Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2урв.docx
Скачиваний:
104
Добавлен:
12.03.2016
Размер:
68.34 Кб
Скачать

2 – уровень

51. Етістіктің райлары

 

Іс-әрекеттің орындаушымен, уақытпен байланысты болып, жаққа, шаққа түрленуі етістіктіңрайы деп аталады. Етістіктің рай категориясының төрт түрі бар: 1) ашық рай, 2) қалау рай, 3) бұйрық рай, 3) шартты рай.

Ашық рай іс-қимылдың үш шақтың бірінде орындалуын көрсетеді. Мысалы: Қар жауып тұр.(Осы шақ) Ертең хабарласарсың.(Келер шақ) Қырғыз елінде болғанмын.(Өткен шақ)

 

Қалау рай істі орындаушы адамның тілегін, ынтасын білдіреді. Қалау райдың жасалу жолдары:

 

1)-қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақтарына кел көмекші етістігі тіркесу арқылы: сұра-ғы-сы келді, айт-қы-сы келмеді, демал-ғы-м келді, жүр-гі-м келмейді;

 

2) етістіктің түбіріне -ғай, -гей, -қай, -кей жұрнақтары жалғану арқылы: байқа-ғай-сың, жеткіз-гей-сің, тапсырт-қай-сың, т. б.

 

3) -са, -се тұлғалы шартты райға игі еді, ғой сөздерінің тіркесуі арқылы: тезірек келсе ғой, аман-есен жетсе игі еді.

 

Бұйрық рай іс-қимылдың орындалуын талап ету мағынасында айтылады. Бұйрық рай жақпенбайланысты айтылады. Мысалы, тыңда, орында, хабарлассын, т.б. ІІІ жақтағы бұйрық райға -сын, -сін жұрнақтары жалғанады: хабарлас-сын, жеткіз-сін, көрсетпе-сін, тоқтатпа-сын, т.б.(ол,олар-ІІІ жақ).

 

І жақтағы бұйрық райға көсемшенің -а, -е, -й жұрнақтары жалғанады: жең- е-лік, орында-й-ын,тапсыр-а-лық, т. б.(мен, біз- І жақ).

Бұйрық райдан кейін -шы, ші жұрнағы жалғанып та айтылады: орындайық-шы, келіңдер-ші, айтпаңдар-шы, отыр-шы, т.б.

 

Шартты рай іс-әрекеттің орындалу не орындалмауының шартын білдіреді. Шартты рай етістіктің түбіріне -са,-се жұрнақтары жалғану арқылы жасалады: Көп оқысаң, көп білесің. Кешікпей келсең, көрер едің.

52. Еліктеу сөздер — табиғат құбылыстары мен жан-жануарларда болатын әр алуан дыбыстарға және олардың сын-сипат, қимыл-әрекеттеріне еліктеуден туған сөздер. Қазақ тілінде еліктеу сөздердің екі түрі бар:

  • 1) еліктеу есту қабілеті арқылы пайда болған еліктеуіш сөздер: тарс-тарс, салдыр-гүлдір, дыр-дыр, гүрс, шолп;

  • 2) еліктеу көру қабілеті арқылы пайда болған бейнелеуіш сөздер: жалт, жарқ, лып, маймақ, көлбең. ербең-ербең.

Олар көмекші етістікпен (ет-)тіркесіп күрделі мүшенің құрамына кіреді. Жеке тұрып сөйлемде көбінесе пысықтауыш, анықтауыш кызметін атқарады. Мысалы: Мырс етіп күлді. Бүлк-бүлк желіс. Ол күрт бұрылды. Интонацияның елеулі мәні бар. Мысалы: Рақмет үндемей отырып қалды (С. Ерубаев). Жаз. Шаңқай түс мезгілі (М. Әуезов). Еліктеу сөздер семантикалық жағынан алғанда

  1. біріншіден, табиғатта ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-бірімен қақтығысу я соқтығысуларынан туатын, сондай-ақ, неше түрлі жан-жануарлардың дыбыстау мүшелерінен шығатын әр қилы дыбыстарға еліктеуден пайда болған түсініктерді білдірсе,

  2. е кіншіден, сол табиғатта ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың және неше түрлі жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаты мен қимыл-әрекеттерінің де қилы-қилы көрінінстерінен пайда болатын түсініктерді білдіреді.

Мысалы: арс, гүрс, дүрс, қорс, тарс, тырс, ырс, барқ, борт, күрт, кірт, морт, сарт, шырт, дүңк, күңк, қыңқ, мыңқ, маңқ, саңқ, шаңқ, шіңк, сыңқ, таңқ, тыңқ, ыңқ, болп, былп, жалп, желп, қолп, ірк, ырқ, сарт-сұрт, тарс-тұрс, арс-ұрс, жалт-жалт, жалт-жұлт, қалт-қалт, қалт-құлт, қаңқ-қаңқ, қаңқ-құңқ, шаңқ-шаңқ, шаңқ-шұңқ, арбаң-арбаң, бүгжең-бүгжең, арсалаң-арсалаң, ербелең-ербелең, батыр-бұтыр, далаң-далаң, тарбаң-тарбаң, қызараң-қызараң, қаңғыр-күңгір, қайқаң-құйқаң, митың-митың, салаң-сұлаң, ыржың-тыржың т. б.

53. Есімді сөз тіркестері — сөз тіркесінің басыңқы сыңары есім сөз болып келетін түрі. Мұндай сөз тіркесінің ұйытқы сөздері (басыңқылары), негізінен, зат есім және сын есім, сан есім сияқты есім сөздер болады да, бағыныңқы сыңарлардың қызметін есім сөздердің бірі немесе етістіктің есімше түрі атқарады: “қалың тоғай”, “жақсының сөзі”, “екінің бірі”, “оқылған кітап”.

Етістікті сөз тіркестері— грамматикалық тірегі етістік болатын сөз тіркесі. Тіркес кұрамындағы басқа сөздер тірек етістіктің маңына топталады. Етістікті сөз тіркестері: а) қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері (Қожа кеш келіп, ерте кетуші еді (С. Көбеев); ә) меңгеріле байланысқан Е. с. т. (Байжан іске кірісті (Г. Мүсірепов) болып екі салаға бөлінеді. Бұлардың әрқайсысы өз ішінен бірнеше топқа таралады. Қабыса байланысқан Етістікті сөз тіркестері: үстеулі сөз тіркестері, еліктеуіш сөз тіркестері, көсемшелі сөз тіркестері, сын есімді сөз тіркестері. сан есімді сөз тіркестері, зат есімді сөз тіркестері сияқты 6 топтан тұрады. меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері: табыс жалғаулы сөз тіркестері, барыс жалғаулы сөз тіркестері, шығыс жалғаулы сөз тіркестері, жатыс жалғаулы сөз тіркестері, көмектес жалғаулы сөз тіркестері, шылау сөзді тіркестер сияқты 6 топтан тұрады.

54.Сөздердің байланысу түрлері Қазақ тіліндегі сөздердің өзара байланысу тәсілдері негізінде қалыптасқан байланысу түрлері болады. Ондай байланысу түрлері бесеу: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу. Қиысу. Бастауыш пен баяндауыштың жіктік жалғауы аркылы бір жақта және 1—2 жақтарда жекеше я көпше түрде байланысуын қиысу дейміз. Ілияс үйінен жүгіріп шықты. (С. Е.) деген сөйлемде бастауыш пен баяндауыш III жақта қиысып тұр. Егер Ілияс деген сөздің орнына біз деген I жақтағы сөзді қойсақ, баяндауыш та өзгеріп, I жақ көпше түрде айтылады: біз жүгіріп шықтык. Матасу. Ілік септік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысу түрін матасу деп атайды. Менің әкем Бауыржанның батырлығын, қамқорлығын айтып отырушы еді. (Ә. Нұрш.) Осындағы менің әкем, Бауыржанның батырлығы, Бауыржанның қамқорлығы тіркестері матаса байланысып тұр. Меңгеру. Басыңқы сыңар мен бағыныңқы сынардағы сөздің атау мен іліктен баска септік жалғауларының біреуі жалғану не шылаулар арқылы байланысу түрін меңгеру деп атайды. Игілік Қызылжардан бұл жолы да ренжіп қайтып еді. (Ғ. Мұс.) Сөйлемдегі Қызылжардан қайтып еді меңгеріле байланысып тұр. Қабысу. Сөздердің қатаң орын тәртібі нәтижесінде қатар тұру арқылы байланысу түрін қабысу деп атайды. Одағым десем ойыма Айдын шалқар көл түсер (Жамбыл.) Осындағы айдын шалқар көл дегендер берік орын тәртібі арқылы байланысқан, олардың орнын ауыстырсақ, байланыс бұзылады. Жанасу. Басыңқы сыңары мен бағыныңқы сыңарының орын таңдамай, жақын да, қашық та тұруы арқылы байланысу түрі жанасу деп аталады. Мысалы: Ол мектепті биыл бітірді деген сөйлемде биыл сөзі бітірді деген сөзге қатысты болып, оның тұрған орны арқылы байланысқан. Кейде Ол биыл мектепті бітірді немесе Биыл ол мектепті бітірді болып, араға сөз салып та байланыса береді.

55. Сөйлем - біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, я сөздер тобы.

Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге болады. Ауызекі сөйлеуде сөйлем мен сөйлемнің арасында кідіріс (пауза) болады. Жазуда бір сөйлем екінші сөйлемнен нүкте, сұрау және леп белгілерінің бірімен айырылады.