Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

І.БЛІМ жауабы

.docx
Скачиваний:
48
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
61.98 Кб
Скачать

3,7 Фазалық роторлардың орамалары ,статордың орамаларымен бірдей. Фазалық роторлы асинхронды қозғалтқыштың асинхронды қозғалтқыштың роторлық орамасы фазасының бас жақ ұшы біліктің қуыс ұшы арқылы шығарылады және электр оқшауландырылған төлкеге мықтап отырылғызылған үш түйіспе сақинасына жалғанады. Щетка ұстағыштар мен серіппелер реттегіш резисторларды жалғап тұруға арналған графит щеткаларды сақиналарға қысып тұрды ротор орамалары оларды Ү сұлбасы бойынша қосқанда бейтараппен бірігеді де ,ұштары шығарылмайды. Орамаларды дельта сұлбасы бойынша қосқанда фазаның басқы ұшы да түйісу сақинасымен жалғасады. Сондықтан мұндай қозғалтқышты фазалы роторлы асинхронды қозғалтқыш деп атайды.

3,8 Асинхронды қозғалтқыш электр энергиясын механикалық энергияға айналдыру үшін статор орамасында білікті айналдыратын айнымалы магнит өрісі пайда болуы керек. Ол үшін қажетті және міндетті түрде үш шарт орындалуы тиіс:

-статорда кемінде екі орама болу;

-орама статордың ойықтарындағы кеңістікке геометриялық біріне бірі қиғаш орналасуы;

- орамалардағы токтар, уақыт жағынан бір-бірінен ығысқан болуы; Сонымен айнымалы магнит өрісін туғызуы үшін статордың орамалары аумақық ( геометриялық) ығыса орналасуы,ал ондағы токтар уақыт жағынан бір-бірінен ығысуы болуы тиіс.

3,9 Асинхронды злектр қозғалтқыштың роторы барлық уақытта статор орамасының магнит өрісімен синхронды емес,үнемі асинхронды айналады. Осыдан келіп, асинхронды қозғалтқыш деп аталған.

3,10 Арнайы мақсатқа арналған қозғалтқыштардың сырғанауы синхронды жылдамдықтың 10-15% -на дейін жетуі мүмкін. Статордың магнит өрісінің синхронды айналу жылдамдығы токтың жиілігі f1 мен статор орамасының жұп полюсінің санына Р1 байланысты:

Nc =60f1 /p

3,11 Пісіру трансформаторлары доғамен,түйістіріп,тігістіріп немесе жанастырып,нүктелеп пісіру сияқты электрмен пісіру сан түрлерінде қолданылады. Пісіру трансформаторларының ерекшелігі магнит ағынын шашыратуы жоғары. Ол бірінші ораманың және екінші орамаларды қималары әр түрлі өзектерге орналастыру немесе магнитөткізгіштерінің арасындағы ауа саңылауын реттеп отыратын магнит шунттарын қолдану арқылы атқарылады. Пісіру трансформаторының екінші кернеуі пісірушінің қауіпсіздігін сақтайтын және жану доғасының тұрақты болуын қамтамасыз ететіндей етіп алынады. Айнымалы токты пайдаланғанда бұл екі шарт кернеу 40-70 Вольт және пісіру трансформаорының шұғыл төмендейтін сыртқы сипаттамасы болғанда қанағаттандырылады. Белгілі технологиялық әрекет жағдайына қарай пісіру доғасының ток күшін реттеу,мысалы: металды пісіру немесе кесу тікелей магнитөткізгіштің немесе трансформатордың немесе реактивті шарғының екінші орамасымен тікелей жалғасқан магнит шунттардың арасындағы ауа саңылауының шамасын өзгерту арқылы жасалады. Пісіру тогын реттеудің екінші нұсқасы бірфазалы трансформаторлардан бір уақытта техникалық әрекеттері бірнеше жұмыс орнын қоректендіруге мүмкіндік береді.

3,12 Бірфазалы асинхронды қозғалтқыш құрылысы жағынан үшфазалы қозғалтқышқа ұқсас,айырмашылығы статорға үш орама емес, екі орама салынады. Мұнда статор орамасының орындалуы әр түрлі болуы мүмкін. Егер тарамалы ойықты статор болса,онда орамалар ойықтарға салынады,ал айқын полюсті статорда орамалар шарғы түрінде орындалады. Статордың бірфазалы орамасы орам саны әр түрлі екі орамаға бөлінеді. Кеңістікте бір –біріне қарағанда геометриялық ығысқан. Орам саны көп орама жұмысшы деп, орамы аз орама жұмысқа қосушы делінеді. Жұмысқа қосу орамасы қозғалтқышты жүргізу кезінде ғана қосыла алады. Әдетте, бірфазалы электр қозғалтқыштардың роторы қысқа тұйықталады.

3,13 Генераторды электр энергиясының көзі ретінде сипаттайтын маңызды сипаттамалары:

-сыртқы сипаттама U=f (I) мұнда n=const және Iв=const;

-реттеу сипаттамасы Iв=f (I) мұнда U=const және n=const;

-жүктеиелік сипаттамасы U=f (Iв) мұнда І=const және n=const. Қосымша сипаттамаларға бос жүріс және қысқа тұйықталу сипаттамалары жатады.

3,14 Тәуелсіз және параллель қоздырғышты генераторларда кернеудің өзгеру сипаты абцисса осі бойынша Iв зәкір реакциясының магниттегіш күші мөлшеріне ығысқандағы жүктемесіз жұмысының сипаттамасына ұқсайды. Аралас қоздырғышты генератордың жүктемелі сипаттамасы тек күшті,тізбектей жалғасқан орамасы болғанда ғана тәуелсіз және параллель қоздырғыштары бар генератордың жүктемелі сипаттамасынан біршама жоғары орналасады.

3,15 Электр қозғалтқыштарының қоздырғыштары,жалпы алғанда,сол генераторлардың қоздырғыш жүйесі сияқты. Қозғалтқыштардың ең көп тарағандары да параллель,тізбектей және аралас қоздырғыштары барлар. Қозғалтқыштардың барлық түрлерінің де жұмыс тәртібін талдағанда , электрлік тепе-теңдік теңдеулеріне жылдамдық жіне механикалық сипаттамаларына сүйенеді.

3,16 Тұрақты ток қозғалтқыштарының тұрақталған жұмыс кезіндегі электрлік процестері, оның электрлік тепе-теңдік теңдеуімен сипатталады. Зәкір орамасына берілген кернеу тұтынатын электр энергиясына пропорционал ,механикалық энергияға айналған пропорционал ЭҚК-тен, зәкір тізбегіндегі гистерезис құбылысын, құйынды токтарды, щетка түйіспелері мен механикалық үйкелістерді ескере отырып-кедергілердің әсерінен энергияның шығынына пропорционал шамада артық болуы тиіс. Оны математика тілінде былай жазуға болады:

U= Eя- Iя R я

3,17 Қоздырғыштың желіден тұтынған электр энергиясын ,зәкір білігін айналдыратын механикалық энергияға айналдыру процесі электрлік,магниттік және механикалық шығындармен байланысты. Қозғалтқыштың білігіндегі механикалық қуат Р2 желіден тұтынған электр энергиясынан қозғалтқыштардың өзінде болатын барлық шығындардың шамасындай аз:

Р21

Мұндағы Р1 –қозғалтқыштың желіден тұтынған электр қуаты:

Р1=UI

3,18 Қоздырғыш жүйесі басқа генератордың сыртқы сипаттамаларына ұқсамайды. Тізбектей қоздырғышы бар генераторлардың зәкір тогы ,жүктеме тогы және қоздыру орамасының тогы –сол бір ток,демек кернеу жүктеменің өсуімен бірге өседі. Жүктеме тогының өсуімен бірге генератор қысқыштарындағы кернеу азаймай керісінше,айтарлықтай тез өседі,ол полюстердің магнит ағындарының өсуі есебінен болады. Дегенмен,қоздыру орамасының магнит ағыны есебінен кернеудің артуы,белгілі бір шекте,қоздыру тогының көбеюі есебінен , магнит ағынының өсуін тежейтін магнит жүйесі қанығу жағдайына жеткенге дейін артады. Мұндай жағдайда токтың артуы машинаның магнит ағыны мен зәкір ЭҚК-нің қандай да бір өсуіне әкелмейді. Кернеу зәкір реакциясы мен әсіресе зәкір тізбегі кедергісіндегі кернеудің азаюы есебінен одан ары төмендей бастайды,тізбектей қоздырғышы бар генераторлар жүктеменің өзгеруіне қарай кернеудің күрт өзгеруінен ,әдетте іс жүзінде қолданылмайды.

3,19 Щеткаұстағыштар айгөлек қалқанына , болмаса қаңқаға жалғанады. Траверстерді бұру арқылы машина полюстеріне қарағанда,барлық щетка жүйесінің орналасуын өзгертуге болады. ЭҚК-тің ең көп шамасы алу үшін щеткалар геометриялық бейтарапта ,демек полюс осіне тік түсетін сызықта орнатылады.

3,20 Тұрақты ток қозғалтқыштарының айналу жылдамдықтарын өзгертуді,көбейту жағына қарай да,азайту жағына қарай да жүргізуге болады. Желідегі кернеудің тұрақты кезінде (U=const) айналу жылдамдығын азайтуды зәкір орамасы тізбегінің кедергісі реттелетін резистор жалғау арқылы, ол зәкір орамасына берілетін кернеуді азайтумен парапар жасалады. Тұрақты ток қозғалтқышы зәкірінің резисторының кедергісіндегі электр шығындарының көптігінен экономикалық тұрғыдан тиәмсіз болғаны мен оған тұрарлық балама жоқ. Тұрақты ток қозғалтқыштарының айналымдарын арттыру әдістерінің неғұрлым тиімді және үнемдісі шунттық қоздыру тогын,демек магнит ағынын азайту болып табылады. Мұндай әдіспен қозғалтқыштың айналуын азайту мүмкін болмайды,себебі реттеуші резисторды енгізу арқылы, қоздыру тогын азайтуға ғана болады, ал оны көбейтуге болмайды. Тұрақты ток қозғалтқышының айналу бағытын өзгерту (реверсирование) қоздыру орамасының полюстерін ауыстыру немесе зәкір орамасының полюстерінің бірінің қысқыштарына ауыстырып қосу арқылы атқаруға болады. Айналу бағытын желінің полюсін ауыстырып өзгерту тәуелсіз қоздыру немесе тұрақты магниттен қоздыру қозғалтқыштарынан басқа мүмкін емес.

3,21 Электр қозғалтқышының механикалық сипаттамасы деп-оның бұрыштық айналу жылдамдығымен айналдырушы моментінің арасындағы тәуелділікті атайды,яғни 3,22 ЭЖ-нің механикалық сипаттамасының қатаңдығы деп- электр қозғалтқыштық құрылғының тудыратын электр магниттік моменттерінің айырмашылығының электр жетектің сәйкес келетін бұрыштық жылдамдығының айырмашылығына қатынасын айтады,яғни

3,23 А) абсолют қатаң механикалық сипаттама

Б) қатаң механикалық сипаттама

В) жұмсақ механикалық сипаттама

Г) абсолют жұмсақ механикалық сипаттама

3,24 абсолют қатаң механикалық сипаттама -бұл сипаттамада момент өзгерген кезде жылдамдық тұрақты болып қалады. Мұндай сипаттама синхронды қозғалтқыштарда болады.

3,25 қатаң механикалық сипаттама- бұл сипаттамада ,момент өзгерген кезде жылдамдық аз дәрежеде төмендейді . Мұндай сипаттама тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштарда және асинхронды қозғалтқыштарда механикалық сипаттаманың жұмысшы телімінде болады

3,26 жұмсақ механикалық сипаттама-бұл сипаттамада жылдамдық ,момент өзгергенде едәуір төмендейді. Мұндай сипаттама тізбектей қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштарында болады.

3,27 абсолют жұмсақ механикалық сипаттама -бұл сипаттама кезінде ,жылдамдық өзгерген кезде , қозғалтқыштың моменті тұрақты болып қалады. Мұндай сипаттама ЭЖ-нің тұйықталған жүйелеріне жұмыс істейтін тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштарда болады.

3,28 Динамикалық тежеу 2 әдіспен жүргізіледі

3,29 Өзін-өзі қоздырып тежеу кезінде қозғалтқыштың зәкірі ж/е қоздыру орамасы желіден ажыратылып кедергіге жалғанады

3,30 Генератор дегеніміз механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын құрылғы.

3,31 Айнымалы токтың екі бағыты болады,ал тұрақты ток бір бағытта қозғалады.

3,32 Диодтың мақсаты айнымалы токты тұрақты токқа айналдыру.

3,33 Трамвай, троллейбус, метро.

3,34 Тұрақты токты

3,35 Ағаш опоралар,темір-бетон опоралар, металдық опоралар

3,36 Ең бірінші құрылған опоралар-ағаш опоралар

3,37

3,38

3,39 Жылу беру тұрақты кезде қозғалтқыштың температура артуы циклдің орташа шығындарымен анықталады:

Мұнда -і-дегі интервалдағы қуат шығыны, -интервалдың ұзақтығы, м-циклдегі интервал саны. Табылған орта шығындарды номинал шығындармен салыстырады,ал егерде болса,онда

3,40 -магнит ағынына кедергі аз болу үшін арнайы электр магниттік болаттардан жасалады;

-құйынды токты мейлінше төмендету арқылы электр шығынын азайту мақсатымен болат құймадан емес,электр техникалық болаттан даярланып екі жағына оқшаулағыш лак жағылған жұқа қаңылтырдан жасайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]