Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ұлттық университет.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
13.09.2019
Размер:
141.31 Кб
Скачать

13 Қазыбек бидің ашық нотасы

Қазыбек бидің елшілікке баруы.“Атым – Қазыбек, әкем – Келдібек, халқым – қазақ, руым – Қаракесек.Біз қазақ деген мал баққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз, дәмі, тұзын ақтай білген елміз. Қазақ, қалмақ табысқалы келгенбіз, танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға келмесең, шабысқалы келгенбіз, берсең, бітіміңді айт, бермесең жөніңді айт, не тұрысатын жеріңді айт”.

Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Елімізден құт-береке қашпасын деп,жеріміздің шетін жау баспасын деп,найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпанға басындырмаған елміз,Басымыздан сөзді асырмаған елміз.Досымызды сақтай білген елміз,Дәм-тұзын ақтай білген елміз.Асқақтаған хан болса,Хан ордасын таптай білген елміз.Атадан ұл туса,кұл боламын деп тумайды.Ападан қыз туса,күң боламын деп тумайды.Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.Сен қалмақ болсаң,бз қазақ ,арпысқалы келгенбіз.Сен темір болсаң,біз көмір ,ер3ткел3 келгенб3з.Танысуға көнбесең,шабысқалы келгенбіз.Сен қабылан болсаң, мен арыстан алыс0алы келгенб3з.Жаңа үйреткен жас тұлпар, жарысқалы келгенбіз.Берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұрысатын жеріңді айт.

14. Киото хаттамасы

Киото хаттамасы 1997 жылы Жапонияның “Киото” қаласында 159 елдің қол қоюымен қабылданған.

Киото хаттамасы туралы Ресейде соңғы жылдары қарқынды, даулы пікір-таластар жүрді, тіпті жанжалдар да болып қалды.

Осы хаттамаға сәйкес әлемнің көптеген мемлекеттері (ішінде Ресейде) парникті газдардың бөлінуімен күресуі керек. Және 2012 жылы газдардың бөліну көлемін 1990 жылдағы деңгейге түсіруі тиіс.

2001 жылы АҚШ өзінің КИОТО бағдарламасынан шығатынын мәлімдеген.

Киото хаттамасы – климаттың апатты өзгеруін тоқтату туралы алғашқы жаһандық, экологиялық келісім. Киото хаттамасының бірінші фазасының климатқа әсері мардымсыз, алайда практикалық іс-әрекетті бастау мен халықаралық кооперация тетіктерін іске қосудың маңызы зор.

Ғалымдар Цельсия бойынша 2 градус – жаһандық жылынудың қауіпсіз деңгейі деп санайды. Адамзат осы дистанцияның үштен бір бөлігін өтіп отыр. Экологтардың пікірінше, парникті газдардың бөлінуін шектеу үшін барлық мүмкіндіктерді жұмсау керек және жылынуды 2 градустан жоғары жібермеу керек. Бұл дегеніміз “орта” градустар ғой, көп жерлерде 2 дегеніңіз 5 тіпті 10 градусты білдіреді, ал бұл өте көп.

Киото хаттамасы атмосфераға парникті газдардың бөлінуіне шектеу қояды.

Парникті газдар эмиссиясын азайту бойынша негізгі міндеттерді өнеркәсіпті мемлекеттер өздеріне алды. 1990 жылмен салыстырғанда 2008-жылдан 2012 жылға ЕО (ЕС) елдері парникті газдардың бөлінуін 8 пайызға, Жапония мен Канада 6 пайызға, Шығыс Европа және Прибалтика елдері 8 пайызға қысқартуы керек.

Ресей мен Украина хаттама әрекетінің бірінші кезеңінде газ бөлінудің 1990 жылғы деңгейін сақтап қала алады. Дамушы елдер қысқарту эмиссиясы бойынша өздеріне міндеттеме алған жоқ.

Дамыған елдер – қоршаған ортаны басты ластандырушы өндірістік-өнеркәсіпті мемлекеттер өздеріне 1990 жылмен салыстырғанда парникті газдардың бөлінуін 2008 жылдан 2012 жылға төмендету міндеттерін алды. ЕО (ЕС) елдері парникті газдардың бөлінуін 8 пайызға, Жапония мен Канада 6 пайызға, Шығыс Европа және Прибалтика елдері 8 пайызға қысқартуы керек.

Хаттамаға қатысушы елдің халықаралық алмастыру мүмкіндігі бар, бұл – бөліну квотасын газдардың бөлінуін төмендету шығындарының компенсациясына алмастыру. Былайша айтқанда, ауамен өзара тиімді сауда.

Сондай-ақ, Киот хаттамасы жаһандық экологиялық мәселелерді шешу үшін “нарықтық механизм” қолданған бірінші халықаралық құжат болып саналады.

Ресей Киот хаттамасына 1999 жылы наурызда Украинамен бірге өздері үшін жақсы шартқа қол қойды: парникті газдардың бөлінуін 1990 жылғы деңгейден асырмау. Киото хаттамасы 106 елде заңды.

Осы хаттаманың тағдыры Ресейге байланысты болды деп санайды. Бұл хаттама 50 пайыздан астам ел қол қойғанда ғана күшіне енеді. Және бұл елдер 1990 жылы өндірістік газдардың бөліну көлемі 55 пайыздан кем емес елдер болуы тиіс.

2001 жылы газдың бөліну көлемінің 36 пайызын құрайтын АҚШ аталған келісімге қатысудан бас тартты, ал атмосфераны басты “ластандырушылар” – ЕО (26%-ға жуық), Жапония, Канада керісінше қол қойды.

Американ үкіметі өз еліндегі парникті газдарды азайту үшін 4,5 млрд. доллар қаржы бөліп отыр.

Қалайда бұл әрекетте жалпы планета аралық мүдде жоқ. Президенттері АҚШ-тың бұл ісін “жаңа экологиялық инициатива” деп атады. Жапония АҚШ-тың “жаңа экологиялық бағдарламасы” Киото бағдарламасына балама бола алмайды деп санайды.

Сонымен, әлем елдерінің алдында “планета климатының өзгеруі” деген ғаламдық проблема тұр.

15. Халықаралық құқық — халықаралық қатынаста мемлекет пен басқа қатысушылар (субъектілер) арасындағы катынасты реттейтін заңдық принциптер мен нормалардын жиынтығы. Халықаралық жұртшылық құқықтың негізгі принциптері:

*күш пен қауіп-қатерді күшпен қолданбау,

*халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу,

*басқа мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау,

*құқықтендігі мен халықтардын өз жолын аныктауына араласпау,

*ммлекеттердің ынтымактастығы мен егеменді тендігі,

*мндеттемелерді ерікті түрде орындау,

*мемлекеттердің тәуелсіз теңдігі,

*азаматтық құқығын сыйлау,

*халықаралық құқықтың міндетін адал орындау

Халықаралық құқықтық көптеген жаңа нормалары. Арнайы халықаралық конвенция жолымен бекітіледі. Мемлекеттердін өз міндеттемелерін бұзуы, жауапкершілікке әкеліп соғады. Халықаралық қатынастарда, халықаралық ілтипат нормаларының сақталуына, әсіресе дипломатиялық этикет саласына және т.б. үлкен маңыз беріледі.