Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык, лекции + таблица срсп.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
06.11.2018
Размер:
264.19 Кб
Скачать

«Қазақстан – 2030» стратегиясы – ел дамуының көзі

Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын, әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз.

Бір данагөй: егер сіз қайда бет алып бара жатқаныңызды білмейтін болсаңыз, онда сізді ол жерге кез келген жол алып баруы мүмкін деген екен. Осыны естен шығармай, болашақтың моделін жалпыланған түрде және нақты қысқа мерзімді мақсаттар түрінде ұдайы көз алдымызда бір бағдар етіп ұстауға тиіспіз. Мұның өзі қандай да бір іс - әрекетке кірісе отырып – біз дұрыс бағытпен жүріп келеміз бе, әлде бағдардан ауытқыдық па, оқиғалардан ілгеріге оздық па, әлде шабандап қалып келеміз бе – ұдайы таразылап отыру қажет.

Бүгінгі күнде ертеңгі күнмен ойша салыстырған кезде, бұл процесті сан рет қайталай отырып, мәселелердің ауқымы мен олардың маңызын өзгеше қабылдайсың. Өзімізді әлем мен бүкіл планетаның бір бөлігі ретінде түйсіне отырып, біз жаңа дәуір мен жаңа уақыттың тынысын олардың жуықтай түскенін сезінеміз.

Нұрсұлтан Назарбаев

Тапсырмалар.

  1. Мәтін бойынша сөздерді теріп жазып, сөздік құрастырыңыз.

  2. Мәтінді оқып аударып, түсінгендеріңіз туралы әңгімелеңіз.

  3. Мәтіннен етістерді тауып, көшіріп жазыңыздар.

  4. Болашақ, мақсат, ұрпақ, жауапкершілік, маңызды сөздерімен сөйлем құрастырыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Күзекова З. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық (тілдерді оқытып үйретудің ортаңғы кезеңі үшін). Астана: Таным, 2003.

2. Күзекова З., Қарақұсова Г. Қазақ тілі (ЖОО экономика факультеттеріне арналған). Алматы: Қаржы-қаражат, 1997.

3. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.

4. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

14-тақырып Аралық тест. Етістіктің жіктелуі. Студент – болашақ басшы, істі ұйымдастырушы, мемлекет қайраткері. Жастар – Қазақстанның болашағы.

Практикалық сабақтың жоспары

1. 325-327 дәрісханаларда тест тапсырмаларын орындау.

2. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

Студент - болашақ басшы, істі ұйымдастырушы,мемлекет қайраткері

Қоғам сөзі бұдан ауқымды және күрделі мағынада да қолданылады. Мысалы, Қазақстан қоғамы дегенде, біз өзіміз азаматы болып табылатын мемлекетті, оның халқын ойға аламыз. Әр жеке адам қоғаммен ондаған, жүздеген арналар арқылы байланыс жасайды. Бір мезгілде адам бірнеше – отбасы, еңбек, кәсіподақ, саяси партия, балабақша, мектеп, университет, футбол командасы, тұрғын үй-құрылыс кооперативі сияқты бірлесумен байланыста болуы мүмкін.

Қоғам тіршілігіне қажеттінің бәрін табиғаттан алады. Өйткені ол қоршаған ортамен тығыз байланыста өмір сүреді.

Азаматтардың маңызды құқықтарының бірі – көркемдік, ғылыми және техникалық шығармашылық еңбекпен айналысу. Мемлекет студенттердің және азаматтардың рухани шығармашылыққа ұмтылуын қолдап отырады.

Жоғары оқу орындарын бітіргендер болашақта Қазақстан Республикасының өркендеуі мен гүлденуі үшін алған білімдерін әр түрлі салаларда, кәсіпорындар мен ұйымдарда тәжірибе жүзінде жүзеге асырады.

Студент болашақта жеке кәсіпкер, мемлекет қайраткері, ғалым, тәжірибелі маман, ұжымда үлгілі, Отанына жанашыр, қоғамға сыйлы азамат болады. Өйткені білім алған азаматтар ғана мемлекеттің басқару ұйымдарында, мекемелерінде жұмыс істей алады.

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді бөлімдерге бөліп оқыңыз, жаңа сөздерді аударыңыз.

  2. Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіріңіз.

3. Мәтін бойынша 10 етістікті тауып, жіктеңіз.

4. Студент жастардың Қазақстанның гүлденуіне қосар үлесі қандай? Сіздің пікіріңіз.