Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ұлттық университет.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
13.09.2019
Размер:
141.31 Кб
Скачать

8. Еуропа одағы және орта азия елдері

ЕО мен Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан мемлекеттерінің арасындағы сауда қатынастары бұрынғы Кеңес Одағы мен ЕО арасындағы 1989 жылы жасалған сауда және ынтымақтастық туралы келісімге негізделген.

ЕО 1994 жылы Қазақстан мен Қырғызстан республикаларымен әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісім жасады. Жаңа келісімдерде әлеуметтік-экономикалық саладағы жан-жақты ынтымақтастық қарастырылған, оған білім беру мен мамандар даярлау, жекешелендіру шаралары, энергетика, көлік пен мәдениет те кіреді. Келісімдерде өзара саяси қарым-қатынас пен мәдениет те кіреді. Келісімдерде өзара саяси қарым-қатынас пен адам құқығы туралы да ережелер бар.

ЕО комиссиясы Алматыда өкілдігін ашты, ол Қырғызстандағы өкілдік қызметін де атқарады. Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанмен қатынас ЕО Мәскеудегі өкілдігі арқылы жүргізілуде.

Тасис бағдарламасы. ЕО Балтық елдерінен өзге бұрынғы Кеңес Одағынан бөлінген жаңа тәуелсіз мемлекеттермен экономикалық және саяси берік байланыстар орнату мақсатымен Тасис бағдарламасын жасады.

Бағдарламаның мақсаты - әріптес елдердің саяси бостандық пен экономикалық гүлденуге негізделген қоғам құруына жәрдемдесу. Тасис бұл мақсатқа демократиялық қоғам мен нарықтық экономикаға көшу барысында келе жатыр. Бұл Бағдарлама 1991 жылы 400 млн. ЭКЮ мөлшеріндегі бюджетпен қызметін бастады. Сол кезде ЕО тарапынан кешіктірілмей көмек көрсетілуін қажет ететін бес басым бағытты анықтаған көрсеткіштік жоспар жасалды. Қазіргі уақытта сол салаларда әріптес елдердің экономикалық дамуына көмектесетін әріптес елдердің экономикалық дамуына көмектесетін бірнеше жобалар іске қосылып отыр.

Тасис қаржыландыратын негізгі салалар төмендегілер болып табылады: мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру мен жеке секторды дамыту, өндірістің тиімді жүйесін құру, азық-түлікті өңдеу мен бөлу, энергетиканың, көлік пен байланыстың инфрақұрылымдарын дамыту, ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, айналадағы ортаны қорғау, мемлекеттік басқару жүйесін реформалау, әлеуметтік қорғау мен білім беру. Әр ел өз сұраныстарына байланысты негізгі секторды өзі таңдайды.

9. Дүниежүзілік сауда ұйымы

(ДСҰ) — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Алғашқы кезеңде ДСҰ-ға 77 мемлекет кірсе, 2005 жылғы 11 желтоқсандағы соңғы мәлімет бойынша оған 149 ел мүше болды. Бұрынғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина (соңғысы 2008 жыл 5 ақпанында қабылданды) бар. ДСҰ-ға кіретін елдердің үлесі әлемдік тауар айналымның 95% құрайды, яғни Ресейді қоспағанда бүкіл дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады. Және Қазақстанды қосқанда 30-ға жуық ел осы ұйымға кіру ниеттерін білдірді, олар бүгінгі таңда бақылаушы мәртебесіне ие.

Әлемдегі 192 мемлекеттің 150-ге жуығы осы беделді Халықаралық ұйымға мүше.

БСҰ-ның жаңадан мүше болам деген елдерге қоятын талаптары жылдан-жылға күрделене түсуде.

ДСҰ басты міндеті — іркіліссіз халықаралық сауда-саттықа мүмкіндіктер жасау. Дамыған елдердің бастамасымен құрылған аталған ұйым халықаралық саудада экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс тіршілігін көтеруге ықпал етеді деп есептеледі. Бүгінгі таңда әлемдік сауда жүйесі негізгі бес ұстанымға сәйкес келуі тиіс:

—бірде-бір мемлекет қайсыбір мемлекетке экспорт пен импортқа шектеушілік қоюға құқығы болмайды;

— Сауда кедергілерін азайту, немесе қайсыбір елдің нарығына шетелдік тауарлардың келуіне кедергі келтіретін факторларды жою,

— Тұрақтылық пен сауда шартының алдын-ала болжамдылығы, бұл шетелдік компаниялар, инвесторлар мен үкіметтер қолданыстағы сауда шарттарының кенеттен және бір тараптың еркімен өзгерілмейтініне кепілдік береді;

— Халықаралық саудадағы бәсекелестікті ынталандыру, яғни түрлі елдер фирмаларының тең құқықты бәсекелестігі үшін «әділетсіз» тәсілдерді жою,

  • Жоғары дамымаған мемлекеттер үшін халықаралық саудада жеңілдіктер жасау.

Қазақстан — ДСҰ-ға кіруге мүдделі

Қазақстан Үкіметі ДСҰ-ға кіру — елдің сыртқы экономикалық саясатындағы басымды бағыттардың бірі деп біледі. Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі жұмысшы топқа осы ұйымның 38 мемлекеті кіреді, сонымен бірге нарыққа тауарларды шығару жөніндегі келіссөздерге 14 ел, ал қызмет нарығына қатысты 10 ел қатысады.

Келіссөздер Женевада орналасқан ДСҰ Хатшылығында көпжақты және екіжақты негізде жүргізіліп келеді. Жеке елдермен өткізілген екіжақты келіссөздердің 14 раундының қорытындылары бойынша Қазақстан тауарлар нарығына шығу жөнінде келіссөздердің соңғы мәресіне жетті. Бүгінгі таңда тарифтік міндеттемелерді егжей-тегжейлі талқылап, АҚШ, Еуропалық Одақ, Канада сияқты елдермен диалог құруға қол жеткізді. Сонымен қатар қызметтер нарығына шығу жөніндегі келіссөздер процесін одан әрі қарқынды жүргізуге негіз қаланды.

Бүгінгі таңда, Грузия, Пәкістан, Түркия, Оман Сұлтанаты, Корея, Жапония, Куба, Мексика Қырғыз Республикасымен екіжақты келіссөздердің аяқталуы туралы Хаттамаларға және ҚР Индустрия және сауда министрлігі мен Мысыр Араб Республикасының Индустрия және технологиялық даму министрлігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. ҚР мен ДСҰ арасындағы ынтымақтастықтағы маңызды оқиғалардың бірі 2004 жылғы тамыздағы ДСҰ Бас хатшысы С.Паничпакдидің Қазақстанға сапары болды. Осы тұста айта кетер бір жай ДСҰ басшылығы әдетте бір елге арнайы сапар ұйымдастырмайды, қалыптасқан тәжірибе бойынша бірнеше мемлекетті аралап шығады. Осы сапардың барысында ұйым басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, елдің бірқатар министрлерімен кездесіп, ДСҰ келісімдерінің міндеттемелерін қабылдау жөніндегі Қазақстанның ортақ ұстанымын түсінісуге қол жеткізілді.Қазіргі кезде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру процесі маңызды сатыда тұр. Келіссөздер жүргізу тұрғысында Қазақстан үшін бес мемлекет, атап айтқанда, АҚШ, Еуропалық Одақ, Канада, Аустралия және Болгария ең маңызды болып табылады. Келіссөздер процесінде уағдаластыққа жету қиыншылықтары тауарлар мен қызметтер нарығына шығуда көп жағдайда олардың нақты коммерциялық мүддені қозғамайтын, тіпті еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әсіреқатаң талаптар қоюынан туындауда. Аталған проблемаларды реттеу үшін Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздер мен ресми кездесулер кестесі әзірленді. Бұл тұрғыда Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелері де ДСҰ мүшелері болып табылатын жеке елдерге саяси ықпалды күшейтуге барлық мүмкіндіктер жасауда.