Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖОСПАР камшат диплом.docx
Скачиваний:
18
Добавлен:
24.09.2019
Размер:
223.05 Кб
Скачать

3.2 Сәулет-құрылыс саласын жақсартуда мемлекеттің рөлін арттыру

Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы тиісті құрылыс өнімдерінің сапасына, қала құрылысы тәртібіне, мердігер ұйымдардың жоба талаптарын сақтауына, құрылыс нормалары және ережелерінің орындауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Авторлық қадағалауды күшейту мақсатында олардың осы қызмет түрінің жобасын жасауда жауапкершілігін арттыру үшін лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі тізбесіне енгізілген. Алматы қаласы аумағындағы құрылыс нысандарының сапасын арттыру. Өз қызметі аясында тарихи ескерткіштерді және мәдени мұраларды қорғауға көмектесу.

Облыс көлемінде білім беру, денсаулық сақтау, елді сумен қамтамасыз ету «Ауыз-су» және «Жол картасы» бағдарламалары аясында құрылысы жүргізіліп жатқан объектілердің бекітілген графиктен ауытқымай уақтылы бітуіне, тапсырыс берушімен бірге сапалы орындалуын қадағалау басқарма мамандарының бақылауына алынған. Әлеуметтік нысандардың құрылысын тексеру кезінде көпшілігінің өндірісті жүргізу кестесі болмайды. Бұл құрылыстың аяқталу уақтының белгіленбегені болып табылады. Аталған кемшілік тапсырыс берушілердің, сонымен қатар мердігерлердің де кемшілігі. Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі жобалық-сметалық құжаттардың өз деңгейінде жасалмағандығынан бас мердігерлердің қайта жобалау және құрылыс материалдарымен құрастырмаларын тапсырыс берушімен келіспей өзгертулеріне жол берілген.

Сейсмикалық қауіпті аудандарда орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарындағы құрылыс сапасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасындағы «Сейсмикалық аудандардағы құрылыс» талаптарының орындалуына басқарма көңіл бөліп келеді.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасымен жыл басынан жеке құрылыс жүргізушілерден, яғни саман материалын пайдаланып, тұрғын үйлер, сауда орындарының құрылысын жүргізушілерден міндетті түрде талап етіледі. Қазіргі таңда барлық деңгейдегіәкімдіктерге күш түсетін құрастырмаларға мекемемен берілген ұсынысқа сәйкес сейсмикаға қарсы шаралар орындалмай шикі саман кірпішті пайдалануға тиым салынғандығы туралы ескерту хаттары жіберілді [29].

Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 Жарлығымен бекітілген Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымның құрылысын бюджеттен қаржыландыру одан әрі жалғасын табады. Мұнда қаржыландыру көлемі соңғы жылдары қалыптасқан бюджеттік шығындардың деңгейінен аспайды. Бұл бағдарламаны іске асыру үшін салалық бағдарлама әзірленді. Салалық бағдарлама бекітілгеннен кейін тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесінің әлеуетін пайдалана отырып, 2011-2014 жылдары жалға берілетін және несиеге берілетін тұрғын үйлердің құрылысы жалғасады. Өз басым мұндай әрекеттер тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға пайдалы болады деп ойлаймын. Бұл жерде басымдық беріп айта кететін жайт ‒ бүгінде тұрғын үй саласына қатысты біршама оң істер атқарылып жатыр. Сондықтан өз басым болашақта бұл саланың да кем-кетігі толыққанды шешіледі деп ойлаймын. Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарғы арналған мемлекеттік бағдарламасында экономиканың басым секторлары үшін инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу қарастырылған.

Осы бағдарлама шеңберінде мынадай бағыттар бойынша құрылыс саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу көзделген:

  1. Мүмкін болатын талқандамалы жер сілкінісінің сейсмикалық тәуекелі мен залалын төмендету;

  2. Тиімді сындарлы шешімдер мен технологиялар әзірлеумен ғимараттардың (құрылыстардың) беріктігін және ұзақ уақытқа жарамдылығын қамтамасыз ету [30].

Осыған байланысты болашақта тұрғын үй саласын индустрияландыру мақсатында 2014 жылға қарай жалпы қуаты жылына 900 мың шаршы метр алты тұрғын үй-индустриялық құрылыс комбинаты салынатын болды. Олардың негізінде болашақта энергияны аз тұтынатын тұрғын үйлер салу ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Бұл істің өзі біздің технологиялық дамуғы бір қадам жақындай түскенімізді айқындайды. Бұл орайда Ақтөбе, Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы алты индустриялық құрылыс комбинатының төңірегінде құрылыс материалдарын кемінде 60 шағын және орта кәсіпорын ашылмақ. Мұндай жаңа технологиялық тұрғыда жабдықталған өнімділігі жоғары жабдықтарды енгізу, комбинаттар ашу құрылысы материалдарының сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесін реформалау» жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы жобада қарастырылған іс-шаралар кешендерін іске асыру үшін жергілікті жағдайларға бейімделген еуропалық нормалар мен стандарттарға кезең-кезеңімен көшу қажет.

Сонымен қатар құрылыс саласы үшін қажетті нақты іс-шаралар Қазақстан Республикасының құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаның жобасында көрсетілген. Бұдан басқа 2009 жылдың IV тоқсанында біздің агенттік «Қазақстан Республикасының құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесін реформалау» жобасын іске асыруды бастады. Онда 2014 жылдың соңына дейін құрылыс саласындағы барлық нормативтік-техникалық құжаттарды және нормативтік құқықтық актілерді біріктіретін бірыңғай құжат жасау көзделген. Нормативтік-техникалық база жүйесін реформалау мынадай негізде еуро кодтардың бейімделуіне бағытталған:

  1. Бірінші, құрылыстағы техникалық реттеудің шетелдік тәжірибесін зерделеу бойынша есеп беру материалдарын талдау;

  2. Екінші, Украина, Беларусь Республикаларының және Ресей Федерациясының реформалау тәжірибесін зерделеу.

Міне, бұл орайда осындай шаруалар атқарылып жатыр. Демек, таяу болашақта құрылыс істерінде отандық өнімді пайдалану үлесі артады деуге толық негіз бар. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Елбасының «Жаңа онжылдық, жаңа экономикалық өрлеу ‒ Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау үшін әзірленді. Осы бағдарлама құрылыс саласының шаруашылығына байланысты екі негізгі бөлік бойынша әзірленді: оның біріншісі ‒ коммуналдық сектор, мұның ішінде сумен, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау және су бұру, ал екіншісі ‒ көп пәтерлі тұрғын үйлер және жеке үй құрылыстары бар коммуналдық қызметтердің негізгі тұтынушысы ‒ тұрғын үй секторы. Сондай-ақ халықты ауызсумен қамтамасыз ету мәселесінің маңыздылығы ескеріле отырып, елді мекендерді сумен жабдықтау мәселелері жеке бағдарламаға енгізілді. Сондықтан осы бағдарламаның коммуналдық қызмет секторында су бұру, жылумен, электрмен және газбен жабдықтау, сонымен бірге тұрғын үй қатынастары мәселелері қаралады. Бағдарламаны әзірлеу барысында дамыған елдердің тәжірибесі ескерілді. Құжаттың негізгі мақсаты тұтынушыларды тиісті сапалы коммуналдық қызметтермен, тіршілік ету жүйелерінің сенімді жұмыс істеуі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады. Бұл бағдарлама тұрғын үй саласына тың серпін береді деп үміттенуге болады. Жалпы бағдарламаның негізгі міндеттері:

  1. Жылумен, электрмен, газбен жабдықтау және бұру жүйесін одан әрі дамыту;

  2. Екінші, энергия және ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу;

  3. Үшінші, қайтарымды негізде коммуналдық сектор кәсіпорындарын бюджеттен қаржыландыру тетіктерін енгізу;

  4. Төртінші, коммуналдық сектор басқармасының тиімді нысандарын және әдістерін енгізу болып табылады.

Бағдарламада коммуналдық секторды дамытуда одан әрі жеке және мемлекеттік құрылымды пайдалануға қарамастан, жаңа желілерді және құрылыстарды салу республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен жүргізіледі. Осындай жобаларды іріктеген кезде негізгі өлшемдері коммуналдық қызметтермен қамтылған халықтың үлесін арттыру соңғы нәтиже болып табылады. Бұдан кейінгі тағы бір жүйе коммуналдық меншікке жататын желілердіжәне құрылыстарды жөндеу және қайта жаңарту кәсіпорындардың өзіндік қаражаттары және бюджет қаражаттары есебінен қаржыланады. Бұдан соң жекеменшікке жататын желілерді және құрылыстарды жөндеу және қайта жаңарту толық кәсіпорындардың өзіндік қаражаттары есебінен қаржыланады.

2020 жылға қарай жүйелі тәсілдер қолдану нәтижесінде коммуналдық сектордың апатты желілерін және құрылыстарын жөндеуді қайта жаңартуды толық аяқтау көзделіп отыр. Аталмыш бағдарламаның жеке бөлімінде көп пәтерлі тұрғын үйлерді тиісті күтіп ұстауды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қарастырылған. Мұнда тұрғын үй инспекциясы қызметін заңнамалық түрде жетілдіру, тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережелерін бекіту қарастырылған. Негізінде, халықаралық жүйеге сүйенсек, мұндай қадамға біз баруымыз керек.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 265 Қаулысына сәйкес «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының жүз пайыздық қатысуымен «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры құрылды. Қор қызметінің негізгі бағыттары құрылысы аяқталған немесе тұрғын үй құрылысы салынып жатқан нысандарды тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатып алу, жылжымайтын мүлікті тиімді басқаруды қамтамасыз ету болып табылады. Ол қор директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді. Осы ереже әртүрлі сыныптағы тұрғын үй-жайларды, сондай-ақ жалға алу, сатып алумен жалға алу және тікелей сату шарттарымен коммерциялық және көлік қоятын орын беру тәртібін қарастырады. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 30,8 млрд теңге, несиелік тұрғын үй құрылысына 49,8 млрд теңге бөлінді. Мемлекеттік бағдарламаның басынан бастап барлығы жалпы алаңы 336,5 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй (4517 пәтер) және 1139 мың шаршы метр несиелік тұрғын үй (13462 пәтер) салынды. Көрсетілген қаражат өңірлер (облыстар, Астана мен Алматы қалалары) бойынша бөлінді. Ал жергілікті атқарушы органдар одан әрі тұрғын үй құрылысын жүзеге асырды. Мұнда ақшаны агенттік аударады. Егер сіз бұл жерде қаржыны агенттік арқылы емес, тікелей облыстардың, Астана мен Алматы қалалары әкімдіктерінің өздеріне таратуды айтсаңыз, ұсынысыңызды тиісті мүдделі мемлекеттік органдар қолдаса, бұл мүмкін деп санаймыз. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, жеке тұрғын үйлер құрылысының сапасына, жергілікті маңызы бар нысандар құрылысына инспекция жүргізу жолымен атқарылатын бақылау функциялары шегінде жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Орталық деңгейде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау лицензиялау істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне уәкілетті мемлекеттік органның бақылау функциясын белгілейтін Заңға өзгерістер енгізді. Алдында аталған құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесін реформалауға нормативтік құжаттарды өзгерту ғана емес, Қазақстандағы құрылыстың сапасын қадағалау және бақылау жүйесін толық өзгертетін бақылау мен қадағалау жатады. Сондықтан елімізде құрылыстың сапасы және қауіпсіздігі бойынша талаптар қатайтылады. Агенттік осы бағытта жұмыс істеп келеді. Екі проблемалық мәселені атап өтейін. Бұл біздің елде аса күрделі мәселе.

Тұрғын үй құрылысын дамыту мәселелері, өткен дағдарыстан алған сабақтар, атап айтқанда, үлестік құрылыстың алданған қатысушыларының проблемалары мемлекеттік тұрғын үй саясатын жетілдіру талап етеді. Тұрғын үй құрылысын дамыту үшін тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесінің әлеуеті зор. Бұл туралы Елбасы да Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтқан болатын. Сондықтан біздің агенттік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстанның Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінің тетіктерін пайдаланумен халықтың қалың жігі үшін пәтерлерді салу және сату схемасын әзірледі. Бір шаршы метрінің құны шамамен 950,807 және 600 АҚШ доллары (өңірге байланысты азаю жағына қарай). Яғни банктің жобасы бойынша белгілі бір құны және жайлылық сыныбы бойынша тұрғын үйді сатып алғысы келетін салымшылардың пулы қалыптасуы тиіс, ал әкімдік инженерлік инфрақұрылым жүргізілген жер учаскелерін бөлуге тиіс. Жергілікті атқарушы орган арқылы тұрғын үйді салу және сату кезінде Банк тұрғын үйлерді салу үшін оған өтінім жібереді. Әкімдік республикалық бюджеттен бөлінген несиелер есебінен тұрғын үйлер салады. Тұрғын үйді пайдалануға бергеннен кейін жергілікті атқарушы орган банк салымшыларымен сатып алу-сату шартын жасасады, ал банк салымшылардың қаражатын жергілікті атқарушы органға аударады. Жергілікті атқарушы орган республикалық бюджеттен несиелерді өтейді. Жеке инвестор арқылы тұрғын үй салу және сату кезінде осындай тетік пайдаланылады, тек жеке инвестор тұрғын үйді өз қаражаты және несиелік қаражат есебінен салады.

Ел Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қаблданған болатын. Осы бағдарлама аясында өткен жылдарда тапсырмадағы 15,8 млн. шаршы метрдің орнына 17,9 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Мәселен, 2009 жылы еліміз бойынша 6,9 млн. шаршы метр тұрғын үй құрылысы пайдалануға берілсе, 2010 жылы 6,4 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды. Еліміздің әрбір тұрғынына 1 жылға шаққанда 2010 жылы 0,40 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданғанға дейінгі көрсеткіштен 2,4 есе артық.

Әкімдіктер жүргізілген инфрақұрылымы бар жер учаскелерінің бар екенін растады. Осы тетіктерді іске асыруды республикалық барлық аймақтарында пилоттық жобалар түрінде ағымдағы жылы бастау көзделген. Әрине, көбі қаражатқа тіреліп тұр. Республикалық бюджеттен миллиардтаған теңге несиелік қаражат қажет болады. Алайда азаматтардың тұрғын үй құрылыс жинақтарының әлеуетін пайдалану арқылы бағдарлама жақын арада өзінің мақсатына қол жеткізетініне сенемін.

Екінші мәселе мені ғана емес, барлық қазақстандықтарды да толғандырады. Бұл еліміздің коммуналдық секторының тозуы. Көп жылдардан бері коммуналдық сектор өзі жұмыс істеп келді, мұнда коммуналдық саланы реформалаудың нақты жүйесі болған жоқ. Мұндай аса күрделі проблемаларды шешу үшін агенттік Президент Жолдауында аталғандарға сәйкес Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі салалық бағдарламасын әзірледі [31].

ҚОРЫТЫНДЫ

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына жүктелген міндеттердің барынша тиімді орындалуы үшін оның қызметін қамтамасыз ету; облыстық аумақта сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруда азаматтар мен қоғамның қолайлы, экологиялық қауіпсіз ортада өмір сүру және тіршілік әрекетіне заңды құқықтарын бұзу әрекетінің алдын-алу, сондай-ақ құрылыс және жобалау өнімдері тұтынушыларының мүдделері мен құқықтарын мемлекеттік қорғау, құрылыстың қауіпсіздігін және бекемдігін, соғылған нысандардың пайдалану кезінде тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның ішінде: сәйкес лицензиясы жоқ тұлғалардың сәулет, қала құрылысы және кұрылыс саласында лицензияланатын қызмет түрлерін жүзеге асыруына жол бермеу; жобалаудың тиісті сапасына қол жеткізу; жобалау (жобалау-сметалық) құжаттарында бекітілген жобалау шешімдерінен, құрылыс көлемінен қолданылатын құрылыс материалдарынан (бұйымдар), инженерлік және технологиялық жабдықтардан ауытқуларға жол бермеу; мемлекеттік нормативтерімен анықталған құрылыстың технологиялық процессінен ауытқуды, стандарттарға және техникалык талаптарға сай келмейтін құрылыс материалдарын (бұйымдар) қолданылуына жол бермеу; тапсырыс беруші және мердігермен жүзеге асырылатын атқарушы техникалық құжаттардың тиісті жүргізілуін бақылау жолымен қамтамасыз етуді. Мекеме қызметінің мәні және тапсырмалары: мемлекеттік органның аппаратын ұстау және материалдық -техникалық жабдықтау; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында ведомствалық аумақты мемлекеттік саясатты жүргізу; ведомствалық аумақта атқарылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс кызметтері бойынша жергілікті атқарушы және өкілетті органдармен өзара қарым-қатынаста. Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы тиісті құрылыс өнімдерінің сапасына, қала құрылысы тәртібіне, мердігер ұйымдардың жоба талаптарын сақтауына, құрылыс нормалары және ережелерінің орындауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Күрделі құрылысқа жұмсалатын инвестициялардың бәсекеге қабілетті қазіргі кәсіпорындардың негізгі қорларының ұдайы өсуі мен елдің экономикалық дамуының жоспарларында көзделген жаңа кәсіпорындардың құрылысын салуды қамтамасыз ететін деңгейге дейін арттыру.

Қорытындылай келе, төмендегідей тұжырымдама жасауға болады: жалпы дағдарысқа қарсы стратегиялар сала құлдырау жағдайында болған кезде кәсіпорындармен қолданылады. Бұл жерде құлдыраудың ішкі және сыртқы факторлары пайда болады. Аталған міндеттерді ескере отырып мынадай ұсыныстар жасауға болады:

  1. Мемлекеттік қала құрылысы саясатының әзірленген тұжырымдамасын іс жүзінде асыру;

  2. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңын қабылдау;

  3. Инфрақұрылымды орналастыру мен дамыту жүйесімен бірге Қазақстан Республикасының Аумағын ұйымдастырудың бас сызбасын әзірлеуді бастау;

  4. Елдің аумағын ұйымдастырудың бас сызбасының негізінде аумақты қала құрылысына жоспарлаудың, өндірістік, көліктік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың аймақаралық және аймақтық кешенді сызбаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

  5. Қалаларды дамыту мен салуды, аумақтарды игеру мен жайластыруды реттейтін бас жоспарлардың және басқа да қала құрылысы құжаттамасының негізінде жүзеге асыру;

Сыртқы факторлар: технологияның өзгеруі, әлеуметтік құндылықтар немесе сәннің өзгеруі, нарықтың нақты сегменттерінің молықтырылуы, бәсекелестердің әрекеттері, өндірістік сала құрылымдарының өзгеруі, салалардағы сату көлемдерінің түсуі.

Ішкі факторлар: нашар басқару, жеткіліксіз қаржылық бақылау, маркетинг аумағындағы жеткіліксіз күш-жігер, сәтсіз сатып алулар және қосылулар, өндірісті (операцияларды) әлсіз басқару, сауда-өндірістік қызметтің шамадан тыс кеңеюі, ірі жобаларға жеткіліксіз есептелген салымдар.

Бұндай факторлар құлдырауға әкеліп соқтырады және келесідей белгілер бойынша сипатталады: пайдалылықтың, сату көлемінің төмендеуі, қаржылық тәуекел деңгейінің өсуі, ағымдағы және мерзімді өтімділік көрсеткіштеріндегі өтімділіктің проблемалары, персоналдың елеулі тұрақтамауы және де нарық үлесінің кемуі.

Қазақстандық экономика бүгінгі таңдағы қолайлы жағдайын қолдана отырып, экономикалық өсудің инвестициялық түріне көшу керек. Бұл үшін өндірісті қайта құрылымдау және өздерінің нарықтық жайғасымдарын жақсарту бойынша кәсіпорындардың күш-жігерімен қатар, ұлттық экономикаға инвестициялардың көлемін ұлғайту мақсатында мемлекеттік билік органдарының белсенді макроэкономикалық саясаты қажет.

Бұл жерде басымдық беріп айта кететін жайт бүгінде тұрғын үй саласына қатысты біршама оң істер атқарылып жатыр. Сондықтан өз басым болашақта бұл саланың да кем-кетігі толыққанды шешіледі деп ойлаймын.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. В.В.Шеремет// Управление проектами. Том 2. Москва, 1998г

  2. Лапыгин Ю.Н.Управление проектами: от планирования до оценки эффективности. Омега-Л «Москва», 2008. ‒ С.252.

  3. Клиффорд Ф. Грей, Эрик У. Ларсон «Управление проектами», 2002 жыл

  4. Ньюэлл Майкл В. Управление проектами для профессионалов. Руководство по подготовке к сдаче сертификационного экзамена. «КУДИЦ-ПРЕСС», 2008. С.416.

  5. Том ДеМарко Deadline. Роман об управлении проектами. «ВЕРШИНА» «М», 2006. С.143.

  6. Ким Хелдман Профессиональное управление проектами. «Бином» «Москва», 2005. С.517.

  7. Стэнли Э. Портни Управление проектами для "чайников" Project Management For Dummies. М.: «Диалектика», 2006.С. 368.

  8. Рассел Д. Арчибальд Управление высокотехнологичными программами и проектами = Managing High Technology Programs and Projects. М.: «Академия АйТи», 2004.С.472.

  9. А.А. Матвеев, Д.А. Новиков, А.В. Цветков «Модели и методы управления портфелями проектов», 2005жыл

  10. И.И. Мазур, В.Д. Шапиро, Н.Г. Ольдерогге «Управление проектами», 2004 жыл

  11. Ә. Әмірқанов, А.К. Тұрғұлова «Қаржы менеджменті». Оқу құралы. Алматы, 2002 ж. 177-190бб

  12. Құрылыс туралы заң http://195.12.104.236/kk/doc/show/75518

  13. Сәулет-құрылыс сайты www.gask.kz

  14. http://gask.evgeny.tmweb.ru/page.php?page_id=43&lang=1&page=2

  15. http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/library2/5_ekonomika/ekonomica/article/stroitelstvo&lang=kk

  16. Статья «Стратегия развития компании в условиях высококонкурентных рынков», Майкл Е. Портер

  17. http://www.icbk.kz/?i=28

  18. http://e.gov.kz/wps/wcm/connect/3a556f80450aa157a835aafd5501a254/%D0%97%D0%A0%D0%9A_%D0%9E%D0%B1+%D0%B0%D1%80%D1%85%D0%B8%D1%82%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%83%D1%80%D0%BD%D0%BE%D0%B9_%D0%BA%D0%B0%D0%B7.html?MOD=AJPERES&useDefaultText=0&useDefaultDesc=0

  19. ҚР статистика агенттігі www.stat.kz

  20. www.google.kz

  21. http://www.saulet.astana.kz/taxonomy/term/1064

  22. http://baq.kz/kaz/news/cat/5/34

  23. Баспана мәселесінің қазіргі жағдайы // Халықаралық Бизнес Университетінің Хабаршысы, қаңтар- наурыз 2007, -№1 (3), 74- 76 б., 1,3 б/б.;

  24. Тұрғын үй құрылысы нарығының аймақтық дамуы мен болашағы // «Концептуальные основы современной эпохи и Казахстанская модель социально-экономического развития» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, «Туран» университеті, Алматы,18-19қазан 2007,256-261б.

  25. Тұрғын үй нарығын дамытудың шетелдік тәжірибесі // КазЭУ Хабаршысы, 2008, -№4 (64), 177-180 б.

  26. Алматы құрылыс сайтыhttp://almaty.kz/page.php?page_id=2055&lang=3

  27. Нарықтық экономикадағы тұрғын үй саясатының дамуы // «Экономика, бизнес және білім беру саласындағы жаңа үрдістер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Халықаралық бизнес университеті, Алматы, 8 қараша 2007, 93-96 б.

  28. Современное состояние и развитие рынка жилья в Казахстане // «Научное пространство Европы-2008» атты II-Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, Украина, 16-31 сәуір 2008, 25-30 б., 0,4 б/б.;

  29. Нарық жағдайындағы тұрғын үй жүйесінің экономикалық дамуы // «Ізденістер» Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті, 2007, -№ 4, 157-160 б.

  30. Жаңалық сайты http://www.bnews.kz/kk/news/post/28339/

  31. http://www.ads.gov.kz/kz/index.php?option=com_content&view=article&id=198:2010-08-31-04-22-58&catid=21:2010-01-19-06-57-59&Itemid=233

ҚОСЫМША

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде тәуелсіздік алған жылдардан бері құрылыс индустриясы қарқынды дамып, ел экономикасын өсіп-өркендеудің жоғары баспалдақтарына көтерді. Сонау бір тоқсаныншы жылдардың тығырыққа тіреген кезінде Елбасы тарихта теңдесі жоқ батыл бастама көтеріп, еліміздің астанасын Алматыдан Арқадағы Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. Сол кезде Елбасы «Құрылыс индустриясы қарқынды дамиды, ол экономикамыздың басқа салаларын дамытуға ықпал етеді», деп атап көрсеткен болатын. Уақыт тынысын тамыршыдай тап басатын тұңғыш Президентіміздің айтқаны келді, мақсат орындалды. Өткен жылы еліміздің ішкі жалпы өнімі көлемінде құрылыс саласының үлесі 8 пайызды құрады. Статистика агенттігінің дерегі бойынша, 2009 жылы құрылыс саласының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 4546,9 млрд. теңге болды. Бұл одан бұрынғы жылмен салыстырғанда 2,1 пайыз жоғары еді. Құрылыс-монтаж жұмыстарын игеру көлемі 1825,7 млрд. теңгені құрады. Тұрғын үй құрылысы саласына 290,4 млрд. теңге қаржы бөлініп, 6,4 млн. шаршы метр тұрғын үй құрылысы пайдалануға берілді. Кез келген елдің әлеуметтік әлеуетін айқындайтын көрсеткіш ‒ пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі. Елімізде тұрғындардың тұрмыс жығдайын жақсарту мақсатында тәуелсіздік алғанжылдардан бері тұрғын үй құрылысы саласын дамытуға барынша басымдық беріліп жатыр. Дағдарыс жағдайындағы мәселелерді ескере отырып, Қазақстан Республикасында 2008-2010 жылдары тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасына бірқатар толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, мемлекет тарапынан қамқорлық көрсетілуі тиіс азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жалға берілетін пәтерлер құрылысы көлемін арттыру мақсатында 15 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бұл жалпы көлемі 250,8 мың шаршы метр болатын жалға берілетін 3000 пәтер салуға мүмкіндік берді.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздің үлескерлерінің мүддесін қорғау мақсатында Үкімет бірқатар кешенді шараларды жүзеге асырды. Осы мақсат үшін мемлекет тарапынан 518,782 млрд. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен және Үкімет резервінен 215,782 млрд. теңге, Ұлттық қордан 240 млрд. теңге «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ 33 млрд. теңге, Стресті активтер қорынан 30 млрд. теңге аударылды. Республикалық бюджеттен және Үкімет резервінен бөлінген қаржы мына өңірлерге: Алматы қаласы әкімдігіне 62,7 млрд. теңге, Алматы облысының әкімдігіне 11,6 млрд. теңге берілді. Үлескерлерді қолдау мақсатында қабылданған осындай қолдау шараларының нәтижесінде 2007 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың маусымына дейін 62 мың үлескерлер қатысқан. Елімізде жеке меншік тұрғын үй құрылысының (ЖТҚ) үлес салмағы да соңғы жылдары едәуір артты. ЖТҚ-ның жалпы тұрғын үй құрылысы көлеміндегі үлесі бұрынғы жылдары 58-60 пайыз болып келсе, әлемдік қаржы дағдарысы салдарынан біршама қысқарып, 2010 жылы 51 пайызды құрады. Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй нысандары бой көтеретін аймақтардың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға 2006-2011 жылдары өңір әкімдіктері тарапынан 155,5 млрд. теңге, оның ішінде ЖТҚ салынатын аймақтарға 50 млрд. теңге қаржы бөлінген. Құрылыс саласын жандандыру арқылы біз ел экономикасының дамуына ықпал етіп қана қоймай, сонымен бірге халық мүддесін, оның ішінде үлескерлердің проблемасын шешуге қол жеткіздік. Дағдарыс жағдайында бірде-бір елдің мысалында мемлекет тарапынан үлескерлерге қолдау көрсету мақсатындағы кешенді шаралар белгіленген жоқ. Халық мүддесін бәрінен жоғары қоятын Елбасының қамқорлығының арқасында алаяқ компаниялардың алдауына түсіп қалған үлескерлер мемлекет көмегінің нәтижесінде пәтер кілттерін алуға қол жеткізді. Еліміздің даму стратегиясы аясында тұрғын үй құрылысын жандандыру арқылы халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға жан-жақты жағдай жасалынды. Үкіметтің тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында алға қойып отырған стратегиялық бағдарламасының мақсаты да осы болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Нұр Отан” партиясының 2009 жылғы 15 мамырда өткен кезектен тыс съезінде сөйлеген сөзінде еліміздің құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту мақсатында жаңа бағдарлама белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өткен жылы Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарда құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өнірісін дамыту жөніндегі бағдарлама жасалып, жүзеге асырыла бастады. Бағдарламаның негізгі мақсаты Қазақстанда тұрақты да жоғары мәдениетті құрылыс индустриясын қалыптастыру үшін қолайлы жағдай туғызу, тұрғын үй құрылысы саласының мәселелерін шешу мақсатында сапалы да қауіпсіз құрылыс материалдарын шығару, тұрғындардың басым бөлігін қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, тиімді, экологиялық таза құрылыс материалдары өндірісін одан әрі кеңейту және құрылыс саласына жаңа технологиялар енгізу болып табылады. Бұл бағдарлама 2010-2014 жылдар аралығында кезең-кезең бойынша жүзеге асырылады. 2010-2012 жылдар аралығындағы бірінші кезеңде құрылыс саласын қолдау және дамыту мақсатында инфрақұрылым базасын нығайту көзделініп отыр. Бағдарламаның 2012-2014 жылдарға арналған екінші кезеңінде құрылыс саласында қалыптасқан әлеуетті тиімді пайдалана отырып одан әрі дамыту мақсаты көзделініп отыр. Тұрғын үй құрылысы “Қазақстан-2030” Стратегиялық даму бағдарламасының ең басым бағыттарының бірінен саналады. Ол сонымен бірге жалпыұлттық мақсаттағы алда тұрған көкейкесті міндеттердің бірі болып табылады. Аталмыш бағдарламаны іс жүзіне асыру арқылы мемлекет халқымыздың басым бөлігін қолжетімді, атап айтқанда, бір шаршы метрі 56 515 теңгеден аспайтын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешпек. Бұл ретте пәтерлердің жалпы көлеміндегі бір шаршы метрінің бағасы өңірлер бойынша мемлекеттік сараптау жобаларын жүргізу арқылы анықталатын болады. Бағдарлама шеңберінде тұрғындарға банктер тарапынан сыйақы ставкасы төмен несиелер бөлу шаралары да қарастырылған. Үкімет қаулысымен қабылданған «Нұрлы көш» бағдарламасына қатысушылар үшін жергілікті атқарушы органдар белгіленген тәртіп бойынша 2010-2012 жылдар аралығында республикалық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен нөлдік ставка бойынша несие беру мәселелерін қарастырады. Еліміздің экономикасы дамып, әлеуеті артқан сайын халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндігінше басымдық беріліп келеді. Соның бір айқын көрінісі, еліміздің өңірлерінде соңғы кезде бой көтерген тұрғын үй құрылысы нысандары болып табылады. Мемлекет белгілеп отырған 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламада құрылыс индустриясын дамытумен қатар, тұрғындарды қолжетімді, арзан пәтерлермен қамтамасыз етуге де барынша қолдау көрсету шаралары белгіленген.

Сурет 9. Дерек көзі [31].