Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
24740тест леуметтану 2013.doc
Скачиваний:
473
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
372.22 Кб
Скачать

148. Жанұя әлеуметтік институт ретінде қандай сатылардан өтеді?

а) некеге тұру, бала туылудың басталуы, туудың аяқталуы, соңғы баланы ұядан шығару, жұбайлардың бірінің өлімі

б) некеге тұру, оның барлық мүшелерінің қандық-туыстық байланысы болуы

в) таңдау еркіндігі, сүйіспеншілік, өзара сыйластық

г) ортақ отбасылық бюджет

д) бірге өмір сүру қағидасы

149. Отбасылық-некелік қатынастардың даму тенденциялары:

а) әйел адамның рөлінің көтерілуі, ажырасу санының көбеюі, некеге кеш тұру, бала санының азаюы

б) некеге тұру, бала туылудың басталуы, туудың аяқталуы, соңғы баланы ұядан шығару, жұбайлардың бірінің өлімі

в) некеге тұру, оның барлық мүшелерінің қандық-туыстық байланысы болуы

г) таңдау еркіндігі, сүйіспеншілік, өзара сыйластық

д) ортақ отбасылық бюджет

149. Отбасының тәрбиелеу функциясы:

а) жас ұрпақты әлеуметтендіру

б) индивидтің қажеттіліктерін қамтамасыз ету

в) билікті бөлісу, реттеу

г) мүшелері арасында құндылықтармен алмасу

д) психологиялық қорғаныс пен көңіл-күйді көтермелеуге ықпал ету

150. Отбасының әлеуметтік бақылау функциясы:

а) билікті бөлісу, реттеу

б) жас ұрпақты әлеуметтендіру

в) индивидтің қажеттіліктерін қамтамасыз ету

г) мүшелері арасында құндылықтармен алмасу

д) психологиялық қорғаныс пен көңіл-күйді көтермелеуге ықпал ету

151. Отбасының эмоционалдық функциясы:

а) психологиялық қорғаныс пен көңіл-күйді көтермелеуге ықпал ету

б) жас ұрпақты әлеуметтендіру

в) индивидтің қажеттіліктерін қамтамасыз ету

г) билікті бөлісу, реттеу

д) мүшелері арасында құндылықтармен алмасу

152. Экзогамиялық неке дегеніміз:

а) қандас-туыстық негізі жоқ, бөтен адаммен неке құру

б) тек қандас-туыстар арасында үйленуге рұқсат берілетін неке түрі

в) әлеуметтік жағдайы әртүрлі адамдардың некелесуі

г) әлеуметтік жағдайы тең адамдардың некеленуі

д) бір еркектің бірнеше әйелі болуы

153. Эндогамиялық неке дегеніміз:

а) тек қандас-туыстар арасында үйленуге рұқсат берілетін неке түрі

б) қандас-туыстық негізі жоқ, бөтен адаммен неке құру

в) әлеуметтік жағдайы әртүрлі адамдардың некелесуі

г) әлеуметтік жағдайы тең адамдардың некеленуі

д) бір еркектің бірнеше әйелі болуы

154. Отбасыдағы билік түрлері:

а) дәстүрлі немесе авторитарлық, эгалитарлы немесе демократиялық

б) бір күйеуі және бірнеше әйелі болуы

в) экзогамия және эндогамия, ролдерді бөлу

г) гемогенді және гетерогенді кұрылымдағы отбасы

д) бір әйелдің бірнеше күйеуінің болуы

155. Нуклеарлық отбасы дегеніміз:

а) ата-аналары мен олардың отбасылы балаларынан кұралған үлкен отбасы

б) балаларсыз жалғыз отбасы

в) ата-аналардан, балалардан, немерелер мен жақын туыс-ағайындарынан кұралатын отбасы.

г) ата-анасының біреуі жок толык емес отбасы

д) немерелерімен бірге өмір сүретін ата-әже

156. Эгалитарлық отбасы:

а) отбасыдағы міндеттер оның мүшелері арасында тең бөлінуі, бірлесе шешім қабылдануы

Б) бір күйеуі және бірнеше әйелі болуы

В) экзогамия және эндогамия, ролдерді бөлу

г) гемогенді және гетерогенді кұрылымдағы отбасы

д) бір әйелдің бірнеше күйеуінің болуы

157. Гемогенді отбасы бұл:

а) ерлі-зайыптылар бір жіктен немесе бір әлеуметтік қабаттан шыққандар

б) әртүрлі әлеуметтік топтар мен қабаттардан құрылған отбасы

в) бір күйеуі және бірнеше әйелі болуы

Г) экзогамия және эндогамия, рөлдерді бөлу

д) бір әйелдің бірнеше күйеуінің болуы

158. Гетерогенді отбасы бұл:

а) әртүрлі әлеуметтік топтар мен қабаттардан құрылған отбасы

б) ерлі-зайыптылар бір жіктен немесе бір әлеуметтік қабаттан шыққандар

В) бір күйеуі және бірнеше әйелі болуы

Г) экзогамия және эндогамия, рөлдерді бөлу

д) бір әйелдің бірнеше күйеуінің болуы

159. Гомогамды отбасының құрылымы:

а) ерлі-зайыптылардың ұлты жасы, кәсібі, білімінің деңгейі тең дәрежеде болуы

б) ұлты, жасы, кәсібі, білімінің әртүрлі болуы

в) ерлі-зайыптылар бір жіктен немесе бір әлеуметтік қабаттан шыққандар

г) бір күйеуі және бірнеше әйелі болуы

д) бір әйелдің бірнеше күйеуінің болуы

160. Гетерогамдық отбасы бұл:

а) ерлі-зайыптылардың ұлты жасы, кәсібі, білімінің әртүрлі болуы

б) ұлты, жасы, кәсібі, білімінің біртектес болуы

в) бір әйелдің бірнеше күйеуінің болуы

г) ерлі-зайыптылар бір жіктен немесе бір әлеуметтік қабаттан шыққандар

д) бір күйеуі және бірнеше әйелі болуы

9-тақырып бойынша сұрақтар:

161. Жеке тұлға дегеніміз:

а).қоғамға пайдалы қызмет етуге, қоғам мен заң алдында жауап беруге қабілетті, ақыл-ой, сана-сезімі толық қалыптасқан адам

б).биологиялық, психологиялық, физиологиялық, әлеуметтік ерекше қайталанбас тұлға

в).қоғам және әлеуметтік институттардың жеке мүшесі

г).экономикалық белсенді емес тұрғын

д)жеке дарынды тұлға

162. Индивидуалдылық түсінігі:

А. биологиялық, психологиялық, физиологиялық, әлеуметтік ерекше қайталанбас тұлға

Б.қоғам мен жеке тұлға арасындағы байланысқа жауапты беделді тұлға

В.қоғам және әлеуметтік институттардың жеке мүшесі

Г.экономикалық белсенді емес тұрғын

Д. қоғам мен заң алдында жауап беретін, сана-сезімі толық қалыптасқан тұлға

163. Латын тілінен аударғанда «индивид» сөзінің мағынасы:

а) ерекше, дара, қайталанбас, бөлінбес, бүтін

б) субьективизм

в) идеализм

г) органицизм

д) марксизм

164. Әлеуметтену дегеніміз:

а) адамның туылғаннан бастап өмірден өткенше қоғаммен тығыз байланыс жасауы

б) ұйым құрылымын бекітеді

в) ұйымдардың құлдырау кезеңін анықтайды

г) барлық жауаптары дұрыс

д)адамның күйзеліске ұшырауы

165. Жеке тұлғаның әлеуметтенуі дегеніміз не ?

А) әлеуметтік рөлдеріне сәйкес индивидтердің тәжірибе жинақтауы, дамуы

Б) әлеуметтік коғамдык кұру жоклдарының бірі

В) әлеуметтік өндірістерге кедергі жасайтын ұйымдаскан ұжымдык әрекеттер

Г) әлеуметтік стратификаттау жүйесіндегі әлеуметтік топ жағдайының өзгеруі

Д) әлеуметтік топ ішінде кері жағдай тудырады коздыру

166. Жеке тұлғаның әлеуметтену кезеңдері:

а) сәбилік, балалық, жасөспірімдік, жастық, ес тоқтату, есею, қартаю шағы

б) жеке тұлға, индивид болу кезеңдері

в) жеке тұлға ретінде мектепке бару

г) жеке тұлғаның жоғарғы оқу орындарына түсу кезеңі

д) индивид ретінде бала-бақша барудан басталады

167. Жеке тұлғаның әлеуметтенуіне әсер етуші факторлар:

а) әлеуметтік институттар, БАҚ, отбасы, оқу және жұмыс орындары, т.б.

б) сәбилік, балалық, жасөспірімдік, жастық, есею қартаю, т.б.

в) БАҚ, жеке тұлғалар мен индивидтер

г) дамушы елдер саясаты

д) ұлттар, ұйымдар, бірлестіктер

168. Әлеуметтік статус дегеніміз не?

а) қоғамдағы әрбір адамның әлеуметтік жүйедегі нақты орны, позициясы

б) коғамдык жарғылар

г) тәртіп типті суреттеу

д) жеке әрекеттер жиынтығы

е) әлеуметтік катынастар жиынтығы

169. Әлеуметтік рөл дегеніміз не?

а) әлеуметтік статустарға сәйкес топтың индивидке қояр талабы, қалауы

б) рөлдік жанжал

в) ерікті немесе еріксіз

г) көзкарастар кикілжіңі

д) ролдік міндеттемелерді орныдаудан бас тарту

170. З.Фрейдтің еңбегі қалай аталады?

а) «Мен» концепциясы

б) «Айнадағы Мен» концепциясы

в) «Тобыр психологиясы»

г) «Еліктеу» теориясы

д) «Жанжал» теориясы

171. Ч.Кулидің «Айнадағы Мен» концепциясының мәні:

а) адамның өзіндік менімен қоғамдық менінің өзара қайшылығынан туындайды

б) адамның психикалық ауруға ұшырауынан туындайды

в) адамның түр келбеті қылмыскерлікке бейім болады

г) халыктардың орнығуы үрдісі

д) коғамдык өмірдің жылдам, түпкілікті, сапалы өзгеруі

172. Әлеуметтік статустардың түрлері:

а) ерікті және еріксіз

б) тұлға және индивид

в) дара және бірлескен

г) қабілетті және қабілетсіз

д) қарапайым және күрделі

173. Әлеуметтік статустың ерікті түрі:

а) үйленуі, білімі, кәсібі, қызметі, билікке араласуы, т.б.

б) жасы, жынысы, тегі, ұлты, нәсілі, т.б.

в) әлеуметтік, саяси, экономикалық, мәдени жағдайы, т.б.

г) қабілетсіздігі, еріншектігі, денсаулығы, селқостығы, т.б.

д) есте сақтау қабілетінің төмен болуы, ұялшақтығы, т.б.

174. Әлеуметтік статустың еріксіз түрі:

а) жасы, жынысы, тегі, ұлты, нәсілі, т.б.

б) үйленуі, білімі, кәсібі, қызметі, билікке араласуы, т.б.

в) әлеуметтік, саяси, экономикалық, мәдени жағдайы, т.б.

г) қабілетсіздігі, еріншектігі, денсаулығы, селқостығы, т.б.

д) есте сақтау қабілетінің төмен болуы, ұялшақтығы, т.б.

175. «Ид», «Эго» және «Суперэго» тұжырымдамасының авторы кім?

А) Дж.Мид

Б) Г.Спенсер

В) Г.Тард

Г) О.Конт

Д) К.Маркс

176. Индивидтің өзінен ересек адамдардың іс-әрекетін қайталауы:

а) имитация

б) индивидуализация

в) «Мен» концепциясы

г) «Айнадағы Мен»» концепциясы

д) еліктеу

177. Адам шамамен қай жасқа келгенде өзінің «Менін» жасайды?

а) 1,5 жас

б) 2-3 жас

в) 3-4 жас

г) 4-5 жас

д) 5-6 жас

178. Адам қандай жағдайда өзін сыйлап, мәртебесі жоғарылайды?

а) басқалардың өзі туралы пікірі жағымды болса

б) басқалар оны бөлектесе

в) басқалардан ерекше екендігін түсінгенде

г) өзінің бағалау сезімі жоғары болса

д) басқаларды кеміткенде

179. Жеке тұлғаның «Мені» қалыптасып, әлеуметтенуіне ықпал етуші ең басты орта?

а) отбасы

б) достары

в) көршілері

г) мұғалімдері

д) әріптестері

180. Жеке тұлғаның дамуына және топтық іс-әрекетіне әсер етуші факторлар:

а) биологиялық тұқым қуалаушылық, қоршаған ортасы мен географиялық аумағы, мәдениет, топтық тәжірибе, жеке тәжірибе

б) тамақ, ұйқы, су, қауіпсіздік, денсаулық

в) ауа-райы, топырағы, территориясы, климаттық ерекшелігі

г) жеке тәжірибе жинақтауы, мектеп, бала-бақша

д) жоғарғы оқу орындары мен кәсіби мамандығы

10-тақырып бойынша сұрақтар:

181. Девиациялық іс-әрекет дегеніміз:

А) қоғам қалыптастырған нормалардан ауытқу

Б) қарама-қайшылық

В) жанжал теориясы

Г) әлеуметтік іс-әрекет

Д) қылмыскерлік

181. Девиациялық іс-әрекетті зерттеуші социологиялық бағыт өкілдері:

А) Э. Дюркгейм, Р.Парк, Р. Мертон

В) Ч. Ламброзо, С.Харчев, П. Сорокин

Б) З. Фрейд, Г. Ананьева, О. Шпенглер

С) О. Конт, М. Вебер, К.У. Биекенов

Д) барлық жауаптары дұрыс

182. Әлеуметтік норма деген не?

а) коғамның қалыптастырған ережелер, тәртіптер мен іс-шаралар жиынтығы

б) кәсіби-лауазымдық бұйрықтар мен іс-әрекеттер жиынтығы

в) салт-дәстүрлер мен әдет ұқрыптар жиынтығы

г) қызметтік жоғарылау

д) тыйымдар мен ырымдар жиынтығы

183. Девиациялық құбылыс дегеніміз:

а) саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, діни, құқықтық т.б. сипаттағы мәселелер

б) кәсіби-лауазымдық бұйрықтар мен іс-әрекеттер жиынтығы

в) салт-дәстүрлер мен әдет ұқрыптар жиынтығы

г) қызметтік жоғарылау

д) тыйымдар мен ырымдар жиынтығы

184. Девиациялық іс-әрекеттердің түрлері:

а) жағымды, жағымсыз,нейтралды

б) революциялар, қылмыскерлік, нашақорлық

в) бұзақылық, қарақшылық, өз-өзін өлтіру

г) зорлық-зомбылық, ұрлық, ішкілікке салыну

д) сыбайластық жемқорлық, сатқындық

185. Девиант деген кім?

а) сол ортаның қалыптастырған нормасынан ауытқыған адам

б) үйленбеген кәрі бойдақтар, ішкілікке салынғандар

в) панктер, эмолар, металлистер, байкерлер

г) нашақорлар, қылмыскерлер, жезөкшелер

д) террористер, діни экстремистер

186. Делинквенттік іс-әрекет дегеніміз не?

А) заңға қайшы келетін девиациялық іс-әрекет

Б) әлеуметтенбеген адам

В) ерсі киінген адам

Г) заңға сәйкес іс-әрекет

Д) құқықтық, саяси, экономикалық іс-әрекет

187. Кез-келген девиациялық іс-әрекет делинквенттік іс-әрекет болып табылады ма?

а) жоқ

б) иә

в) олардың айырмашылығы жоқ

г) екі ұғым ұқсас, синоним ұғымдар

д) барлық жауап дұрыс емес

188. Ч.Ламброзоның көзқарасы:

а) қылмескерлік жүре қалыптаспайды, бұл туа біткен қасиет

б) берілген статуска сәйкес ролдер жиынтығы

в) жас ерекшілігіне байланысты тілектер жиынтығы

г) туыстык катынастарды калыптастыру жүйесі

д) тұлғаның әлеуметтенуіне ыкпал ететін институттар, адамдар және әлеуметтік топтар.

189. Аномия деген не?

а) әлеуметтік нормалардың нақты жүйесінің болмауы, мәдениет бірлігінің бұзылуы, соның әсерінен адамдардың өмірлік тәжірибесі мен қоғамдык нормаларының сәйкессіздігі

б) әлеуметтендіру туралы ұғым, соған сәйкес ересектер өмірі-бейімделуге кажет болатын дағдарыстар катары

в) азшылык топтардың басыңкы (доминациялаушы) мәдениетпен біртіндеп сіңісуі

г) коғамның баска мүшелеріне карағанда жеткілікті табыстың болмауы

адамдардың диференциялануы

190. Маргиналдылық, бұл:

а) жаңа өзгерістерге бейімделе алмай қалған адамдар

б) нашақорлыққа ұшырағандар

в) кәсіпкерлік түрі

г) салыстырмалы зерттеу түрі

д) кері байланысты зерттеу түрі

191. «Өзін-өзі өлтіру» еңбегінің авторы?

а) Э.Дюркгейм

б) Дж. Мид

в) Р.Мертон

г) Г.Спенсер

д) О.Конт

98. «Тобыр психологиясы» еңбегінің авторы:

а) Г. Тард

б) О.Конт

в) А. Құнанбаев

г) К. Маркс

д) М.Вебер

192. Кейбір адамдар «девиант» деген атты иеленіп өздерін солай ұстай бастайды, бұл түсінік қай теорияға тиесілі?

а) стигматизация теориясы

В) диференциалды ассоциация теориясы

Г) еліктеу теориясы

Д) мәдени ауысу теориясы

Е) қақтығыстар теориясы

193. Э.Дюркгеймнің «Өзін-өзі өлтіру» еңбегіндегі өзін-өзі өлтірудің формалары:

а) альтруистік, эгоистік, аномиялық

б) девиациялық іс-әрекет

в) адамдардың мінез құлығы

г) әлеуметтік ауытқушылық

д) бұл қоғам дерті

194. Девиациялық іс-әрекетті зерттеудің биологиялық түсіндірмесі:

а) генетикалық ерекшеліктерінің болуы

б) қоршаған орта мен тәрбиеге байланысты

в) әлеуметтік ортада бейімделе алмау

г) әлеуметтік теңсіздіктен

д) қоршаған орта оларға девиант ретінде қарауынан өзін солай ұстау

195. Девиациялық іс-әрекетті зерттеудің психологиялық түсіндірмесі:

а) итермелеуші факторлар мен индивидтің тәлім-тәрбиесі, қалыптасуы мен дамуы

б) қоршаған орта мен климатқа байланысты

в) әлеуметтік ортада бейімделе алмау себебі

г) әлеуметтік теңсіздіктен

д) билікке наразылық, мәжбүрліктен

196. Девиациялық іс-әрекетті зерттеудің социологиялық түсіндірмесі:

а) дағдарыс кезеңдерде әлеуметтік өмірге бейімделе алмау, әлеуметтік байланыстардың үзілуі

б) психологиялық ауытқушылыққа ұшырау, орта мен тәрбиеге байланысты

в) байлар мен кедейлерге бөліну саясаты

г) әлеуметтік теңсіздік

д) қоршаған орта оларға девиант ретінде қарауынан өзін солай ұстау

197. Бір қоғам үшін ерсі көрінетін іс-әрекет басқа қоғам үшін қалыпты болуы мүмкін деген көзқарас:

а) девиациялық құбылыс:

б) делинквенттік құбылыс

в) стигматизация телриясы

г) конформизм көзқарасы

д) аномия теориясы

198. «Криминальды тип» дегеніміз кім?

а) мезоморфтар

б) эндоморфтар

в) эктоморфтар

г) қан араласудан туылғандар

д) қоғамның белсенді азаматтары

199. Девиацияның конфликтологиялық түсіндірмесі:

а) қоғамдағы девиациялар билік пен белгілі бір наразы топтар арасындағы келіспеушіліктерден туындайды

б) маркстік көзқарасқа сәйкес таптар күресі

в) адамдарға лақап ат жапсыру теориясы

г) генетикалық ауытқуға ұшырағандар

д) психикалық ауытқушылықтан туындайды

200. Делинквенттік іс-әрекет дегеніміз нені білдіреді:

а) құқық бұзушылық, заңға қайшы, қоғамға қарсы іс-әрекет

б) кез-келген девиациялық іс-әрекетті айтамыз

в) аса дарынды ойшылдар, ғалымдар, күйші-әншілер

г) қоғам қабылдайтын жағымды іс-әрекет

д) барлық әлеуметтік нормаларға сай іс-әрекет

11-тақырып бойынша сұрақтар:

201. Саясат әлеуметтануы дербес ғылым ретінде қашан қалыптасты?

а) ХХғ. 20жж. Батыс әлеуметтануында

б) ХІХғ. ІІ жартысында Францияда

в) ХХғ. 50жж. АҚШ-да

г) ХІХғ. 30жж. Германияда

д) ХХғ. 50-60жж. Ресейде

202. Қай елдерде «саяси әлеуметтануға» аса мән беріліп, жиі қолданылады?

а) Батыс Еуропа елдерінде

б) АҚШ елдерінде

в) Ресейде

г) Қазақстанда

д) Оңтүстік Америкада

203. Саяси әлеуметтануы нені зертейді?

а) қоғамның саяси өмірін, саяси қатынастарды, факторлар мен себептерді

б) экономиканың және халықтың өмір деңгейіне қатысты мәселелерді

в) саяси өмірдің тарихын, мемлекетті басқарудың түрі мен мазмұнын

г) саяси мәдениет, халықтың белсенділігіне қатысты мәселелерді

д) барлық жауабы дұрыс емес

204. Саяси әлеуметтанудың зерттеу объектісі?

а) мемлекеттік-әкімшілік билікке қол жеткізу, ұстап тұру, қолдану мәселесі

б) қоғам, әлеуметтік институттар, жеке тұлғалар, индивидтер мәселесі

в) әлеуметтік топтар, саяси қатынастар, саяси партиялар мәселесі

г) әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, жанжалдар мәселесі

д) саяси сана, саяси мәдениеттің қалыптасуы мәселелері

205. Саяси әлеуметтанудың пәні:

а) қоғамның саяси өмірі, әлеуметтік-саяси қажеттіліктер, мүдделер, ұлттар мен этностар, саяси институттар мен саяси қозғалыстардың қызметі

б) өмір сүру заңдылықтары, өмір үшін күресті зерттейді

в) биліктің жүзеге асуын талдайды

г) биліктің ұйымдастырылуын зерттейді

д) саяси процесс, саяси қызмет, саяси мәдениет, саяси сана, саяси партиялар, реформалар, билік үшін күрес, жариялылық, көппікірлік т.б. мәселелерді зерттейді

206. Саяси жүйе дегеніміз не?

а) саяси институттар, саяси бірлестіктер, саяси ұйымдар, саяси қозғалыстар, саяси партиялар, т.б. жиынтығы

б) қоғамдык ұйымдар, ассоциациялар, корпорациялар, қауымдастықтар жиынтығы

в) әлеуметтік институттар, әлеуметтік топтар, әлеуметтік қабаттар, жеке тұлғалар мен индивидтер жиынтығы

г) қоғамды ұйымдастыру жүйелерінің жиынтығы

д) экономикалық қарым-қатынастар жүйесі

207. Сайлау алдында және саяси болжамдар жасауда жиі қолданылатын социологиялық әдіс:

а) сауалнама жүргізу

б) эксперимент әдісі

в) контент-анализ

г) мониторинг әдісі

д) консалтинг әдісі

208. «Саяси жүйе» терминін ғылымға енгізген ойшылдар:

а) Д.Истон, Г.Альмонд

б) Г.Спенсер, Н.Смелзер

в) О.Конт, Э.Дюркгейм

г) М.Вебер, К.Маркс

209. Билік – бұл:

а) өзінің еркін басқаларға жүргізуге бағытталған, мақсатқа жету үшін түрлі ресурстарды жұмылдыра алатын күштер жиынтығы

б) белгілі бір құндылықтар мен фактілердің негізінде күш қолдану әдісі

в) қоғамды зорлық-зомбылық көрсете отырып басқару әдістерінің жиынтығы

г) адамдардың бір қоғамның ішінде немесе басқа қоғамға билік жүргізу әдісі

д) жеке тұлғаның халыққа қолданатын билігі

210. М.Вебер теориясындағы биліктің түрлері:

а) легальды, дәстүрлі, харизматикалық

б) идеалды типтер теориясы

в) әлеуметтік іс-әрекеттер теориясы

г) «Протестанттық этика және капитализм рухы» еңбегі

д) түсінуші әлеуметтануы

211. В.Паретоның «Элиталар айналымы» теориясының мәні:

а) әлеуметтік қабаттардың орын ауыстыруы

б) билікке талас тоқтамайтын процесс

в) ұйымдағы іскерлік, шешім қабылдау және ұйымдағы иерархия

г) басқару стильдері

д) кез-келген қолында билігі, байлығы бар адамдар

212. «Үкімет кемшіліктері халықтың оған көзсіз сенуінен», -деген ойдың авторы:

А) Ш.Л. Монтескье

Б) Ж.Ж. Руссо

В) Н. Назарбаев

Г) Т.Гоббс

Д) С. Мұқанов

213. ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы Заң қашан қабылданды?

А) 2004ж. 7 шілдеде

Б) 1994ж. 17 маусымда

В) 2007ж. 27 қаңтарда

Г) 2001ж. 11 мамырда

Д) 2006ж. 15 ақпан

214. Қайта өрлеу заманының тамаша саяси ойшылдарын атаңыз:

А) Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо, А.Августин, Ф.Аквинский

Б) О.Конт, Г.Спенсер, К.Маркс

В) Т.Парсонс, Р.Мертон, Ч.Кули

Г) Г.Мид, З.Фрейд, Дж. Морено

Д) Аристотель, Платон

215. Қоғамның ішкі шиеленістері немен анықталады?

А) билік үшін күрес, әлеуметтік қажеттіліктердің дұрыс бөлінбеуінен теңсіздіктер мен әділетсіздіктер пайда болуынан

Б) кұндылықтар мен қажеттіліктер бір-бірінен алшақтауынан

В) әртүрлі моральдық жүйелердің қақтығысулары арқылы

Г) адамдардың жеке мәдени деңгейлерінің бір-біріне сай келмеуінен

Д) адамдардың адамгершілік ұстанымдарының түрлі болуынан

216. Қоғамның ең ірі саяси институты:

А) мемлекет

Б) адамзат кауымдастығы

В) бейресм топтар

Г) бюрократизм

Д) таптар

217. Кәсіподақтар мен партиялар қандай топтарға жатады?

а) ресми топтарға

б) шағын топтарға

в) әлеуметтік топтарға

г) ірі топтарға

д) бейресми топтарға

218. «Биліктің легитимділігі» теориясын негізін салған ойшыл:

а) М.Вебер

б) Г.Спенсер

в) О.Конт

г) К.Маркс

д) Г.Смелзер

219. Сайлау алдындағы қоғамдық пікірді талдаушы әлемге танымал институт қалай аталады?

а) Геллап институты

б) Чикаго мектебі

в) Колумбия институты

г) Оксфорд университеті

д) Гарвард университеті

220. Қоғамды демократияландырудың мәні неде?

а) түрлі әлеуметтік топтар, ұлттық қауымдастықтардың саяси мүдделеріне нұқсан келмеуі мақсатында

б) депутаттардың қабылдаған заңдарын халық қатаң сынға алуы

в) түрлі ұлттардың ұлттық қатынастарын реттеу мақсатында

г) көпұлтты қоғамда тәртіп орнату мақсатында

д) мемлекетте саяси тәртіп орнату мақсатында

12-тақырып бойынша сұрақтар:

221. Мәдениет әлеуметтануы нені зерттейді:

а) адамдардың өзара іс-әрекеті мен түсінісуінде мәдениет күрделі динамикалық құрылым ретінде қарастырылады

б) статустар мен рөлдер қақтығысын реттеу мақсатында туындайтын мәселелерді зерттейді

в) рухани және материалдық мәдениетті, құндылықтарды зерттейді

г) демократиялық қоғамды орнату мақсатында рухани мәдениетті дамыту басты мәселе болып отыр

д) әлеуметтік қатынастар, идеялар, құндылықтарды зерттейді

222. Американдық әлеуметтанушы Дж.Мердок мәдениеттің қанша түрін анықтады:

а) 60-тан астам

б) 100-ден астам

в) 50-ден астам

г) 150-ден астам

д) 10-нан астам

223. Этноцентризм дегеніміз не?

а) өз дінін, тілін, мәдениетін өзіне бағынышты ұлттарға мойындату, күштеп енгізу саясаты

б) әлемдік мәдениетті мойындау, халықаралық мәдениетке мән беру, дамыту

в) дүниежүзілік мәдениетке мойынсыну

г) барлық елдерде тіл мәдениетін дамыту саясаты

д) мемлекеттік тіл саясатын дамыту саясаты

224. Мәдениеттің негізгі элементтеріне не жатады?

а) тіл, сенім, білім, құндылықтар, әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, мінез-құлық үлгілері, әлеуметтік және мәдени мұралар

б) діні, саясаты, экономикасы, мекемелер, идеялар, саяси партиялар, ескерткіштер мен тарихи орындар, мұражайлар

в) мемлекет, әкімшіліктер, саяси ұйымдар, саяси бірлестіктер, ассоциациялар

г) жеке тұлғалар, индивидтер, әлеуметтік топтар, әлеуметтік қабаттар

225. Субмәдениет деген не?

а) қоғамдағы жалпы қалыптасқан мәдениеттен бөлек кейбір әлеуметтік топтардың символдар, кұндылыктар, нормалар, тәртіп үлгілері бойынша ерекшеленуі

б) қоғамда қалыптасқан тәртіптің жазылмаған ережелері

в) ұрпақтан-ұрпақка берілетін және белгілі бір қауымда сақталатын әлеуметтік және мәдени мұралар элементтері

г) белгілі бір кауымда немесе әлеуметтік топты іске асатын өткен өмірден алынған әлеуметтік реттеушіліктер

д) адамдардың ара-қатынасын реттеу формалары

226. Әлеуметтік интеракционизм (өзара іс-әрекет) теориясының авторы:

а) Дж. Г. Мид

б) Р. Мертон

в) А. К. Гастев

г) О. Конт

д) М. Вебер

227. Өзгенің өмір салтына, әдеп-ғұрпына, сеніміне, идеясына сеніміне шыдамдылық пен төзімділік көрсету дегеніміз не?

а) толеранттылық

в) конформизм

г) эмпатия

д) адаптация

е) идентификация

228. Этнос дегеніміз – бұл:

А) туыстық негізі бар, мәдениеті, тілі, салт-дәстүрі т.б. ортақ топтар жиынтығы

Б) кұрамының бір тектілігінен көрінетін әлеуметтік топ

В) тұрмыстың жалпылығы және өзара жауапкершілікпен байланысты, неке немесе туыстық кандастыққа негізделген адамдар бірлестілігі

Г) ежелден келе жатқан барлық ұлттар жиынтығы

Д) бұл өзге елде өмір сүріп жатқан ұлттар

229. Жастар субмәдениеті дегеніміз:

А)жастардың ешкімге ұқсамайтын тәртіп-ережелері, құндылықтары, мінез-құлықтары, мәдени белгілермен ерекшеленуі

Б) қоғамның жастардан құралған саяси ұйымдары

В) әлеуметтанудың зерттеу объектісі

Г) жастардан құралған әлеуметтік қабаттар

Д) жастардың ерекше өмір бейнесі

230. Әлеуметтену дегеніміз бұл:

А) топтық, мәдени тәжірибені игеру үрдісі

Б) әлеуметтік өзара әрекет

В) рөлдерді реттестіру

Г) көзқарастар кикілжіңі

Д) топтық кысым

231. Рухани мәдениеттің негізгі элементтері:

а) адамгершілік, білім, әдет-ғұрыптар, заңдар, құндылықтар

б) оқулықтар, ескерткіштер, мұражайлар

в) мәдени мұралар, саясат, экономика, дін

г) мемлекет, саяси ұйымдар, саяси партиялар, идеялар

д) әлеуметтік топтар, таптар, әлеуметтік қабаттар, жеке тұлғалар, индивидтер

232. Әлеуметтанушылар мәдениеттің қандай даму заңдылықтарын атап көрсетті:

а) мәдениет біркелкі дамымайды және басқа салалардың гүлденуі мен құлдырауына сәйкес келмейді, дегенмен ықпалы болады

б) мәдениет бұл ұрпақтар сабақтастығы,ол үнемі жасарып, өзгеріп отырады

в) мәдениет ешқашанда өзгермейді, бұл атам заманнан келе жатқан мәдени мұралар жиынтығы

г) мәдениет бұл рухани және материалдық болып екіге бөлінеді

233. Мәдениеттің түрлері:

а) рухани, материалдық, шынайы, бұқаралық, субмәдениет, контрмәдениет

б) этика, эстетика, педагогика, өнер

в) сұлулық, көркемөнер шеберліктері

г) ескерткіштер, мұражайлар, ерекше киім үлгілері

д) топтық тәжірибелер жиынтығы

234. Жастар арасындағы мәдени аномалия, ауытқушылық дегеніміз не?

а) ерсі іс-әрекеттерге бой алдыру, мыс: шылым, анаша, насыбай тарту, есірткіге салыну, маскүнемдік, т.б.

б) батысқа еліктеушілік

в) этикаға лайық болмау

г) эстетикаға қарама-қайшы іс-әрекет жиынтығы

д) субмәдениет, контрмәдениет

235. Контрмәдениет дегеніміз не?

а) үстемдік етуші мәдениеттен ерекшеленген мәдениеттің бір түрі

б) үстемдік етуші мәдениеттің ішіндегі мәдениеттің бір түрі

в) үстемдік етуші мәдениетпен қатар жүретін әлеуметтік ауытқушылықтар

г) әлеуметтік аномалия

д) үстемдік етуші мәдениет

236. Жастар дегеніміз кімдер?

а) әлеуметтік-демографиялык топтар

б) қоғамның экономикалық белсенді топтары

в) жеке тұлғалар

г) субмәдениет өкілдері

д) ұлттық этникалық қауым

237. “Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адамның мінез-құлқын түзеуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім”, - деген пікір кімге тиесілі:

а) А.Құнанбаев

б) Ш.Уәлиханов

в) Т.Молдағалиев

г) Ы.Алтынсарин

д) барлық жауаптары дұрыс

238. Ұлттық мәдениетке не жатады?

а) тіл, білім, ғылым ,салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, құндылықтар, идеология, сенімдер, ырымдар, әлеуметтік және мәдени мұралар, заңдар

б) мінез-құлықтар, ережелер, құқықтар, тәртіптер, дін, ұстанымдар, міндеттер, мақсаттар, идеялар, ескерткіштер

в) әлеуметтік қызметтер, топтар, әлеуметтік қабаттар, саяси ұйымдар, саяси тәртіптер

г) ұлттық идеология, ойлар, көзқарастар, пікірлер

д) адамзат бостандығы, ұлт тәуелсіздігі, конституция, жарғылар, бұйрықтар, таңбалар

239. Құндылықтар дегеніміз не?

а) қоғамның даму ынтасы мен мүддесін қанағаттандыратын заттық және рухани қажеттіліктер жиынтығы

б) әлеуметтік субъектілер жиынтығы

в) қоғамға қажетті күнделікті заттар жиынтығы

г) күнделікті өмірде пайдаланатын тұрмыс заттары

д) эмоционалдық-психологиялық шабыт тудыратын құнды заттар жиынтығы

240. Ұрпақтан ұрпаққа берілетін, ұзақ уақыт бойы сақталатын әлеуметтік және мәдени мұраға не жатады?

а) салт-дәстүрлер мен әдет ғұрыптар

б) идеялар, идеология, көзқарастар

в) өлеңдер, жырлар, дастандар

г) шешендік сөздер, өсиеттер, күйлер

д) ауыз әдебиеті шығармалары, жазбалар

13-тақырып бойынша сұрақтар:

241. Экономикалық әлеуметтану нені зерттейді?

А) қоғамның әлеуметтік -экономикалық дамуына қатысты мәселелер, еңбек бөлінісі, жұмыссыздық, басшы мен бағынушылар қарым-қатынастары, кәсіпкерлік, т.б.

Б) халықтың тұрмыс деңгейіне қатысты мәселелерді

В) еңбек және халықтың еңбек етуге белсенділігіне қатысты мәселелерді

Г) әлеуметтік теңсіздік мәселелерін

Д) халықтың экономикалық әл-ауқатына қатысты мәселелерді

242. Абай атамыз өз сөзінде:

А) баянды еңбек – бұл материалдық игіліктерді өндірудің және адамның мұқтажын қанағаттандырудың көзі деп түсінді

Б) өндірістерді дамыту инновациялық экономиканы дамыту жолы деп түсінді

В) құндылықтар бұл әлеуметтілікті шешу жолы деп ұғынды

Г) білімнен асқан байлық жоқ

Д) басты байлық - денсаулық

243. Әлеуметтанудағы экономикалық инновация, бұл:

а) еңбек жағдайындағы шығармашылық

б) бұл технологиялық жетістік

в) адамнан өндіріс тәуелсіздігі

г) қоғам мен адам үндестігі

д) адамдардың бірігіп өмір сүруін қамту

244. Қандай әлеуметтік жағдайды коғамның дамуына дұрыс әсерін тигізеді деуге болады?

а) өндіріс күштерінің даму деңгейінің өндіріс қатынастарының сипатына сәйкестігі

б) өмір сүру жағдайынан шыкпайтын, әлеуметтік организмнің барлык колданымы, тұтынымы

в) жаңа нормалардың әлі де болса жок болуы немесе толык орнатылмауы

г) демократиялык баскару формасы

д) тоталитарлык баскару формасы

245. Жұмыссыздық дегеніміз не?

а) бұл әлеуметтік-экономикалық құбылыс, яғни экономикалық белсенді тұрғындардың уақытша немес үнемі жұмыс істемеуі

б) статустардың бірі, жұмыс істеуге ықыластың болмауы

в) табыс мөлшеріне байланысты туындайтын құбылыс

д) әлеуметтік қайшылық

е) жоспарланған тәртіп

246. Жұмыссыздықтың түрлері:

а) фрикционды, құрылымдық, циклдік

б) әлеуметтік, жеке тұлғалық, өзара әрекет

в) ролдердің бөлінісі, ауытқушылық, нормалық

г) жалпы кабылданған, қысқарту, нормалардың бұзылуы

247. Халықтың табысы мен әлеуметтік құрылымын анықтайтын көрсеткіштер:

А) орташа еңбек ақы, халықтың нақты табысы

В) жан табысына шаққандағы жалпы өнім

С) өмір сүруді бағалау индексі

Е) еңбек ақының сатып алу мүмкіндігі

Д) білім алу шығыны

248. Кәсіпкерлік терминін ғылымға енгізген кім:

а) Р.Кантильон

б) М.Вебер

в) И.Шумпетер

г) К.Маркс

д) П.Сорокин

249. Кәсіпкердің бойындағы міндетті қасиеттер:

А) барлық жауаптар дұрыс

Б) шығармашылық, мақсатшылдық, бірбеткейлік, тәуекелділік

В) ақшақұмарлық, табандылық, сыпайылық

С) капиталының болуы, жан-жақтылық, ізденімпаздық

Е) білімділік пен өжеттілік, ұйымдастырушылық

Д) тәкаппарлық, басқарушылық, ұйымшылдық

250. Ұйымды жапондық үлгіде басқару дегеніміз:

а) тәжірибе мен дәстүрге көңіл бөлу

б) жас кадрлар барлығын шешеді

в) жаңа технология даму құралы

г) фатализм

д) прагматизм

251. «Ғылыми менеджмент» еңбегінің авторы:

а) Ф.Тейлор

б) Г.Спенсер

в) Г.Тард

г) О.Конт

д) Э.Дюркгейм

252. «Капитал» еңбегінің авторы:

а) К.Маркс

б) Г.Беккер

в) А.Смит

г) М.Вебер

д) Г.Спенсер

253. «Адамзат капиталы» еңбегінің авторы:

а) Г.Беккер

б) К.Маркс

в) А.Смит

г) М.Вебер

д) Г.Спенсер

254. Ф.Тейлордың еңбекті ғылыми ұйымдастыру әдісін іс жүзінде қолданған адам кім?

а) Г.Форд Автомобиль «К» компаниясында

б) Э.Мэйо Хоторн экспериментінде

в) Э.Торндаик әлеуметтік зерттеулерінде

г) Дж.Геллап Институтында

д) А.Маслоу «Адамдар қарым-қатынасы» еңбегінде

255. Чикаго мектебінің социологтары жүргізген Хоторн экспериментінің негізгі мақсаты:

А) өндірістің өнімділігі мен сапасын арттыру, жұмысшылардың жұмысқа деген қызығушылығын ынталандыру

А) басқару парадигмасын дамыту

Б) жұмысшыларды тексеру

Г) әлеуметтік бақылау жасау

Д) жұмыссыздықты жою

256. «Саяси экономия» еңбегінің авторы:

А) А.Смит

Б) Г.Спенсер

В) Н.Смелзер

Г) Р. Кантильон

Д) М.Вебер

256. Жеке меншік ұйымдардың қандай түрлері болады:

а) ассоциация, корпорация, қауымдастық

б) ) патернализм, фратернализм, бюрократизм, серіктестік

в) бизнес адамгершілік қағидаларына сүйенбейді

г) әлеуметтік кауымдастыктар жеке адамдардың тұракты, әдеттегі, институаизмденген байланыстары мен өзара әректтері ретінде алынып, карастырылады

д) жауапкершілігі шектеулі серіктестік

257. Ұйымдағы құрылымдарды жасақтау кезеңі:

а) ұйым қызмет көрсету мен тауар өндірісімен айналысады

б) бәсекелестікті негіздейді

в) ережелер бекітеді

г) статустық рөльдік ережелер

д) барлық жауаптары дұрыс

258. «Экономикалық мәдениет - бұл құндылықтар мен білімдерді илену арқылы шаруашылық істерін жүргізу тәсілі», - тұжырымдамасының авторы:

а) В.В. Радаев

б) Г.Н. Соколова

в) Н.Смелзер

г) И. Шумпетер

д) К.У. Биекенов

259. Социологиялық тұрғыда индустриалды қоғам үшін не маңызды:

а) еңбек бөлінісінің дамуы, өндірістің нақты салаларының мамандандырылуы

б) адамның әдет ғұрып негіздерімен өмір сүруі

в) жаңа технологиялардың кеңінен дамытылуы

г) авторитарлық биліктің қызметтілігі

д) барлық жауаптары дұрыс

260. Экологияның нашарлауы көп жағдайда неге байланысты болады?

а) адам еңбегін ұтымды ұйымдастыра алмаушылық

б) техникаға

в) климатқа

г) демографиялык жағдайға

д) индустриалды даму деңгейіне

14-тақырып бойынша сұрақтар:

261. Білім дегеніміз:

а) қоғамның ұрпақтан ұрпаққа берілетін кұндылыктар, тәжірибелер жиынтығы, институттандыру үрдісі

б) өмірдің әр кезеңінде жаңа ролдер, құндылыктар, білімдерді игеру үрдісі.

в) ақыл-ой қызметін қалыптастыру үрдісі

г) белгіленген білімдерді қалыптастыру жүйесі

д) белгіленген білімдерді қалыптастыру саласы

262. Білім берудің әлеуметтік функциялары:

А) әлеуметтік байланыс, әлеуметтік бақылау, трансляциялау, қоғам жетістігін генерациялау және сақтау

Б) ұйымдаскан баскаруда, шешуді калыптастыруда көрінеді

В) карым-катынастағы, мойындау, әлеуметтік кажеттіліктерді канағаттандыру

Г) механикалык, статистикалык, жүйелі әлеуметтік детерминизм

Д) тұрактылыкты нығайту және сактау, әлеуметтік жүйелердің катысты тепе-теңдігі

263. ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңда көрсетілгендей, жастар дегеніміз:

а) 14 пен 29 жас аралығындағы азаматтар:

б) 16 мен 25 аралығындағы азаматтар

в) 18 бен 29 жас аралығындағы азаматтар

г) 16 мен 30 жас аралығындағы азаматтар

д) 16 мен 35 жас аралығындағы жастар

264. Аристотельден кейін «Екінші ұстаз» атағын алған атақты шығыс ойшылы кім?

а) Әл-Фараби

б) Ибн-Халдун

в) Омар Хайям

г) М.Қашқари

д) Қ.А.Ясауи

265. Әлеуметтанудағы социал-дарвинизм бағытының негізін салушы, О.Конттың ұстазы:

а) А.Сен-Симон

б) К.Маркс

в) Платон

г) Г.Спенсер

д) Т.Парсонс

266. Әлеуметтік жобалау деп нені айтамыз?

а) жаңа әлеуметтік процестер мен құбылыстардың даму нұсқаларының ғылыми түрде анықталуын

мақсатқа бағытталған қызметі

б) әлеуметтік процестердің нұсқаларын үлгілеуде

в) өмірімен байланыстылық

г) әлеуметтік жүйенің түрлі даму нұсқаларын қарастыруды

д) қоғам дамуының объективтілік заңдылықтарымен

267. Абай қазақ қоғамын дамыту құралы ретінде:

А) халыққа білім беру, оларды ғылымға тарту керек

Б) өндірістерді дамыту инновациялық экономиканы дамыту жолы деп түсінді

В) құндылықтар бұл әлеуметтілікті шешу жолы деп ұғынды

Г) халыққа ақшалай көмек беру

Д) халықты қолдау

268. “Адамның ғылымы, білімі хақиқатқа, растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтық бір мән табылады”,-деген ой кімге тиесілі:

а) А.Құнанбаев

б) Ы. Алтынсарин

в) Ш.Уәлиханов

г) Ә.Бөкейханов

д) М.Жұмабеав

269. ҚР Президенті Қазақстан - 2050 бағдарламасындағы жастарға қатысты мәселелер:

а) барлық жауаптар дұрыс

б) постиндустриалды саясат құру, әлемдік өркениеттілікке жету

в) жастарды өндіріске тарту, өндіріс саласын дамыту

г) жастарды жұмыспен қамту, жастарды ауылға тарту бағдарламасы

д) «Болашақ» бағдарламасымен жастардың шет елде білім алуына жол ашу

270. Әлеуметтік процестерді зерттеу барысында қандай қағида қолданылады?

А) идеялық

Б) тәжірибелік

В) өмірімен байланыстылық

Г) партиялық

Д) коммуникативтік

271. Білім әлеуметтануы нені зерттейді?

а) қоғамдық білім орнының жаңаруы, ғылым мен білімнің адамзат дамуы үшін маңыздылығын арттыру, келеңсіз жайттарды қарастыру, зерттеу б.т.

б) білімді ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мәселесін қарастырады

в) алған білім бойынша жұмысқа орналасу

г) білім саласындағы әділетсіздіктерді

д) нарықтық қатынасқа өтудегі білімнің маңыздылығын қарастырады

272. Білім дегеніміз бұл:

а) қоғамды дамытатын, индивидтер мен жеке тұлғалардың әлеуметтенуіне ықпал ететін, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушы, еңбек ету үшін қажетті құрал

б) жұмысқа орналасу үшін қажетті құрал

в) әлеуметтік бейімделуге көмектесуші құрал

г) халықтың көзі, құлағы, ақыл-ойы

д) аса маңызды емес, ең бастысы байлық

273. Білімнің әлеуметтік қызметі:

а) адамзат жинақтаған білімдерін келесі ұрпаққа жеткізу, әлеуметтік тәжірибе алмасу, тұлғаны әлеуметтендіру, адамгершілікке тәрбиелеу, еңбекке орналасу

б) жұмыссыз қалмас үшін міндетті түрде білім алу

в) шығармашылықты дамыту

г) ақыл-ойды дамыту

д) білімсіздік қоғамды артқа тартады

274. Білім құрылымы қандай жиынтықтардан тұрады:

а) оқу және тәрбие

б) үздік және нашар оқу

в) үздіксіз оқыту

г) кәсіби және орта білім

д) жалпы және арнаулы білім

275. Білімнің негізгі қызметтері:

а) тәрбие, ағарту, әлеуметтік байланыс, генератор, мәдени жетістіктерді сақтау, халық шаруашылығы мен рухани салаларды кадрлармен қамтамасыз ету

б) балаларды оқыту, барлық пәндер бойынша терең білім беру, жетілдіру

в) демократиялық қоғамды дамыту

г) саяси сананы жетілдіру

д) жоғарғы білімді жаңарту

276. Білім берудің мақсаттары:

а) интенсивті, экстенсивті, продуктивті

б) тәрбие, ағарту, әлеуметтік байланыс, генератор, мәдени жетістіктерді сақтау, халық шаруашылығы мен рухани салаларды кадрлармен қамтамасыз ету

в) балаларды оқыту, барлық пәндер бойынша терең білім беру, жетілдіру

г) демократиялық қоғамды дамыту

д) жоғарғы білімді жаңарту

277. Білім беру субъектісі:

а) педагог

б) оқушы

в) студент

г) тыңдаушы

д) саясаткер

278. Білім беру объектісі:

а) оқушы

б) педагог

в) студент

г) тыңдаушы

д) саясаткер

279. Жастар дегеніміз:

а) өтпелі сатыдан бастап, есейіп, отбасылық немесе отбасы құрмаған, әлеуметтену кезеңдерінен өтіп жатқан әлеуметтік-демографиялық топ

б) қоғамдағы орны мен рөлін, кәсіби өсу, үйлену, жұмысқа орналасу, статустарды жинақтау, білім алу, т.б. әлеуметтік қажеттіліктермен қамтылғандар

в) шағын әлеуметтік топ

г) әлеуметтік қабаттар

д) қоғамның негізгі құрамдас бөлігі

280. Жастар әлеуметтануы нені зерттейді?

а) қоғамдағы орны мен рөлін, кәсіби өсу, үйлену, жұмысқа орналасу, статустарды жинақтау, білім алу, әлеуметтік қажеттіліктермен қамтылу, т.б. мәселелерді

б) өтпелі сатыдан бастап, есейіп, отбасылық немесе отбасы құрмаған, әлеуметтену кезеңдерінен өтіп жатқан әлеуметтік-демографиялық топ болуын зерттейді

в) шағын әлеуметтік топ ретінде

г) әлеуметтік қабаттар ретінде

д) қоғамның негізгі құрамдас бөлігі ретінде

15-тақырып бойынша сұрақтар:

281. Коммуникация бұл:

а) қарым-қатынас, тіл, ой, пікір, өзара түсіністік

б) құндылықтар, пікір-талас, дау-жанжал

в) дискуссия, талқылау, зерттеу, сұхбат

г) әлеуметтік зерттеулер, анкеталау

д) құжаттарды талдау, деректемелер

282. Әлеуметтендіру агенттері дегеніміз -бұл...

а) институттар, адамдар және әлеуметтік топтар

б) ғимараттар, аудиториялар, мектеп пен университеттің оку инвенторлары

в) бұкаралык акпарат кұралдары, хабар тарату кұралдары

г) завод және фабрикалардың старок парктері

д) армия мен флоттың әскери техникасы

283. Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы нені зерттейді:

а) коммуникацияның әлеуметтік-мәдени рөлін, жеке тұлғаның дамуына әсерін

б) әлемнің коммуникация шеңберінде айналуын зерттейді

в) тіршіліктің жеделдеуін, халықтың үлгірмеуін зерттейді

г) психологиялық стресстерді зерттейді

д) уақыт жылдамдығы мен әлемдік жаңалықтарды зерттейді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]