Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 так.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
24.11.2019
Размер:
164.86 Кб
Скачать

6.3. Дебиторлық берешектің танылуы мен бағалануы

Оларды тану мен бағалау, дебиторлық қарыз бен (берешекпен) байланысты, негізгі есеп проблемалары болып саналады. Дебиторлық қарызды (берешекті) алу мүмкіндігі дебиторлық қарыз (берешек) бойынша есептілік пен оның мөлшерін өлшеуге әсерін тигізетін, негізгі мәселе. Дебиторлық берешекті (қарызды) алу мүмкіндігі, қарыз (берешек) көрсетілген бе (тану мәселесі) және оның сомасы қандай (бағалау мәселесі), соған әсер етеді.

Кредитордың көзқарасы тұрғысынан, борыштық міндеттемелердің алуға арналған шоттан артықшылығы көбірек, өйткені, борышқор борыштық міндеттемелерге кол қою арқылы, өзінің борышын (қарызын) мойындайды және оны көрсетілген талаптар бойынша төлеуге міндеттенеді. Сот болған жағдайда борыштық міндеттеме неғұрлым салмақты дәлел болып қызмет етеді, сондай-ақ неғұрлым өтімді болып саналады, оны банкке немесе өзге қаржы мекемесіне тез аударуға және қол ақшаға айырбастауға болады.

Өткізу нәтижесінде пайда болатын, алуға арналған шоттар мен вексельдер, кейбір уақытта сауда міндеттемелері болып аталады. Міндеттемелерді алу көзіне басқалай нұскаулар болмаған жағдайда, оларды өткізуден алынды деп есептеу кабылданған.

Дебиторлық қарызға (берешекке) сондай-ақ алуға арналған төлемдер бойынша пайыздар, қызметкерлер, құрамына және еншілес компанияларға саудалар кіреді. Баланстағы қарыздардың (берешектердің) барлық түрлерінің жіктеуі мен есебін жеңілдету үшін қарыздардың (берешектердің) әрбір түрі бойынша бөлек шот жүргізілуі, сондай-ақ қосымша регистрлер қажет.

Алуға арналған шоттар мен векселдер өтімді активтердің өзге бір маңызды бөлігі болып саналады. Олар шоттар негізінде, аудару арқылы есеп айырысу бойынша, кейін төлеу жағдайында, сатып алушыларға тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сату, өткізу және босату нәтижесінде туындайды. Басқалай айтқанда, кейін төлеу жағдайы жабдықтаушының (жеткізушінің) сатып алушыға несие беруін білдіреді. Тауар (қызмет, жұмыстар) сататын ұйымдардың төлем қабілетті сатып алушылармен ғана қарым-қатынаста болғысы келетіні заңды болып саналады.

Алуға арналған шоттар есебінде қою және көрсету, ең алдымен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сату мен және №18 «Түсім» Халықаралық қаржылық есеп стандартында реттелген түсімдердің пайда болуымен, танылуымен және есебімен байланысты аспектілерді өткізуден түскен түсімдердің құрамымен байланысты болады.

Түсім - бұл капиталдың ұлғаюына әкелетін, компанияның экономикалық алатын пайдаларының жалпы түсімі. Түсім, компания беретін кез келген сауда немесе көтерме сауда жеңілдіктерінің сомаларын ескере отырып алынған немесе өтеледі деп күтілген әділ құны бойынша бағалануы тиіс.

Түсімді тану, алуға арналған шоттар есебінде ресімдеу және көрсету өлшемдері болып мына оқиғалар саналады:

  • сатушыдан маңызды тәуекелдер мен басымдықтардың сатып алушыға өтуі;

  • меншік құқығының өтуі;

  • баланс күніне мәмілелердің аяқталғандық дәрежесі, кейбір уақытта ол №11 «Мердігерлік шарттары» Халықаралық қаржылық есеп стандарты, «дайындық әдісі»;

  • егер мәміле нәтижесін бағалау қиынға түссе, онда түсім танылған және өтелген шығындар мөлшерінде танылады.

Дебиторлық қарыздың (берешектің) туындауы түсімдерді танумен және алуға арналған шоттарды қоюмен байланысты. Бұл ретте мерзімінде өтелмеген дебиторлық қарыз (берешек) күмәнді қарыз болып танылады. Олардың есебі төменде беріліп отыр.

№18 «Түсім» Халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес, тауарларды сатуға қайта сату үшін жасалған (шығарылған) немесе сатып алынған тауарлар кіреді. Сатуға арналған негізгі құралдар мен өзге мүліктер осы ұғымды береді.

Халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес, шартта келісілген көлемде немесе белгілі бір уақыт кезеңі ішінде тапсырманы компанияның орындауы қызметтер көрсету болып түсіндіріледі.

Алуға арналған шоттар пайыздар, лицензиялық төлемдер мен дивидендтер алу үшін компанияның активтерін пайдалану кезінде туындайды. Мұндай жағдайларда есепте тану және көрсету өлшемдері болып мыналар саналады:

  • экономикалық пайдалану ықтималдығының болуы;

  • алуға арналған түсімдер сомасын сенімді бағалау мүмкіндігі.

Бұл ретте алуға арналған шоттар:

  • пайыздар бойынша пропорционал уақытша негізде танылатынын (айлар, жылдар бойынша және т.б.);

  • лицензиялық төлемдер шартқа сәйкес есептеу әдісі бойынша танылатынын;

  • оны алуға акционерлердщ құқығы белгіленген кезде дивидендтер танылатынын есте ұстау қажет.

Дебиторлық қарыздың (берешектің) пайда болуы түсімдерді танумен және алуға арналған шоттармен байланысты болады. Бұл ретте шарт бойынша мерзімінде өтелмеген дебиторлық қарыз (берешек) күмәнді болып танылады.

Дебиторлық қарыздардың (берешектердің) барлық түрлері: сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің, еншілес, тәуелді серіктестіктердің қарыздары (берешектері), өзге дебиторлық қарыздар (берешектер) туралы, сондай-ақ ондағы кезеңдердің шығыстары және берілген аванстар туралы ақпарат. Үлгі шоттар жоспарының 1200 «Қысқа. мерзімді дебиторлық қарыз» ішкі бөлімінің шоттарында және 2100 «Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыз» ішкі бөлімінің шоттарында көрсетіледі.