Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

На сортировку / 2 / Тарих / ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
31.84 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ғылым.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ – мемл. орган. Оған білім, ғылым, тех. саласына басшылық жасау және заңдарда көзделген шектерде салааралық үйлестіру міндеттері жүктелген. 1999 ж. ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт мин-лігін қайта ұйымдастыру негізінде құрылған. Құрамы: Жалпы орта білім, Кәсіптік бастауыш және орта білім, Жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім, Ғылым, Мемл. инспекциялау және мониторинг, Бюджет, жоспарлау және қаржы, Әкімш. департаменттері; Құқықтық қамтамасыз ету және аудит басқармасы, Жоғары аттестациялау к-ті. Мин-ліктің қарамағында 100-ге жуық кәсіпорындар мен білім және ғыл. ұйымдары бар. Негізгі қызметі: азаматтардың мемл. оқу орындарында кепілді білім алуын қамтамасыз ету; ғыл.-зерт. ұйымдарын жетілдіру, білім мен ғыл. саласындағы ақпараттандыру; қорларды шоғырландыру, тікелей инвестицияларды тартуға қатысу; заңдарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; білім, ғыл. мен тех. саласындағы жекешелендіру бағдарламаларын әзірлеп, іске асыруға қатысу. Ол өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес ғыл.-тех. бағдарламаларды орындаушы ұйымдардың респ. бюджет есебінен жүргізетін ғыл., конструкторлық және технол. жұмыстарын үйлестіреді; өз қызметі аясында халықар. ынтымақтастықты жүзеге асырады; халықар. шарттар мен келісімдердің жобаларын дайындауға қатысады; өз құзыретіне жатқызылған қызмет түрлерін лицензиялайды; ғыл.-тех. ақпараттың мемл. жүйесін жетілдіреді, мемл. бюджет есебінен жүргізілетін ғыл.-зерт. жұмыстарының, іргелі бағдарламалардың, қолданбалы зерттеулердің, қорғалған диссертациялардың мемл. тіркеуден өткізілуін қамтамасыз етеді; ғыл., пед. кадрларды даярлау, қайта даярлау, аттестациялау ісін ұйымдастырады.