Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 3 / Sabak / ИжКГ тема / Коллоквиум ЫШпор.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
3.98 Mб
Скачать

1)Сызбалар мен басқа да конструкторлық құжаттарды өлшемдерін мемлекеттік стандарт (ГОСТ 2.301-68) тағайындаған қағаздарға (ватманға) орындайды. Өлшемдері тағайындалған сызба қағазын пішім деп атайды. Пішімдер негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді. Пішімнің сол жағындағы ені 20 мм болатын жолақ сызбаларды іске (альбом түрінде) тігу үшін қалдырылады. Сызбаны орындап болған соң, қағаздың артығын сыртқы жиектің бойымен қиып алып тастау қажет.

Негізгі пішімдер:

А0-841х1189, А1-594 х

841, А2-420 х594, А3-297 х

420, А4-210 х297

Ватманға сызбаны орындамас бұрын пішімнің сыртқы жиегін 1 жүргізіп алу керек .Одан кейін сызбаның өрісін шектейтін ішкі жиек 2 жүргізіледі. Ішкі жиек пішімнің үстіңгі, оң және төменгі жақ шеттерінен 5 мм қашықтықта, ал сол жақ шетінен 20 мм қашықтықта жүргізілуі тиіс.

Негізгі жазудың формасын, графаларының мазмұнын ГОСТ 2.104-68 тағайындаған

2) Сызықтық масштаб деп нәрсенің сызбадағы сызықтық өлшемдерінің

оның нақты сызықтық өлшемдеріне қатынасын көрсететін санды атайды.

Сызбада кескіндердің масштабы нәрсенің күрделілігіне, мөлшеріне байланысты ГОСТ 2.302-68 тағайындаған төмендегі реттен қабылданады:

кішірейту масштабтары 1:2; 1:2,5; 1:4; 1:5; 1:10;1:15; 1:20; 1:25; 1:40; 1:50; 1:75; 1:100;

нақты шама 1:1;

үлкейту масштабтары2:1; 2,5:1; 4:1; 5:1; 10:1; 20:1; 40:1; 50:1; 100:1.

Нәрсе кескінінің масштабына байланыссыз сызбада әр уақытта оның тек қана нақты өлшемін қояды.

Масштабты негізгі жазудың осыған арналған графасында былайша белгілейді – 1:1, 1:2, 2:1, т.с.с.,алқалған жағдайларда А (4:1), Б-Б (1:2) үлгісінде.

3) Өндірістің кез-келген саласының сызбаларында қолданылатын сызықтар-

дың аталуын, тұрпатын (сызылуын) және негізгі қолданылатын орынын ГОСТ 2.303-68 тағайындаған

Тұтас негізгі сызықтың қалыңдығы S кескіннің мөлшері мен күрделілігіне және сызбаның пішіміне байланысты 0,5-тен 1,4 мм-ге дейінгі аралықта алынады. Сызбадағы бір түрлі сызықтардың қалыңдықтары бірдей болуы тиіс.

Үзілме және үзілме нүктелі сызықтар сызықшаларының ұзындығын кескіндердің мөлшеріне байланысты қабылдау керек. Сызықтар сызықшалары ұзындығы және олардың ара қашықтығы шамамен бірдей болуы керек.

Үзілме нүктелі сызықтар сызықшаларымен қиылысуы керек және аяқталуы керек.

Сызбада сызықтардың ең кіші қалыңдығы 0,3 мм, ал олардың ең кіші ара қашықтығы 0,8 мм болуы тиіс.

  1. Тұтас қалың,

Негізгі \S\ Көрінетін нұсқа (контур) сызықтары;

көрінетін ұласу сызықтары!

2. Тұтас

Жіңішке\S:3,S:2\ Беттестірілген қималардың нұсқаларының сызықтары; шығару және өлшем сызықтары; тілік пен қиманы штрихтау сызықтары; көмекші тұрғызу сызықтары; жазулардың астын сызу сызықтары

3)Тұтас ирек\S:3,S:2\ Үзу сызықтары; көріністегі тіліктен шектеу сызықтары

4) Штрихты(Үзілме ) \S:3,S:2\ Көрінбейтін нұсқа сызықтары; көрінбейтін ұласу сызықтары

5)үзілме нүктелі \ S:3,S:2\осьтік сызық 6)Қалаңдатылған штрихпунктирлі\S:3,2S:3\ Температуралық өңдеуге немесе қапталуға тиісті беттерді көрсететін сызықтар; қиюшы жазықтықтың алдындағы элеметтерді кескіндеу сызықтары

7) Үзік\ S,1,5S\ Қиюшы жазықтықтардың орнын көрсететін сызықтар немесе қима сызықтары

8. Тұтас жіңішке сынықты

(іркісінді)\ S:3,S:2\ Ұзын үзу сызықтары

9. Штрихпунк-

тирлі жіңішке

қос нүктелі\ S:3,S:2\ Жазбалардағы бүгу сызықтары; нәрсенің бөлшектерін шеткі немесе аралық жағдайда кескіндейтін сызықтар; көрініспен бірге орындалған (беттестірілген) жазбаны көрсететін сызықтар

4) Сызбалардағы барлық жазулар ГОСТ 2.304-81 тағайындаған стандартты

шрифтілермен орындалады. Шрифтінің өлшемі оның бас әріптерінің миллиметрмен есептелген биіктігімен анықталады. Бас әріптің биіктігі (h) жазу жолының табанына перпендикуляр бағытта анықталады. Шрифт сызығының қалыңдығы (d) шрифтінің типіне және биіктігіне байланысты алынады. Кіші әріптердің биіктігі (с) келесі кіші шрифтінің өлшеміне тең (ең кіші шрифт үшін с=1,3).

Мемлекеттік стандарт төмендегідей шрифт типтерін тағайындаған:

а) А типті көлбеусіз (d = 1/14 h);

ә) А типті көлбеу (көлбеулік бұрышы шамамен 750);

б) Б типті көлбеусіз (d = 1/10 h);

в) Б типті көлбеу (көлбеулік бұрышы шамамен 750).

Шрифтілерді орындаған кезде жіңішке сызықтармен ішіне әріптер сызылатын көмекші тор тұрғызу қажет. Тор сызықтарының ара қашықтығы шрифт сызығының қалыңдығына тең болады.

ГОСТ 2.304-81 төмендегідей шрифт өлшемдерін тағайындаған: (1,8); 2,5; 3,5; 5; 7; 10; 14; 20; 28; 40. 1,8 өлшемді шрифт тек қана Б типі үшін қолдануға рұқсат етілген. Қарындашпен орындалған сызбаларда өлшемі 3,5-нан кем шрифтілерді қолдану тиімді болмайды.

Өлшемдері 10-нан кем шрифтілермен орындалатын жазулар үшін тек қана әріптердің биіктігі мен енін көрсететін параллель түзулер жүргізсе жеткілікті.

Конструкторлық құжаттардағы жазуларды көбіне Б типті көлбеу шрифтілермен орындайды. 1.3 – кестеде және 1.2 – суретте осы шрифтінің әріптері мен цифрларының параметрлері мен орындалу үлгілері (тұрпаттары) берілген. ГОСТ 2.304-81-де орыс, латын, грек және басқа елдер алфавиттері әріптерінің араб пен рим цифрларының және белгілердің конструкциясы мен параметрлері берілген. Біз 1.2 – суретте тек қазақ алфавитінде қолданылатын әріптердің жазылу үлгісін келтіріп отырмыз (РСТ 851-87-ге сәйкес).

5) Сызбада өлшемдерді түсіру Сызбада өлшемдерді түсірудің негізгі ережелерін ГОСТ 2.307-68

тағайындаған.

Сызбада өлшемдер өлшем сызықтары мен өлшем сандары көмегімен көрсетіледі. Өлшем сызықтарын өлшемі көрсетілетін кесіндіге параллель етіп, ал шығару сызықтарын - өлшем сызықтарына перпендикуляр етіп жүргізеді. Өлшем сызықтары бір немесе екі шетінен стрелкалармен аяқталады.

Өзара параллель өлшем сызықтарының ең кіші аралығы 7 мм, ал өлшем сызығы мен контурлық сызықтың ең кіші аралығы 10 мм болуы қажет (1.3 – сурет). Өлшем сызықтары мен шығару сызықтарының қиылысуын қамтамасыз ету керек. Шығару сызықтары стрелкалардың ұштарынан 1 ... 5 мм шығып тұруы қажет.

Стрелкалар элементтерінің өлшемдерін негізгі сызықтың қалыңдығына байланысты қабылдайды және сызбада оларды шамамен бірдей қылып сақтайды. Стрелкалардың формалары мен олардың элементттері өлшемдерінің қатынастары 1.4 – суретте көрсетілген.

Өлшем сандары өлшем сызықтарының ортасына жазылады. Сызбада, оның масштабына байланыссыз, кескінделетін нәрсенің нақты өлшемдері көрсетіледі. Өлшемдердің жалпы саны мүмкіндігінше аз да, бірақ сызбада көрсетілген затты жасау және өлшемдерін бақылау үшін жеткілікті болуы қажет.

Аралары бір-біріне жақын бірнеше параллель немесе концентрлі өлшем сызықтарын жүргізген кезде өлшем сандарын шахмат тәртібімен орналастыру керек.

Өлшемдерді сызықтық және бұрыштық деп екіге бөледі. Сызбада сызықтық өлшемдерді миллиметрмен өлшем бірлігін қоймай көрсетеді, ал бұрыштық өлшемдерді градус, минут және секундпен көрсетеді (мысалы: 50; 0040/; 3020/10//).

Сызықтық өлшемдердің өлшем сандарын өлшем сызықтарының әртүрлі көлбеулігіне байланысты 1.5а – суреттегідей орналастырады. Сызықталған секторда өлшем саны шығару сызығының сәкісіне жазылады.

Өлшемдері кіші бұрыштар үшін өлшем сандарын шығару сызығының сәкісіне жазады.

Контур сызықтарын, өстік, центрлік және шығару сызықтарын өлшем сызықтары ретінде қолдануға рұқсат етілмейді.

Егер тізбектей орналасқан өлшем сызықтарында стрелкаларды қоятын орын тар болса, онда оларды өлшем сызықтарына 450 бұрышпен көлбейтін сызықшалармен немесе нүктелермен алмастырады (1.6а – сурет).

Егер стрелка қоятын орын контур сызықтарының өзара жақын орналасуына байланысты тар болатын болса, онда контур сызықтарын үзуге рұқсат етіледі.

Радиустың өлшемін қойғанда өлшем санының алдына бас R әріпі жазылады.

Радиустың өлшемі үлкен болған жағдайда центрді доғаға жақындатуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда радиустың өлшем сызығын бөліктері бір-бірімен 900 жасайтын сынық сызықпен көрсетеді.

Егер шеңбер доғасының центрін анықтайтын өлшемдерді көрсету қажет болмаса, онда радиустың өлшем сызығын центрге жеткізбеуге және оны центрге қатысты ығыстыруға болады

Бір центрден бірнеше радиустың өлшемдерін қойғанда кез келген екі радиустың өлшем сызықтарын бір түзудің бойына орналастырмайды (1.7б – сурет).

Диаметрдің өлшемін түсірген кезде (барлық жағдайларда) өлшем санының алдына белгісі қойылады.

Нәрсенің бірнеше бірдей элементтерінің өлшемдерін, әдетте, шығару сызығының сәкісіне элементтердің санын көрсетіп бір рет қояды (1.8а – сурет). Нәрседе шеңбердің бойымен бір қалыпты орналасқан элементтердің (мысалы, тесіктердің) өлшемдерін қойған кезде олардың өзара орналасуын анықтайтын бұрыштық өлшемдердің орнына тек олардың санын көрсетеді (1.8ә - сурет).

а) ә)

1.8 - сурет

Егер фаска 450 бұрышпен орындалатын болса, онда оның өлшемдерін

1.9 – суреттегідей қылып қояды. Басқа бұрыштармен орындалған фасканың өлшемдері жалпы ережелер бойынша көрсетіледі – сызықтық және бұрыштық өлшемдермен немесе екі сызықтық өлшемдермен (1.10 – сурет). Фаска бұрышы конус беті жасаушысы мен бөлшек өсі арасындағы бұрыш деп есептеледі.

Сызбада берілген нәрсені үзіп көрсеткенде өлшем сызығын үзуге болмайды (1.9ә - сурет).

а) ә)

6) Кқбж 2.305-68 мемлекеттік стандартының негізгі ережелері мен

анықтамалары

    1. Сызбадағы кескіндер

Нәрселердің кескіндері тік бұрышты проекциялау әдісімен орындалуы қажет. Бұл жағдайда нәрсе бақылаушы мен тиісті проекциялар жазықтығының арасында орналасқан деп саналады. Негізгі проекциялар жазықтықтары ретінде текшенің алты жағы қабылданады. Текше жақтары 2.1 – суретте көрсетілгендей сызба жазықтығымен беттестіріледі.

Нәрсенің фронталь проекциялар жазықтығындағы кескіні сызбада бас кескін ретінде қабылданады. Нәрсенің қалған кескіндері сызбада бас кескінмен проекциялық байланыста орналастырылады. Нәрсені фронталь проекциялар жазықтығына қатысты орналастырғанда, онда осы жазықтықтағы кескіні формасы мен өлшемдері туралы неғұрлым толық мағлұмат беруі қажет. Сызбадағы кескіндер құрылымына байланысты түрлер, тіліктер және қималар болып бөлінеді.

7) Түрлер

Түр – нәрсе бетінің бақылаушыға бұрылған бөлігінің кескіні (2.2 – сурет). Стрелкалар бақылаушының қарау бағытын көрсетеді. Түрлер негізгі,

жергілікті және қосымша болып бөлінеді.

Негізгі түрлердің атаулары бақылаушының қарау бағытымен (2.3 – сурет) сәйкес белгіленеді (2.4 – сурет):

1 – алдынан қарағандағы түр (бас түр), 2 – үстінен қарағандағы түр, 3 – сол жақтан қарағандағы түр , 4 – оң жақтан қарағандағы түр, 5 – астынан қарағандағы түр, 6 – артынан қарағандағы түр.

Түрлерде нәрсе беттерінің көрінбейтін бөліктерінің контурларын үзілме сызықтардың көмегімен көрсетуге болады (2.5 – сурет).

Сызбада түрлердің саны неғұрлым аз, бірақ нәрсенің формасы мен өлшемдері туралы толық мағлұмат беретіндей болуы қажет. Мысалы, 2.6 және 2.7 – суреттерде нәрселердің ең болмаса бір түрі болмаса, сызбаны дұрыс оқу қиындық туғызады. Сонымен қатар, шар, цилиндр, конус, табаны квадрат призма сияқты бөлшектерді бір-ақ түрмен көрсетуге болады, ол үшін өлшем сандарын төмендегідей белгілермен толықтыру керек – R, ,

Егер сызбада көріністердің бірі бас кескінмен проекциялық байланыссыз орналасса, онда проекциялау бағыты бағытпен көрсетілуі қажет. Бағыттың және пайда болған көріністің үстіне орыс алфавитінің бас әріптерінің бірін қою қажет. Мысалы, 2.9 – суреттегі астынан қарағандағы В түрі.

Егер нәрсенің кез келген бір бөлігі негізгі түрлердің ешқайсына да формасы мен өлшемдері өзгертілмей проекцияланбайтын болса, онда қосымша

түрлер қолданылады. Қосымша түрлер негізгі проекциялар жазықтықтарына параллель емес жазықтықтарда пайда болады. Қосымша түр де жоғарыда көрсетілгендей стрелкамен және әріппен белгіленеді (2.9 – сурет, А түрі).

8,9) Тілік нәрсенің бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиылған кескіні. Бұл жерде ойша қию нәрсенің басқа кескіндеріне өзгерістер енгізбейді. Тілікте қимада пайда болған пішін мен нәрсенің қиюшы жазықтықтың арғы жағындағы бөлігі кескінделеді (2.10 – сурет). Егер оның нәтижесінде нәрсе құрылымын түсіну қиынға түспесе, қиюшы жазықтықтың артындағының бәрін кескіндемеуге де болады.

Нәрсенің қиюшы жазықтыққа түскен бөлігін шартты түрде сызықтап көрсетеді (2.9, 2.10 – суреттер).

Тіліктер қиюшы жазықтықтардың санына байланысты екіге бөлінеді: қарапайым – егер қиюшы жазықтық біреу болса; күрделі – егер бірнеше қиюшы жазықтық болса.

Қарапайым тіліктер қиюшы жазықтықтың проекциялар жазықтығына қатысты орналасуына байланысты горизонталь, фронталь және профиль болып үшке бөлінеді.

Егер қиюшы жазықтық горизонталь проекциялар жазықтығына параллель болса, онда тілік горизонталь тілік деп аталады (2.11,а – сурет).

Жоғарыда көрсетілген мысалдарда қиюшы жазықтықтар берілген денелердің (нәрселердің) симметрия жазықтықтары арқылы өткен, сондықтан олардың орны көрсетілмеген және тіліктердің үстіне ешқандай әріптік белгі қойылмаған.

Егер қиюшы жазықтық симметрия жазықтығымен беттеспесе, онда оның орны сызбада үзік сызықпен көрсетіледі және сызық сызықшаларына перпендикуляр екі стрелка жүргізіледі. Стрелкалардың сырт жағына орыс алфавитінің бас әріпі екі рет, ал тіліктің үстіне бұл әріптер сызықша арқылы жазылады. Стрелкалар үзік сызықтың шетінен 2 ... 3 мм қашықтықта орналасулары тиіс (2.12 – сурет).

Егер түрмен оның орнына сызылатын тілік симметриялы болса, онда

2.12 - сурет жарты түрді жарты тілікпен біріктіріп сызуға болады, ал бөлетін сызық ретінде симметрия өсі алынады (2.13 – сурет)

Қиюшы жазықтықтардың өзара орналасуына қарай күрделі тіліктер сынық және сатылы болып екіге бөлінеді.

Егер қиюшы жазықтықтар өзара қиылысса, онда мұндай тілік сынық тілік деп аталады (2.14 – сурет). Суретте көрсетілген мысалда қиюшы жазықтықтардың бірі фронталь проекциялар жазықтығына параллель, ал екіншісі оған көлбеу орналасқан. Қиюшы жазықтықтар стрелкалар қойылған үзік сызықтармен көрсетілген (А – А). Тілікті тұрғызу үшін көлбеу орналасқан қиюшы жазықтықты олардың қиылысу сызығынан айналдырып, фронталь проекциялар жазықтығына параллель жазықтықпен беттестіреміз. Сонда қима π2 – ге параллель бір жазықтықта орналасады. Нәрсенің қиюшы жазықтықтарда орналасқан бөлігі сызықталады.

Егер қиюшы жазықтықтар өзара параллель болса, онда мұндай тілік сатылы тілік деп аталады

10) Қима - нәрсені бір немесе бірнеше жазықтықпен қиғанда пайда болған пішіннің кескіні (2.16 – сурет, Б–Б). Қимада нәрсенің қиюшы жазықтықта орналасқан бөлігі ғана көрсетіледі.

Тіліктің құрамына енбейтін қималар екіге бөлінеді – шығарылған және беттестірілген.

Беттестірілген қима нәрсе кескінінің үстіне орындалады да, оның контуры тұтас жіңішке сызықпен сызылады (2.17, 2.18 – суреттер). Симметриялы емес беттестірілген қималарда қию сызықтары жүргізіледі, бірақ олар әріптермен белгіленбейді.

Шығарылған қима сызба өрісінің кез келген бос орнына сызылады (2.16, 2.19 – суреттер), сондықтан оны қолдану тиімдірек болады. Шығарылған қиманың контуры негізгі сызықпен жүргізіледі. Қиюшы жазықтықтың орны тіліктегі сияқты көрсетіледі және белгіленеді. Жалпы жағдайда үзік сызықтың көмегімен қию сызығы жүргізіліп, оған бағытын көрсететін стрелкалар қойылады. Стрелкалардың жанына және қиманың үстіне орыс алфавитінің бірдей бас әріпі жазылады (2.16 – сурет, Б – Б).

Егер беттестірілген немесе шығарылған қима симметриялы кескін болса, онда қиманы әріптер және стрелкалармен белгілемейді және қию сызығын көрсетпейді

11) Материалдардың қималарда графикалық белгіленулері

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, сызбада тіліктер мен қималарды

орындаған кезде нәрселердің «кесілген» бөліктері сызықталып көрсетіледі. Бұйымдар жасалған материалдарына байланысты сызбада түрлі сызықталады (ГОСТ 2.306-68).

Егер нәрсенің немесе бұйымның материалы көрсетілмесе, онда олардың қималары 2.20 – суретте көрсетілгендей етіп сызықталады. Қалған жағдайларда материалдардың графикалық белгіленулері 2.1 – кестеде келтірілгендей болуы қажет.

Материалдардың қималарда графикалық белгіленулері

Өзара параллель сызықтау сызықтары

кескіннің контур сызықтарына (2.21а – сурет) немесе оның өсіне (2.21ә - сурет), немесе сызба өрісі жиегінің сызықтарына 450-тық бұрышпен көлбей жүргізіледі.

2.20 - сурет Егер сызықтау сызықтары контур

сызықтарымен немесе өстік сызықтарымен беттесіп кететін болса, онда сызықтау сызықтарын 300 немесе 600-тық бұрыштармен көлбей жүргізуге болады (2.22 – сурет).

Сызықтау сызықтарын оң немесе сол жаққа көлбей жүргізуге болады. Бір нәрсенің барлық қималары бірдей сызықталуы тиіс. Сызықтау сызықтарының ара қашықтығы сызбаның өлшеміне байланысты 1 ... 10 мм аралығында болуы тиіс.

Соседние файлы в папке ИжКГ тема