- •Студенттің өздік жұмыс жоспары
- •2011-2012 Оқу жылы I-семестр
- •Мемлекеттік тіл мәртебесі
- •Тіл туралы заң
- •Адам бәрін жасайды
- •Билл гейтс
- •Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтірмеуден басталмақ. Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе бар, тек оны әркім әр түрлі пайдаланады.
- •Мен бос уақытымды қалай өткіземін?
- •В.Г. Белинский
- •Ақша – қымбат, адам өмірі одан да қымбат, ал уақытың бәрінен қымбат. А.В. Суворов
- •Ұлы іс отаншылдықтан туады
- •Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан
- •Мемлекет және біз
- •Менің отаным - қазақстан
- •Табиғаты ғажап қазақстан
- •Қазақстанның қорықтары
- •Қазақстанның халқы
- •Тарихи мұра - алтын адам
- •Ғалам және ғасыр
- •Ғарыштың қос қыраны.
- •Тоқтар оңғарбайұлы әубәкіров
- •Азаматтық қалай анықталады?
- •Мен қазақстан азаматымын
- •Ә.С.Сағынов - академик, ғалым
- •Кәсіби бәсекелестік
- •Бәсекеге қабілетті азаматтар – Қазақстанның болашағы
- •«Қазақстан – 2030» стратегиясы – ел дамуының көзі
- •Студент - болашақ басшы, істі ұйымдастырушы,мемлекет қайраткері
- •Жастар – қазақстанның болашағы
Жастар – қазақстанның болашағы
«Нұр Отан » партиясы жастарға елімізді дамытудың маңызды стратегиялық ресурстарының бірі ретінде қарайды және олардың саяси өмірге белсенді қатысуына мүдделі. Партияның «Жас Отан» Жастар қанаты еліміздің өмірінде саяси және әлеуметтік-экономикалық негізгі бағыттары бойынша және жастар бастамаларын алға жылжыту орталығы болып табылады.
Мыналарды іске асыру қажет деп есептейміз:
– бюджеттен қаржыландыру мен қамтамасыз етілетін «Жастар саясаты туралы» заңды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу және қабылдау;
– әлеуметтік жастар инфрақұрылымдармен (аула клубтары, спорт залдары, стадиондар, фитнес-орталықтары және жастардың өзге де демалыс нысандары) қамтамасыз етудің мемлекеттік стандарттарын әзірлеп, қабылдау және соларға сәйкес инфрақұрылымдар құрылысы бойынша мемлекеттік және аймақтық инвестициялық бағдарламалар дайындау;
– жастардың кәсіпкерлігін қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу;
– белсенді жас азаматтарды мемлекеттік қызметке іріктеу, оқыту және өсіру арқылы, үкіметтік емес жастар ұйымдарының қызметіне қолдау көрсету арқылы мемлекетті басқаруға жастардың қатысуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;
– мемлекеттік гранттар есебінен оқитындар үшін мемлекеттік үлестіру жүйесін енгізу және кепілденген әлеуметтік пакет (әлеуметтік немесе ипотекалық баспана, көтермелеу қаражаты т.б.) берілетін жас мамандардың мәртебесін заңнамалық тұрғыда айқындау;
– жас мамандардың бір немесе одан артық бала тууына байланысты тұрғын тұрғын үй несиелерін өтеу үшін оларға мемлекеттік дотациялар беру;
– жастар мен жасөспірімдер арасында есірткі мен алкогольді таратуды алдын алуға
бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды қатаң бақылауға алу.
Тапсырмалар:
1. Мәтіннен жаңа сөздерді аударыңдар.
2. Мәтінді оқып, аударыңдар.
3. Сіз Қазақстанның болашағы үшін не істейсіз? Ситуативтік тапсырма.
4. Мәтіннен сөз тіркестерін тауып, сөйлемдер кұрастырыңдар.
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Күзекова З. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық (тілдерді оқытып үйретудің ортаңғы кезеңі үшін). Астана: Таным, 2003.
2. Күзекова З., Қарақұсова Г. Қазақ тілі (ЖОО экономика факультеттеріне арналған). Алматы: Қаржы-қаражат, 1997.
3. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.
4. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.
15-тақырып Қайталау. Қорытынды. Емтиханға дайындық.
1.Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары
2 Өткен тақырыптарды қайталау.
2. Емтиханға дайындық.