Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия / Философия 2 / Философия тест (каз).doc
Скачиваний:
106
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
985.09 Кб
Скачать

Философиядан маб-қа арналған тест сұрақтары

1. "Мейірімділік пен адамгершілік - қылмысқа апаратын жол, ал шын

қайырымдылық өзінің бастамасын жазалаудан алады" - деп уағыздаған мектеп:

А) Легизм

В) Моизм

С) Даосизм

D) Инь және Янь

E) Конфуцийшылдық

2. Яссауидің ұстазы:

А) Арыстан бап

В) Дидро

С) Зафер бап

D )Тұрхан бей

Е) Платон

3. Қайта өрлеу дәуірі философиясында космологиялық ілімдерді кімдер дамытты?

  1. Дж.Бруно мен Г.Галилей.

  2. И.Ньютон мен Н.Коперник.

  3. А.Фридман мен Д.Джине.

  4. И.Кеплер мен Дж.Бруно.

  5. О.Шмидт пен В.Фесенков.

4. Қай Ағартушылық заман философы «Даламбер мен Дидро» еңбегінің авторы болып табылады?

  1. Д.Дидро.

  2. Ж.Ж.Руссо.

  3. П.Гольбах.

  4. К.Гельвеций.

  5. Ш.Монтескье.

5. И.Канттың құқық философиясында қандай ереже кездеспейді:

  1. Гетерономия (басқа адамдардың зандарына бағыну)

  2. Тұлғаның автономдығы (өзінің зандарына бағыну)

  3. Правоның жеткілікті негізі ретінде моральды алып қарау

  4. Праволық әділеттіліктің практикалық мақсатқа сәйкестілігіне басымдылығы

  5. Ерекше праволық шындықты бөліп шығарып көрсету

6. Маркстің философиядағы басты қызметі:

  1. Социоцентризм

  2. Геоцентризм

  3. Геолиоцентризм

  4. Лингвоцентризм

  5. Антропоцентризм

7. Тұңғыш Араб философы, Шығыс перипатизмнің бастаушысы:

  1. Әл-Кинди

  2. Әл-Беруни

  3. Әл-Фараби

  4. Ибн-Сина

E) Әл-Газали

8. Философияның қоғамды зерттейтін бөлігі: А) әлеуметтік философия

В) натурфилософия

С) социология

D) онтология

Е) гносеология

9. Философияның теориялық және практикалық деп бөлінуінің бастауы:

  1. Антиктік классикалық философия.

  2. Француз материализмі

  3. Ежелгі Үнді философиясы.

  4. Көне Қытай философиясы.

E) Неміс классикалық философиясы.

10. М.Хайдегтер бойынша, «тіл» дегеніміз:

  1. Болмыс үйі

  2. Әлем тәжірибесі

  3. Философиялық мәтін

  4. Коммуникация тәсілі

E) Ақпаратты жасыру формасы

11. Антикалық ойшылдардың қайсысы философиялық ойлаудың белгілі түрі ретінде алғашқы рет диалектиканы көрсетті?

  1. Гераклит

  2. Демокрит

  3. Руссо

  4. Плотин

E) Киниктер

12. Ежелгі Үнді философиясы бастау алған әдеби ескерткіш:

  1. Ведалар.

  2. Материяның құрылымын талдайтын ғылыми шығарма.

  3. Құран.

  4. Інжіл.

E) Авеста.

13. Ортағасырлық философияға лайық қаралған мәселе: А) теоцентризи

В) антропоцентризм

С) наукуацентризм

D) пантеизм

Е) космоцентризм

14. Қай Жаңа заман философы білімнің ең төменгі түрін сезімдік одан жоғарғысын интеллектуалдық, ал ең жоғары түрін интуиция деп санады?

  1. Б.Спиноза.

  2. Ф.Бэкон.

  3. Д.Юм.

  4. Дж.Локк.

E) Р.Декарт.

15."Өзге болмыс" атты шығармасында «Адамның әлемдегі болмысын және адамның тіршілік ету шарттарын» сипаттаған

  1. Сартр

  2. Хайдеггер

  3. Кафка

  4. Ясперс

E) Камю

16. Қазақ ағартушыларының басты қарастырған мәселесі:

А) гуманизм

В) материалистік

С) иррационалдық

D) метафизикалық

E) телеологизм

17. Егерде Л.Н.Гумилевтің теориясының мазмұнын қысқаша қарастырсақ, онда «этнос»-дегеніміз

  1. лаңдшафтағы халық

  2. тарихтың факторын белгілеу

  3. психологиялық категория

  4. авторлық елес

  5. жаңа қалыптасқан термин

18. Постпозитивизмдегі демаркация білімдерді ажыратуды білдіреді:

  1. ғылыми және ғылыми емес

  2. философиялық және философиялық емес

  3. философиялық және ғылыми

  4. философияны діннен

E) ғылыми білімді діннен

19. "Ноосфера" термині:

  1. зерде, парасат саласын;

  2. космостық өркениет саласын;

  3. еңбек саласын;

  4. геосфераны;

E) микробөлшектердің өзара әсерлесу саласын;

20. Заттың процестің сыртқы, байқалатын сипаттарын бейнелейтін категория:

  1. құбылыс

  2. мазмұн

  3. мүмкіндік

  4. мән

  5. кездейсоқтық

21. А.Эйнштейннің «Маған жоғарғы бақыт сезімін өнер шығармалары сыйлайды. Олардан мен басқа ешнәрсе бере алмайтын рухани ләззат аламын» деп бағалаған өнердің функциясы:

  1. эстетикалық

  2. тәбиелік

  3. коммуникативтік

  4. алдын ала білу

E) танымдық - эвристикалық

22. Сезімнің жан толғанысынан негізгі айырмашылығы неде?

  1. жан толғаныстарда құндылықтың бастауының бары

  2. сезімдерде бейсаналының, санасыздың бары

  3. сезімдердегі құндылықтын бастауының бары

  4. жан толғаныстарда да, сезімдерде де құндылықты бастаудың жоғы

  5. жан толғаныстарда (в эмоциях) құндылықты бастаудың жоғы

23. Экзистенциализм философияның бел ортасына ... қояды:

  1. адам болмысын

  2. рухани болмысты

  3. табиғат болмысын

  4. қоғамдық болмысты

  5. заттар болмысын

24. Постмодернизм философиялық бағыт ретінде пайда болған:

  1. Қазіргі заманғы мәдениетте дағдарысты жағдайларды жеңудің нақтылы жобасы ретінде

  2. Модернистік ұстанымдарды логикалық өрістету ретінде

  3. Басқа да ғылымдардың ықпалымен

  4. Антологияның сарқылғандығын мойындау ретінде

E) Классикалық философиялық проблемаларды жаңадан ойластыруға тырысу ретінде

25. Адамның феноменологиялық тұжырымдамасы қандай?

  1. Бәрін де өз сезімдеріңнен өткізіп, олардың негізінде өз құндылықтарыңды, мінез-құлық, жүріс-тұрыс ережелеріңді әзірлеп, тап.

  2. Істің мәнін түсінуге тырыс, ол үшін өзіңді жан-жақты дамытып, тілінді жетілдір.

  3. Құдайға сеніп, намаз оқы, сүйіспеншілігінді көрсет, Құдайдың Шаһарын жерде сал

  4. Табиғат пен қоғаммен бірлікте бол, саған байланысты емес нэрселерді сабырлықпен қабыл ал, тағдырдың алдында жүрексінбе, ерлік пен . даналық көрсет

  5. Бәріне ісүмэндан, басқалардың сөзіне ерме.

26. Қытай іліміндегі мінез құлық ережелері мен нормалары:

А) Ли принципі

В) Йога принципі

С) Янь принципі

D) Тантра принципі

Е) Инь принципі

27. Аристотель еңбектерін араб тіліне аударып, оған түсініктемелер жазған ертедегі Қазақстан жерінен шыққан әйгілі философ:

  1. Әл-Фараби

  2. Әл-Кинди

C) Ахмет Иүгінеки

D) Жүсіп Баласағұни

E) Ахмет Йассауи

28. «Қайта өрлеу» дәуіріне тән сипат

A) Антропоцентризм

B) Космоцентризм

C) Гилозоизм

D) Социологизм

E) Теоцентризм

29. Г.Гегель бойынша кай процесс «тезис - антитезис - синтез» схемасы бойынша дамиды?

  1. Диалектика.

  2. Логика.

C) Метафизика.

D) Физика.

E) Феноменология.

30. В.Вернадскийдің ілімі бойынша, өркениеттің даму сатысында адамзаттың парасатты әрекеті планеталық маңызға ие болатынын бейнелейтін ұғым:

  1. ноосфера

  2. геосфера

  3. биосфера

  4. ғарыштық сфера

  5. атмосфера

31. Герменевтиканың негізін салушы, XX ғасыр философы:

  1. Г.Гадамер.

  2. Э.Гусерль.

  3. Г.Парсонс.

D) И.Лакатос.

E) К.Леви-Строс.

32. Адам миының негізгі функциясы:

А) сана

В) таным

С) ой

D) ұғым

E) пікір

33. Қоғамдық сананың формаларын бір-бірінен қалай айыруға болады:

  1. Қоғам өміріндегі олардың роліне қарап

  2. Әдістері бойынша

  3. Зерттеу саласына байланысты

  4. Білім көлеміне қарай

  5. Қасиеттеріне, сапасына қарай

34. Құдайды табиғатпен тең санап, табиғатты құдайдың бейнесі деп танылатын философиялық бағыт.

  1. Пантеизм

  2. Реализм

  3. Идеализм

  4. Шовинизм

E) Неотомизм

35. Жалпы ұғымдар немесе универсалийлер ғана нақты, шын өмір сүреді деген ортағасыр ілімі:

      1. Реализм

      2. Дуализм

      3. Номинализм

      4. Идеализм

      5. Материализм

36. Өзіндік мақсат, мүмкіндікті өмір шындығына айналдыратын

  1. Энтелехия

  2. Эгоцентризм

  3. Эллинизм

  4. Эпикуреизм

E) Эмпиризм

37. Қоғамдық байланыстардың, қатынастардың және қоғамдық институттардың жиынтығы - бұл:

  1. Қоғам

  2. Отбасы

С) Ұлт

D) Халық

E) Мемлекет

38. Орта ғасырлық философ Роджэр Бэконның тұжырымынша:

  1. Ғылымдардың іргетасы - схоластика.

  2. Теориялық пікірталастарға көбірек жүгіну пайдалы.

  3. Діни пікірлерді толық мойындау керек.

  4. Философияға тәжірибенің қажеті жоқ.

E) Философияны, жаратылыстану ғылымдарын теологиядан бөліп алу қажет.

39. Механикалық метафизикалық материализмнің негізін салушы.

  1. Бэкон

  2. Декарт

  3. Маркс

  4. Спиноза

E) Энгельс

40. Неокантшылдық бағыттың бірі А) Баден мектебі

В) Буддизм

C) Локаята

D) Легистер мектебі

E) Даосизм

41. Ж.П.Сартрдың қай ілімі болмыстың екі түрін - «өзіндегі болмысты» және «өзі үшін болмысты» қарсы қою негізінде құралады?

  1. Феноменологиялық онтология.

  2. Логикалық позитивизм.

  3. Трансцендентальды философия.

  4. Фундаментальды онтология.

E) Феноменологиялық редукция.

42. Абай Құнанбаев өзінің философиясында қандай принципті жариялайды?

  1. "Адам бол!"

  2. "Білім - күш"

  3. "Мақсат қолданған тәсілдерді ақтайды"

  4. "Ешқашан тұтқынға берілме"

E) "Бәрі де судай ағып жатыр"

43. XX ғасырда дүниені тану үшін тілді түсінуді зерттеу қажет деп санайтын философиялық бағыт:

  1. герменевтика

  2. Экзистенциализм

  3. "өмір философиясы"

  4. Неотомизм

E) ғылым философиясы

44. Болмыс:

  1. санадан тыс және обьективті түрде өмір сүретін, дамитын бізді қоршаған ортаны бейнелейтін категория

  2. қоршаған орта

  3. адам тіршілігінің жемісі

  4. бүкіл әлемдік тіршілік

E) алғашқы қазіргі, болашақ өмірдің жиынтығы

45. Қоғам деген не?

  1. Тұрған мекен-жайының аумағымен біріккен адамдардың өмірі мен қызметінің жүйесі

  2. Достар одағы, ұрпақтар одағы, шаруашылық жүргізетін субьектілер одағы

  3. Адамдардың этноәлеуметтік бірлестігінің ең жоғары, тарихи қалыптасқан формасы, нысаны

  4. Тіршілік әрекет жағдайларының бірлігімен сипатталатын үлкен тұрақты әлеуметтік бірлестік.

E) Тіршілік әрекеті жағдайларының бірлігімен сипатталатын үлкен тұрақты әлеуметтік қоғамдастық

46. Үй-жайсыз және жайласқан дәуірлер жөніндегі теориялардың авторы ...

  1. М. Бубер

  2. О. Шпенглер

  3. А. Бандура

  4. Б. Паскаль

E) Дж. Келли

47. Құндылықтар обьективті, материалдық заттар сияқты бола ма?

  1. Құндылықтар, материалдық заттар сияқты обьективті болып тұра алмайды. Олар адамдар шығармашылығының нәтижесі

  2. Құндылықтар обьективті түрде болып тұра алады, бірақ материалдық заттар сияқты емес

  3. Құндылықтарды өмір сүру категориясымен анықтауға болмайды

  4. Құндылықтар материалдық заттар сияқты обьективті түрде болмайды

  5. Құндылықтар обьективті болады

48. «Қозғалыс - ұзындық, енділік, терендік сияқты нақты қасиет» -деп жазған:

  1. Дидро

  2. Гассенди

  3. Ламетри

  4. Гельвеций

E) Гольбах

49. ХХ-ғасырда философияның көрнекті өкілдері жаңа контекстіде танымның ғылыми әдістерінің мәселесін қалай қарастырды?

  1. Неопозитивизм

  2. Экзистенциализм

  3. Ницшеандық

  4. мен білмейтін

  5. неотомизм

50. Будданың «Асыл ақиқаттары» ішінде келесісі жоқ.

  1. Азаптан құтылу мүмкін емес

  2. Азап шегу

  3. Азаптан құтылу

  4. Азап шегудің себебі

  5. Азаптан құтқаратын жол

51. Сяо принципі қандай мағынаны білдіреді?

  1. Баланың әдептілігі және үлкендерді құрметтеу

  2. Сенім

  3. Адамгершілік

  4. Оқу процесі

  5. Махаббат

52. Орта ғасырлық батыс еуропалық философияның патристика кезеңі дегеніміз не?

  1. "Шіркеу әкейлерінің" кезеңі

  2. Еуропаның батысы

  3. Қартайғаны

  4. Жастық шағы

E) Жеткіншек шағы

53. Христиан философтарының ой-толғаныстарының басты пәні?

  1. Құдай

  2. Уақыт

  3. Табиғат

  4. Материя

  5. Адам

54. "Маймылдың адамға айналу үрдісіндегі еңбектің рөлі" атты шығарманың авторы кім?

  1. Энгельс.

  2. Ленин.

  3. Морган.

  4. Маркс.

E) Фейербах.

55. Орыс идеалист-философтарының әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қарастырудағы негізгі методологиялық принципі:

  1. Имандылықты паш ету

  2. Идеализм

  3. Антропологизм

  4. Гуманизм

E) Материализм

56. Леви-Строс:

  1. структурализм өкілі

  2. неотомизмнің өкілі

  3. феноменологиялық философияның өкілі

  4. прагматизмнің өкілі

E) аналитикалық философияның өкілі

57. Бейнелену өзінің даму жолында бірнеше сатыдан өтіп, төмендегілердің қай түріне жетеді?

  1. Сана

  2. Тиіп сезу

  3. Сезіну

  4. Тітіркену

E) Таным

58. Қоғамдық сананың қай формасы дүниені көркем образдар түрінде бейнелейді?

  1. Эстетикалық

  2. Діни

  3. Өнегелік, моральдық

  4. Идеологиялық

E) Саяси

59. Ғылыми білімнің әдістемелік тұрғыдан белгілі философиялық көзқарастарға, философиялық принциптер мен категорияларға негізделетінін көрсететін философияның функциясы

  1. Методологиялық

  2. Дүниетанымдық

  3. Гносеологиялық

  4. аксиологиялық

E) тәрбиелік

60. Гадамер түсінігінде «тіл» дегеніміз:

  1. Әлем тәжірибесі

  2. Болмыс үйі

  3. Коммуникация тәсілі

  4. Ақпаратты жасыру формасы

E) Философиялық мәтін

61. Парменид туылып өскен қала:

  1. Элея

  2. Афины

  3. Колофон

  4. Милет

E) Эфес

62. Ежелгі Үнді философиясындағы жанның жай таппай жаһан кезуі, бір денеден екінші денеге ұдайы ауысуы туралы ілімге жатады:

  1. сансара

  2. карма

  3. ахимса

  4. авидья

  5. майя

63. Ортағасырлық философия өзінің ішкі бүтіндігіне қарамастан мынадай кезеңдерге бөлінеді:

  1. Патристика және схоластика.

  2. Апологетика және реализм.

  3. Схоластика және номинализм.

  4. Аверроизм және патристика.

E) Реализм және номинализм.

64. Философияны табиғи теологияға, табиғи философияға және адам туралы ілімге кім бөлген?

  1. Бэкон.

  2. Ленин.

  3. Маркс.

  4. Ньютон.

E) Декарт.

65. К.Маркс негіздеген материализмнің тарихи түрі:

  1. Диалектикалық

  2. Метафизикалық

  3. Тұрпайы

  4. Қарапайым

E) Догматтық

66. Қай XIX ғ. Батыс Еуропа философы билеуші моральға қарама-қарсы құлдық моральды қойды?

  1. Ф.Ницше.

  2. А.Бергсон.

  3. Э.Гуссерль.

  4. А.Шопенгауэр.

E) С.Кьеркегор.

67. Зікір сөзін анықта:

  1. қайталау

  2. бірігу

  3. көру

D) пайымдау

E) Іздеу

68. Нақтылы теориялық-танымдық мағынада герменевтиканы қалай түсіндіруге болады?

  1. текстерді, талқылау, түсіндіру

  2. өмірді, оның өзіне қарап, түсіндіру

  3. бөтен адамның сырын түсіну өнері

  4. саяси насихат

  5. бәрінің бәріне қарсы жүргізген соғысы

69. Материя

  1. Материя біздің санамыздан тыс өмір сүретін обьективтік шындық

  2. Материя-ұдайы сезімдік мүмкіндігі

  3. Материя-денелік барлық

  4. Материя-атомдар жиынтығы

E) Материя-сезілетін нәрсе

70. Азаматтық қоғам - ол...

  1. Жеке меншік пен құқыққа сүйенген (негізделген) қоғамдық қатынастар жүйесі

  2. Қоғамдық маңызды міндеттерді атқарып, мақсаттарға жетуін қаматамасыз ететін ерекше, өзгеше құрылымдар

  3. Дәстүрлі қоғамның жаңғыруы

  4. Адамдардың бір әлеуметтік топтардан басқаларға ауысуы

E) Тіршілік әрекеті жағдайларымен байланысты адамдардың әлеуметтік топтары мен бірлестіктері түсетін қатынастар мен байланыстар жиынтығы

71. «Жеке адам» және «тұлға» деген түсініктердің ара қатынасы жөніндегі (туралы) сауалға философиялық жауап таңдаңыз.

  1. Жеке адам - адам тегінің өкілі ретіндегі адамның негізгі қасиеттерінің иеленушісі, ал тұлға болса әлеуметтенген жеке адам

  2. Тұлғаның негізгі қасиеті: онда дүниетаным мен өзіндік сана бар.

  3. Жеке адам - антропологиялық түсінік, ал тұлға - әлеуметтік

  4. Тұлға - қоғамда дамыған адам.

E) Жеке адам және тұлга - бірдей түсініктер

72. А.Шопенгауер мен Ф.Ницшенің айтуынша барлық құндылықтардың арасында бірінші орынды не алады?

  1. ерік, жігер

  2. идеал

  3. сенім

D) ақыл, ой

E) сезім

73. «Адам - машина» деген еңбектің авторы:

  1. Ламетри

  2. Дидро

  3. Гольбах

  4. Гельвеций

E) Гассенди

74. XX ғасырда философияның көрнекті өкілдері адам мәселесін қай тұрғыда қарастырды?

  1. экзистенциализм

  2. Неопозитивизм

  3. Неогегельяншылдық

  4. синергетизм

E) Герменевтика

75. «Қоғам психологиясы» еңбегінің авторы

  1. А. Богданов

  2. В. Даль

  3. Н. Островский

  4. У. Тютчев

E) А. Хомяков

76. Көне Қытай философиясының этика, адамгершілік мәселелеріне басты назар аударған бағыты:

  1. Конфуцийшылық.

  2. Моизм.

  3. Заңшылдар мектебі.

  4. Даосизм.

E) Легизм.

77. Төменде көрсетілген философтардың қайсысы ортағасырлық араб тілді философтарға жатады?

  1. Әл-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Рушд

  2. Тойнби, Шпенглер, Вебер

  3. Кант, Фихте, Гегель

  4. Сократ, Платон, Аристотель

E) Вольтер, Руссо, Дидро

78. Қайта өрлеу дәуірінде саясат философиясын дамытқан кім болды?

  1. Н.Макиавелли.

  2. Дж.Бруно.

  3. Г.Галилей.

  4. Н.Кузанский.

  5. П. делла Мирандола.

79. Д.Дидро материяның өмір сүруінің қандай екі объективтік формасын көрсетті?

  1. Уақыт пен кеңістік.

  2. Қозғалыс пен уақыт.

  3. Болмыс пен сана.

  4. Таным мен сезім.

E) Ұзындық пен енділік.

80. Диалектиканың екінші тарихи формасын ұсынған философ:

  1. Гегель

  2. Маркс

  3. Энгельс

  4. Чернышевский

  5. Кант

81. «Адам жаны» еңбегінің авторы:

  1. Э. Фромм

  2. Ж. Лиотар

  3. М. Фуко

  4. Ж.П. Сартр

  5. Ж. Делез

82. Сана дегеніміз не?

  1. субъективтік реальдылық, шындықты мақсатты бейнелеу, адам миының тілмен байланысты функциясы

  2. жалпы алғанда психикалық

  3. кұдай сыйлаған өзіңді және қоршаған шындықты сезіну қасиеті

  4. сезімдік сферасы

E) ойлау сферасы

83. Саяси сананың маңызды ерекшелігі:

  1. Көпқырлылық пен ішкі қайшылықтар

  2. Біржақтылық

  3. Индивидуалдылық

  4. Қайшылықсыздық

E) Уақытша

84. Анимизм

  1. жан, рух дүниесіне табыну, сену

  2. аңыз-әңгімеге сену

  3. салт-санаға сену

  4. өсімдіктермен жануарлар дүниесіне табыну

E) дінге сену

85. Ортағасырда бұл термин шынайы түрде тек қана жалпы ұғымдар немесе универсалийлер өмір сүреді деген ілімді білдірді:

  1. Реализм

  2. Номинализм

  3. Материализм

  4. Монизм

E) Дуализм

86. Милет мектебінің өкілдері:

  1. Фалес.Анаксимандр Анаксимен

  2. Кноп, Ксенохан, Парменид

  3. Ксенохан, Фалес, Анаксимен

  4. Анаксимандр, Анаксимен, Зенон

E) Зенон, Ксенохан, Парменид

87. Нирвана дегеніміз қай елдің философиясына қатысты ұғым?

  1. Үнді

  2. Вавилон

  3. Қытай

  4. Орыс

E) Неміс

88. Дунс Скоттың пікірі:

  1. Философиялық ақиқат пен діни ақиқат екі түрлі құбылыс

  2. Философиялық ақиқат діни ақиқаттан терең.

  3. Екі акиқат та Құдайдан тәуелсіз.

  4. Олар бір-бірінің көшірмесі.

  5. Діни ақиқатты ақылдың көмегімен дәлелдеуге болады.

89. Г.Лейбниц бойынша барлық заттарға күш беретін және оларды қозғайтын рухани күш дегеніміз;

  1. Монада.

  2. Жан.

  3. Табиғат.

  4. Атом.

E) Материя.

90. Қай 19 ғ. Батыс Еуропа философиялық ағымы Марбург пен Фрейбург мектептерінен құралады?

  1. Иррационализм.

  2. Позитивизм.

  3. Феноменология.

  4. Марксизм.

  5. Прагматизм.

91. «Өмір сүру», «тіршілік» философиясы

  1. Экзистенциализм

  2. Неотомизм

  3. Позитивизм

  4. персонализм

  5. прагматизм

92. «Үш анық» атты философиялық шығарманың авторы кім?

  1. Шәкәрім Құдайбердиев

  2. Ахмет Байтұрсынов

  3. Абай Құнанбаев

  4. Ыбырай Алтынсарин

  5. Сұлтанмахмұт Торайғыров

93. «Орыс коммунизмінің мәні мен қайнар көзі» атты кітаптың авторы:

  1. Бердяев

  2. Плеханов

  3. Сталин

  4. Ленин

  5. Маркс

94 «Білім археологиясы» кітабының авторы:

  1. Фуко.

  2. Ницше.

  3. Ясперс.

  4. Хайдеггер.

  5. Ортега-и-Гассет.

95. Қозғалыстың өзіне карама-қарсы сәті: А) тыныштық

В) тұрақтылық

С) өзгеріс

D) даму

E) қайшылық

96. Дұрыс ойлау зандары мен формаларын зерделейтін ғылым қалай аталады?

  1. логика;

  2. психология;

  3. социология;

D) лингвистика;

E) физиология;

97. Дамудың кері кетіп құлдырауы, кері кетушілік, шегініс.

  1. Регресс

  2. Сенсуализм

  3. Прогресс

  4. Ренессанс

E) Реализм

98. "Постиндустриальды коғам" терминінің авторы кім?

  1. Д.Белл.

  2. М. Вебер.

  3. Э. Фромм.

  4. К.Поппер.

E) Э. Дюркгейм.

99. Стоиктердің адам тұжырымдамасы қандай?

  1. Құдайға сеніп, намаз оқы, сүйіспеншілігіңді көрсет, Құдайдың Шаһарын жерде сал.

  2. Бәріне күмәндан, басқалардың сөзіне ерме

  3. Табиғат пен қоғаммен бірлікте бол, саған байланысты емес нәрселерді сабырлықпен қабыл ал, тағдырдың алдында жүрексінбе, ерлік пен даналық көрсет

  4. Азды қанағат ет, ерікті бол, өмір сүруді (өнерді) тәжірибеден үйрен

E) Рахаттардан қашпа, есіңде болсын, өмірдің негізі, қазығы – сезімдік ләззаттар, коғамдық жұмыстарды басқаларға қалдырып, жалғыз өзің немесе достарыңмен бірге бол

100. «Абсурд (Сандырақ)» философиясының авторы:

  1. Камю

  2. Хайдегтер

  3. Ясперс

  4. Бубер, Бахтин

E) Леви-Стросс

101. Инь мен янь негіздері қандай философияға тән?

  1. Ерте Қытай философиясына

  2. Араб философиясына

  3. Антика философиясына

  4. Ерте Үнді философиясына

E) Қазақ философиясына

102. Құдайдың бар екендігінің бес дәлелін келтірген ортағасырлық ойшыл:

  1. Фома Аквинский.

  2. Уильям Оккам.

  3. Платон.

  4. Августин Аврелий.

E) Дунс Скот.

103. Зороастр діни мәліметтері көрсетілген парсылардың рухани текстері:

  1. Авеста

  2. Библия

  3. Рамаяна

  4. Евангелия

  5. Құран

104. Гуманизм философиясының басты ерекшелігі: А) антропоцетризм

В) иррационализм

С) рационализм

D) космоцентризм

Е) теоцентризм

105. «Құдай дүниені жаратады, бірақ қоғам өміріне араласпайды» деген ағартушылық ілім:

А) деизм

В) пантеизм

С)атеизм

D)теизм

Е) монотеизм

106. Адамның қарым-қатынасындағы және дамуындағы түп негіз деп Гердер нені санайды?

  1. Ғылым, өнер, қолөнер

  2. Мәдениет, мораль, эстетика

  3. Ғылым, енбек, мораль

  4. Өнер, этика, құқық

  5. Ғылым, дін, саясат

Соседние файлы в папке Философия 2