Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Есімшенің жасалуы мен түрлері2.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
15.09.2019
Размер:
41.31 Кб
Скачать

8. Тілге байланысты

1.Өнер алды қызыл тіл.

 

2.Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,

Тілімнен сүріндірме.

 

3.Тіл  - буынсыз, ой түпсіз.

 

4.Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.

 

4.Тіл қаруы - сөз,

Сөз қаруы  - ой.

 

5.Тіл – шекер,

Бала – кетер,

Байлық – бекер.

 

6.Тіл жүйріктен де озады.

 

7.Анам берген туған тілім,

Атам берген құрал тілім.

 

8.Ана сүті бой өсіреді,

Ана тілі ой өсіреді.

 

9.Тіл тас жарады,

Тас жармаса бас жарады.

 

10.Шебердің қолы ортақ,

Шешеннің тілі ортақ.

 

9. Оку білімге қатысты

1.Оқу  - білім азығы,

Білім – ырыс қазығы.

 

2.Білім басы - бейнет, соңы - зейнет.

 

3.Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.

 

4.Білімдіге дүние жарық.

Білімсіздің күні кәріп.

5.Өмір - үлкен мектеп.

 

 

6.Жердің сәні - егін,

Ердің сәні - білім.

 

7.Жер - ырыстың кіндігі,

Білім - ырыстың тізгіні.

 

8.Білімді бесіктен тесікке дейін ізден.

 

9.Өнер - ағып жатқан бұлақ,

Ілім - жанып тұрған шырақ.

 

  10. Ғылым - теңіз, білім - қайық.

 

10. Омонимдер(гр. homos — біркелкі, onyma — есім) — шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, тек айтылуы ғана бірдей сөздер.

Омоним сөздерді көп мағыналы сөздерден ажырату қажет. Өйткені бұлардың үйлестігінен гөрі айырмашылыктары көбірек. Қазақ тілінде ат деген түрде біріне-бірі байланысы жоқ, екі-үш түрлі сөз бар.

Ат — жұмыс көлігі;

Ат — есім, атау;

Ат — етістік (бұйрық рай).

Бұлар — жеке-жеке үш сөз. Бұл сөздердің арасында өзара мағыналық ешбір байланыс жоқ, тек айтылулары ғана бірдей. Осы сөздердің әрқайсысы өз алдына көп мағыналы сөз. Мысалы, ат: біріншіден, жалпы көлік; екіншіден, жылқының үйірге түспейтін еркегі; т. б. мағыналары бар. Мұнда тек дыбыстық үндестік қана емес, мағыналық байланыс бар. Ал, алғашқы келтірілген ат деген үш сөзде дыбыстық бірлестік қана бар мағыналық байланыс жоқ.

Қас деген төрт сөз бар:

қас — адамның қабағындағы қас;

қас — дұшпан, жау;

қас — бірдеменің жаны, маңы (үйдің қасы);

қас — ердің қасы

Бұлар да — бір-бірімен байланыссыз жеке-жеке cөздер.

Кейде сөздердің ауызша айтылуында бірнеше сөздердің айтылу, естілу ұқсастығы болады. Мысалы: осы жер деген сөздерді айтқанымызда, ош шер болып айтылады, сол сияқты, тұзшы мен тұщы және асшы мен ащы сияқты сөздер де кездейсоқ деп саналады.

Омонимдердің семантикалық айырмашылықтары контексттен көрінеді.

[өңдеу]

Жасалу жолдары

Омонимдердің бірнеше жасалу жолы бар:[1]

1) көп мағыналы сөздердің семантикалық жақтан дамуы негізінде; Мысалы, жал а) жануарлардың желкесіндегі қыл; ә) ұзыннан созылып жатқан белес, қырқа;

2) сөздердің дыбыстық өзгерістерге ұшырауы арқылы; Мысалы, ер сөзінің бастапқы дыбысталуы егер болса, тілдің дамуы барысында ерге айналған.

3) сөзге омонимдес қосымшалар (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) мен -ыс, -іс, -с; -ық, -ік, -к жұрнақтары) жалғануы арқылы туынды Омоним пайда болған. Мысалы, баспа а) газет, журнал, кітап басып шығаратын мекеме; ә) тамақ ауруы; қорық а) мал жайылатын жер; ә) үрейлену, зәресі ұшу;

4) басқа тілден енген сөздердің төл сөздермен бірдей дыбысталуы негізінде жасалады. Мысалы, Қыдыр (хызыр) – араб сөзі, қазақ тіліндегі ел қыдыру мағынасындағы етістікпен сәйкес. Омонимдер мағынасы мен жасалу жолдарына қарай лексикалық, лексика-грамматикалық және аралас болып үшке бөлінеді.

11. көп мағыналы сөздер Дыбысталуы, сыртқы тұлғасы бірдей, бірақ ешбір мағыналық байланысы жоқ сөздер омонимдер деп аталады. Мысалы: Біз 21-ші жылы қысқа қарсы келдік (Ж. Ай.). 2. Етікші бізге жарымайды (мақал).

Осы келтірілген мысалдардағы есімдік біз деген сөз бен құралдың аты, зат есім біз деген сөздің дыбысталуы, тұлғасы бірдей, ал мағыналары әр басқа сөздер.

Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің өзара жақындығы бар. Осыдан келіп, кейде оларды бір-бірінен айыру қиындыққа соғады. Бірақ көп мағыналы сөздерден омонимдерді айырудың қиындығы барлық омонимдерге бірдей қатысты емес. Мысалы, — өкпе (өкпесі қабыну) деген сөз бен «реніш» деген мағынаны білдіретін өкпе деген сөздін омонимдес сөздер екені бірден ашық аңғарылады. Көп мағыналы сөздер әр түрлі заттың атауы болғанмен, олардың арасында қанда да мағыналық жақындық, ұқсастық болады. Ал омоним сөздер арасывда ондай мағыналық жақындық, ұқсастық болмайды.

Бас деген сөздің көп мағыналығы мен омонимдік мағынасын былайша салыстыруға болады:

Көп мағыналы сөздер Омоним сөздер

адамның басы таудын басы судың басы адамның басы аяғыңды жай бас көрікті бас

Омоним сөздердің айырықша бір түрі есебінде омофондар мен омографтардың сөз тіркестеріндегі орфографиямен, opфоэпиямен қарым қатынасын ескермей болмайды.

Омофондар дегеніміз — біркелкі айтылып, түрліше жазылатын сөздер. Мысалы, Асшы — ac даярлайтын адам. Ащы — қарсы мағынасы — тұщы. Екеуінің де айтылуы — ашшы. Қарала — қарама-қарсы мағынасы — ақта. Қapa ала — Қapa mүc пен ақ түстің аралас келуі; екеуінің айтылуы — қарала.

Омографтар дегеніміз — біркелкі жазылып, екпіннің алмасып түсуіне байланысты түрліше айтылатын сөздер. Мысалы: бөлме («үйдің бөлігі») бөлме (бөл деген етстіктің болымсыз түрі), mapmna («столдық қағаз салатын жәшігі»), mapmna (тарт деген етістіктің болымсыз түрі). Жұп-жүбымен келген осы секілді омографтардың сыңарлары айтылуда екпін арқылы ажаратылады. Екпін аталған сөздердің зат есім сыңарларының соңғы буынына түседі де, етістік сыңарларының бас буынына түседі.