Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
24740тест леуметтану 2013.doc
Скачиваний:
473
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
372.22 Кб
Скачать

28. «Әлеуметтану» пәнінің динамикалық жағы:

а) әлеуметтік құрылысты үнемі жаңғыртып отыруға себепкер болатын, индивидтер мен топтардың өзара қатынасының формалары мен сипаты әлеуметтану ғылымы зерттеулерінде қамтылды.

б) қоғамның құрылысы, оның элементтерімен өмір сүру жағдайын зерттеумен тығыз байланысты: билік, меншік, бедел, білім қоры т.б. иемденуімен қоғамдағы орны анықталады.

в) саяси құбылыстардың пайда болуы мен дамуы, заңдылыктары, жолдары мен формалары туралы коғамдык ғылым

г) саяси жүйелер мен саяси қатынастар туралы ғылым

д) қоғамның кұрылымы, ондағы адамдардың мінез-құлқы туралы ғылым

29. ХіХғ. Аяғындағы әлеуметтанудың негізгі парадигмалары:

а) Биологиялық бағыт (О.Конт, Г.Спенсер, т.б.), психологиялық бағыт (Ч.Кули, Л.Уорд), маркстік бағыт, т.б.

б) саяси бағыт (М.Вебер), отбасы институты, дін институты

в) құқықтық институт (Н.Макиавелли, А.Аквинский)

г) кұрылымдык және интерпретивтік теориялар

д) кұрылымдык функционализм

30. Алғашқы әлеуметтік көзқарастар кімнің еңбегінде көрініс тапты:

а) Платонның «Мемлекет» еңбегінде

б) Аристотельдің «Саясат» еңбегінде

в) Н.Макиавеллидің «Патша» еңбегінде

г) Ж-Ж.Руссоның «Келісім-шарт» теориясында

д) К.Маркстың «Таптар» теориясында

31. Қоғамды алғаш рет әлеуметтік жіктерге бөлген ғалым:

а) Платон

б) Аристотель

в) Н.Макиавелли

г) Ж-Ж.Руссо

д) К.Маркс

32. Алғашқы социологиялық мектептерді атаңыз:

а) Чикаго, Колумбия, неміс, француз мектебі

б) АҚШ халықаралық қатынастар мектебі

в) саяси және әлеуметтік мамандану

г) қарапайым еңбекті мақсатты ұйымдастыру

д) экономикалық-тарихи

33. Э.Дюркгеймнің негізгі еңбектері мен теорияларын атаңыз:

а) «Социологияның зерттеу әдістері», «Өзін-өзі өлтіру», аномия теориясы

б) «Протестанттық этика және капитализм рухы» еңбегі, идеалды типтер, әлеуметтік іс-әрекеттер, билік теориясы

в) «Позитивтік философия курсы», ғылымға «әлеуметтану» терминін енгізді

г) «Социология негіздері», әлеуметтік жүйе, әлеуметтік функция, әлеуметтік институт, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қабат ұғымдарын енгізді

д) «Коммунистік манифест», формациялар, коммунизм, социализм, таптар теориясы

34. Г. Спенсердің әлеуметтану ғылымына қандай ұғымдар енгізді?

а) әлеуметтік жүйе, әлеуметтік функция, әлеуметтік институт, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қабат

б) адам, жеке тұлға, индивид, әлеуметтік топтар

в) жеке меншік, әлеуметтік таптар, коммунизм, социализм

г) идеалды типтер, әлеуметтік іс-әрекеттер, билік теориясы

д) әлеуметтік стратификация, әлеуметтік мобильділік

35. М.Вебердің негізгі еңбектері мен теорияларын көрсетіңіз:

а) «Протестанттық этика және капитализм рухы» еңбегі, идеалды типтер, әлеуметтік іс-әрекеттер, билік теориясы

б) «Позитивтік философия курсы», ғылымға «әлеуметтану» терминін енгізді

в) «Социология негіздері», әлеуметтік жүйе, әлеуметтік функция, әлеуметтік институт, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қабат ұғымдарын енгізді

г) адам, жеке тұлға, индивид, әлеуметтік топтар ұғымдарын енгізді

д) «Коммунистік манифест», формациялар, коммунизм, социализм, таптар теориясы

36. К.Маркстың негізгі теорияларын атаңыз:

а) «Коммунистік манифест», формациялар, коммунизм, социализм, таптар теориясы

б) «Протестанттық этика және капитализм рухы» еңбегі, идеалды типтер, әлеуметтік іс-әрекеттер, билік теориясы

в) «Позитивтік философия курсы», ғылымға «әлеуметтану» терминін енгізді

г) «Социология негіздері», әлеуметтік жүйе, әлеуметтік функция, әлеуметтік институт, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қабат ұғымдарын енгізді

д) әлеуметтік стратификация, әлеуметтік мобильділік теориясы

37. «Түсінуші әлеуметтану», «Билік» еңбегінің авторы:

а) М.Вебер

б) О.Конт

в) Г.Спенсер

г) Э.Дюркгейм

д) К.Маркс

38. «Парадигма» ұғымы нені білдіреді және оны ғылымға енгізген кім?

а) «үлгілі теория», Т.Кун

б) «келісім-шарт теориясы» Т.Гоббс

в) «таптар күресі теориясы», К.Маркс

г) «әлеуметтік қабаттар», П.Сорокин

д) «позитивизм», О.Конт

39. Құрылымдық-функционализм теориясының авторы және мағынасы:

а) Т.Парсонс, Р.Мертон, «әлеуметтік жүйе», «қызмет»

б) Дж.Мид, белгілер жиынтығы, ара-қатынас

в) Т.Кун, «үлгілі теория»

г) М.Вебер «түсінуші әлеуметтану»

д) О.Конт, позитивизм

40. Символикалық интеракционизм теориясының авторы және мағынасы:

а) Дж.Мид, белгілер жиынтығы, ара-қатынас

б) Т.Парсонс, Р.Мертон, «әлеуметтік жүйе», «қызмет»

в) Т.Кун, «үлгілі теория»

г) М.Вебер «түсінуші әлеуметтану»

д) О.Конт, позитивизм

3-тақырып бойынша сұрақтар:

41. Алғаш рет эмпирикалық (өндірістік) әлеуметтану қай елде дамыды?

а) ХХғ. 20-40жж. АҚШ-да

б) ХІХғ. 50-60жж. Францияда

в) ХІХғ. 60-70жж. Германияда

г) ХХғ. 20-30жж. Италияда

д) ХХғ. 50ж. Ресейде

42. Эмпирикалық әлеметтану нені зерттейді?

а) қоғамды түрлі теориялық болжамдармен емес, нақты социологиялық зерттеу әдістері, техника және процедуралар көмегімен зерттеу, фактілерге сүйену

б) қоғамды нақты зерттеу әдістермен емес, теориялық тұжырымдарға сүйене отырып зерттеу

в) қоғамды биологиялық организм ретінде қарап зерттеу

г) қоғамды ежелден келе жатқан теорияларға сәйкес болжау

д) математикалық әдістерді

43. Социологиялық зерттеу жүргізу құралдарына не жатады:

а) мәлімет жинау үшін сауалнама жүргізу тәсілдері, техника, лабораториялық эксперименттер, математикалық-статистикалық таңдау әдісі, мәліметтерді өңдеу, талдау, зерттеу нәтижелерін қорытындылау және ұсыныс жасау

б) тапсырушы мен тапсырыс беруші арасындағы келісім мен ұйымдастырушылық жұмыстары, оның қаржылық, материалдық қамтамасыз етілуі

в) бағдарлама, зерттеу жоспары, мәліметтерді жинау, талдау, сұрыптау, қорытындылау

г) бақылау, байқау, сауалнама, сұхбат, құжаттарды талдау, контент-анализ

д) эмпирикалық әлеуметтану әдістері

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]