Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

На сортировку / 2 / Тарих / Жангир хан

.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
39.94 Кб
Скачать

Жаңгiр хан

Бастапқыда Бөкей Еділ мен Жайық арасындағы жұртын сұлтандық дәрежемен басқарды. 1812 жылы оған хан атағы берілді. Бірақ бұл атақтың игілігін көп көре алмай араға үш жыл салып, 1815 жылы қайтыс болды. Соңында орнын басар үш ұлы қалды. Жәңгір, Әділгерей, Меңдігерей. Хан тағының мұрагері — Жәңгір бұл кезде небәрі он төртте. Әрі Астрахань қаласындағы азаматтық губернатор Андреевскийдің үйінде жатып, орысша білім, европаша тәрбие алып жүрген кезі еді. Сондықтан мұрагер оң-солын танығанша ел тізгінін марқұмның інісі Шығай ұстады. Оның еншілі қонысы Каспий теңізінің жағалауы Көнеу деген шүйгінді жазықтық.

Жәңгір 1824 жылы әкесі Бөкейдің орнын басып, арнайы указбен хан атағын алды. Араға бір жыл салып Орал қаласының жанындағы тоғайда осы мәртебелі атақтың құрметіне ұлан-асыр той берілді. Оған Орынбор шекара комиссиясының шенеуніктері, Орал, Астрахань казачествосының иығы зерлі әкімдері шақырылған. Бұл жер әлі күнге «Хан тоғайы» деп аталады.

Иә, Әбілхайырдың шөбересі, Нұралының немересі, Бөкейдің бел баласы Жәңгір қазақ тарихындагы соңғы хан. Бұл Россия императорының екі басты самұрық бейнелі мөрімен расталған шындық. Бірақ соңғы хан Кіші жүзді басы бүтін билей алмады. Сондықтан да үкім құдіреті аға сұлтандықтың о жақ, бұ жағында болды. Ақ сөйлеу парыз, осындай әре-сәре күйді әкесі Бөкей де бастан кешкентін.

Жәңгір хан көтеріліп, ақ киізі тәберікке, малы талапайға түскен тұста Кіші жүз төртке белініп кеткен-ді.

Жайықтың шығыс жақ Бұхар беті мен Ойыл, Елек бойын Баймағамбет сұлтан Айшуақов басқарды.

Ырғыз, Темір жерін Ахмет сұлтан Жантөрин биледі.

Маңғыстау мен Үстірт маңындағы ел Сүйінқара Үргенішбайұлы мен шекті Жанқожа Нұрмұханбетұлының иелігінде болды. Соңғы бөлік патша үкіметі мен Хиуа ханы Аллақұлдың қыспағын қатар көрді. Тірісінде басы бірікпеген ағалары Сауқым, Ермұханбет Қасымұлы (Елекей сұлтан), Жанғазы Шерғазы-ұлы, Қайыпқали Есімұлы (Қайболды сұлтан) Алла-құлды жағалап, осы өңірді мекендеген Адай, Бестаң-балы, Шөмекей, Қара Кете, Қара сақал, Төртқара, Кішкене Шекті, Керейіт, Мөңке, Табын руларын, Жаппас пен Таманың бір бөлігін бөліп алып кетуге күш салды. Хиуа ханы әлсін-әлсін жазалаушы әскер аттандырып, орысқа багынғалы жүрсіңдер деп бас көтерген елді жазалаудан танбады. Бұған Сүйінқара батыр қол жинап қарсы тұрып, аяспас майдан ашқан. 1832 жылы Аллақұлдың 3 мың қолы бейқам жатқан ауылды шауып, Сүйінқара деп шатыстырып Құлбарақ батырдың басын кесіп әкеткені де осы тұс. Құлбарақтың (1756—1832 ж. ж.) нағашысы түрікмен Сүйін батыр. Басты көрген Аллақұл,— Бұл Сүйінқараның кәлләсі емес, һәм тегін кәлла да емес. Бұл мен білсем бізге жиен Құлбарақтың кәлләсі болмасын,— депті. Сонда бас жымиып күлген екен. Мұны көрген жендет: — Танымай жиеніңнің басын алдым, құдайдың алдында күнәга қалдым,— деп өз-өзіне қанжар сұғып өлтірген. Құлбарақтың басын түрікмендер арулап, өз жеріне қойып, үстіне зират көтереді. Ал, улы денесі жерленген жер Маңгыстауда әлі күнге «Құл-барақ қауымы» делінеді.

Ал, Жәңгір болса екі өзен аралығындағы Самар даласында ғана хандық құрды. Оның да Каспий теңізі жағалауы қайын атасы, есаул Қарауылқожа Бабажановтың ықпалында еді.

Ендігі мәселе осы күнге дейін Махамбет ақынның «Хан емессің қасқырсың» деген бір ауыз өлеңімен бағаланып келген Жәңгір Бөкейұлы (1801—1845 ж. ж.) кім еді, азаматтық сапасы, ұстанған саясаты, елге тигізген қайыр-шапағаты қандай дегенге саяды. Қазақ топырағындағы соңгы хан, тұңғыш генерал-майор Жәңгірді 1830 жылғы бір санында «Сын Отечества» журналы былай деп сипаттайды. «Человек образованный, говорит и пишет кроме татарского, хорошо по русский и знает несколько по немецки... Одевается по своему, в атласные и бархатные, белого и зеленого и оранжевого цвета кафтанчики, и такие же синего и черного цвета облаженные иногда зо-лотым и серебрянным позументом, шаравары: шапку носит киргизского покроя, валяную из козьего пуху, покрытую малиновым бархатом и вышитую золотом: подпоясывает золотою саблею, пожалованную ему при возвездении в ханское-достоенство. Волосы на голове по обычаю киргизов, бреет и накрывает тюбитейкой. Борода у него темно-русая, лицо белое, несколько рябоватое, росту он среднего, и вообще приятной наружности... Джангер хан имеет орден Св. Анны І-ой степени, украшенный императорскою короною,— такою Монаршею милостию ни один из киргизских ханов до него удостоен не был...».

1841 жылы Санкт—Петербургта шыққан «Журнал министерства государственного Имуществода» А. Е. Алекторов «О хане Джангире и его жене Фатиме» деген мақала жариялап, онда «Джангер имел чин генерала и был почетным членом Казанского Университета» деп атап көрсетті. Хан орыс, неміс тілдерімен қатар парсы, арабша жетік білген деген дерекке кездесеміз. Демек, сыпайылығы мен дағдарлығы, өз заманының мойны озық білімдарлығы бір басына кемшіндік етпеген.

Бірінші әйелінің есімі Жүзім. Арғын Мүсіреп бидің қызы. (Мүсіреп — кіші Арғынның қараман ата-сынан шыққан Бөгембай батыр Қожекеұлының немересі. Бөгембай кезінде Әбілхайыр ханның бас сардары болған).

Екінші әйелінің есімі — Фатима тоташ. Орынбор мүфтиі, аса зиялылығымен аты жайылған Мұхамеджан Құсайыновтың қызы. Ұлты — татар.

Үшінші әйелінің есімі — Айсұлу. Жастай қайтыс болған. Руы, әке-шешесінін аты-жөні әзірге белгісіз. Орта дәулетті адамның қызы еді. деген әңгіме бар.

Төртінші әйелінің есімі — Зылиха. Есауыл Қарауылқожа Бабажановтың қызы. Шыққан тегі — қожа.

Айсұлудан хан бала сұйіп үлгермеген. Ал, өзге үш әйелінен Ескендір, Зұлхарнайын, Сейткерей, Сақыпкерей, Рұбайдолла тәрізді алдының даңқы алты алашқа жайылған сегіз ұл мен екі қыз көрді. Ұрпағы жайлы әңгімені әзірге айтар кезекке қоя тұралық. Ендігі сөз Фатима тоташ пен Орданың ірге тасы қалануы хақында.

Жоғарыда аталған «Сын Отечества» журналы Фатима жайлы жаза келіп: «Женщина образованная, хорошего обращения, знает все приличия общения, говорит и пишет, кроме татарского, на русском, французском и немецком языке. Кроме бывает в городах, то посещает благодарные собрания и участвует в танцах: одевается в европейские платья, однако в ставке носит татарское, а в кочевье с ханом — киргизское. Она с супругом своим в 1826 году, находилась в Москве при торжестве коронование Их и Императорских Величеств и от высочайших щедрость удостоена драгоценными подарками. В 1829 году вновь прислан ей от Государыни-Императорицы дорогой головной убор, золотой, филограмовой с тоназами, состоящий из склаважа, гребенки и серьги» деп оның білімі мен тәрбиесіне, жоғары мәртебелі жандардың ілтипатына бөленіп, сый-сияпат алғанына ерекше тоқталады. Император Николай І-нің тоташты биге шақырғанын, екеуінің құйын ұйіріп билегенін, мұны көріп тұрған талай бикештің езегіне Өрт тұскенін сол тұста ыққан баспасөз жасырмайды.