Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / ҚР Ұлы Отан соғысы кезеңінде.doc
Скачиваний:
32
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
104.96 Кб
Скачать

Қр Ұлы Отан соғысы кезеңінде

(1941 – 1945 ж.ж)

ЖОСПАР

  1. Екінші дүниежүзілік соғыстың бірінші кезеңі (1939 қыркүйегі – маусым 1941 ж.)

  2. Германияняның КСРО-ға шабуылы, соғыстың бірінші кезеңіндегі сәтсіздіктер. Антифашистік одақтың құрылуы (маусым 1941 – қазан 1942 ж.ж)

  3. Брест, Мәскеу үшін шайқастағы қазақстандықтардың ерліктері.

  4. Соғыс жылдарындағы Қазақстанның мәдениет қайраткерлері мен ғалымдарының ерен еңбектері.

  5. Ұлы Отан соғысындағы жеңістің тарихи маңызы.

1.Екінші дүние жүзілік соғыстың бірінші кезеңі

(1939 – 1941 маусым)

Екінші дүние жүзілік соғыс (1939-1945) тарихтағы ірі соғыстардың бірі , оның өртін халықаралық имперализмнің екпінді күштері: фашистік германия, фашистік Италия және милитаристік Жапония тұтандырды. Ол капитализмнің жалпы дағдарысының екінші кезеңінде импералистік мемлекеттер арасындағы қайшылықтың мейлінше шиеленісуінен басталады. 1929-1933 жылдары дүние жүзілік экономикалық дағдарыс капиталистік елдерде саяс реакцияның барлық бағытта күшеюіне әкеліп соқты. Сөйтіп, монополистік буржуазия өз үстемдігінің буржуазиялық демократия түрлерін террорлық билікпен алмастыруға тырысты. 1933 жылы үкімет басына келген герман фашизмі өз саясатымен , идеалогиясымен герман монополистік капиталының дүние жүзіне үстемдік ету ниетін іске асыруға ұмтылды. Расизмнің барып тұрған сорақы түрлерінің жиынтығы , агрессорлық «өмір кеңістігі» теориясы – фашизмнің негізіне арқау болды. Ол өзінің жауыздық мақсатына жету құралы тек күш көрсету, сондықтан соғыс әрбір неміс азаматы үшін қасиетті іс деп жариялады.

1933 жылы фашистік Германия Ұлттар Лигасынан шықты. Халықаралық аренада Германияның , Жапонияның және Италияның агрессиялық күштері бас көтере бастады. 1936 жылы 25 қарашада Германия және Жапония «Антикомантеріндік пактіге» қол қойды. 1937 жылы қарашада оған Италия қосылды.

Өзара қырқысқан капиталистік топтар дүние жүзін қайта бөлісу және товар өткізу рыноктарына ие болу үшін күресе отырып, сонымен бірге КСРО-ны құртуды көздеді. Сондықтан АҚШ , Англия , Франция өздерінің бірінші дүние жүзілік соғыстағы қарсыласы Германияның әскери экономикалық қуатын жедел қалпына келтіруге көмектесе отырып, болашақ агтессияны Совет Одағына салуға тырысып бақты. 1938 жылы наурызда Германия Австрияны басып алды. Ал қыркүйекте, Мюнхен келісімінің нәтижесінде, Англия мен Францияның Судет облысын Германияның басып алуға келісті. Мұны АҚШ қолдады. Соғыс қаупінің күшеюіне байланысты совет үкіметі соғысты болдырмау, бейбітшілікті сақтау үшін коллективті қауіпсіздік жүиесін құрып , агрессорларды ауыздықтау саясатын жүргізді. Англия мен Франция үкіметі қоғамдық пікірден сескеніп және германияның одан әрі күшеюінен қауіптеніп КСРО-мен келіссөз жүргізді. Бірақ, Англия мен Францияның теріс бағыт ұстауы салдарынан келіссөз сәтсіз болды да, 1939 жылы 23 тамызда КСРО өз қауіпсіздігі үшін Германиямен өзара шабуыо жасаспау шартына келісті. Совет үкіметінің жүргізген дұрыс және дәйекті саясатының нәтижесінде , екінші дүние жүзілік соғыс Батыс державаларының үмітін ақтамай , капиталистік дүниенің өз ішіндегі қақтығысынан басталды.

Соғыстың бірінші кезеңі (1939, 1 қыркүйек – 1941, 21 маусым) – фашистік Германияның соғыста уақытша жеңіске ие болған кезі. 1939 жылы 1 қыркүйекте Германия Польшаға шабуыл жасады. Бұл екінші дүние жүзілік соғыстың басталуы еді. 3 қыркүиекте англия мен франция Германияға қарсы соғыс жариялады. Қазанныңбасында Польшаны жау басып алды. 1939 жылғы 23 тамыздағы Кеңес- Герман келісімі бойынша КСРО-ның әскері Батыс Украина мен Батыс Белоруссияны қосып аолды. 1939 жылғы 23 тамыздағы құпия хаттама келісім бойынша 1939 жылы қыркүйек-қазан айларында КСРО өзінің Солтүстік батыс шекарасын қауіпсіздендіруге жағдай жасады. 1940 жылы сәуір- мамырда гитлершілер Норвегия , Дания, Бельгия, Голландия, Люксембург және Францияны басып алды. Италия Жерорта теңізі бассейнінде үстемдік етуге тырысты. Гитлер Ұлыбританияға басып кіру жөнінде «Теңіз арыстаны» операциясын жүзеге асыруға тырысты. Бірақ Германия бұл операцияны жүзегеасыра алмай , Ұлыбританияның әскери-өнеркәсіптік обьектілерін бомбалаумен шектелді. 1940 жылдың жазынан бастап гитлершілер Шығыстағы агрессияны шұғыл күшейтті. 27 қыркүйекте Германия, Италия және Жапония өзара Үштік одақ пактісіне қол қойды. 1940 жылы көктемде Германия Балқан елдеріне агрессия жасап, сәуірде Югаславияны және Грецияны жаулап алды. 1940 жылы 18 желтоқсанда Гитлер КСРО-ға қарсы соғыстың «Барбаросса жоспарын» бекітті.

Гитлер оның сыбайластары фашистік соғыс машинасының күшімен совет елін, оның қоғамдық құрылысын құртуды мақсат етті.