Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / Қазақстан Ресей құрамында.docx
Скачиваний:
25
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
57.66 Кб
Скачать

Қазақстан Ресей құрамында. ХIХ ғасырдың 20, 60-90 жылдарындағы реформалар Қазақстан Ресей құрамында

ХIХ ғасырдың 20, 60-90 жылдарындағы реформалар

1822 Жылы белгілі мемлекет қайраткері м.М.Сперанскийдің басшылығымен

“Сібір қырғыздары туралы жарғы” жасалды. Оның басты міндеті Қазақстандағы

тəуелсіздіктің соңғы қалдықтарын жойып, қазақ даласын империя құрамына

қосып алу болды. Осы мақсатпен Орта жүз жерлерінде хандық билік жойылып,

сыртқы округтер ұйымдастырылды. Олардың басына “округтік приказдар”

қойылды. Приказдарды аға сұлтандар басқаруға тиіс болды. Оларға заседательдер

ретінде 2 “құрметті қырғыз” жəне 2 орыс тағайындалды.

Аға сұлтан сұлтандар жиналысында 2 жылға сайланды. Заседательдер де сол

мерзімге тағайындалды. Аға сұлтанға “Ресей қызметінің майоры” деген əскери

атақ берілді. Үш жыл қызмет еткеннен кейін олардың “орыс дворянына лайық”

деген диплом сұрауға құқығы болды.

Округ құрамына 15-тен 20-ға дейін болыс кірді. Əрбір округтің қатаң

межеленген жері болды. Бұл округтің тұрғындары басқа округтің жеріне жергілікті

бастықтың арнайы рұқсатынсыз өте алмайтын еді. Өз бетімен өтіп кетудің қандайы

болсын қатаң жазаланды.

Болыстардың басында болыстық ағамандар тұрды, олар патша өкіметіне шын

берілген сұлтандар мен билерден сайланды. Болыстарды басқаратын сұлтандар

мен билер 12 класты шенеуніктерге теңестірілді.

Болыс 10-12 ауылдан тұрды, оларды ағаман билер басқарды. Əр ауылда 50-

ден 70-ке дейін шаңырақ болды.

Орта жүздегі хандық билік осы Жарғы бойынша таратылды. Ал 1824 жылы

“Орынбор қырғыздарының жарғысы” бойынша Кіші жүздегі хандық билік те

жойылып, Батыс Қазақстан даласы билеуші сұлтандар басқарған үш алқапқа –

батыс, орта жəне шығыс алқаптарға бөлінді. Халық алдында олардың салмағын

арттыру үшін əрбір билеуші сұлтанға алтын қылыш, ту, қызмет дəрежесі

көрсетілген грамота берілді. Бұлардан басқа билеуші сұлтандарға айына 100

сомнан күміс ақша, жылына 60 қанардан қара бидай ұнын беруді тағайындады.

Жаңа жағдайда қазақ даласындағы билік аға сұлтандар мен билеуші сұлтандар

қолында шоғырландырылды. Сұлтандар жанына 200 адамдық казак отрядтары

қосып берілді. Олар сұлтандарды күзетіп, əскери-полициялық қызмет атқарды.

Сонымен бірге жергілікті өкімет солардың араласуымен сұлтандар жұмысына

өзіндік бақылау жүргізіп, қажет болған жағдайда оларды патша əкімшілігінің

талабына орай əрекет етуге көндіріп отырды.

20-жылдардағы басқару жүйесін өзгертуге талдау жасағанда, феодалдық

басшы топтың отарлау аппаратымен сіңісіп кету үрдісін айқын көруге болады.

Орта жүздегі аға сұлтандар мен Кіші жүздегі билеуші сұлтандарды шын мəнінде

патша үкіметі тағайындап отырды; лауазымда адамдарды сайлау орыс

əкімшілігінің шексіз бақылауымен ғана жүргізілді. Патша қызметіне ауысқан

қазақ феодалдары еңбекшілерді фоедалдық қанаудың бұрынғы түрлерін сақтап

қана қойған жоқ, сонымен қатар үкімет атынан салық жинады (түндік басынан

алым, заттай төлем, жөндеу жүргізгені үшін алым, көшіп-қонғаны үшін ақша төлеу

т.б.).

1824 жылдан 1838 жылға дейін Қарқаралы, Көкшетау, Құсмұрын, Баянауыл,

Аягөз, Ақмола, Көкпекті округтері ашылды.

Жарғыда сонымен қатар, жергілікті халықты егіншілікке ынталдандыру,

олардың жер жыртуға көшуін көтермелеу маңызды бағыт алды. Отырықшылыққа

көшкендерге 15 десятинаға дейін жер беруге рұқсат етілді. Отаршылдық өкімет

осы арқылы барымтаны, руаралық қырқысты жоюға тырысты.

Реформа Қазақстанда сауда-экономикалық үрдістің өсуі үшін оң алғышарттар

туғызды. Патша өкіметінің бұған белгілі дəрежеде мүдделі болуын экономикалық

факторлармен қоса, оның көшпелілер арасынад өзінің саяси ықпалын нығайту

ниетімен түсіндіру керек.

Жаңа ереже бойынша Орта жəне Кіші жүзде сот ісін жүргізудің бұрынғы

жүйесі қатаң өзгеріске ұшырады. Сатқындық, қарақшылық, кісі өлтіру, барымта,

сондай-ақ өкіметке қарсы бас көтеру жөніндегі бүкіл істі патшаның əскери соты

қарайтын болды. Шеп бойындағы тұрғындарға шабуыл жасап, үйлерін тонағаны

жəне оларға 20 сом күмістен асатын мөлшерде материалдық шығын келтіргені

үшін қазақтарды билеуші сұлтандарды қатыстыра отырып, шекара

Комиссиясының азаматтық қылмысты істер соты соттады. Сөйтіп ,билер сотынан

барлық маңызды сот-құқықтық мəселелер алынып тасталды. Осыдан бастап билер

тек екінші дəрежелі істермен ғана айналыса бастады, олардың қазақ қоғамындағы

беделі төмендеді.

Реформа Орта жүз халқын ағартуға арналған жағдайды кеңейтті,

сауаттылықты кең тарату көзделді.