Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
21-тарау. Халыаралы баалы ааздар нарыы.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
25.11.2019
Размер:
38.05 Кб
Скачать

21.2. Халықаралық бағалы қағаздардың негізгі түрлері

1963 жылдан бастап өскелең ауқымды көптеген елдер корпорацияларының қаржы ресурстарын тарту көзі болған еуробондз нарығы пайда болды. Шетелдік облигациялармен салыстырғанда еурооблигациялар шетел валюталарының бірінде ұлттық эмитенттермен шығарылады және бір мезгілде әр түрлі елдерде орналастырылады. Мұндай эмитенттеріне өз инвестицияларының әлеуетті базасын әртараптандыру мен қандай да бір айналыстағы облигациялық ұлттық нарықта баға түсуі тәуекелін төмендетуге мүмкіндік беретін эмиссия дүниежүзілік деп аталады.

Дүниежүзілік еурооблигациялар арасында әсіресе, қарыздық валютасы ретіндегі АҚШ долларының жетекші рөлі танылады. Бір мезгілде Еуропа, Азия және АҚШ нарықтарында ораналастырылатын түрлер бар, олар дүниежүзінде тіркелген ноталар деп аталады.

Шетелдік облигациялармен салыстырғанда еуробондтар ұсынушылық бағалы қағаз болып табылады, олардың эмиссия проспектісін елдің ұлттық орналастыру органдарында тіркеу талап етілмейді, айналыс мерзімі 3-тен 30 жылға дейін болады. Бұдан басқа бұл бағалы қағаздар қатаң ұлттық шектеуіне түспейді. Эмиссия, орналастыру және айналыс тәртібі осы процеске қатысатын жеке ұйым, нарық арқылы реттеледі. Тек кейбір елдерде, атап айтқанда Германия, Жапония, Францияда еурооблигациялардың мерзімі мен көлемі белгіленеді.

Әлемдік тәжірибеде эмитентке байланысты еурооблигацияны жіктейді:

  • мемлекеттік немесе егеменді;

  • муниципалды немесе аймақтық;

  • корпоративтік.

Корпоративтік эмитент рөлінде елдің коммерциялық банктері шығады. Бастапқы екі топқа келетін болсақ, онда мысалы, Ресейде эмитент рөлінде Мәскеу, Санк-Петербург және Төменгі Новгород жетекшілігі шығады.

Осы кезде егеменді облигациялар елдің рейтінгімен сәйкес келетін рейтинг алады. Муниципалдық үшін халықаралық деңгейде танылған агенттік пен иеленген екі несиелік рейтингі болуы міндетті.

Соңғы он жылдықтарда әлемдік бағалы қағаздар нарығында еуроноталар (EMTNs) кең тараған. Еурооблигациялармен салыстырғанда бұл бағалы қағаздардың атаулы сипаты болады және өте «қысқа» болып табылады. Олардың құбылмалы пайыздық мөлшері бар және номиналдық құнынан төмен баға бойынша ұсынылады.

Соңғы жылдары ең көп тараған қаржылық құралдар еурокоммерциялық қағаздар болып табылады. Еурооблигациялармен салыстырғанда еуронота ақша нарығының 1 жылдық айналыс мерзімі бар құрал болып табылады. Еурокоммерциялық бағалы қағаздар мүлікпен қамтамасыз етілмеген, бірақ оларды жеткілікті жоғары несиелік рейтингі бар ірі және атақты компаниялар эмиссиялайды. Бұдан қоса бұл қағаздар бірінші сыныпты емес қарыз алумен эмиссиялануы мүмкін, бірақ соңғылар сенімді банкпен кепілдендіріліп, бір жылға дейін аккредитив қойылуы тиіс.

XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап әлемдік бағалы қағаздар нарығында алғашқыда эмитенті американдық компаниялар, одан кейін жапондық компаниялар болып табылатын айырбасталатын еурооблигациялар пайда болды. Олар айырбасталатын облигациялар мен еурооблигациялар үйлесімін білдіреді. Жай айырбасталатын еурооблигациялар сияқты ол анықталған кезеңде оны эмитент акциясына, басқа да қарыздық қағаздарға айырбастауға құқық береді. Ол инвесторға мүмкіндік береді:

  • жай облигацияларға қарағанда біршама төлем пайыздық мөлшерлеме бойынша айырбасталуына дейін табыстың тұрақты түсуін қамтамасыз ету;

  • опциондық құқық өткізілген жағдайда компания акционері болу.

Банктік несиелеуге өндірістің күшті тәуелдігі жағдайды күрделендіретіндігі белгілі бұл бағалы қағаздар нарығының пайда болуын шарттастырады. Халық жинағының елеулі бөлігі мен жеке капиталды жұмылдыра отырып, қаржы құралдары ірі инвестициялық жобалар мен экономиканың нақты секторына инвестицияланады. Бұны әлемдік тәжірибе куәландырады.

Егер қалың бұқара топтарының ақша қаражаттарының жинағы туралы айтатын болсақ, онда АҚШ-та мысалы, бағалы қағаздардағы инвестициялар олардың көлемінің 50%-ынан астамын құрайды, айта кететін жайт бұл негізінен акциялар. Сонымен қатар өнеркәсібі дамыған елдердегі жинақтау процестерінде ақша жинақтарын жинаудың тұрақты және тартымды нысаны зейнетақы-сақтандыру резервтеріне салымдар болып қалып отыр. Сондықтан облигация мен акция формасында жинақтаудың кемімелі үрдесінің болуы кездейсоқ емес. Осы кезде капитал қозғалысының, соның ішінде бағалы қағаздар арқылы негізгі ағыны ауқатты адамдар қолы арқылы жүреді. Соңғы жылдары мемлекеттік бағалы қағаздарға халық салымдарының олардың тәуекелдігі және өтімділігі аздығына байланысты өсу үрдісі пайда болды (14-кесте).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]