Енді Михаил Горбачевтің қалай да Қонаевті саяси аренадан кетіруге күш салатыны айқын болды. Бұл мақсатты тездетіп жүзеге асыру үшін ол Егор Мигачевтің ақыл-кеңесіне сүйенгенінде дау жоқ. Өйткені, Колбиннен бастап, Қазақстанға қара қарғадай улап-шулап, бет түзеген қара құрым кадрлардың көпшілігі Мигачевтің командасындағылар еді. Ал, ол өз кезегінде бүкіл партияны билігінің астында билете білетін әрі қаһарлы, әрі сақ М.Соломенцевтің қолдауына иек артты.

«Бұл Пленум тоқырау кезеңінің нашар дәстүрлері негізінде өткізілді. Республика партия ұйымының аса маңызды мәселесіне – Орталық Комитеттің бірінші хатшысын сайлауға арналған ол небары 18 минутқа созылды, - деп мәлімдеді кейіннен КОКП Орталық Комитетінің қыркүйек 1989 ж. Пленумында Нұрсұлтан Назарбаев – Геннадий Васильевич Колбиннің кандидатурасына ешкімнің ешқандай қарсы болмағаны, ең болмаса партия активінің пікірінде де толық елемеушіліктің ашу-ыза туғызғанын айтуға тиіспін. Адамдар мен ақылдасып-келіспестен қол көтеру арқылы қабылданған шешімнің республикада теріс пікір туғызғаны табиғи жайт»

Қорытынды.

Қорыта келгенде халық тарапынан туындайтын үлкенді-кішілі қозғалыстардың қай-қайсысы да басқару буынындағы қауіпті сырқаттың сыр бере бастағанының белгісі. Халық үшін, мемлекеттің гүлденуі үшін тер төгіп жұмыс істемей қандай да бір қауіпті толқулардың алдын алу мүмкін емес. Бұған көне тариихтың сарғайған беттері куә.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісте патшаның маусым жарлығына қарсы халық жаппай бас көтерген жағдайда еліміздің есепсіз шығынына қанды қасапқа душар болғанынан бастап 70 жыл бойында,ел үшін күйіп, халқы үшін жанын аямаған азаматтарымыз дүркін-дүркін бас көтеріп қорықпай тоталитарлық жүйемен күрескені баршамызға әйгілі. Бірақ ол азаматтарымызды Орталық, оларға қосылған өзіміздің жағымпаз атқа мінерлеріміз ұлтшылдар, халық жаулары деп жариялап, аяусыз жазалауда болды.

Міне сондықтан 1986 жылғы қозғалыс тек орталықтың шешіміне ғана емес, әміршіл-әкімшіл жүйеге, ұлтаралық теңсіздікке, ауыр әлеуметтік тұрмысқа қарсы бағытталған саяси бас көтеру еді.

Қазақтың жас өрендері үрлеп тутандырған тәуелсіздік жалыны кеңестік империя қанатын шарпыды. Сөйтіп сөнбес алауға айналды. Осы оқиғадан соң тура 5 жыл өткенде, қазақ елі өз тәуелсіздігін жариялады. Тарих үшін қас-қағым ғана сәт болып есептелетін осынау бес жылдың біздің еліміз үшін ғасырлық маңызы бар дейтініміз сондықтан. Өйткені сол бес жылдың өн бойында егемендігіміздің тар жол тайғақ кешуі жатқан болатын.

Былтырғы жылы Қазақстан халықтары ассамблеясының ән наурызындағы бірінші сессиясында жасаған баяндамасында еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев ХХ ғасыр қазақтарды өзінің Отанында азшылыққа айналдырған қайғылы оқиғалардың ғасырына айналғаны үшін қазақтардың еш кінәсі жоқ. Сондықтан бүгін таңда осы халықтың мемлекеттікке деген құқына күмән келтірушілер оның қасіретінің тереңдігін білмейді немесе білгісі келмейді. Қазақ ұлты басқа қай ұлтпен салыстырғанда да мемлекеттікке лайық екендігіне сенімдімін. Мұны ол өзінің бүкіл тарихымен дәлелдеп отыр деген болатын.

Иә, Президентіміз айтқандай Қазақстан бүгінгі таңда толық қанды Тәуелсіз мемлекет ретінде ХХІ ғасырдың табалдырығынан аттағалы тұр. ХХ ғасыр табалдырығынан отар ел күйінде алағай да бұлағай заманда көңілі налалы, ертеңі бұлыңғыр болып аттаған қазақ қызыл империя құрсауындағы осынау бір ғасыр ішінде, ел тағдыры үшін шешуші ғасыр ішінде көкірегіндегі отты бір сәтте сөндірген жоқ. Соның нәтижесінде қазіргі Қазақстан түпкілікті және түбегейлі түрде өз еркімен даму жолын таңдаған еркін ел, егемен мемлекет. Рас, қиындықтар жоқ емес, жеткілікті. Құрдаладан қалған қиын түйіндерді шеше салу 2-3 жылдық шаруа емес. Бұған бәріміздің көзіміз жетті. Аллаға шүкір, тәуелсіздік торабындағы төрт құбыламызды түгендедік - әлем елдерімен терезесі тең қалыптамыз қазір. Ендігі мақсат – осы тәуелсіздіктің тұғырын нығайту үшін ел басымызға сенім артып, жұмыла еңбек ету.

Әдебиеттер

  1. Комлунар Табей “Мұзда жанған алау” Алматы 1990 жыл

  2. Уақтегі Мәкен “Қайрат және желтоқсан көтерілісі” Алматы 1990

  3. Алматы аударма алқасы “Алматы 1986 жыл желтоқсан”

Алматы 1990 жыл 2-кітап

  1. Кәкен Хамзин “Парасат” журналы №9 1990 жыл

  2. Темірбек Қожакеев “Огни Алатау” 28 қараша 1990 жыл

  3. “Алматы 1986 жыл желтоксан” 1- кітап Алматы 1990 жыл

  4. Құттыбек Аймаханов “Егемен Қазақстан” газеті 1996 жыл

  5. Төрехан Данияров “ Казахская правда” газеті 1996 жыл

  6. Үмбет Әбназаров “Алматы ақшамы” газеті 1996 жыл

  7. Әбіш Кекілбаев “Егемен Қазақстан” газеті 2000 жыл

Жоспар

Кіріспе

Алматы 1986 жылғы оқиға

Негізгі бөлім

  1. Желтоқсан оқиғасы және оның бағасы

  2. Желиоқсан оқиғасының себеп-салдары

  3. 1986 жылғы желтоксан дақпырт және шындық

  4. 16 желтоксан жергілікті уақыт-10.00

Қорытынды

Желтоқсан оқиғасының маңызы