Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / Философия 2 / Мәдениеттану.doc
Скачиваний:
81
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
774.66 Кб
Скачать

Елден бура салғандай інген емен,-

дейді.

Баянның жарқын мінездері мұнымен де шектелмейді. Ол - өзінің адамдық, сүйіспеншілік сезіміне ажалдан да жоғары қоятын, оған ешбір кір келтірмейтін, халыққа үлгі, идеал болған қыз. Өзінің Қозыға деген адал махаббатын, сол сезімге беріктігін ақырғы рет болса да жақтан қалу үшін Баян Қозы сүйегінің басында антын шешіп, өзіне-өзі қанжар салады.

«Қозы Көрпеш» жырының тарихи мазмұнына сай, оның қайшылықтары да бар. Жырға түрлі ырым- жырымдар мен наным- сенімдер мол енген сондай күрделі қайшылықтардың бірі- Қарабай мен Сарыбай арасындағы «құдалық» шарты.Бесікте жатқан екі сәбиді байлар өзара атастырып, Сарыбай өлген соң бұрынғы бата бұзылып, оқиғаның тартысы басталады. Содан былай Қарабай ақ батаны бұзушы, Қозы мен Баян сол ақ бата үшін күресуші ретінде суреттеледі.

«Қозы Көрпеш» жыры көп заманнан бері келе жатқан сюжет болса да, онда XIX ғасырдың орта кезінде қазақ даласында туған саяси-экономикалық өзгерістердің те таңбасы бар. Соны кейінгі айтушылар құдалық, әмеңгерлік салттарының әсерімен жаңғырта жырлаған.

Жырдың өткір, әлеуметтік тартысына сай сюжеттік құрылысы да көркем әрі қонымды. Трагедиялы жырлардың сюжеті негіщінен үш салаға бөлінеді: а) екі байдың аңға шығып құда болуы, Сарыбай өлген соң Қарабайдың антын бұзвп, көшуі. Бұл тарау жырдың экспозициясы мен байланысына сай; ә) Қозының Баянды іздеп табуы, екеуінің табысуы мен өлімі. Бұл сюжеттің дамуы мен шарықтау шегіне тән; б) Қозы өлген соң Баянның жұртта қалып, Қозы бейітінің басына барып өлуі. Бұл оқиғаның басты шешуі. Жырдың ең басты кейіпкері Баян болатыны да осыдан келіп туады. «Қозы Көрпеш» жыры өзінің тақырыбы жағынан өткен дәуірдің күрделі әлеуметтік проблемасына құрылған мазмұнды, шыншыл проблемалы эпостың бірі. Ол проблема- адам еркіндігі, әйел теңдігі мәселесі.

Бұл жырдың өлмейтін көркемдік қасиеті - образдарының қуатында, әсерінде. Баян мен Қозы арасындағы тап теңсіздігі содан туатын жырдың негізгі тартысы қоғам өмірінің ұсақ сыртқы көрінісін емес, ішкі сырын, жұмбағын философиясын жинақтайды.

Жырдың ең құнды жағы- тіл байлығында. Онда араб-парсы сөздігі мейлінше аз, жыр байырғы халық сөзінің мол лексикалық қорына негізделген. «Қозы Көрпеш» диалекті емес, қазақтың әдеби тіл нормасына жол салған эпостық мұраның бірі. Бұл үлгілердің тілі, өлеңдік кестесі, идеясы қарапайым халыққа жақын, түсінікті.

«Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жыры қазақ даласындағы барлық лиро- эпостық жырларға жол салған шығарма. Сол негізінде «Мақпал қыз», «Құл мен қыз», «Қыз Жібек», «Айман- Шолпан», «Есім сері-Зылиха» сияқты көптеген ғашықтық жырлар туған.

ҚАЗАҚТЫҢ ҮШ БИІ

ТӨЛЕ БИ

Төле Әлібекұлы (1663-1756) қазіргі Жамбыл облысы Шу ауданының Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Төле би ұлы жүздің биі. Төле жастайынан ескіше оқып сауатын ашады. Арабша, парсыша тарихи кітаптарды көп оқыған. Төленің әкесі Әлібекте сөзге ділмәр шешен би болған кісі. Төле он бес жасынан ел билігіне араласып, өзінің ақыл, парасаттылығын, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі.

Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшысы болмаса ел жетім.

Ұқпасқа айтқан сөз жетім,

Көре алмаған көз жетім.

Атың жақсы болса,

Жан мен тәннің шырағы.

Қызың жақсы болса,

Жайқалып өскен құрағың.

Әйелің жақсы болса,

Бірінші – иманың,

Екінші – жиғаның,

Үшінші – ырысынның тұрағы.

Соседние файлы в папке Философия 2