Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Есімшенің жасалуы мен түрлері2.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
15.09.2019
Размер:
41.31 Кб
Скачать

5. Мына сөздердің синонимін жазып, сөйлем құраңыз. Сөз зергері, тіл қату, ез адам, аузы дуалы.

Сөз зергері мақсатты ойдың тек түсінікті болуын ғана емес, көркем, әсерлі болуын да көздейді. Ол үшін сөз орамын түрлендіріп, нақыштап, барынша жатық етіп құруға тырысады.  Тілде бар сөздерді, сөйлем құрылысын аса шеберлік биігінде тұрып жұмсаушы ойшылдар санаулы-ақ болар. “Қөңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе?” дегендей, адам ойының ұшы-қиыры жоқ. Сондай-ақ, тіл байлығы да ұшан-теңіз. Сол теңіз дүниесіне сүңгіп, ой өрнегіне керекті тілдік материалдарды, грамматикалық тәсілдерді дұрыс пайдалана білу үлкен шеберлікті керек етеді.

Тіл қату – үн қату; сөйлесу деген мағынаны білдіреді.

Әкем маңдайынан сииап еркелете тіл қатты:

- Қорықпа, қарағым, қорықпа, - дейді өзі теріс айнала беріп кемпірге сырттай кіжіне ашуланды. («Ұшқан ұя» Бауыржан Момышұлы )

Ез адам – сөзінде терең мағына жоқ, көп сөйлейтін, жеңілтек мінезді адам. Кейбір кісілер айтады, адам ойланғанда миымен ойланбайды, ... деп, адамның жүйке жүйесіне тиетін ез болып кетуден сақтанған дұрыс.

Бозбала ез адам мен ер адамның аражігін ажырата келе, «ер ел қамын жеді, ұлт мұңын айтпай біліп толғайтын шешен, халық жүгін өз еркімен арқалаған алып бейнетқор жан – ұлт перзенті»- деп түйіндеді.

Аузы дуалы – «ауызы дуалы» сөзбен бағындыруға қабілеттілік.

Абайдың тұстасы Бегеш өртына өлмейтұғын сөз қалдырған, халық арасында қадірлі, ауызы дуалы, ой тілді шешен адам болған.

6. Жабағы, күпі, тоқым, сауға, құн, барымта. Көнерген сөздердің мағынасын ашып,сөйлем құраңыз.

Жабағы – 6 ай мен 1 жас аралығындағы жылқы төлін немесе қой мен түйе малының көктемде ұйысқан қысқы жүні. «Жұнттай жабағылар, арда емген тайлар да болатын» (М. Әуезов)

Күпі –матамен тысталып, ішіне түйенің, қойдың жабағы жүні салынып тігілетін ұлттық сырт киім. Күпі әрі жеңіл, әрі жылы болғандықтан, оны ерлер де, әйелдер де, балалар да кие берген.

...Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып, өзіне қайтарамын... («Қара өлең» Мұқағали Мақатаев)

Тоқым – көлемі терліктен кіші ердің қаңқасының екі қапталына өлшеніп қиылған киіз.Төрт бұрышты болып келеді. Бұл аттың арқасын ағаш ер жауыр қылмау мақсатында төселеді. Ер тоқымның құрамына: терлік, киіз тоқым, қайыстан өрілген айыл-тартпа, үзеңгі, құйысқан, өмілдірік және көрпеше мен қанжыға кіреді

Сауға. Сауға сұрау. Бұрын-дары қылмысы үшін бір адам ауыр жазаға, өлімге бұйырылғанында өте беделді кісілер барып оның жазасын жеңілдетуді, кешіруді сұраған. Сөзі өтсе айыптаушы жақ та, билер де ондай адамдардың өтінішін орындаған. Мұны сауға сұрау деп атайды. Қазақта сауға төмендегі жағдайларда сұралады:

1. Жорықтан немесе сапардан олжалы оралғандардан; Бәйгеден аты озып келгендерден ауыл адамдары «сауға» сұрайды. Олжа сұраушыға олжаларынан береді.

2. Әлденеге жазықты болып жазаға немесе өлімге бұйырылғандарды ауыл ақсақалдары мен беделді кісілер жазалаушылардан «сауға сұрап» босатып алады. Ондайда жазықтының айып, құндары төленеді.

3. Айтысып отырған екі ақынның бірі – жеңіліп бара жатса, үшінші бір ақын келіп «сауға» сұрайды. Сонда жеңіліп бара жатқан ақын өз кезегін «сауға» сұраған кісіге береді.

Құн. Төле би де жиналған жұрт та бұл әділ билікке риза болып, бай құн төлейді.

Барымта – қазақ халқының дәстүрлі құқықтық мәдениетінде ерте замандарда қалыптасқан ұғым. Барымта бастапқы кезде “қанға-қан, жанға-жан” дәстүрі адам мен адам, ру мен ру арасындағы қастықты күшейте түсетіндіктен, кек қайтаруды құн төлеумен алмастыру, егер де кінәлі жақ әр түрлі себептермен белгіленген құн мөлшерін өтей алмаса, немесе бұлтарса ақсақалдар алқасының, билер сотының кесімімен Барымта жасауға, яки, оның өрістегі малын айдап алып кетуге рұқсат етілген. Сондықтан Барымтаны ұрлықпен, тонаушылықпен, шапқыншылықпен шатастыруға болмайды. Кезінде Барымтаны кегі қайтпаған, есесі кеткен жақ жариялы түрде жасаған. «Ежелде барымталасқан екі ауыл мәселесіне билер араласып, бір-біріне барымталасқан малдарын қайтартатын болған».

7.Фразеологизм— екі немесе бірнеше сөздердің тіркесуі арқылы тұтас бір мағына білдіретін сөз тіркестері. Қазақ тіл білімінде бұл термин бір ізге түскендіктен Фразеологизмді тұрақты тіркес, фразеологизм бірлік (единица), фразеологизм тіркес, фразеологизм орам, фразеологизм тұлға, фраза сияқты атаулармен аталып жұр. Фразеологизмдер құрамына қандай тіркестер енетінін анықтау үшін зерттеушілер тіл білімінде олардың қолданылу тиянақтылығын, мағына түтастығын, тіркес тұрақтылығын басты белгі етіп алады.

  1. Фразеологизмдердің қолданылу тиянақтылығын сөйлеуде, айтылуда бұрыннан қалыптасқан даяр қалпында жүмсалатын еркін сез тіркестерімен салыстырғанда анық байқалады. Мысалы, бет моншағы үзіліп —ұялу, итарқасы қиянда — қашық, алыс жер. Еркін сөз тіркесі белгілі бір қалыптасқан грамматикалық жүйені керек етеді.

  2. Фразеологизмге тән мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сөздердің жеке мағыналарына үнемі сәйкес келе бермейді, тіркес ішіндегі сыңарлар түтасып барып, бір мағынаны білдіреді. Мысалы: қабырғасынан күн көріну (жүдеу, арық), тас бауыр (мейрімсіз адам туралы) бұл тіркестердің құрылымы әр түрлі болғанымен, әрқайсысы мағына тұтастығымен ерекшеленеді. Фразеологизмдердің мағына тұтастығы жеке сөзбен бірдей емес. Сөз — лексикалық мағына, номинативті атау болса, Фразеологизмдер — мағына тұтастығы мен сөзбен бапамалық қатыста емес, жанамалық қатыста турады. Фразеологизмдерге тән басты белгі — туынды мағынада жұмсалып, әрдайым бейнелі мән тудыруы. Фразеологизмдер мағынасында жағымды немесе жағымсыз, әйтеуір эмоциялы-экспрессивті реңк бар. Сондықтан, сөз дегенді көптеген зерттеушілер "бүтін бітімді", ал Фразеологизмді "бөлек бітімді" деп есептейді.

  3. Тұрақты тіркес тізбесіндегі сөздер айтушының қалауынша емес, қалыптасқан белгілі жүйемен орналасады. Сол себепті де сөздердің жігі ажырамай тұрады. Құрамындағы сөздер (кейде компоненттер өзара мағыналас, мәндес сөздермен алмастырылып, варианттылыққа ұшырайды демі сөну/біту/таусылу) басқа сөзбен алмастыруға, сөздердің тұрақты орын тәртібін ішінара өзгертуге келмейді, сөздердің орын тәртібі нық келеді. Мысалы, пендешілік жасау дегеннің орнына адамшылық жасау десе, мағына бүтіндей өзгереді. Немесе бүйрегі Бұлк етпеу дегеннің орнына жүрегі Бұлк етпедір,есе, мағына тұтастығы онша бузылмағанымен, стильдік жағы солғындап, дыбыс үйлесімі кемиді, тіркес тұрақтылығына нуқсан келеді.