Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Древ лит.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
10.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать
  1. Рим империясының құрылу алғышарттары

  2. Римдегі жазба әдебиетінің қалыптасуын сипаттаңыз

  3. Ежелгі Римдегі Грек поэзиясының латын тіліне аудару тәжірибесі

  4. Б.з.д. ІІ ғ. жаңа кезеңге өту кезіңдегі Рим мәдениетінің жай-күйі?

  5. Рим драматургиясына түсіндірме беріңіз

  6. Ежелгі Римдегі шешендік өнер мен оның өкілдері

  7. Азаматтық соғыс дәуіріндегі әдебиетке тоқталыңыз

  8. Империялық бекіту кезеңіндегі әдебиет туралы не айтасыз?

  9. Екінші софистика, жанрлары мен өкілдері

15 Тақырып

Ежелгі Рим әдебиеті /жалғасы/

Рим әдебиеті өзінің сұрақтарына жауапты грек әдебиетінен тауып отырды. Римдіктер гректерден алған материалды өздерінің тарихына, идеологиясына, жергілікті мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне байланысты дамытты.

Рим әдебиеті грек және батыс Еуропа әдебиеттері арасына байланыс жасады. Қайта өрлеу дәуірінде де, ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда антикалық әдебиет тек рим әдебиеті арқылы танымал болды. Сол кездердегі грек драматургтары Эсхил, Софокл, Еврипидтен гөрі рим драматургы Сенека танымал болған, ал еуропалық эпостан Гомердің поэмалары емес, Вергилийдің «Энеидасы» көбірек танылған. XVIII ғасырда ғана грек әдебиетіне көңіл бөлінді, ал XIX ғасырда Рим әдебиетін дұрыс бағаламай, таза еліктеу әдебиеті деп қараған.

Екі әдебиеттің көп ұқсастығы болса да, Рим әдебиеті грек әдебиетінің жәй ғана көшірмесі емес. Оның да көп өзгешелігі бар. Рим әдебиеті грек әдебиетінің жанрларын пайдаланып, оларды өзтертіп, жаңа түрде дамытты. Мысалы, грек трагедиясында хордың қатысуы міндетті болды, ал рим әдебиетінде оның қажеттілігі болған жоқ.

Рим әдебиетінің дамуы, оның «алтын дәуірі», Рим империясының пайда болуы мен күйреуі антикалық әлемнің дамуының соңғы кезеңіне келді.

Рим әдебиетінің кезеңдерге бөлінуі әдеби латын тілінің дамуымен сәйкес келеді:

I. Ежелгі кезең Рим әдебиетінің пайда болуына дейін (б.з.д. 240 ж. дейін);

II. Архаикалық кезең. Цицеронның әдеби кызметіне дейін (б.з.д. 240-81 жж.);

III. Рим әдебиетінің «алтын дәуірі».

а) Цицеронның заманы - Рим прозасының гүлдену кезеңі (б.з.д. 81-43 жж);

б) Августың заманы - Рим поэзиясынын гулдену кезеңі (б.з.д. 43-14 жж.);

IV. Рим әдебиетінің «күміс дәуірі» (14-117 жж.)

V. Соңғы императорлық кезең (117-476 жж.)

Рим мифологиясы. Римдіктер Олимп құдайларына құлшылық етті, бірақ олардың аттарын өзгертіп алды. Мысалы, бас құдай Зевсті-Юпитер, теңіз құдайы Посейдонды-Нептун, өлілер патшалығының әміршісі Аидты-Плутон, неке, аналар мен балалардың қамқоршысы, Зевстің әйелі Гераны-Юнона, соғыс құдайы Аресті-Марс, сауда-саттықтың құдайы Герместі-Меркурий, сұлулық пен махаббат құдайы Афродитаны-Венера деп атады.

Публий Марон Вергилий (б.з.д. 70-19 жж.) - Римнің даңқты ақыны. Оның өмірі аңызға айналған. Вергилий солтүстік Италияда қолөнерші отбасында дүниеге келген. Алғашқы білімді Кремонада, соңынан Миланда оқыған, Римде риторикалық білімін жетілдірген.

Вергилийдің жас кезінде жазған өлеңдері «Ұсақ өлеңдер» деген шағын жинақ болып (ақын қайтыс болғаннан кейін). Бұл өлеңдер неотериктер поэзиясының және эпикур мектебінің әсерімен жазылған.

Вергилийдің алғашқы маңызды шығармасы «Буколиктер» («Бақташы жыры») б.з.д. 42-38 жылдары жазылған. Ақын жинағында идиллиялық өмірді (табиғат аясында тыныштықта өмір сүру) мадақтап, саясаттан аулақ болуға тырысады. «Буколиктер» дүниежүзілік әдебиетінде ерекше орын алады. Вергилий Рим әдебиетінде бұрын болмаған буколикалық жанрды енгізеді.

«Буколиктер» шығармасының арқасында Вергилий Рим ақындарының алдыңғы қатарына шығады. Ол Меценаттың үйірмесіне кіреді. Ақынның келесі шығармасы - «Георгиктер» («Егіншілер туралы дастан») император Октавиан Августке арналған. Вергилийдің жеті жыл жазған еңбегі төрт кітаптан тұрады (егіншілікке, жемістерді өсіруіне, мал шаруашылығына, бал араларды өсіруіне арналған). Шығармаларында ақын шаруаның еңбегін дәріптейді. Италия халқының тарихи қайраткерлерінің, табиғатының даңқын шығарады.

Әйгілі ақын Вергилий «Энеида» дастанын жазуда он жылға жуық енбек сіңіреді. Вергилий грек және рим мифтерін зерттейді. Бұл дастанда Троя қорғаушылардың бірі, әйел құдайдың баласы Эней туралы айтылады. Эней өрт-жалынға оранған қаладан асыл заттарды емес, өзінің әбден қартайған әкесін арқалап шығады. Әдеттен тыс шым-шытырық окиғалардан кейін, ол Италияға қоныстанады. Эней Римдегі грек оқытушылардан білім алады. Мектепте грек әдебиетінің классикасымен танысып, Гомердің поэмаларымен, драмалармен, шешендік сөздермеи, Цицерон философиясымен, грек және латын тілінде шешен сөйлеумен, грек тілінен аударумен және поэма жазумен машықтанады.

Эней өзінің болашағын болжаумен де айналысқан. Ол үшін өлілердің жер астындағы патшалығына түседі. Сол арада дана қарттың рухы Энейге оның ұрпақтары Римнің негізін қалайтынын және көптеген халықтардың аса қуатты әміршілері болатынын болжап айтады. Вулкан құдайы Энейге арнап қалқан соғып, оның бетіне Рим тарихындағы болашақ оқиғалар мен Августың салтанат құруын бейнелейді. Эней өзінің болашақ ұрпақтарын, олардың арасынан Римге тыныштық орнататын, тіпті Римнен шалғайдағы Халықтарды қаһарымен қалтырататын «құдіретті Августы» да көреді.

«Энеида» салтанатты және әуезді өлеңмен жазылған. Вергилии дастанда ерлікті, өз борышына адалдықты, үлкендерге деген құрметті дәріптейді. Ақын гректер мен римдіктердің діни нанымдарын, ежелгі аңыздарды империяны және Августың өзін әсірелей дәріптеу үшін шебер пайдаланады.

Марк Туллий Цицерон (б.з.д. 106-43 жж.) - атақты адвокат, шешен, жазушы, саяси қайраткер. Цицерон Лациум қаласында дүниеге келеді. Грек және рим әдебиетінің синтезі Цицеронның шығармашылығында жан-жақты іске асырылды. Цицеронның өте бай әдеби мұрасы сақталды. Олар саяси батытта, сотта сөйлеген 58 сөзі, шешендік өнер, саясат, практикалық және теориялық философия туралы 19 трактаты, аса маңызды психологиялық құжат, латын тілінің ескерткіші және Римдегі азамат соғысы туралы деректеме болып табылатын 800-ден астам хаты бар.

Цицерон адвокаттық қызметіне б.з.д. 80-ші жылдардың аяғында кіріседі. 63 жылы ол консул болып сайланады, сол кезден бастап оның беделі қатты өседі. Ол Сенатта басшы рөлін атқарады, Кіші Азияда проконсул болады. 48 жылы император Цезарь жеңгеннен кейін саясаттан қол үзіп, әдебиетпен айналысады. Сол кезде ол көптеген шығармалар: риторикалық («Брут», «Шешен» - римдегі шешендік өнердің тарихы, стилі туралы), философиялық трактаттар жазады. Цицерон Рим әдебиетінде бұрын болмаған көркем философиялық прозаны жетілдіруді мақсат етті. Ол этика, метафизика, тану теориясының әр түрлі мәселелерін қамтитын және көпшілігін грек философиясының ең маңызды бағыттарымен таныстыратын еңбектердің сериясын шығарады. Цицеронның маңызды жетістіктерінің бірі латын тілінің философиялық терминолоғиясын шығару болып табылады.

Б.з.д 44 жылдан бастап Цицерон қайта саясатпен айналысады. Оның атақты «Филиппики» еңбегі Антонийге қарсы күрестің әдеби ескерткіші болып есептеледі («Филиппики» деген атты Цицерон грек шешені Демосфеннің Филипп Македонскийге қарсы сөздерінен алған).

Цицерон еуропалық мәдениет тарихына үлкен ықпал жасады. Ол Рим прозасының асқан шебері болып саналады. Оның аты шешен деген сөздің синонимі болды. Цицерон еңбектері Қайта өрлеу дәуірінде, ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда жоғары бағаланды. Ол өнерді қорғаушы әйел құдай Афинаны - Минерва, аңшылық құдайы Артемиданы - Диана, ұсталық құдай Гефесті - Вулкан деп атады, бақыт құдайы Тюхэні - Фортуна, махаббат құдайы, Афродитаның ұлы Эротты - Амур немесе Купидон деп атаған.

Б.з.д. I ғасырдың соңы мен б.з. І ғасырдың басын Рим поэзиясының «алтын ғасыры» деп атайды. Римнің аса көрнекті ақындары осы уақытта өмір сүріп, өз шығармаларын жасап кетті.

Рим театрларында грек және рим драматургтарының трагедиялары мен комедиялары қойылады. Император Помпей Грециядағы театр жұмысымен танысып, солардың үлгісі бойынша Римде тастан қаланған алғашқы театр салдырады. І ғасырда Римде 50 мың көрермен сиятын атақты Колизей театры салынады. Грек жазушыларының шығармалары латын тіліне аударылады. Рим ақындарының өздері де көптеген тамаша дастандар мен өлеңдер жазады.

Гораций Флакк (толық аты Квинт Гораций) - (б.з.д. 65-8 жж.) Италияның оңтүстігінде Венузияда дүниеге келген. Ол азаттық алған құлдан туған. Рим және Афиныда білім алған. Азамат соғысы басталған кезде әскерге кетеді. Алғашқыда республикашылар жағында болғанымен, кейін император Августың сарай ақыны болады.

Гораций өлең жазуға б.з.д. 42-ші жылдан бастап кіріседі. 30-шы жылы ақынның екі жинағы шығады. Гораций «Одалар», «Сатиралар», «Хаттар», «Эподтар» т.б. кітаптардың авторы. Оның үш шығармасы әдеби тақырыпта жазылған.

Горацийдің өлең өнерін мадақтаған «Ескерткіш» одасы жаңа заман ақындарына үлгі болады (Т.Р.Державин, А.С. Пушкин т.б.). Горацийдің ақындық сырын ашқан «Поззия ғылымы» еңбегін кейін классицизм теоретиктері пайдаланған. Гораций мұрасы Еуропа поэзиясының әсіресе ХҮІ-ХҮШ ғасырларда лирика жанрының қалыптасуында аса зор рөл атқарды.

Б.з.б. I ғасырда Римнің ұлы ғалымы Лукреций мәңгі өлмес құдайлардың болуын жоққа шығарады. Ол әлемнің, адамның пайда болуын және адам қолымен жасалғанның бәрін ғылыми жолмен дәлелдеуге тырысады. Лукрецийдің пікірі бойынша табиғат атомдардан тұрады. Атомдар бір-бірімен қосылып, аспан денелерін, Жерді, тірі заттарды, адамдардың жанын құрайды. Ол денемен бірге өлетін жанның мәңгі өмір сүретінін жоққа шығарады.

Апулей Луций (б.з.д. 124 ж. шамасы - өлген жылы белгісіз) - Мадаврада туып-өскен атақты Рим жазушысы. Дәулетті жанұядан шыққан. Карфагенде риторикалық білім алған, Афиныда филолсофияны оқыған. Көп саяхаттаған. Римде адвокат қызметін атқарып, латын тілін үйренеді. Карфагенде тұрғап кезде үлкен жетістіктерге жетеді. Апулейге тірі кезінде үлкен ескерткіш орнатылады.

Философ және маг аталған Апулейдің шығармашылығы әр алуан. Ол латын, грек тілдерінде жазады. Оның философиялық, жаратылыстану тақырыптарына жазылған еңбектері, әр түрлі жанрда жазылған поэтикалық шығармалары бар. Апулейдің грек тілінде жазған шығармалары сақталмаған. Латын тілінде жазылған шығармаларының көбі бізге жеткен. Олар философиялық трактаттар және «Метаморфоза» немесе «Алтын есек» атты үлкен роман (қолжазбаларда роман «Метаморфоза» деп аталғап, IV ғасырдағы әйгілі христиан жазушысы Августин оны «Алтын есек» деп атайды). Әлем әдебиетіне Апулей «Алтын есек» романының авторы болып кіреді. Романда II ғасырдағы Рим провинциясы тұрғындарының тұрмысы, рухани өмірі бейнеленген. «Алтын есек» - Еуропа әдебиетіндегі бірінші психологиялық роман.

Сиқыршы қасиетінің арқасында жануарға айналып, одан қайта адам кейпіне оралған адам туралы фольклорлық аңыз антикалық әдебиетте Апулейге дейін болған. «Метаморфоздар» - грек шығармасының өңделген түрі. Апулей грек жазушысы Лукиан шығармасының сюжетін көптеген жаңа эпизодтармен кеңейтті. Апулейдің финалы да Лукианнан өзгеше.

Бас кейіпкер киген есектің маскасы адамдардың мінез-құлығын сатиралық түрде көрсету үшін үлкен мүмкіндік берді. Апулей шығармасында провинциялық коғамның таптарын әр түрлі жағдайларда көрсетеді. Ол құлдарды қатал пайдалануды жасырмайды, шағын жер иелерінің қиын жағдайын бейнелейді. Сонымен қатар, Апулей шығармасындағы дін мен театрға байланысты ойларының үлкен тарихи-мәдени құндылығы бар. Эпизодтары бай фольклорлық және новеллалық материалдар береді. Соның ішінде, романға теңелетін үлкен әңгіме (екі кітаптың көлеміндей) – «Амур мен Психея» туралы ертегі. Бұл халық ауыз әдебиетінде кең тараған ертетілік сюжеттердің бірі құбыжыққа тұрмысқа шыққан қыз келісімді бұзады. Күйеуі жоғалып кетеді. Әйелі оны іздеп кетеді де ұзақ саяхаттан кейін оны табады.

«Метаморфоза» романы орта ғасырда кең таралған. Апулейдің кейбір новеллаларын Боккаччо пайдаланған. Әсіресе, «Амур мен Психея» туралы ертегі үлкен жетістіктерте жетеді. Бұл сюжет кейіннен көркем әдебиетте кеңінен пайдаланылды (Лафонтен, Виланд, Богданович әдебиетте, Рафаэль, Торвальдсен - бейнелеу онерінде осы сюжетті пайдаланған).

Қорыта айтқанда, ежелгі Рим әдебиеті әлем әдебиетінің алғашқы дәуірлерінде ашқан жаңалығымен, соны пікірлерімен дара тұратын қаламгерлерімен ерекшеленді.

Цицерон (б.з.д. I ғ.)

Цицерон Марк Тулий б.з.д 103 ж. 3 қаңтарда Арпиумдағы Лациум каласында дүниеге келген көне римдік саясаткер, философ және керемет оратор-шешен. Цицерон өте ауқатты атбегінің отбасында туған. Інісі Квинтпен бірте жан-жақты білім алады. Алдымен Рим каласында білімін шыңдап, Элия Стиллоннан шешендікке оқып, кейіннен азаматтық құқық данышпаны Муций Сцевола Авгурдан заң білімін, сонымен катар көркем сөз өнері тәжірибесі білімін алады. Муций, Сцевола, Понтифекс есімді данышпандардың шәкірті болады. Цицеронды философия әлемімен таныстырушылар филондық Ларисса мен Диодот еді. Цицеронның жастық шағы сол замандағы байланысшылардың көтерілісі мен мемлекет ішілік саяси қақтығыс заманына тура келіп қалған. Өзінің б.з.д. 81 мен 79 жж. арасы мен 79-77 жж. аралығындағы бірінші рет халық алдындағы сөз сөйлеуі мен данышпандық жетістіктерінен соң Цицерон Треция мен Кіші Азияға саяхаттауға кетеді.

Өзінің алғашқы Афинадағы жылдарында Цицерон аскалондық Антихохпен және римдік эпикурлер Зенон мен Федралармен одан соң Апамейлік Пасидониамеи танысуы арқылы Родос қаласына жолдама алған еді. Родоста Молонның мектептеті риторика мен сөйлеу стилін үйренеді. Осы алған білімі Цицеронның өзінің жеке сөйлеу стилінің қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді. Римге оралысымен-ақ ол өзінің 75 жылдары бастаған саясат басқару жолында кажет атақ-даңққа қол жеткізу мақсатында өзініц данышпандық ілімін дамытады. 69 жылы ол эдил, ал 66 жылы претор, ал 63 жылы консул атағын алған болатын. Дәл сол 63 жылы Цицерон Катилиннің жарлығын жария етеді де, отан өзі қарсылық білдіреді. Жаңа саяси ғұрып бойынша, 60-шы жылғы І-ші Триумватордың жарлығымен және 59-шы жылы Цезарьдің консулдығының шешімімен Цицеронның билігі шектеледі.

Каталиннің заңсыз түрдегі өлім жазасына кесу жарлығына сәйкес Цицерон жер аударылып басқа қалаға кетуге мәжбүр болады. Алайда, кейіннен ол Римге қайта оралып өзінің тәркіленген жеке мүлігін қайтару жолында көп күш-жігерін жұмсайды. Сонымен бірге басқа да сот істеріне қатысады. Тек 50-51-ші жж. Кіші Азиядағы Каликия провинциясында ғана саясаткер дәрежесін алады. Олө өзінің жұмысын өте адал түрде атқарумен қатар, парфтарға қарсы соғыста жеңіске жетеді. Цезарь мен Помпей арасындағы азамат соғысында Цицерон Помпейдің жақтаушысы болады. Ол Помпейді республикалық идеалдың жактаушысы ден есептейді және соның артынан Грецияға жол тартады. 48-ші ж. Помпейдің Фарсалиден жеңілісінен кейін 47 ж. Италияға оралады және өзіне кеңшілік танытқан Цезарьмен достық қатынастарын қайта орнатады.

Цицерон көптеген отбасылық қиындықтарды басынан өткереді. 46-шы жылы өзінің бірінші жары Геремциймен ажырасып, кейін үйленген жас Публиямен некесі де сәтсіз болады. 45-ші жылы бірінші некесінен туган қызы Туллия қайтыс болады. Бұдан кейін ол тағы өзінің философиясымен, әдеби жұмыстарымен айналысып, жалғыздықта күн кешеді. Алайда, ол елде болып жатқан саяси жағдайларға бей-жай қарай алмайды. 44-ші жылы Цезарьдің қазасынан соң Цицерон өзін мемлекет жауы деп санайтын Марк Антониоға шабуыл жасайды. 43-ші жылы екінші Триумватордың бұйрығы бойынша, Антонио, Октавия мен Лепидтің арасындағы бәсекелестікте Антонио жеңіске жетеді де, өзінің дұшпаны Цицеронды өлім жазасына бұйырады. Цицерон 43-ші жылы 7 желтоқсанда, өзінің Формиядағы вилласына жақын маңда өлтіріледі. Цицеронның соңында қалған негізгі әдеби мұрасы - оның шешендік сөздері мен риторикалық шығармалары, философиялық трактаттары мен хаттары болып табылады. Цицеронның шешендік сөздерінің хронологиясы оның отыз жылдық шығармашылық өмірін қамтиды. Оның сөздері өзінің эрудициясымен, ұтқырлығымен, дәл тауып айтылатын әзілдерімен ерекшеленеді. Цицеронның ойшылдық ізденіс жемістерінен 58 сөзі толығымен және 20 шақты фрагменттері сақталған. Бұл сөздердің ішкі қуаты мен қасиеттерін есептемей-ақ, жалмылама түрде алғанда соттық және саяси деп екіге бөлуге болады. Бірінші топ бойынша ең белгілісі бұл Квинкцияны корғауға арналған сөзі. Бүл 70-71 жж. мемлекетте ұлы зорлықтар жүргізген Верра мен Сицилияның ісіне қарсы айтылған, кейін сөзі баспа бетінде жарыққа шыққан.

Сонымен Цицеронның жеткен барлық шығармалары екі кітапқа ғана арқау болады. Онда кейбір шешендік ойлардың мұрты бұзылмай сакталған және ақынмың Гермагордың грек риторикалық құралдары мен анонимді шығармаларымен танысқандығы атап көрсетіледі. Оның кітаптарында шешендік өнер тақырыбына жазылғап ең үздік шығармалары топтастырылып, бұрыннан келе жатқан даулы мәселе, көркем сөз шеберлігінің ерекше қасиеттері жайлы диалогтар келтірілген, яғни онда философия немесе ораторлық қасиет бір-бірімен қабыса ма деген сұраққа жауап беріледі. Цицерон осы екі көзқарасты біріктіре отырып, нағыз оратордың бойында іргелі философиялық білім болуы тиіс деген ой айтады.

Цицеронның жетісгігі, оның грек философиясын Римге таныстыруында ғана емес, сонымен бірге өз еңбектерінде грек философиясын Римнің дәстүрлі болмысымен қатар коя білуінде еді. Цицеронның корреспонденцияларының ішінде көлемі төрт том болатын мыңға тарта жазбасы белгілі. Сонымен бірге Цицеронның он алты кітаптан тұратын таныстарына жазған хаттарының құрамына өзі білмейтін адамдармен жазысқан хаттары да кіреді. Осындай жазбалар ішінен Цицеронның Катонға, Марк Лепидке, Азиния Полионоға жазған хаттарын кездестіреміз. Жинақтағы хаттардың айтарлықтай бөлігі оның досы Помпонио Аттикке арналған. Бұл барынша ашық әрі шынайы түрде жазылған және жазушының айналасын тануға көмектесетін хат болып табылады. Шағын ғана 3 томнан тұратын інісі Квинтке арналған жинақта, Цицеронның інісінің хатына жауап ретінде жазған жазбасы алғашқы провинция басқаруы жайлы толық мәліметтерге құрылған трактат болатын.

Цицеронның жазбаларын төрт мыңжылдықты қамтитын Римнің құлдырау заманындағы құнды мәліметтерді, адамгершілік қасиеттер және Цицеронның кеңпейіл жүрегінің лүпілін айқын аңғарамыз. Цицеронның поэтикалық шығармашылығынан тек қысқа үзінділер сақталған. Ал бірнеше ірі фрагменттері Аратея Араттың «Феномен» деп аталатын грек тіліндегі еңбегін аудару барысында жазылған поэмасында сақталған. Цицеронның прозалық шығармаларынан оның шеберлік шыңына көтерілгенін және ол бұл салада латын стилисттерінің арасыннан жеке дара озып шыққан. Римде Цицерон өмір сүрген кезең «Цицерон ғасырының әдебиет тарихы» деп аталады. Цицеронның шығармашылығы мен өзіндік қолтаңбасы Еуропа мәдениетін жасаушылар үшін үлкен үлгі болып саналады.

Цезарь (б.з.д. I ғ.)

Гай Юлий Цезарь - ежелгі Римнің саяси қайраткері, қолбасшы- жазушысы. Ол - патрицийлік Юлийлер әулетінің өкілі. Бұл Юлийлер әулиеті өздерін Венера құдайының ұрпақтары деп есептеген. Цезарь Сулла билеуші кезінде Римді тастап кетуге мәжбүр болады. Тек б.з.д. 78-ші жылы ғана Сулла кайтыс болғаннан кейін қайта оралып, саяси күреске араласады. Б.з.д. 73-ші жылы әскери трибун болып сайланып, халық трибундарының кұқықтарын калпына келтіру, Сулла кезінде қуғын-сүргінге ұшыраған марийшілерді ақтау жолындағы күреске белсене қатысады. Б.з.д. 68-ші жыды квестор, 65-ші жылы эдил болып сайланады. Ол көп шығынды қажет ететін ойын-сауықтар, театр қойылымдары, гладиаторлық шайқастар, қоғамдық түскі астар ұйымдастыру арқылы Рим азаматтарының арасында үлкен беделге ие болады. Б.з.б. 62-ші жылы претор, одан кейінгі екі жыл бойы Қиырдағы Испания провинциясының наместнигі болған кезінде мүлтіксіз әкімшілдік және әскери талантын танытады. Өзінің саяси жағдайын нығайту және консул сайлауында жеңіп шығуын қамтамасыз ету үшін неғұрлым ықпалды саяси қайраткерлер Помпей мен М.Краспен одақ құрады. Ол одақ бірінші Триумвит деп аталды. Б.з.д. 59-шы жылы консул болып сайланған ол бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешу және мемлекеттік құрылысты нығайту үшін кейбір заңдарды қабылдайды. Консулдық қызметтің мерзімі біткеннен кейін легион жинап. Цизальпин, кейіннен Нарбонн Галлиясы провинциясын басқарады. Б.з.д. 58-51-ші жылдары галл жорықтарының барысында Белгикадан Аквитанияға дейінгі аралықтағы Альпінің арғы жағындағы Галлия түгел дерлік жаулап алынады. Цезарь әскерінің саны 10 легионға дейін жетеді. Соғыста жүргеніне қарамастан Цезарь Римдегі саяси күреске де шебер араласа біледі. Б.з.д. 53-ші жылы Красс қайтыс болып. триумвират ыдырайды да жеке-дара билікке ұмтылған Цезарь мен Помпей арасындағы қарым-қатынас шиеленісіп кетеді. Екі жақтың тартысы бірте-бірте дәстүрлі сенаттық республикалық басқаруды жақтаушылар мен монархиялық тәртіпті аңсаушылар арасындағы күреске ұласады. Помпей сенаттық республикалық басқаруды жақтаушыларды, Цезарь олардың қарсыластарын басқарады. Помпей мен оның жақтаушылары Илерда, Фарсал, Тапс және Мунданы талқан қылып жеңген Цезарь Рим мемлекетінің басшысына айналады. Б.з.д. 44-ші жылы ол елде цензура орнатады және оның бүкіл жарлықтарын сенат пен халық жиналысы алдын ала мақұлдап отырады. Өз қолына бүкіл билікті алған Цезарь іс жүзінде басқарудың римдік республикалық формаларын сақтаған монархқа айналады. Цезардың құрметіне қойылған ескерткіште «Жартылай құдай» деп жазылады және ол қойылған күн қоғамдық мереке болып жарияланады. Цезардың жеке-дара билікті күшейтуге ұмтылуы республикалық пиғылдағы ақсүйектер өкілдерінің ғана емес, оның бұрынғы жақтастарының да қатты наразылығына ұшырайды. Нәтижесінде оған Г.Кассий мен М.Ю.Брутт бастаған 80-нен аса адам қатысқан топ қастандық ұйымдастырып, сенат мәжілісі кезінде өлтіреді.

Цезарь ел басқара жүріп жазушылыкпен де айналысқан. Оның екі шығармасы - «Галл соғысы жөніндегі жазбалары» мен «Азамат соғысы жөніндегі жазбалары» бізге жетті. Бұл шығармалардағы ойға құрылған тұтас композиция қарапайым, түсінікті баяндау, кейіпкерлердің нақтылығы, жекелеген адамдар мен халықтарды сипаттау, көркем шұрайлы тіл оның жай ғана әуесқой еместігін көрсетеді.

Шығармалардың оқиғасына тоқталар болсақ, олар өмірде шын болған оқиғаларға ұқсайды, себебі Цезарь оқырманның көзін жеткізу үшін арасында өзі басынан өткізген жайлар туралы жазып отырады. «Галл соғысы жөніндегі жазбалары» шығармасы алдыңғысынан бұрын жазылғанға ұқсайды.

Осы «Галл соғысы жөніндегі жазбалары» шығармасы ең бірінші Галлияны суреттеуден басталады, ондағы халықтар бөлінісі туралы жазады. Арасында олардың діндері «друидтер» туралы жазып кетеді. Ішінара галлдықтардың салт-дәстүрлері туралы да жазылады. Мысалы, еркек үйленгенде әйелінің жасауымен келген ақшаға сондай көлемдегі акшаны өз мүлкінен қосады да, оны отбасылық ортақ капиталға айналдырады не күйеуі әйелі мен балаларының өмірлік құқығына жауапты болып табылады. Содан кейін ғана соғыстың басталуы туралы баяндалады. Жазбаның соңында галлдықтар үшін бұл соғыс еш нәтиже бермегендіктен, олар Цезарға мойынсұнып, қаруларын тастайды.

Цезардың бізге жетпеген сөздері мен хаттарының жинақтары, екі памфлеті, бірнеше өлеңмен жазылған еңбектері, грамматика жөніндегі трактаты болғаны белгілі. XIX ғасырға дейін Еуропаның әскерилері Цезардың әскери өнерін оқып үйренді. Наполеон Цезардың еңбектерін әрбір офицер білуге тиісті деп есептеген. Цезардың стратегиясына негізгі соққы бағытын дұрыс анықтай білу, қарсыластардың алауыздығын пайдаланып, оларды жеке-жеке талқандау, батыл стратегиялық айла-тәсілді жүзеге асыру, жаяу әскер мен флоттың бірлескен қимылын ұйымдастыру тән.

Лукреций (б.з.д. I ғасыр)

Тит Лукреций Кар шамамен б.з.д. І-ші ғасыр, яғни 98-55 жылдар аралығында өмір сүрген. Лукрецийдің өмірі жайлы көп мәліметтер жоқ. Ол - ежелгі Рим ақыны, материалист-философ. Лукреций - Эпикурдың ізбасары, шәкірті, оның іліміне бас ұрып, уағыздаушы. Ұстазының материалистік көзқарасын «Заттардың табиғаты туралы» деген философиялық поэмасында баяндап, дамытып отырған. Поэмада негізінен әлем дүниесі және оның құрылысы туралы біртұтас материалистік көзқарасы баяндалады. Лукреций өмір суретінің бәрінің негізінде материя жататындығын және олардың объективтік заңдылық бойынша дамитындығын көрсетеді. Заттың мәңгілігі туралы заңда барлық заттар ілімнің негізі деп саналады.

Лукреций материяның атомдық құрылымы туралы ежелгі материалистердің ойларын жақтады. Оның ілімі бойынша, жоқтан нәрсе пайда болмайды, барлық заттар өте ұсақ материалдық бастамадан пайда болып, өсіп-өркендейді. Лук-рецийцің пікірінше, әлем дүниесі әр түрлі жеке денелердің бір-біріне тіркесіп, жалғасуы арқылы ғана пайда болады. Материялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың барлығы да соның ішінде өзгереді.

Лукрецийдің дүниеге материалистік көзқарасы көптеген прогресшіл ғалымдарға игі әсерін тигізді. Ол қайта өрлеу дәуірінде, Франциялық революциялық буржуазия дәуіріне әйгілі болған. Әсіресе XVIII ғасырда Француз материалистері, қай-қайсы болмасын оның поэмаларын діндерге қарсы пайдаланып, одан дәлелдер келтіріп отырған. Тіпті романтик Ф.Шлегель Лукрецийдің материализмін талқылай отырып мынадай пікір айтады, «Ол римдікгер арасынан рухтану және асқақтық, қарыштау жағынан бірінші орын алады, кейде әнші сияқты және табиғат суретшісі».

Лукреций тек философ қана емес, сонымен қатар акын. Ол дидактикалық-философиялык «Эпидокла» және «Парменида» поэмасын жалғастыра отырып, ғақлиялық түр таңдап, нақты образ және антология арқылы философиялық ережені шебер ашып береді, онда «Эннияның ояну дәуірінің уәкілі» дәстүрін жаңғыртады. Оның поэмасының тілі дидактикалық гексаметрмен жазылған (гексаметр ежелгі грек өлеңдерінің алтысатылы түрі; орыста поэзия дәстүрінде бұл түр кездеседібар), поэмада неологизмдер және архаизмдер мол.

Эпикурдың ғылыми ілімі Лукрецийді өте қызықгырды. Ол Эпикурдың материалистік насихаттаушысы және орасан зор ғылыми құндылықты бейнелейтін поэмасының арқасында антикалық материалистік философиялық басты жағдайларды да айта білген, ол осы уақытқа дейін сақталуда.

Шығарма өте үлкен шабытпен жазылған. Ол өзін жаңа дүниені алғашқы тапыстырушы ретінде сезінеді. Ол Эпикурдың бойынан жоғары дәрежедегі даналықты көреді. Лукрецийдің айтуынша, Эпиикур философиясы оқыған адамдарға арналған абстракты жүйе емес, әрбір қарапайым адамның бақыты үшін бағытталған үгіт-насихат. Ол адамдарды өлім қорқынышынан тартара жазасына сенуден, қатаң ғұрыпқа негізделген діни сенімдерден аулақ болуға, одан құтқаруға үгіттейді. Лукреций адамдардың саналы болуын, ғасырлар бойы адам санасын билеген жалған жайттардан арылуды қалайды. Адам дүниедегі өзі басқаратын заңдарды түсінген кезде ол басқаша көзқараста болады делінген.

Поэма алты кітаптан тұрады. Бірінші кітанта атомдық теория баяндалады. Акын ғаламда атом мен бос кеңістіктен басқа ештеңе жоқ екенін бекітеді.

Екінші кітабында атомның мәңгілік қозғалысынан бізді қоршаған әлем пайда болады. Ең үлкен ғаламда жер тек кішкентай шаң сияқты делінген.

Үшінші кітабында адам жаны мен рухы жайында баяндалады. Ақын жанды материалды ұсақ атомдардан тұрады және ол денемен бірге өледі деп дәлелдейді.

Төртінші кітабында сезімдер туралы айтылады. Лукреций сезімдерді нақты заттардың материалдық көрінісі ретінде қарайды. Қысқасы көрінетін, сезілетін заттардың материалдық көрінісі сезім мүшелеріне еніп, әр түрлі түсініктер қалыптастырады делінген.

Бесінші кітабы мәдениет және жер тарихына арналған. Оның айтуынша, мемлекет қоғамдық дамудың сатысында пайда болған, ал тіл адамдардың қарым-қатынасқа деген қажеттілігінен туғанын айтады.

Алтыншы кітабында жаратылыстану ғылымының негізінде табиғаттағы жер сілкініс, боран, қуаңшылық, көшкін, найзағай, күн тұтылуы сияқты дүлей күштерді зерттегендері туралы айтылған.

Поэма толық аяқгалмай қалған, Лукреций қорытындысын жазып үлгермеген. Оның дүниеге деген материалистік көзқарасын осы поэмадан көруге болар еді. Ол өзінің материалистік дүниедегі заттарды жете түсінді. Лукреций шығармасында ойын ашық, айкын жеткізу үшін лайықты сөздер мен нақты мысалдар келтіру үшін көп еңбектенеді.

Материалистік теория, антикалық, поэзия адам өмірінде болып жатқан нақты процестердің көрінісін ашады. Әр түрлі заттардың пішіні мен түсі, қар басқан таулардың суреті нақты көрініс табады және теңіздің шексіздігі, оның дыбысы, бұлттардың әрқилы бейнесі осының бәрі Лукреций поэмасы құндылығымен, маңыздылығымен танылады.

Антикалық материализм құдай барын жоққа шығарған жоқ, бірақ олар атомдардан тұрады делінген. Бұл дегеніміз материалистік көзқараспен, яғни Лукрецийдің көзқарасымен құдай кұдіретсіз және ол мәңгілік емес. Сонымен қатар, бұл философтардың айтуынша, құдай керемет тыныштықта және ол адам өміріне еш араласпаған. Эпикур мен Лукреций осындай пікір айта келіп, поэмасында адамдар құдайдың көмегінсіз бейбіт өмірі үшін күресе білген деген. Олар өздері баспана салды, жанұя құрды және сөйлеу мен мәдениетті үйренді, өздері от жасады делінген. Бірақ осылардың барлығы құдайдың көмегінсіз және оларға еш жаза болмайды, өлген соң Тартараның қорқынышты тозағына бармайды, құдайға сиыну артық делінген.

Катулл (б.з.д. I ғ.)

Б.з.д. екінші ғасырдың соңынан бастап, яғни біздің заманымыздың алғашқы ғасырына дейінгі уақытта поэзия өзінің жетекші ролін жоғалтты. Оның себебі, бірінші ғасырдың 50-ші жылдарында жаңа бағыттың өркендеуі, яғни оның жақтаушыларының әдебиеттегі біріктірілген үйірмеге кіруі. Осы жаңа топтың ең көрнекті қатысушылары: ақын және сауат ашушы - Валерий Катон, одан соң мектептің идеялық басшысы, ақын әрі шешендер Кальв, Цинна, Катулл.

Неотериктер жаңа бағыт ақындарының шығармашылығын мәңгілікке қалады деп өздерінің сенімділігін жиі білдіріп отырды. Бірақ бұл тағдыр тек бір ғана жақтаушысына бұйырды. Ол осы ғасыр әдебиетшілерінің санауынша өз кезеңнің ең талантты өкілі - Гай Валерий Катулл.

Гай Валерий Катулл б.з.д. 1 ғасырдың 80-ші жылдарында Верон қаласында дүниеге келген. Сол кезде Верон қаласы Италия құрамына кірмеген соң «цизальпиялық Галии» деп аталатын.

Катулдың әкесі римдіктермен қарым-қатынасы болған дәулетті адам болғандықтан оның ұлы белгілі римдік қоғамға кіруге мүмкіндік алады. Жас ақынның саясатқа басында талғамының төмен болғанын көзқарасынан көрінеді. Ол өз уақытын көбіне әдеби үйірмелердің жас өкілдерімен бірге өткізеді.

Катулдың әйелге деген махаббатының ауыр уайымы оның маңызды оқиғаларының арасынан ерекше орын алады. Оның өлеңдерінде «Лесбия» деген жалған атпен көрініс тапқан бүркеншік аттың астарында Клодия деген бикештің образы жасырынған.

Катулл өмірдегі ұстанымы үлкен шығынды талап еткен соң, ол 1 ғ. 50-ші ж. претор Меммия қоғамына қосылып, өзінің материалдық хал-жағдайын көтеру үшін Виаринияға қоныс аударады. Сол жол-сапар уақытында Катулл Трояда қайтыс болған ағасының қабіріне барып шығады. Катулл Римге келген соң неотериктер үйірмесінде бірнеше ақын өзінің өлеңдерімен Цезарға және оның қолдаушыларына қарсы шығады. Ал Цезарь әрқашан дарынды адамдарды өз жағына тарта білген еді. Сондықтан бұл оқиға Катулл мен Цезардің арасындағы достықпен аяқталады. Осы оқиғадан кейін б.з.д. 1 ғ. 54-ші жылдарына қарай Катулл қайтыс болады.

Катулдың әдеби мұрасы үшке бөлінеді. Біріншісі көлемді ғылыми стилдегі шығармалары. Екіншісі қысқа өлең-сатиралары, олар өз кезегінде эпиграммалар, «полиметралар» деген екі бөлімге бөлінеді. Катулдың бізге дейін жеткен өлең жинағында басында «полиметралар», аяғында «эпиграммалар», ал ортасында көлемді өлеңдері орналасады. Автор көбіне өзінің бар назарын ғылыми шығармашылығына бөлген.

Лирикадағы антикалық дәстүрге байланысты Катулл полимстраларын әрдайым біреулерге арнайтын. Мысалы: достарына, жауларына, сүйіктісіне, жансыз затқа және өзіне деген сияқты. Элегиялық өлшемдегі қысқа өлеңдер, эпиграммалар және қысқа элегиялар, сабырлы сарынға негізделінеді.

Катулдың негізгі қалам тербеген тақырыптарының бірі махаббаттық лирикасы. Оның махаббат тақырыбында жазылған өлеңдері бәрінен бұрын Лесбияға арнлған.

Ал екінші негізгі лирикалық тақырыбы - белгілі бір адамдарға қарсы аяусыз әжуа. Ол әжуа өлеңдерін «ямбалар» деп атайтын. Ол өз кейіпкерлерінің бойындағы ұрлық, салақтық, физмкалық кемістіктер т.б. кемшіліктерін тілге тиек ететін.

Б.з.д. 1-2 ғғ. өзінде Катулдың өлеңдері тамаша жетістіктерге ие болды. Катулдың туған қаласы Веронда сол кездегі өлеңдер жинағының бір данасы сақталған. Ол дана 14 ғ. басында көптеген ескі заттардың арасынан табылған. Еуропаның ең ірі деген лирик ақындары Катулдың шығармашылығына бас иіп, үлкен құрметпен қарайды. Оның өлеңдерін А.С.Пушкин сүйсіне оқып, әрі аударған. Ал А.Блок Катулдың «Аттисса» деген шығармасына өзінің жалынды тілегін арнаған.

Вергилий

Публий Вергилий Марон (б.з.д. 70-19) Рим империясының әйгілі ақындарының бірі. Вергилийдің өмірі тірі кезіндеаңызға айналған. Оның әкесі бірде, бірде тағы басқа жұмыс істеп, көп еңбегінің арқасында жекеменшік жер иелеігіне ие болған. Ол жер Мантун қаласының маңында.

Бастауыш білімді ол көрші қала Кременодан, кейін Миланда, Солтүстік Италия орталығында, ал 50-ші ж. Соңына қарай өзінің білімі мен дүниетанымын жетілдіру үшін Римге қоныс аударады. Адвокаттық мамандыққа оқығанмен, ораторлық қабілетінің болмауынан жетістіктерге жетпеді. Ол табиғатынан биязы, ұялшақ адам болған делінеді.

Жас кезінде Вергилийдің ойы екі идеяның әсерінде болады, сондықтан бір жағынан ол неотерикалық поэзия бой ұрса да, кейде жаңа стильдегі лирикалық та, сатиралық та өлеңдер жаза бастайды.

Жас кезінде жазылған өлеңдерінен тек қайтыс болғаннан кейін ғана «Ұсақ өлеңдер» деген жинағы жарық көреді.

Оның шығармашылық ғұмырына екінші әсер етуші фактор ол - эпикурлық мектеп болатын. Ол мектеп Вергилийдің поэзияға деген құштарлығын оятады. Ал поэзия Вергилийдің өмірде ұстантан мақсаты мен шығармашылығының іске асуы жолындағы орны бөлек жанр еді. Осы мектепте жүріп, ол ақын Вариймен танысып, онымен тығыз қарым-қатынаста болады. Вергилий Рим империясының күйреуін өз көзімен көрген куәгерлердің бірі.

Вергилийдің негізгі үш жыры бар. Олар:

  1. « Бақташы жыры»

  2. «Егіншілік туралы дастан»

  3. «Энеида»

Бірінші жырында - негізгі идеясы идиллиялық өмірді мадақтап, саясаттан аулақ болуға тырысты. Жыр «Бакташы жыры» немесе «Эклог» деп аталады. Себебі бұл жыр - 10 эклогтан тұрады.

Бұл эклогта Мелибий деген қойшы өз Отанын тастап кетеді. Өйткені мемлекет оның жерін азамат соғысына қатысқан ардагерлерге тартып алып берген еді. Ал оның досы Титир деген қойшы өз жерін ешкімге бермей сақгап қалады (Титир - автордың өзі). Вергилийдің өмірінде осындай жағдай болған. Сондықтан автор римдік кезеңді сұрықсыз заман ретінде көрсетеді.

V эклогта Асиний Полион «алтын ғасыр» келе жатқанын естиді. Бұл болашақ Августың бейбітшілік саясаты еді. Олар бұл баланың туылуын екі отбасынан күтті. Бірі Октавиана отбасында, екіншісі Асиний Полион жанұясында. Брундисейлік бейбітшілік осы баланың өмірге келуімен суреттеледі. Бүл Октавиан мен Антонидің достасуына әкеледі. Асиней Полион отбасында бұл бала туылады. Бірақ «бала» шынайы өмірде болмаған қиялдың жемісі еді.

X эклогта Корнелей Галло деген махаббат күйігіне өртенген бейнені көреміз. Оқиға жырды түйіндейді.

Екінші «Егіншілік туралы жырда» (б.з.д. 36-24 жж.) - «рахат» өмірді шаруалар еңбегінен іздейді. Ақын осы жазу үшін шығармасын жеті жыл күткен, тек 29-шы жылы Акциумдағы шайқастан кейін ғана қолына қалам алады. Бұл шығарма 4 кітаптан тұрады.

1-ші кітабында Меценат меп Октавианда жер жырту, жердің тыңайтылуы,. егіншілік, тұқым себу, жыл мезгілдері, күз түралы айтылады. Ал кітабының соңында ол Цезарьдің өлімі жайында және Августты мадақтаған арнауын жазады.

2-ші кітабында бағбандық, ағаштардың өсірілуінің топыраққа байланысты әртүрлілігі, әсіресе жүзімге деген күтім жайында айтылады. Италияны мадақтау, Меценаттағы көктемді суреттеу және бақытты өмір кешкен егінші және диханшылар жайында жазады.

3-ші кітабында мал шаруашылығы, соның ішінде сиыр, жылқы және олардың күтімі жайында, одан соң қойлар мен ешкілер жайында және олар ауыратын аурулар жайында, өгіздердің сүзісі, оңтүстік пен солтүстікте тұратын шопандарды салыстырып жазған.

4-ші кітабы ара өсіру, олардың өмірі, олардың көбеюі, олардың әрекегі және аурулары жайында. Осы төртінші кітапта Аристи, Орфи және Эфридика жайында мифтердің кездесуі, Октавиандағы соғыстардағы жеңістері жазылады.

Үшінші жыр «Энеида» да «Илиада» мен «Одиссеяға» ұқсас поэма. Бұл поэмада император Августтың «түп атасы» Энейдың жорықтары мен шайқастары жайлы баяндайды. Негізгі кейіпкер қашқын, өзінің Отанының күйреп жатқанын көре тұра қашып кетеді. Антикалық биографтардан Вергилий кітабын он екі бөлімді құрайтынын білдік. Б.з.д. 19-шы жылы «Энеида» дайын болуға жақын қалған еді. Автор енді қалған өмірінде осы шығарманың кем-кетігін толтырумен айналыспақ ойы бар болатын. Бірақ қапыда келген ажал бұл жоспарына жеткізбейді. Грециядан қайтар жолда Вергилий ауырып, халі өте нашар күйінде Брундизийге жеткізіледі. Сонда 19-шы жылы 21 қыркүйекте қайтыс болады. Ол өлер алдында өзінің бітпей қалған поэмасын өртегісі келеді және өзінің баспаға берілмеген жұмыстарын жарыққа шықпасын деп өсиет етеді. Бірақ Август бұл өсиетке қарсы болып, барлық қалған еңбегін оның ақын достарының қолына ұстатып, бастыруға тапсырыс береді.

Екі бөлімнен тұратын «Энеида» сюжеті былай өрбиді: Бірінші Энейдің ел аралап жүруі, екінші Италиядағы соғысы. Әр бөлім алты бөлімшеден тұрады. Бірінші жартысы «Илиадаға» ұқсас болып келеді. Эней трояндық батыр, құдайлардың шешімі бойынша тірі қалуға тиіс болады. Троя құлағанға дейін ол Италияға келіп, Римдік мемлекет негізін қалайды. Эней ел аралап жүріп Юнонның қарғысына ұшырайды. Юнон ғасырлар бойы римдіктерге жау болған және Карфагеннің қорғаушысы. Эней Италияға жақындағанда қаһарлы Юнон қатты дауыл жібереді. Трояндықтардың қайық кемелері быт-шыты шығып, өздері белгісіз жағалауға келеді. Осы кезде Юпитер Венераға Энейдің тағдырын, оның болашағы бар екенін, римдік державаның ұлылығы жайында айтады. Венера Энейдің шешесіне қанша қамқор болса да, Юнонның әскеріне қарсы тұра алмайды.

Бірде Эней мен оның жолдастары қатты қуанады. Өйткені олар Карфагеннің маңайындағы Ливин қаласына жеткен еді. Бұл қала әйел ханшайым Дидонаның арқасында құрылған. Бұл әйел Тирадан қашып кеткен, оның күйеуі Сихейді өзінің ағасы Пигмалион өлтіреді. Ол Трояның құлағанына қатты қапа болады. Дидонаның айтуы бойынша Юнонға салынған ғибадатханада Троя қаласының анық және қайғылы көріністері бейнеленген.

Оны Энейдің тағдыры қатты қызықтырады да одан басынан кешкен оқиғалары жөнінде айтуды сұрайды. Соңынан ол Энейге ғашық болып қалады. Осымен бірінші кітап аяқгалады.

2-3 кітаптарда Энейдің әңгімесі арқылы Трояның құлауы суреттеледі. Эней басында әскер құрып ұрыска кіріскенімен, ақыр аяғында әкесін арқалап, тағы бірнеше серіктерін ертіп қаладан кетуге мәжбүр болады. Кейін Эней қайтадан Италияға сапар шегеді. Олар Сицилияга келгенде әкесі Анхис қайтыс болады. Жолда Юнонның дауылы жайында айтылады.

4-ші кітапта Дидонаның Энейге деген махаббаты суреттеледі. Онда Дидона Энейдің батылдығына, өткірлігіне сүйсінсе, бір жағынан қайтыс болып кеткен күйеуіне берген серті оны әбден қинайды. Бірақ Эней ол жерден кетіп қалғанда, күйікке шыдамаған ханшайым Энейдің сыйлыққа берген қылышымен өлтіреді.

5-ші кітапта Эней қайтадан Сицилияға келіп, әкесінің жылдығын береді.

6-ші кітапта Эней Италияның маңына жақындағанда Кум деген қаланың тұсына тоқтайды. Бұл жерде Аполлонның әйгілі аракулы болады. Эней бұл жерде өлілер патшалығына әкесін көруге барады. Анхис Эней меи Сивилланы ертегілер еліне жібереді. Одан соң олар қайтып ле аралап жүріп Латын патшалығына тап болады.

7-ші кітапта Энейге қарсы тайпалар мен оның басшылары арасындағы әңгіме негіз болады. Олардың арасында Амата, Турно, өзінің балаларымен Мезентий, Камила Пенфесили болады.

8-ші кітапта болашақ Рим жеріне біртіндеп шаруа халықгың қоныстануы бейнеленеді. Бүл жерді кәрі грек Эвандр Аркадий басқарады. Венераның Вулканға тапсырысы бойынша Энейге қару-жарақ дайындатады.

9-шы кітапта италияндықтардың жері бірте-бірте трояндықтардың қолына өтеді. Ондағы ең үздік эпизод сол жолы трояндық Ниса мен Эвриаланың арасындағы достык, батырлықтың суреттелуі. Олардың қаһармандығын бейнелей отырып, ерлікпен өліміне дейін көрініс табады.

10-ші кітапта қым-қиғаш шайқас суреттеледі. Палиамт Турнаның қолынан, ал Лавс мен Мезентий Энейдің қолынан қаза табады. Камиланың өлімі де осында айтылады.

11-12-ші кітаптарда Эней мен Турна арасындағы күрес баяндалады. Юнон Турнаны жеңгені үшін Энейге қарсылық көрсетпейді, бірақ латынм тілі және латын дәстүрін қабылдауын сұрайды.

Вергилийдің классикалық үлгіде жазылған шығармасы «Энеиданы» орыс қаламгері В.Брюсов зерттеп, орыс тіліне аударған.

Гораций (б.з.д. I ғ.)

Квинт Гораций Флакк б.з.д. 5-ші ж. 8 желтоқсанында Италияның оңтүстігіндегі Венузия жерінде дүниеге келген. Оның толық аты өзінің «Мерейтойлық әнұранға» деп аталатын б.з.д. 17-ші жылы жүз жылдық ойындарға арнап император Августтың тапсыруымен жазылған жұмыстары мен жазбаларында анық берілген. Горацийдің әкесі оның көзқарастарының толық дамуына үлкен әсер еткен. Ал анасы туралы Гораций көп айтпайды, оның орнына өзінің тәрбиешісі Пуллияны көбірек еске алады. Горацийдің бала кезінде әкесі провинциядағы тыныш тіршілікке қанағаттанбай, баласының болашақ өмірін ойлап, Римге көшіп кетеді.

Гораций - барлық білім баспалдағынан өткен кемел адам. Басында кәдімгі Римдегі Орбилия мектебінде алғашқы оқуын бастап, сол жерде ол Ливий Адроник пен Гомердің «Латындық Одиссейін» оқиды, содан кейін Афиныдағы Платон академиясында грек әдебиеті және философиясымен айналысады Бұл академия сол кезде Афиныдағы мансабы биік жоғарғы оқу орны болып саналған. Афиныда ол грек тілін өте жақсы меңгереді, тіпті сол тілде өлеңдер де жазады.

44 жылдың күзінде Цезарды өлтірілгеннен кейін болған азаматтық соғыс Горацийдің философия және грек әдебиетімен айналысуына кедергі келтіреді. Осыдан жарты жылдан кейін Афиныға Брут келеді. Ол өзінің лекцияларында Цезарь және оның тараптастары Октавиан және Августқа карсы шығады, Цицерон сияқты Гораций де Брутты қолдайды.

Гораций Бруттың армиясының құрамында бола отырып ол күтпеген жағдайда армия трибунасына айналады, яғни легион командирі болады. Бұл міндетті ол кездері тек қана басшы және сенаторлардың балалары ғана атқарған. Сол кезде ол әкесінің ақшасын қоспағанда 400 000 ценза ақша алып отырған.

44-ші жылдағы Филиппадағы Брут пен Кассия арасындағы қақтығыс олардың екеуі де өз-өздерін өлтіруімен тынады. Осыдан кейін Гораций өзінің іс-әрекеттерін қайта ойластырып, бұл бағытга өз жұмысын жалғастыруды тоқтатады. Гораций өзінің одаларында бұрынгы достары туралы көп айтады және Помпейді көбірек еске алады.

41-ші ж. ол өзінің Отанына қайтады. Ол кезде Венузия Цезарь ардагерлеріне берілген қалалар тізімінде болатын. 40-шы ж. Брут жақтастарына жарияланған амнистиядан кейін Гораций Римге оралады және сол жерде тұрақтайды. Оның кедейлік туралы ойлары поэзиямен айналысуға итермелейді, бірақ Гораций экономикалық жағдайынын нашарлығына қарамастан мемлекеттік қаржылық басқаруға жұмыска кіруге әрекет жасайды. Алғашында күнкөріс үшін хатшы болып қызмет атқарады.

Алғашқы өлеңдерін 39-38 жж. латын тілінде жазудан бастайды. «Сатира» бастамасы болған гексометрикалы, «Эподтарының» бастамасы болған ямбалы туындылары жарыққа шыға бастайды. Горацийдің әдеби ізденістері оның классикалық қозғалыспен қатар жаңғыра бастайды. Өйткені Гораций П.Вергилий Марон және Л.Варий Руф басқарған классикалық қозғалыстың өкілі болады.

Біраз ой бөліскенен кейін Меценат Горацийді өзіе жақын тартады. Августтың жасаған әлеуметтік және саяси реформаларына Гораций үлкен жауапкершілікпен ықыласын бөледі.

Светонийдің куәгерлігіне сүйенсек, Октавиан Август Горацийге өзінің жеке хатшысы болуды ұсынады. Гораций оның ұсынысымен келісе отырып, оған өзінің жеке тәуелсіздігіне және еркіндігіне қол сұқпауын ескертеді. Гораций өзінің поэзиясында Меңенаттың әлеуметтік статусына қарамай онымен тек достық және адал қарым-қатынаста болғанын айтып өткен, ол Меценат екеуінің арасындағы патрон-клиент катынасы деген қалыптасқан қағидалы бұзуға тырысады. Гораций ешқашан басқаларға зияны тиетін зұлымдық жасамаған. Ол тіпті өзінің Меценатпен достығын пайдаланып, Меценат конфискациялаған әксеінің статусын қайта қалпына келтірді.

Меценат және оның айналасындағы адамдармен араласа жүріп, Меценаттың мықты сеніміне ие болады және одан көмтеген сыйлықтар алады. Б.з.д. 31-ші ж. 2 қыркүйекте Гораций Акцийда болған қақтығыста Меценатпен бірге болады. Сатира аралас жазылған 17 топтамадан тұратын өлеңдері б.з.д. 30-шы ж. «Сатиралар» жәнс «Эподтар» деп аталатын екі кітабында басылып шығады. «Эпод» екі өленнің бір-бірін жалғастыруын білдіреді, яғни қысқа өлеңдерді ұзын өлеңдер жалғастырып әкетеді. Бұл өлеңдерді Гораций «ямбалар» деп атаған. Бұл ямбалардың үлгісі б.з.д. VII ғ. грек ақындарының ямбасы Архилохтан басталады. Гораций өзінің шығармашылық жолын александрийлік үлгімен емес, ежелгі грек классикасынын үлгісімен бастайды. Себебі ол кездегі уақыт пен қоршаған орта тенденциясы александрийлік үлігімен сәйкес келмейтін еді.

Б.з.д. 23-20 жылдар аралығында Гораций Римнен өзін алшақ ұстауға тырысады. «Таза поэзияны» тастап, өзінің «Сатираларындағы» жартылай философиялық «прозаикалық музаларына» орала бастайды. Сол уақытта Гораций жиырма өлеңнен тұратын алғашқы «Жолдау» атты кітабын жазады. Ол б.з.д. 20-шы ж. жарыққа шығады. Б.з.д. 20-шы ж. соңы мен 19-шы ж. күзінде Горацийдің Юлия Флорға жолдауы жарық көреді. Осының арқасында оның екінші «Жолдау» атты кітабы да окырманға ұсынылады.

Б.з.д. 17-ші ж. ел керемет салтанатпен «ғасырлық ойындар», яғни азаматтық соғыс кезеңінің соңы мен Римнің өркендеуінің жаңа дәуірін, «ғасыр жаңаруын» тойлайды. Август Горацийге мерекелік рәсімге әнұран жазуды тапсырады. Салтанатты «Мерейтойлық әнұран» б.з.д. 17-ші ж. 3 тамызында Аполлон ғибадатханасында 27 ұл және 27 қыз балалардан тұратын хорда айтылады.

Содан бастап Гораций зор атаққа ие болады. Халық алдында сөз өнерінін нағыз шебері ретінде танылады.

Гораций соцгы он жыл өмірін әдебиет мәселелеріне арналған «Жолдау» кітабына арнайды. Үш жазбадан тұратын кітап б.з.д. 19-10 жж. аралығында жазылған. Бірінші Августке арналған жолдауы 12 ж. шықса, екінші Юлия Флорға арналған жолдауы 20-19 жж. аралығында туған, үшіншісі Пизонға жолдауы 10-шы жылдарда жазылған.

Гораций б.з.д. 8-ші жылдың 27 карашасында ол 57 жасқа толған кезіндс кездейсоқ ауру салдарынан қайтыс болады.

Овидий (б.з.д. I ғ.)

Публий Овидий Назон б.з.д. 43-ші ж. Сульмоне қаласында (шамамен Римнен 150 км.) дүниеге келген. Ол Римдегі ауқатты тектен шыққан. Әкесі баласын мемлекеттік шенеунік қылуға тырысқанымен, Овидий әкесінің ол үмітін ақтамайды. Өйткені өзінің сот және атқарушылық қызметке жарамайтынына әбден көзі жетеді. Ол жас кезінен ақын болуға құштар еді. Сол кезден бастап Римнің атақты Тибулл, Проперций сияқты ақындардың ортасына кіруте ұмтылады. Римдегі риторикалық мектепке баруы оны шешендікке тез үйретеді. Бұл элементтер оның соңғы шығармаларында айқын көрінеді. Жастық шағында Овидий Грецияға және Кіші Азияға саяхат жасайды.

Болашағы толық қамтамасыз егтілген және мемлекеттік міндеттерден босатылған Овидий Римде жеңілтек өмір салтын жүргізуге кіріседі. Соншалықты зор дарынға ие бола тұра, ол өзінің поэзясына жеңілтек бейнелер мен мотивтерді жиі енгізеді. Ал, ол Августың ескіні жаңғырту, қатаң тәртіпті орнату саясатына қайшы келеді. Сондықтан Овидий өлеңдерінің Рим қоғамына теріс ықпалын көрген Август оны Рим империясының шеткі солтүстік-шығысындагы Томо (қазір қала Румынияда) қаласына жер аударуға бұйрық береді. Ақын шығармаларында өзінің Римдегі соңғы түнін, әйелімен, балаларымен қоштасуын, тогілген көз жасын, ұзақ та қауіпті теңіз жолында, бораннан аман қалғанын өте мұнды суреттермен бейнелеген. Әйеліне, достарына, Августке жазған хаттарында кешірім сұрайды. Бірак Август те оның орнын басқан Тиберий де оның өтінішін қарамайды. Тағдыр тәлкегіне ұшыраған Овидий бөтен елде өмір сүріп, он жыл шет жерде жүріп, б.з. 18-ші жылында Римнен, оның керемет мәдениетінен алыс жерде дүние салады.

Шығармашылығының алғашқы кезеңі б.з. 2-ші жылына дейінгі уақытты қамтиды. Бұл кезең тек махаббат элегиясына арналған. Мазмұны жағынан жеңілтек идеяға құрылған, стилі бойынша ақынның шынайы сезімдері мен сүйіктісін суреттеуі жоқ. Мұнда реализмнің орнына, мектептік шешендік әдістерді көп қолданған.

«Кейіпкерлер» немесе «Жолдамалар» мифологиялық кейіпкерлердің өз сүйгендеріне жолдаған 21 хатынан тұра­ды.

Овидийдің заманында қарапайым таза мифологияға сенушілер аз болды. «Кейіпкер-арулар» мифлогиясында махаббат бейнелері тұрмыстық құбылыстарға емес, айрықша эстетикалық-көркемдік мазмұнға құрылған оқиғалар орын алады. Овидий махаббат сезімін талдап қана қоймай, бұл сезімді таңдана тамашалап, оны өзінің эстетикалық талғамының негізіне айналдырады. «Кейіпкер-арулар» риторика, декламация, терең психологияны үйлестіре отырып керемет жазылған шығарма.

Овидийдің махаббат тақырыбына байланысты тағы үш шығармасы бар. «Әйел бетіне арналған медикоменттер», «Махаббат ғылымы», «Махаббат құралдары».

Бірінші шығармада әйел затына физикалық, сыртқы тұрақсыз сұлулыққа күтім керектігі, ол үшін ішкі жан-дүние сұлулығын дамыта білсе ғана тұрақты болатындығы айтылады.

«Махаббат ғылымы» риториканың барлық ережелеріне сай өлең түрінде жазылған трактат. Үшінші кітапта әйелдерге еркектерді қалай қарату керектігі туралы жазылған.

Оның трактаттары Рим әдебиетінде үлкен орынға ие болған. Автор өмірдің шынайы мәтін өз көзқарасы бойынша іздеп табады. Овидий Рим қоғамында дамып келе жатқан арсыздықтың бетін ашып береді. Соңғы екі шығармасын талдау арқылы автордың табиғатты суреттеуінде және мифологиялық материалдарды қолдануында өлеңнің жеңіл, ойнақы еркіндікке жеткен өте жоғары техникаға ие болғандығын көруге болады.

Шығармашылығының екінші кезеңінде б.з. алғашқы жылдарынан жер аударылуына дейінгі Овидийдің шығармашылық өмірі жаңа сипаттарға ие болуымен ерекшеленген. Ол енді өсіп келе жатқан империяны мадақтауға тырысады. «Өзгерістер» - бұл кезеңнің басты шығармасы. Бұл шығармада автор әдебиеттегі кең тараған әлеуметтік өзгерістерді, айналымдарды кеңінен қолданады. Бірақ мұндай айналымдар туралы кішігірім жинақтардың орнына, Овидий 250-ге жуық айналымнан тұратын зор шығарма жазады және әрбір мифті әдемі эпимия түрінде құрастырған.

«Метаморфоздың» сюжеті - жүйелі түрде баяндалған және мүмкіндігінше хронологиялық ретке келтірілген антикалық мифологияның өзі. Хронологиялық реттілік жағынан ең нақтысы «Метаморфоздың» алғашқы және соңғы төртінші кітаппары.

Бірінші кітапта ең алғашқы, ең көне айналымның пайда болуы бейнеленеді. «Метаморфоздың» үшінші және төртінші кітаптары тағы бір антикалық мифологияның кезеңін, нақты айтқанда Фиван мифологиясын баяндайды. Бесінші-жетінші кітаптар аргонавтар кезеңіне жатады. Бесінші кітапта ұсақ эпизодтар көп, ең ірісі Финейғе арналған. Алтыншы кітаптың ең әйгілісі Филомел туралы мифтер болып табылады. Жетінші кітапта аргонавтар мифологиясындағы әңгімелер Ясон мен Медеяға бағынылған. Мұнда Тезея мен Миное туралы әңгімелер де бар. Сегізінші кітапта Дедал мен Икар туралы мифтер кездеседі. Тоғызыншы кітаптың жартысынан көбі Геркулеске арналған. Он үшінші, он бесінші кітаптар Римнің мифологиялық тарихына арналған.

Овидий - өз шығармалары арқылы Рим әдебиетіне үлкен үлес қосқан ақын. Дарынды тұлғаның туындылары Рим әдебиетінің қарыштап дамуына септігін тигізді. Оның жоғарыда аталған шығармаларының әрқайсының өзіндік ерекшелігі, өзіндік құндылығы бар.

Сенека (б.з.д. I ғ.)

Луций Анней Сенека - мемлекет қайраткері әрі әйгілі Рим жазушыларының бірі болған. Ол Империя дәуірінің танымал философы еді. Сенека Испанияның Кордуба (қазіргі Кордова) қаласында белгілі риторигі. Үлкен Сенекидің отбасында (б.з.д. дейін бірнеше жыл бұрын) дүниеге келген. Үш баланың ортаншысы болған. Ол Испанияда туғанмен Римде ер жетеді. Әкесінің риторик болуы баласының да болашағына әсер етеді. Сенека Римде риторикалық білім алып, оны философиялық дәріс алумен кеңейтеді. Сотион, Аттал, Фабиан Папирий Сенеканың философиялық ұстаздары болады. Платон мен Эпикурға қызығушылығы басым бола тұрса да, ол өмірінің соңына дейін стоицизмге бейімділігін жоғалтпай сақтайды.

30 жылдары Сенека адвокаттық іспен айналысып, квестор лауазымын алған соң сенатқа сайланады. Оның соттағы ораторлығы император Калигулдың ызасын туғызады. Өйткені ол өзгенің даңқын көре алмаушы еді. Ол Сенеканы өлтіруге әмір береді. Ауру Сенеканың онсыз да жуырда өлетінін естігеннен кейін ғана райынан қайтады. Император Клавдий тұсында Сенека Мессалин императорының әйелінің айласымен елсіз арал Корсикке айдалады. Ол 8 жыл қуғында жүріп әдебиет және философиямеи айналысады. Клавдийдің екіиші әйелі Агриппина Сенеканы елге оралтып, алғашқы некеден туған баласы болашақ император Неронның тәрбиелеушісі етіп тағайындайды. Неронды тәрбиелей жүріп Сенека зор байлық пен үлкеи құрметке бөленеді.

Нерон таққа отырғаннан кейін жұмыс басқарушы Афраний Буррмен бірге Сенека бес жыл көлемінде мемлекет басқарады. Бұл уақыт «бакытты Неронның бесжылдығы» деп аталады. Елші атағын алып билік жүргізген Сенека зор байлық қорын жинап алады. Бұл оның өзіне қарсы оппозиция пайда болуына себепші болады. Сенека Неронның анасын өлтіру, өгей інісін улау секілді қылмыстарын жасырып көрсетпеуге мәжбүр болады. 62-ші жылы саясатқа араласуын қоймаған соң сарайдан қуылады. 65-ші жылы императорға қарсы астыртын әрекеті әшкереленіп, өмірін өз-өзіне қол жұмсаумен аяқтайды.

Сенеканың өлімі туралы тарихшы Тацит нақты дерек қалдырған. Оның әдеби мұралары философиялық сенаттағы шығармалар мен поэтикалық туындылардан тұрады.

Бірінші топқа Тибериде зардап шеккен тарихшы Кремуций Кордтың қызы Марциге жұбаныш жолдау хаты, Гельвийдің анасы мен беделді де ерікті Клавдий Полибиге айдаудан жолдау хат. Екінші топтың мазмұнында этика мәселелері («Ашу-ыза туралы», «Өмірдің қысқалығы туралы», «Қайырымдылық туралы», «Бақытты өмір туралы», «Жанның жайлылығы туралы», «Данагөйдің шыдамдылығы туралы» т.б.), «Табиғи-ғылыми сұрақтар» мен «Луцилиге моральдык хаттар» жинағы.

Поэтикалық туындыларында өлтірілген император Клавдийге арналған «Асқабаққа айналу» сатирасы, эпиграммалар және «Есерленген Геркулес», «Трояндар», «Финикияндар», «Медея», «Федра», «Эдип», «Агамемнон», «Филет», «Этедегі Геркулес», «Октавия» деген 10 трагедиясы жатады.

«Шарапат туралы», «Адамгершілік туралы» трактаттарында ол «білімпаз монарх» идеалын суреттейді, сонымен бірге қалың топты жақтырмайды, құлиеленуші жоғарғы таптың көңіл-күйін бейнелейді.

Сенеканың барлық шығармалары (философиялық) дидактикалық, тәрбиелік мәні бар туындылар. Сенеканың философиялық шығармаларының ерекшелігін бейнелі тілмен өрілген антитезалар, парадокстар, есте оңай сақталатын сентенциялар құрайды.

Нерон дәуірінің шындығы олардың тағдырына өзінің таңбасын салды, сондықтан Сенека трагедиялары көкей-кестілігін сақтады. Трагедияларда сонымен қатар, моральдық рухқа көзқарас және автордың император режиміне қарым-қатынасы суреттеледі. «Агамемнон» трагедиясында Сенека оқиға сюжеті арқылы қарапайым өмірді дәріптейді. Қарапайым өмірге қарама-қайшы трагедиялар ретінде байлардың мастығы мен тирандардың үстемдігі суреттеледі.

«Шындық та, ұят та, некеге адалдықтың бәрі сарайдан қашса, әділетті хандық болмайды» («Агамемнон»), «Күшпен орнаған билікке ешкім ұзақ төзбейді, ал бірқалыпты орташа билік қалады» («Трояндар»). Тағдыр, өлім, өзін-өзі өлтіру туралы ойлар Сенеканың трагедияларында да бар. «Адамнан оның өмірін тартып алуға болады, ал өлімді тартып ала алмайсың» («Эдип»).

Трагедия образдары осындай идеялармен толық сәйкестендірілген. Бұлар - зор құмарлықтың адамдары, көрсетер қаталдықтары да шектен тыс. Кейіпкерлер риториканың әсерінен туған ұзын монологгар оқиды, афоризмдердің молдығы жасанды декламациялық стиль құрайды. Осы арқылы Сенека трагедиялары гректер негізін қалаған трагедияларынан ерекшелейді.

Мысал үшін Еврипидтің «Медеясы» мен Сенеканың «Медеясын» салыстырсақ. Еврипид шығармасында қайғы басқан, адамгершіліктен жұрдай іске бел буған, сезімі алдамаған әйел, Сенекада басынан бастап қылмыс жасауды ғана ойлаған, тұлабойы ыза мен кекке тұнған зұлым сиқыршы. Еврипид Медеясы хор алдында отбасындағы әйелдің қиын ахуалы, ер мен әйелдің теңсіздігі туралы айта келіп, осы арқылы қылмысын ақтап алуды көздейді. Сенека трагедиясы Медеяның монолгына толы. Ондағы сентенцияның, афоризмнің молдығы образ ынталылығын күшейте түскенмен, оның адамдық қасиетін төмендете түседі. «Тағдыр батылдарды баптайды, қорқақтарды қыса түседі», «Тағдыр біздің байлығымызды тартып ала алады, ал рухымызды ала алмайды», -дейді Медея. Ауытқу бесінші әрекетте басталады, бірақ ішкі күрделі күреске әсері болмайды Медея оларға өз сезімдерінің қарама-қайшылығын көрсетеді. Ол Ясонның махаббатын қайтарғысы және онымен бірге қашқысы келеді. Ал Еврипид Медеясы өзін алдап кеткен Ясонды жек көреді.

Медеяның сиқырлы әрекеттерін Сенека жіпке тізіп береді. Ол сиқырлы дұғаларды суреттейді, Медеяның араластыратын неше түрлі улы өсімдіктерін, жыландарды суреттейді. Удаи түгел үй жанып кетеді. Тіпті бұл қауіп қалаға да төнеді. Еврипидте мұндай сиқырлы әрекеттер жоқ, удан қалыңдық пен оның әкесі ғана өледі.

Сенека шығармаларындағы балаларды өлтіру Еврипидтікіндей сахнадан тыс болмайды, көрермендер көзінше классикалық эстетиканың талабына қайшы келеді.

Философ-моралист ретінде Сенека стоицизм тұрғысынан адамды құртатын құштарлықты айыптайды. Осы тұрғыдан келгенде оның трагедияларында адамның бас бостандығы айтылмайды, керісінше оның бағыныштылығы суреттеледі.

«Октавия» трагедиясы осы жанрдағы трагедиялардың ішінен маңызды орын алады. Бұл - Римнің тарихи трагедиясы. Трагедияда Неронның бірінші әйелі Октавианың аянышты тағдыры суреттеледі. Ол әйелін жырақтағы аралға айдатып жіберіп, кейін өлім жазасына кеседі. Трагедия Сенеканың оқиғаға өзінің қатысуымен қызықты. Сенека бұл трагедияда Агриппинаны дәріптеп, Сенаттың императорға тәуелділігін мінейді. «Октавияның» оппозициялық сипатына қарап кейбір зерттеушілер оның Неронның өлімінен кейін ғана жарыққа шығуы мүмкін деген болжам айтады. Көне грек трагедияларының сыртқы формасы өзгеріссіз қалады - монологтар мен диалогтар өлең түріндегі формасында лирикалық хорлармен кезектесіп келеді. Диалогқа бір мезгілде үш адамнан артық қатыспайды, хор партиясы эллиндік уақытта қалыптасқан дәстүр бойынша трагедияны бес актіге бөледі. Грек трагедиясының классиктерімен -өңделген бұрынғы мифологиялық сюжеттер де өзгерместен қалады. Сенека «Медеяны», «Федраны», «Эдипті» және тағы басқаларын қайта қарастырады. Бірақ драманың құрылымы, кейіпкерлер образы, трагедияның негізгі сипаты мүлдем басқаша болады.

Үлгі ретінде оның «Медея» трагедиясын алайық. Пьеса кейіпкердің монологымен басталады. Медея бірден қандай қылмысқа болсын дайын, қату қабақты сиқыршы ретінде ойнайды.

Оның жалғыз ойы - қастық, өшпенділік. Белгілі бір жопары жоқ бұл қастық, өзінің қатігездігі мен зұлымдығы мен Медеяның алдыңғы зұлымдықтарынан асып түсуі қажет.

Сенека экспозиция бермейді. Тыңдаушы немесе көруші трагедиядағы мифті, қатысушыларды, оқиғалардың бітуін және пьесаның басындағы кейіпкердің пьесаның соңында қандай болатынын біледі. Медеяның кекшілдігі шектен шыққан еді. Оның үстіне Сенека оған екіұшты сөздер айтқызады. Оны тыңдармандар әртүрлі қабылдайды.

Медеяның монологынан кейін хор болып, жас отаудың құрметіне той әні айтылады.

Екінші акт Медеяның жаңа монологымен ашылады. Той әнінің дауысы Ясонның некесінің шындық екенін еске салады. Медея кек алу туралы айтады. Бірақ оның өштесуі Ясонға қатысты емес, екінші некесі мен оның әкесіне деген өшпенділік болады. Ол асыраушының жасқаншақтық танытқан сөздеріне Сенека стиліне сай сентенциямен былай деп жауап қайтарады: «Тағдыр батылға бата алмайды, қорқақты қысады», «Үмітсіз ештеңеге де жас алмайды», «Тағдыр біздің байлығымызды тартып ала алады, ал рухымызды ала алмайды».

Екінші актінің келесі көрінісінде Медея мен Креонттың диалогы беріледі. Бұл Еврипидтің сахнасымен сәйкес келеді.

Белгілі бір физиологтың мынадай ескертпесі бар: бұл Медея Еврипид «Медеясын» оқыған, біледі.

Бірақ рим трагигінде Креонт «Тиранның» типтік сипатына ие болған, ал Медея ақылды, айлалы адвокат болған. Ол аластау үшін бір күндік мұрсат алады. Сенека туындысынан балалар аластатылмайды. Екінші акт та хормен аяқталады.

Үшінші акттағы да монологпен ашылады. Сенека қамтылған кейіпкердің сыртқы белгілерін сипапау үшін асыраушы фигурасын көп қолданады.

Медеяның монологы бізді қастық, өшпенділік тақырыбына үшінші рет алып келеді. Ол Ясонды ақтау үшін неше түрлі пайдасыз әдістер іздейді.

Сенека концепциясының Еврипидтен айырмашылығы Медея мен Ясонның диалогынан көрінеді. Еврипидтің Медеясы сезімін таптаған Ясонды жек көреді. Сенеканың Медеясы Ясонды өзіне қайтаруға әрекет жасайды, оған қашуды ұсынады. Еврипид Ясонды өте төмен дәрежедегі жексұрын адам ретінде суреттейді. Сенекада ол өз кінәсін сезінген, өмірден қажыған, жасық адам. Тек балалары туралы ой ғана оны өмір сүруге жстелейді. Медеяның өшпенділігі оған да ауысады. Медея Ясонның осал тұсын біліп алады.

Хор әйел өшпенділігінің күшін, бұзылған неке құқықтарын жырлайды, бақытсыздықты мұңая еске алады.

Төртінші акт Медеяның сиқырлы «операцияларына» арналған. Сиқыр осы кезеңдегі әдебиеттен орын алған «қорқынышты» тақырыптардың бірі. Акт түгел екі монологтан тұрады. Асыраушы Медеяның уды қалай даярлайтынын жете әңгімелейді. Одан кейіпкер ұзақ сонар сиқырлы дұғасын оқып, балалар арқылы уланган киімдерді Ясонның екінші әйеліне жібереді.

Хордың қысқаша әні Медеяның дүрбелеңге толы ахуалының сыртқы сипаттарын тағы да суреттейді.

Соңғы актіде жаршы келеді. Оның Сенеканың басқа трагедияларынан айырмашылығы жаршы толық мәлімет бермей, тек ханшайым мен оның әкесінің өлгенін ғана хабарлайды. Осы актідегі негізгі орын Медеяның монологына беріледі. Оның бітіспес өшпенділігі таусылмайды. Бірінші рет баласын өлтіру туралы ой туады. Сезімін таразылай келіп, оның ойын махаббаты жеңеді. Медеяның көз алдына іні сұлбасы, қастық құдайы елестеп, осындай ауыр халде ол балаларының біреуін өлтіреді.

Ортағасырларда христиан рухына тәрбиелеу үшін көптеген жинақтар басылды. Олардың ішіне Сенека сентенциялары да енді.

Жаңа заман ағымында Сенека трагедиялары Еуропа драмаларының дамуына зор ықпалын тигізеді. Айталық, Шекспирдің «Гамлетінде» Сенекаға сілтеме берілген.

Сенеканың моральдық философиясының құны бөлек. Оның идеяларының ұшқыны XVIII ғасырдағы Дидро шығармашылығында байқалады. Қайта өрлеу дәуірінде де Сенека трагедияларының маңызы зор болды.