Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гулнур-МН ЖШС- мліметтер орын ру.doc
Скачиваний:
26
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
1.7 Mб
Скачать

1.3 Мәліметтер қорының объектілері

Місrosoft Ассess 2010 мәліметтер қорын басқару жүйесі жеті түрлі объектілерді құруға және қолдануға мүмкіндік береді.

Кестелер. Бұл кез келген мәліметтер қорының негізгі объектісі болып табылады. Біріншіден мәліметтер қорындағы барлық ақпарт сақталады. Екіншіден кестелер мәліметтер қорының құрылымын анықтайды.

Сұраныс. Бұл объекті кестедегі мәліметтерді қолданушыға ыңғайлы түрде шығарып береді. Сұраныстардың көмегімен мәліметтерді сұрыптау, сүзгілеу амалдары орындалады. Сұраныстың көмегімен бұрыннан бар кестенің негізінде жаңа кесте құрылады, басқа мәліметтер көзінен импортталады, кестелерде қарапайым есептеулер жүргізіледі.

Жаңадан қолданушылар сұраныстың рөлін аса терең түсінбейді, өйткені, сол операцияларды кестемен де жүргізуге болады деп ойлайды.

Бірақ, жай кестелермен жұмыс істегенде кез келген уақытта ондағы мәліметтерді байқаусызда жоғалтып алуымыз мүмкін.

3-сурет. Сұранысқа мысал.

Сұраныстың ерекшелігі – олар негізгі кестелердегі мәліметтердің негізінде уақытша қорытынды кесте құрады. Негізгі кестемен жұмыс істегенде біз қатқыл дискімен жұмыс істейміз. Ал, оған қатынау тез уақытта жүзеге асырылады.

Реттелген кестелік құрылымдардың ең басты кемшіліктері – оны жаңарту, яғни, оған қосымша жаңа жазбалар енгізу болып табылады. Себебі, ол кезде бүкіл кестенің реті бұзылады, оны қайта құру қажет болады. Бұл мәселе, МҚБЖ–де өз шешімін тапқан.

Мұндағы негізгі кестеден ешқандай реттілік талап етілмейді. Жазбалар негізгі кестеге түсу ретімен енгізіле береді. Егер қолданушы қандай да бір шарттармен сұрыпталған, сүзгіленген мәліметтер алғысы келсе, онда ол сәйкес сұранысты пайдаланады. Егер қажетті сұраныс болмаса, онда ол жобаланушыға тапсырыс береді.

Қалыптар. Егер сұраныстар мәліметтерді сұрыптау мен анализдеудің арнаулы құралдары болса, ал қалыптар мәліметтерді енгізу құралы болып табылады. Оның мәні мынада - ол қолданушыға тек толтыруға рұқсат етілген өрістерді толтыру құралдарын ұсынады.

Қалыптардың көмегімен мәліметтерді экранға бейнелеп беруге болады. Сұраныстың көмегімен де мәліметтерді бейнелеуге болады, бірақ қалыптың көмегімен экранға шығарылған мәліметтерді безендіруге болады. Ол үшін мәліметтерді енгізу кезінде арнаулы безендіру құралдарын қолдану қажет.

4-сурет. Access-Te құрылған қалып.

Есептер. Өзінің қасиеттері мен құрылымы жағынан есептер қалыпқа өте үқсас келеді, бірақ ол мәліметтерді тек баспаға шығаруға арналған. Сондықтан есептерде баспа құжаттарына арналған арнаулы безендіру элементтері бар ( жоғарғы және төменгі колонтитулдар, беттердің көшірмелері, есептің құрылуы жайындағы мәліметтер ).

  1. Сурет. Қарапайым кестенің үлгісі.

Беттер. Мәліметтер қорының осы арнаулы объектілері тек Microsoft Access 2010-да ғана жүзеге асырылған. Бұл Web - бетте оналастырылатын және қолданушыға сол Web - беттен берілетін, HTLM кодында жазылатын өте айрықша объект. Жеке өзін алсақ бұл объект мәліметтер қоры болып есептелмейді. Бірақ ол сервердегі мәліметтер қорын жіберілген Web - бетпен байланыстыратын компоненттерді қолдана отырып Web - тораптағы қолданушы мәліметтер қорындағы жазбаларды көре алады.

Макростар мен модулъдер. Бұл категориядағы объектілер осы МҚБЖ - мен жұмыс істеу кезінде қайталанатын операцияларды автоматтандыруға және программалау арқылы жаңа функцияларды құруға арналған. Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесіндегі макростар МҚБЖ - ның ішкі командалар тізбегінен тұрады және мәліметтер қорымен жұмыс істеуді автоматтандыру құралы болып табылады. Модульдер сыртқы программалау құралдарының көмегімен құрылады.