Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гулнур-МН ЖШС- мліметтер орын ру.doc
Скачиваний:
26
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
1.7 Mб
Скачать
  1. Мәліметтер қоры өрістерінің қасиеттері

Өрістер мәліметтер қорының құрылымын ғана емес, сонымен қатар, мәліметтердің топтық қасиеттерін де анықтайды. Төменде, Місrosoft Ассеss 2010 мәліметтер қорын басқару жүйесіндегі кесте өрісінің негізгі қасиеттері келтірілген:

1-сурет. Конструктор бланкісіндегі өріс қасиеттері.

  • Өріс атауы ( Наименование поля ). Мәліметтер қорына автоматтандыру операцияларын қолданғанда осы өрістің элементтеріне қандай қатынаста болу керектігін анықтайды ( жалпы жағдайда өріс атауы кесте бағандарының тақарыптары ретінде қолданылады);

  • Өріс типі ( Тип поля ). Берілген өрістегі мәліметтер типін анықтайды;

  • Өріс өлшемі ( Размер поля ). Берілген өріске енгізілген символдардың ақырғы ұзындығын анықтайды;

  • Енгізу қалқасы ( Маска ввода ).Енгізудің түрін анықтайды (енгізуді автоматтандыру құралы );

  • Қолтаңба ( Подпись ). Берілген өріс үшін кесте бағанының тақырыбын анықтайды ( егер қолтаңба көрсетілмесе, онда баған тақырыбына өріс атауы қасиеті пайдалынады );

  • Үнсіз келісім бойынша қабылданатын мән ( Значение по умолчания). Ұяшыққа автоматты түрде енгізілген мән (енгізуді автоматтандыру құралы).

  • Мәнге қойылатын. шарт. ( Условие на значение ). Мәліметтерді енгізудің дұрыстығын тексеру үшін қолданылатын шектеу;

  • Қате туралы хабар ( Сообщение об ошибке ). Қате мәліметтерді енгізу кезінде пайда болатын ескерту ( Мәнге қойылатьш шарт қасиеті берілген кезде тексеру автоматты түрде жүзеге асырылады);

  • Міндетті өріс ( Объязательное поле ). Мәліметтер қорын толтырғанда берілген өрісті міндетті түрде толтыру қажеттігін анықтайтын қасиет.

  • Бос жолдар ( Пустые строки ). Бос жолдан түратын мәліметтерді енгізуге рұқсат беретін қасиет;

  • Индекстелген өріс ( Индексированное поле ). Егер өріске осы қасиет берілсе, онда осы өрісте сақталынған жазбаларды сұрыптаумен, іздестірумен байланысты амалдар жылдамдатылады. Индекстелген өрістер үшін жазбалардағы мәндердің қайталануын тексеруді үйымдастыруға болады.

Жоғарыда айтылған өрістер қасиеті негізінен мәтіндік типті өріске қатысты. Бұдан басқа типті өрістер осы қасиеттерге ие болуы және болмауы да мүмкін. Өрістердің кейбір типтері тек өздеріне ғана тән қасиеттерге ие бола алады. Мысалы, нақты сандармен берілген мәліметтерге ғана тән қасиет - үтірден кейінгі белгілер санын көрсету. Ал, суреттерді, бейнеклиптерді , дыбыстық жазбаларды сақтауға арналған өрістер бұл қасиеттердің көбіне ие бола алмайды.

1.2 Мәліметтер типін анықтау

Місrosoft Ехсеl кестесімен танысқанда біз мәліметтердің үш типін қарастырғанбыз: мәтіндік, сандық және формулалар. Мәліметтер қорының кестесі көптеген мәліметтер типімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Олар:

2-сурет. Мәліметтер типі

  • Мәтіндік ( Текстовый ). Өлшемі арқылы кәдімгі мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған мәліметтер типі (255 символға дейін );

  • МЕМО өрісі ( Поле МЕМО ). ( 65535 символға дейінгі ) үлкен көлемді мәтінді сақтауға арналған мәліметтер типі. Шын мәнінде мәтін өрісте көрсетілмейді, ол мәліметтер қорының басқа жерінде сақталады да, өрісте оның тұрған жері көрсетіледі, бірақ қолданушыға мұндай айырмашылық білінбейді;

  • Сандық ( Числовой ). Нақты сандарды сақтауға арналған мәліметтер типі.

  • Мерзімі/уақыты ( Время/Дата ). Күнтізбе бойынша күнін, айын және уақытын сақтауға арналған мәліметтер типі;

  • Қаржылық ( Денежный ). Қаржылық шаманы сақтауға арналған мәліметтер типі;

  • Санауыш ( Счетчик ). Жазбаларды автоматты түрде нөмірлеуге арналған мәліметтер типі;

  • Логикалық. Логикалық мәліметтерді сақтауға арналған типі ( Иә немесе Жоқ деген мәндерді қабылдайды ).

  • ОLЕ объектілер өрісі ( Поле объектов ОLЕ ). Әр түрлі объектілерді сақтауға арналған мәліметтер типі. Бұл да МЕМО өрісі сияқты басқа жерде сақталады, ОLЕ объектілері өрісінде оның тұрған жері көрсетіледі;

  • Гиперсілтеме ( Гиперссылка ). Интернеттің Web - объектілерінің URL - адрестерін сақтауға арналған өріс. Сілтемені тышқанның батырмасымен шерткенде автоматты түрде броузер жүктеліп, терезеге Web - объекті шығады;

  • Ауыстырулар шебері ( Мастер подстановок ). Бұл арнаулы емес мәліметтер типі. Бұл объектінің көмегімен мәліметтерді енгізуді автоматтандыруды дайын тізімнен таңдап алатындай етіп ұйымдастыруға болады.