Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
заа жаартулар.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
432.13 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43,  44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 93-құжат; № 21-22, 124-құжат):

1) 36-2-тараудың атауында «өзгерткенін анықтау» сөздерінен кейін «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында таралатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 237-бап мына мазмұндағы  7), 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын:

«7) Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизммен және террористік қызметпен айналысатын ұйымды экстремистік немесе террористік деп тану және оның өз атауын өзгертуін анықтау туралы;

8) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану туралы;

 9) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін заңсыз деп тану туралы»;

3) 289-баптың 1-тармағының 11-тармақшасында «шетелдік немесе халықаралық» сөздері алып тасталсын, «материалдарды экстремистік» сөзінен кейін «немесе террористік» сөздерімен толықтырылсын»;

4) 36-2 тарауында:

«шетелдік немесе халықаралық» сөздері алып тасталсын;

«өзгерткенін анықтау» сөздерінен кейін «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында таралатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану» сөздерімен толықтырылсын»;

5) 317-6 бабы мына редакцияда жазылсын:

«317-6 бап. Өтініш беру.

Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизммен немесе террористік қызметпен айналысатын ұйымды экстремистік немесе террористік деп тану және оның өз атауын өзгертуін анықтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында таралатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану туралы өтінішті осындай талапты мәлімдеген прокурордың тұрған жеріндегі бойынша сотқа береді»;

6) 317-7 бапта:

«шетелдік немесе халықаралық» сөздері алып тасталсын;

бірінші абзацта «өз атауын» сөздерінен кейін «, сондай-ақ ақпараттық материалдарда экстремизм немесе терроризм белгілерінің болуы» сөздерімен толықтырылсын;

екінші абзацта «өз атауын» сөздерінен кейін «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында таралатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану туралы» сөздерімен толықтырылсын;

7) 317-8 бапта:

бірінші абзац мына редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизммен немесе террористік қызметпен айналысатын ұйымды экстремистік немесе террористік деп тану және оның өз атауын өзгертуін анықтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында таралатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану туралы сот шешімі бұл туралы мәліметтерді құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық есепті жүргізетін мемлекеттік органның арнайы есепке алу жүйесіне енгізудің негізі болады»;

екінші абзацта «өз атауын» сөздерінен кейін «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында таралатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану туралы» сөздерімен толықтырылсын»;

2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат); № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат):

1) 49-1-бап мына мазмұндағы 1-2 тармақпен толықтырылсын:

«1-2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту сол жер учаскесінде орналасқан үйлердің (ғимараттардың) профилін (функционалдық қызметін өзгерту) ғибадат үйлеріне өзгерту кезінде міндетті.».

3. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 г., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж.,№ 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат):

1) 13-бап мына мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

«12-1) жеке тұлғаларға орындауға міндетті Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қауіпті іске асыруға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеуіне жататын қылмыстарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы алдын ала ескертулер енгізу».

4. «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 13, 272-құжат; 2002 ж., № 18, 159-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 5-6, 40-құжат; «Казахстанская правда» газетінде 2009 жылғы 15 желтоқсанда жарияланған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңы):

1) 2 баптың а) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:

«а) қылмыстың аса қауіпті қайталануы кезінде, сол сияқты экстремистік немесе террористік қылмыстар жасағандық үшін;»;

2) 7 бапта:

бірінші абзац «байланысты» сөзінен кейін «ішкі істер органдарының дәлелді ұсынысы бойынша бір мезгілде соттың» сөздерімен толықтырылсын;

 б) тармақшасы «мекендерде» сөзінен кейін  «(мекемелерде, орындарда, ғимараттарда) ауылдарда (кенттерде), ауданда (қала)» сөздерімен толықтырылсын, сондай-ақ «хабарламай аудан (қала)» сөздерінен кейін «ауылдың (кенттің)» сөздерімен толықтырылсын»;

мына мазмұндағы д) тармақшасымен толықтырылсын:

«д) заңмен белгіленген тәртіпте бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін жеті тәулік ішінде демалыс және мереке күндерін есепке алмай, тұрғылықты орны бойынша ішкі істер органдарында міндетті тіркеу»;

3) 12-бап мына мазмұндағы г) және д) тармақшаларымен толықтырылсын:

«д) бас бостандығынан айыру орындарынан босаған және таңдаған тұрғылықты мекен-жайына (табылу орнына) дәлелсіз себептермен келмей қалған қадағалауға алынған адамға іздеу жариялау және іздеу салу.

е) қадағалауды жүзеге асырып отырған ішкі істер органдарын ескертпей, өз бетімен тұрғылықты мекен-жайын (табылу орнын) тастап немесе сотпен белгіленген ауыл (кент), аудан (қала) шегін шығып кеткен қадағалауға алынған адамға іздеу жариялау және іздеу салу».

5. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 15-16, 71-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат, 2013 жылғы 11 шілде № 168 (28107) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 1 бапта:

12) тармақшада «немесе экстремистік» сөздері алып тасталсын;

15 тармақша мына редакцияда жазылсын:

«15) террористік топ – бір немесе бірнеше террористік қылмыстарды жасауды көздеген тұлғалардың ұйымдасқан тобы»;

мына мазмұндағы 19), 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:   

«19) терроризмді насихаттау – террористік қызметті жүзеге асыруға шақыратын немесе мұндай қызметті жүзеге асыру қажеттігін негіздейтін немесе ақтайтын, сол сияқты терроризм актісін жасауға шақыратын зорлық-зомбылық идеологиясын, ақпараттық материалдарды таратуға бағытталған қасақана іс-әрекеттер»;

20) терроризм актілерін жасауға шақыру – адамдардың санасына, еркіне және тәртібіне әсер ететін және террориз актісін жасауға қоздыратын жария немесе басқа нысанда білдірілген үндеу;

21) террористік материалдар – мазмұнында терроризм насихатталған, жариялауға, басуға немесе таратуға арналған кез-келген құжаттар немесе өзге де жеткізгіштердегі ақпараттар»;

2) 7-баптың 14) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:

«14) қаржы полициясы органдары терроризмді қаржыландыру көздерін, арналарын және әдістерінің алдын алуды, оларды анықтауды жүзеге асырады;»;

3) 9-бапта:

2-тармақта «терроризм актісі» сөздерінен кейін «, сондай-ақ  терроризмге қатысы бар тұлғалар» сөздерімен толықтырылсын»;

3-тармақ «терроризм актілері» сөздерінен кейін «, сондай-ақ террористік қызметке қатысы бар тұлғалар» сөздерімен толықтырылсын және «мемлекеттік орган» сөздерінен кейін «Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпте бюджеттік қаражат есебінен» сөздерімен толықтырылсын»;

3) мына мазмұндағы 10-4 бабымен толықтырылсын:

«10-4 бап. Зорлық-зомбылық идеологиясы мен терроризмді насихаттауды жүзеге асыру үшін желілер мен байланыс құралдарын террористік материалдарды басуға және (немесе) тарату үшін пайдануға жол бермеу.

Қазақстан Республикасының аумағында зорлық-зомбылық идеологиясы мен терроризмді насихаттауды жүзеге асыру үшін желілер мен байланыс құралдарын террористік материалдарды басуға және (немесе) тарату үшін пайдалануға тыйым салынады.

Зорлық-зомбылық идеологиясы мен терроризмді насихаттауды жүзеге асыру үшін желілер мен байланыс құралдарын пайдаланған жағдайда, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кез-келген желі мен байланыс құралдарының қызметін тоқтата тұруға құқылы.

Желі мен байланыс құралдарының, қызметіне Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте сот тыйым салады.

Байланыс саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган аталған шешімдерді орындау үшін мемлекеттік техникалық қызметке тез арада жолдайды.

Қазақстан Республикасының аумағында таралатын және терроризм белгілерін қамтитын ақпараттық материалдар мұндай талапты қойған прокурордың тұрған жері бойынша немесе оларды тасымалдауға, басуға және таратуға тыйым салумен мұндай материалдарды анықтау бойынша прокурордың өтініші арқылы сотпен террористік деп танылады»;

4) 13-баптың 4-тармағының екінші абзацында «астаналық» сөзінен кейін «ауданның (облыстық маңызы бар қалалар)» сөздерімен толықтырылсын»;

5) 15-1 бапта:

1-тармақтың 4) тармақшасында «өңір мен объектілердің жекелеген бөліктерінен жеке тұлғалардың» сөздері «немесе өңір мен объектілердің жекелеген бөліктерінде жеке тұлғалардың қозғалысын (орын ауысуын) шектеу» сөздерімен ауыстырылсын»;

5-тармақ алып тасталсын;

6) 19-баптың екінші абзацы мына редакцияда жазылсын:

«Сонымен қатар терроризмге қарсы іс-қимылға қатысатын әскери қызметшілермен, мамандармен және басқа да тұлғалармен жеке күшті, арнайы құралдар мен әскери техниканы өкiлеттiктерiн асыра пайдалана отырып қолдану заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады»;

7) 21 бапта «шетелдік немесе халықаралық», «соның ішінде шетелдік немесе халықаралық» сөздері алып тасталсын.

6. «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 145-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005.ж., № 14, 62-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат, 2013 жылғы 5 шілде № 164 (28103) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 1-бап «жемқорлыққа қарсы күрес» сөздерінен кейін «, сондай-ақ терроризм мен экстремизмді қаржыландыру көздерін, арналарын және әдістерінің алдын алу, оларды анықтау және жүзеге асыру» сөздерімен толықтырылсын;

2) 2-баптың 2) тармақшасы «қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың» сөздерінен кейін «, сондай-ақ терроризм мен экстремизмді қаржыландыру көздерін, арналарын және әдістерінің алдын алу, оларды анықтау және жүзеге асыру» сөздерімен толықтырылсын.

7. «Экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 5, 3-құжат; № 13, 53-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 1-бапта:

8 тармақша мына редакцияда жазылсын:

«8) экстремизмді қаржыландыру – алдын ала көрінеу және қасақана кез келген әдістер мен тәсілдермен тікелей немесе жанама жеке және (немесе) заңды тұлғаларды, жеке тұлғаларды және (немесе) заңды тұлғалар ұйымдарын экстремистік мақсатта қаржыландыру»;

мына мазмұндағы 9), 10) тармақшаларымен толықтырылсын:

«9) экстремистік топ – бір немесе бірнеше экстремистік қылмыстарды жасау мақсатын көздейтін тұлғалардың ұйымдасқан тобы;

10) экстремист – экстремистік ұйымға қатысатын және (немесе) экстремистік қызметті жүзеге асыратын тұлға;

11) экстремизмді насихаттау – әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни араздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана iс-әрекеттер, сол сияқты азаматтардың дiнге көзқарасына, тектiк-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсiлдiк қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың айрықшалығын, артықшылығын немесе кемдiгiн насихаттауға бағытталған қасақана іс-әрекеттер.»;

2) 3-баптың бірінші абзацында «шетелдік және  (немесе) халықаралық ұйымдардың» сөздері алып тасталсын;

3) 5-баптың төртінші абзацы мына редакцияда жазылсын:

«экстремизмді қаржыландыру арналары мен әдістерінің, көздерінің алдын алу, ескерту және анықтау.»;

4) 7-бап мына мазмұндағы 1-1) тармағымен толықтырылсын:

«1-1. Қаржы полиция органдары экстремизмді қаржыландыру арналары мен әдістерін алдын-алу, ашу, жолын кесуді жүзеге асырады»;

5) 8-бап мына редакцияда жазылсын:

«8-бап. Ұйымды экстремистік деп тану тәртібі

«1. Ұйымды эктремистік деп тану сот тәртібімен жүзеге асырылады

Егер ұйымның құрылымдық бөлiмшелерінің (филиалдары мен өкілдiктерiнің) бiреуi болса да осы ұйымның басшы органдарының бiрiнiң рұқсатымен экстремизмдi жүзеге асыратын болса, ұйым экстремистiк деп танылады.

2. Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекет аумағында өз қызметін жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасы заңымен көзделген тәртіпте прокурордың өтініші бойынша сотпен экстремистік деп танылады.

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өз құзыры шеңберінде прокуратура органдарына дәлелді базаны қалыптастыру үшін ұйымды экстремистік деп тануға қажетті материалдарды ұсынуға міндетті»;

6) мына мазмұндағы 9-1 бабымен толықтырылсын:

«9-1-бап. Қазақстан Республикасының экстремизмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарының өзара iс-қимылы

Қазақстан Республикасының экстремизмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдары өз құзыретi шегiнде:

1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүмкiндiктерiн, сондай-ақ азаматтардың көмегiн пайдалана отырып, бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасайды;

2) экстремизм ұғымына жататын және осы мемлекеттік органдардың құзыретiне енгiзiлген әрекеттердiң дайындалу және жасалу фактiлерi мен белгiлерi туралы хабардар етедi және өзара қажеттi көмек көрсетедi;

7) 11-бапта «Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын мемлекеттік орган» сөздерін «ұлттық қауіпсіздік органдары» сөздерімен ауыстырылсын;

8) 12-бап мына мазмұндағы төртінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

«Кез келген желілер мен байланыс құралдарының қызметін тоқтата тұру немесе жаңғырту тиісті сот шешімінің немесе байланыс желілерінде жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың шешімдері негізінде жүргізіледі.

Байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган аталған шешімдерді орындау үшін мемлекеттік техникалық қызметке жолдайды.»;

9) 14-бапта:

Бірінші абзацта «Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік немесе халықаралық ұйымдарды қоса» сөздері «Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекет аумағында өз қызметін жүзеге асыратын» сөздерімен ауыстырылсын»;

Екінші абзацта «Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық ұйымдарды қоса алғанда,» сөздері «Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекет аумағында өз қызметін жүзеге асыратындар» сөздерімен ауыстырылсын;

10) 16 бапта:

1-тармақта «шетелдік және (немесе) халықаралық ұйымдардың» сөздері «, Қазақстан Республикасы аумағында өз қызметін жүзеге асыратын» сөздерімен ауыстырылсын, сондай-ақ «тоқтата тұрады немесе» сөздері алып тасталсын»;

2 тармақта «осы Заңның 7 бабының 1 және 2 тармақтарында көрсетілген органдардың» сөздері  «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген тәртіпте прокурордың» сөздерімен ауыстырылсын».

8. «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 жылғы 22 маусым № 154 (28093) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңы):

1) 1 баптың 7 тармақшасы мына редакцияда жазылсын:

«7) терроризмді қаржыландыру – жеке тұлғаға, немесе тұлғалар тобына не заңды тұлғаға олардың қызметтерінің террористік сипатын көрінеу мойындаған, не ұсынылған мүліктің, көрсетілген ақпараттық, қаржы және өзге де түрдегі қызметтердің террористік қызметті жүзеге асыру немесе террористік топты не болмаса террористік ұйымды қамтамасыз ету үшін пайдаланатындығын мойындап білген тұлғамен ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті, мүлікке деген құқықты беру, құрбандық жасау, демеуші және қайырымдылық көмек көрсету, ақпараттық және өзге де қызметтерді көрсету немесе қаржы қызметтерін көрсетуді, заңсыз әскериленген қалыптастыруларды ұсыну және (немесе) жинақтау»;

2) 12 баптың 4 тармағы 3 тармақшасында  «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 233-233-3 баптарымен көзделген «қылмыстар» сөздері «экстремистік немесе террористік қылмыстар» сөздерімен ауыстырылсын».

9. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; 2013 жылғы 11 шілде №168 (28107) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі Заңы):

1) 12-баптың 3-тармағы мына мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:

«22) террористік тұрғыда әлжуаз объектілердің терроризмге қарсы қорғалу ахуалына бақылаумен».

10. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 жылғы 14 маусымдағы № 148 (28087) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 13 маусымдағы Заңы):

1) 14-бап мына мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3.1. Иммигранттардың Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруына рұқсатты келіседі.»;

2) 48-бапта:

2) тармақша мына редакцияда жазылсын:

«2) егер оның әрекеттері экстремизм жасауға немесе террористік қызметті жүзеге асыруға бағытталған болса»;

3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;

мына мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

«9) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру бойынша уәкілетті мемлекеттік органда оның экстремистік немесе террористік қызметке қатыстылығы туралы мәлімет бар болған жағдайда»;

2) 49-бапта:

9) тармақша мына редакцияда жазылсын:

«9) экстремистік немесе террористік қылмыс, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар тұлғаларға»;

Мына мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

«10) ұлттық қауіпсіздік органдарында оның экстремистік және террористік қызметке қатыстылығы жөнінде мәлімет бар болған жағдайда;»;

15) тармақша мына мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

«Ұлттық қауіпсіздік органдарының оң келісімінсіз иммигранттарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруге тыйым салынады.».

11. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 17, 135-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 жылғы 14 маусымдағы №148 (28087) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 13 маусымдағы Заңы):

1) 1-бап:

1) тармақша мына редакцияда жазылсын:

«1) ғибадат үйі (ғимараты) – нысаналы мақсаты құдайға құлшылық етуге, дұға оқылатын және діни жиналыстарға, діни тәу етуге (мінажат етуге) арналған жеке үй (ғимарат);

5) тармақшада «, Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктердің атынан» сөздері алып тасталсын;

мына мазмұндағы 7), 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын:

«7) діни әдебиеттер және өзге де діни мазмұндағы ақпараттық материалдар – діни сипаттағы ақпаратты жеткізетін және діни қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған баспа (кітаптар, газеттер, журналдар, буклеттер, брошюралар, плакаттар, күнтізбелер), полиграфиялық және электрондық өнімдер;

8) діни мазмұндағы ақпараттық материалдар – діни сипаттағы ақпарат бар баспа, полиграфиялық және электрондық өнім (мәтіндік материалдар мен уағыздардың, сөз сөйлеулердің, лекциялардың, семинарлардың, дөңгелек үстелдердің, конференциялардың жинағы, сондай-ақ ақпараттық бюллетеньдер, листовкалар, буклеттер, күнтізбелер);

9) діни мақсаттағы заттар – құдайға құлшылық етуге, діни әдет-ғүрыптар мен ресімдерді жүзеге асыруға, сондай-ақ діни символика элементтері бар заттар, бұйымдар және атрибуттар.»;

2) 3-баптың 6-тармағы мына редакцияда жазылсын:

«6. Әрбір адам Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте діни және өзге де көзқарасты ұстануға, тіркелген діни бірлестіктердің діни ілімін таратуға, олардың қызметтеріне қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға құқылы»;

3) 6-бапта:

3) тармақша «діни бірлестіктерді» сөздерінен кейін «, сондай-ақ діни бірлестіктердің олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» сөздерімен толықтырылсын;

4) тармақшада «материалдарды қоспағанда» сөздері «діни әдебиеттердің және діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды қоспағанда» сөздерімен ауыстырылсын;

2-тармақ «білім беру бағдарламалары» сөздерінен кейін «діни әдебиеттер» сөздерімен толықтырылсын;

3-тармақта «дінтану саласында арнайы білімі бар адамдар» сөздері діни қатынас саласында арнайы білімдері бар және (немесе) жұмыс тәжірибесі бар сарапшылар» сөздерімен ауыстырылсын;

4) 7-баптың 4-тармағы «Бұл ретте» сөздерінен кейін «миссионерлік қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді, ал» сөздерімен толықтырылсын»;

5) 8 бапта:

4-тармақ мына мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) жоғары теологиялық (рухани) білімді нақтылайтын құжат»;

5-тармақ «азаматтығы жоқ адамдарды» сөздерінен кейін «дәйексіз құжаттар мен мәліметтер ұсынған жағдайда» сөздерімен толықтырылсын»;

6) 9-бапта:

2-тармақ «діни мақсаттағы» сөздерінен кейін «теледидарда, радиода, Интернет желілерінде және ұялы байланыстарда таралатындарды қоспағанда,» сөздерімен толықтырылсын»;

3-тармақта «Қазақстан Республикасының аумағына» сөздерінен кейін «діни әдебиеттерді,» сөздерімен толықтырылсын және «жеке пайдалануға» сөздерінен кейін «барлық түрлері үшін үш данаға дейін» сөздерімен толықтырылсын»;

мына редакциядағы 3-3 тармақпен толықтырылсын:

«3-3. Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды басу, әзірлеу, қайта басу, тираждау, сондай-ақ тарату Қазақстан Республикасының аумағында олардың мазмұнында тек діни сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда ғана жол беріледі.»;

7) 11-баптың 2 тармағы «Қазақстан Республикасы азаматтарының» сөздерінен кейін «уәкілетті органмен келісу бойынша» сөздерімен толықтырылсын»;

8) 12-баптың 2-тармағы мына редакцияда жазылсын:

«2. Жергілікті дни бірлестік бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың шегінде қолданылатын діни бірлестік болып табылады.

Жергілікті діни бірлестік бірыңғай дін ілімін ұстанатын, аталған жергілікті діни бірлестік қызметі аумағында тіркелген және сол жерде өмір сүретін Қазақстан Республикасының елуден кем болмайтын азаматтарының бастамасы бойынша құрылады»;

9) 17-баптың 1-тармағы «мәліметтер дәйексіз» сөздерінен кейін «, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келетін» сөздерімен толықтырылсын».

2 бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев

Жоба

Қазақстан Республикасы Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында қаржы (инвестициялық) пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат.; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж.,   № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж. № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8,       53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3,    22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17,  82, 83-құжаттар;  № 23, 113, 115- құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128,  130- құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59- құжат; № 17-18, 111- құжат; 20-21, 119- құжат; № 22, 130- құжат; № 24, 149- құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28- құжат; № 19, 145-құжат; № 20, 158- құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 30-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

мынадай мазмұндағы 177-1-баппен толықтырылсын:

«177-1-бап. Қаржы (инвестициялық) пирамидасы қызметін ұйымдастыру және оған басшылық жасау

1. Қаржы (инвестициялық) пирамидасы қызметін ұйымдастыру және оған басшылық жасау, яғни тауарларды немесе қызмет көрсетулерді өндіру немесе сатып алу-сату болмаған жағдайда, басқа адамдардың ақшалай қаражатын немесе өзге де мүлкін не оған құқықты ерікті түрде тарту есебінен көрсетілген азаматтардың материалдық пайда алу мүмкіндігі туралы хабарлай отырып, азаматтардан ақшалай қаражатты немесе өзге де мүлікті не оған құқықты ерікті негізде тарту, 

бір мыңнан үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не мүлкін тәркілей отырып, дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

б) ірі мөлшерде кіріс ала отырып жасалған дәл сол әрекеттер, -

үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не мүлкін тәркілей отырып, дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi:

а) электрондық есептеу техникасын, ақпараттық, телекоммуникациялық және ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер мен желілерді, электрондық төлемдер жүйелерін пайдалана отырып, операциялар жасау жолымен;

б) аса ірі мөлшерде кіріс ала отырып жасаса, -

мүлкін тәркілей отырып, бес жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту.

1. Осы баптағы мүлікті аластату немесе сатып алу, өзге де беру, жұмыстарды не қызмет көрсетулерді орындау бойынша нақты қызметтің болмауы деп ұйымдардың қызметі (қаржылық есеп, мәмілелер туралы есептер) және/немесе кірістерді алудың наты көздері және (немесе) мемлекеттік және (немесе) осы қызметтің қызметіне байланысты емес тәуелсіз көздерден алу, соның ішінде тауарлардың және (немесе) қызмет көрсетулердің құнын өсіріріп сатып алудан және (немесе) сатудан түскен кіріс болып табылмайтын кіріс көздерінен  алу мүмкіндігі туралы ақпараттардың болмауы ұғылады.

2. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушыдан басқа адам, оның әрекеттрінде өзге қылмыс құрамы болмаған кезде егер, ол тиісті қызметке қатысқаны туралы құқық қорғау органдарына қылмыстық жауаптылыққа тартылғанға дейін өз еркімен хабарласа немесе қылмысты тоқтатуға немесе оны болдырмауға өзгеше түрде ықпал етсе, осы баппен көзделген әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылады.»;    

2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416- құжат; 2000 ж.,         № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат;  № 15-16,  239-құжат;  № 17-18, 245-құжат;  № 21-22, 281-құжат;  2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат;  № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18,                     142-құжат;  2004 ж., № 5, 22-құжат;  № 23, 139-құжат;  № 24, 153, 154,  156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат;  № 21-22, 87-құжат;  № 24, 123-құжат;  2006 ж., 2008 ж., № 12, 48-құжат;  № 15-16, 62, 63- құжаттар;            № 23, 114- құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат;  № 15-16, 71, 73- құжаттар; № 17, 81, 83- құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1,  9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24,  196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 30-құжат; № 5,  35-құжат; № 6, 44-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

192-баптың төртінші бөлігіндегі «177-бабында (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде)» деген сөздер «, 177-1» деген цифрлармен толықтырылсын;

3. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4,  66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар;           2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат;  № 23, 142-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12,  88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7,  28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

715-бап мынадай мазмұндағы 4-бөлікпен толықтырылсын:

«4. Тауарларды немесе қызмет көрсетулерді өндіру немесе сатып алу-сату болмаған жағдайда, басқа адамдардың ақшалай қаражатын немесе өзге де мүлкін не оған құқықты ерікті түрде тарту есебінен көрсетілген азаматтардың материалдық пайда алу мүмкіндігі туралы хабарлай отырып, азаматтардан ақшалай қаражатты немесе өзге де мүлікті не оған құқықты ерікті негізде тартуға жол берілмейді.

Ескерту.

Осы баптағы мүлікті аластату немесе сатып алу, өзге де беру, жұмыстарды не қызмет көрсетулерді орындау бойынша нақты қызметтің болмауы деп ұйымдардың қызметі (қаржылық есеп, мәмілелер туралы есептер) және/немесе кірістерді алудың наты көздері және (немесе) мемлекеттік және (немесе) осы қызметтің қызметіне байланысты емес тәуелсіз көздерден алу, соның ішінде тауарлардың және (немесе) қызмет көрсетулердің құнын өсіріріп сатып алудан және (немесе) сатудан түскен кіріс болып табылмайтын кіріс көздерінен  алу мүмкіндігі туралы ақпараттардың болмауы ұғылады.»;

4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22,                  281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат;  № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23,  171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат;  № 17-18, 112, 114-құжаттар;  № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар;  № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж.,  № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат;  № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) мынадай мазмұндағы 136-3 баппен толықтырылсын:

«136-3 бап. Қаржы (инвестициялық) пирамидасы қызметін үгіт, насихат және оның ісіне жәрдем көрсету

1. Қаржы (инвестициялық) пирамидасы қызметі ісіне үй-жай немесе мүлiк беру, сол сияқты өзге де жәрдем көрсету, яғни тауарларды немесе қызмет көрсетулерді өндіру немесе сатып алу-сату болмаған жағдайда, басқа адамдардың ақшалай қаражатын немесе өзге де мүлкін не оған құқықты ерікті түрде тарту есебінен көрсетілген азаматтардың материалдық пайда алу мүмкіндігі туралы хабарлай отырып, азаматтардан ақшалай қаражатты немесе өзге де мүлікті не оған құқықты ерікті негізде тарту-

айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға соғады.

2. Қаржы (инвестициялық) пирамидасы қызметі жарнамасын шығару, тарату, орналастыру және пайдалану, -

бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейінгі мерзімге тоқтата отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, лауазымды адамдарға - жүз елуден жүз жетпіске дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүзден алты жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

2) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:

екінші абзацтағы «136-2,» деген цифр «136-3» деген цифрмен толықырылсын;

отыз төртінші абзацтағы «158» деген цифр «136-3, 158» деген цифрлармен ауыстырылсын;

5. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10,                  122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3,  25-құжат):

14 бап мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен  толықтырылсын:

«3-2. Қаржы (инвестициялық) пирамидасы қызметін, яғни тауарларды немесе қызмет көрсетулерді өндіру немесе сатып алу-сату болмаған жағдайда, басқа адамдардың ақшалай қаражатын немесе өзге де мүлкін не оған құқықты ерікті түрде тарту есебінен көрсетілген азаматтардың материалдық пайда алу мүмкіндігі туралы хабарлай отырып, азаматтардан ақшалай қаражатты немесе өзге де мүлікті не оған құқықты ерікті негізде тартуды, жарнамалауға тиым салынады.»;

6. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасынығ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3,   25-құжат):

14-бап мынадай мазмұндағы 8)-тармақшасымен толықтырылсын:

«8) Қаржы (инвестициялық) пирамидасы қызметін, яғни тауарларды немесе қызмет көрсетулерді өндіру немесе сатып алу-сату болмаған жағдайда, басқа адамдардың ақшалай қаражатын немесе өзге де мүлкін не оған құқықты ерікті түрде тарту есебінен көрсетілген азаматтардың материалдық пайда алу мүмкіндігі туралы хабарлай отырып, азаматтардан ақшалай қаражатты немесе өзге де мүлікті не оған құқықты ерікті негізде тартуды, жарнамалауға тиым салынады.».

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]