Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ұлттық университет.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
13.09.2019
Размер:
141.31 Кб
Скачать

10. Шанхай ынтымастық ұйымы

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) 2001 Шекара ауданында әскери саладағы сенімді нығайту туралы Шанхай келісіміне (1996 жыл) және Шекара ауданында қарулы күштерді өзара қысқарту туралы Мәскеу келісіміне (1997 жыл) сәйкес “Шанхай бестігі” (Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай және Тәжікстан) негізінде құрылды.

Аталған келісімдердің алғашқысын жасасу үшін бес мемлекеттің басшылары 1996 жылғы көктемде Шанхайда кездесті, кездесу орны “Шанхай бестігі” терминінің пайда болуына негіз қалады. Шанхай және содан бір жыл кейін өткен Мәскеу саммиті қазіргі кезде көп бейінді ынтымақтастықтың толық мәнді ұйымына айналған құрылымның негізін қалады. Аталған келісімдерді іске асыру жөніндегі бірлескен жұмыс өзара сенім, өзара тиімділік, теңдік, бір-бірінің мүдделері мен пікірлеріне деген құрмет, өзара консультациялар, консенсус және қол жеткізілген уағдаластықтарды орындауға ерікті келісім арқылы өзара түсіністікке жету өзегі болып табылатын “Шанхай рухын” қалыптастырды.

Мемлекеттердің ШЫҰ-ға бірігу үдерісіне өңір елдерінің берекелі тұрмысына, тұрақытылығы мен қауіпсіздігіне, бірінші кезекте лаңкестік пен экстремизмді қоздыру тұрғысындағы сыртқы қатерлер мен сынақтардың, сондай-ақ экономикалық сипаттағы мәселелердің болуы шешуші түрде әсер етті.

ШЫҰ – әскери блок емес және кімге де болса қарсы бағытталған тұйық альянс емес, ол құрамының кеңею мүмкіндігін қоса алғанда жан-жақты халықаралық ынтымақтастыққа бағдарланған ашық ұйым. Мемлекет басшылары Ұйымының қазіргі кезеңге арналған негізгі міндеттерін тұжырымдап берген – олар бейбітшілікті, өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту.

“Шанхай үдерісінің” басты бір жетістігі қытаймен шекарадағы күрделі жағдайдың қалыпқа түсуі болды, шекараның екі жағында ішке қарай жүз шақырымға дейінгі жерде демилитарланған аймақ құрылып, мұнда өзара әскери инспекциялар тараптардың дипломатиялық және әскери сарапшыларынан тұратын Бірлескен бақылау тобы деп аталатын тетік арқылы жүзеге асырылады.

ШЫҰ-ның органдары

  • Мемлекеттер басшыларының кеңесі;

  • Үкіметтер басшыларының (премьер-министрлердің) кеңесі;

  • Сыртқы істер министрлерінің кеңесі;

  • Министрліктер және/немесе ведомстволар жетекшілерінің жиыны;

  • Ұлттық үйлестірушілер кеңесі;

  • Хатшылық;

  • Өңірлік антитеррорлық құрылым (ӨАТҚ);

  • ӨАТҚ кеңесі.

Жылына бір рет жүйелі түрде Қауіпсіздік кеңесі хатшылары мен бас прокурорлардың кездесуі өтіп тұрады. 2006 жылдан бастап ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер парламенттерінің спикерлері мен жоғарғы соттар төрағаларының кездесуі жүйелі өтетін болады.

ШЫҰ-ға іскерлік құрылымдар – Банкаралық бірлестік тетігі, Іскерлік кеңесі, Даму қоры (Инвестициялық банк), “екінші жол” тетігі – ШЫҰ форумы құрылған.

Жыл сайын әскери және антитеррорлық жаттығулар, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер құтқару қызметтерінің жаттығулары болып жүр.

11. Халықаралық құқық

- бұл халықаралық құқықтың субъектілері туындататын және халықаралық құқықтың субъектілері (мемлекеттер, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар, халықаралық ұйымдар арасындағы, сонымен қатар кейбір жағдайларда, жеке және заңды тұлғалар қатысатын) арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық- құқықтық қағидалар мен нормалардың жиынтығы. Кыскаша айтсак, Халықаралық құқық — халықаралық қатынаста мемлекет пен басқа қатысушылар (субъектілер) арасындағы катынасты реттейтін заңдық принциптер мен нормалардын жиынтығы.

Халықаралық құқықтың да өз реттеу пәні бар. Халықаралық – құқықтық реттеудің пәні болып табылатын қатынастарды екіге бөлуге болады:

а) мемлекеттер арасындағы қатынастар;

б) мемлекеттер мен өз тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттар арасындағы қатынастар. Халықаралық құқықтың нормалары , ең бастысы, халықаралық қатынастардың негізгі субъектілері – мемлекеттер арасындағы қатынастарды белгілеуге бағытталған. Бастапқыда халықаралық құқық мемлекететр арасындағы құқық ретінде қалыптасқан болатын.

Халықаралық жұртшылық құқықтың негізгі принциптері:

-күш пен қауіп-қатерді күшпен қолданбау,

-халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу,

-басқа мемлекеттердін ішкі ісіне,

-құқықтендігі мен халықтардын өз жолын аныктауына араласпау,

-мемлекеттердің ынтымактастығы мен егеменді тендігі,

-міндеттемелерді ерікті түрде орындау.

Алғашқы қаумандар мен тайпалар өздерінің ең бастапқы даму кезендерінде-ақ әрқайсысы жеке өмір сүрмей, жазылмаған құқық заңдармен қарым-қатынас жасаған. Халықаралық құқық-адамзат қоғалы дамыуның нәтижесі. Халықаралық құқықтың даму заңдары халықаралық атынастардың заңдылықтарына сәйкес болады. Халықаралық құқықтың реттеушілік қызметін мемлекеттерін бұзұға болмайережелерді қабылдауынан көрінеді. Бұл ережелерсіз мемлекеттердің бірлесіп өмір сүруі және қатынасуы мүмкін емес.Халықаралық құқық мемлекеттердің заңды құқығы мен мддесін қорғайды. Бұл-халықаралық құқықтың қорғаушылық қызметін қалыптастырады. Халықаралық қатынастарды мемлекеттерге үстемдік ететін күштеу құралдары халықаралық құқықтың нормаларында болмайды. Бұл-халықаралық құқықтың ерекшелігі. Бірақ, қажет болған жағдайда халықаралық құқықтық тәртіпті қолдауы қамтамасыз ету үшін мемлекеттер өздері ұжымдық түрде келісіп, күштеу құралдарын қолдануы мүмкін. Сыртқы саясат мемлекеттін халықаралық істерінің жалпы бағытын айқындайды. Дипломатия-сыртқы саясатты іске асырудың ең маңызды құралы. Дипломатиялық қызмет пен сыртқы саясат халықаралық құқыққа сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттердің жргізіп отырған сыртқы саясаттың сері халықаралық құқықтың байқалады. Дипломатия-халықаралық құқықтың нормаларың жасаудың маңызды құралдарының бірі.