Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
27-01-2013_10-52-07 / НАДЕЖНОСТЬ.docx
Скачиваний:
41
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
317.39 Кб
Скачать

28.Көліктік техниканың техникалық күйіне әсер ететін пайдаланымдық факторлар

  1. Күштік әсер

  • Көлемдік

  • Беткейлік

  • Үздіксіз

  • Уақытша

  • Тұрақты

  • Ауыспалы

  • Статистикалық

  • Динамикалық

  1. Температуралық

  • Ұзақ уақыт бойынша

  • Біртіндеп, бір рет қана

  • Дүркін-дүркін

  • Жылулық соққы

  1. Қоршаған орта

  • Атмосфералық

  • Газдық

  • Сұйықтық

  • Аралас

  1. Үйкеліс

  • Сырғанау

  • Тербеліс

  • Айналу

  • Құрғақ

  • Шектік

  • Сұйықтық

29. Ақаусыз жұмыс істеу және істен шығу ықтималдығы

Ақаусыздық деп объект қасиетінің өзінің жұмыс істеу қасиетін белгіленген уақыт ішінде немесе іс мерзімі ішінде үздіксіз сақтауды айтады. Іс мерзімі ретінде объектінің орындайтын жұмысының көлемі, сағат өлшемі мен текшеметр жіне т.б. саналады. Бұл қасиет тежегіш құрылғының элементтерін, жүк көтеру механизмін қарастырғанда өте маңызды болып есептелінеді, өйткені олардың істен шығуы апатқа әкеліп соғуы мүмкін.

Pt-ақаусыз жұмыс істеу ықтималдығы.

Pt-обьектінің іс-істеу мерзімі шегінде істен шығу ықтималдығы болмайды немесе t уақытындағы ықтималдық келесідей табылады:

PtN-N0 / N

N-объектінің партиядағы саны; N0- t уақыты ішіндегі істен шыққан объектінің саны.

Егер анықталған уақыт интервалы ішінде ең кемінде 1істен шығу болса онда оны істен шығу ықтималдығы Ғt дейді.

30. Істен шығу классификациясы

Істен шығу келесі түрде жіктеледі: кенеттен істен шығу, біртіндеп, параметрлік, кезектесіп істен шығу, функционалдық істен шығу.

Кенеттен істен шығудың белгісі болып оның пайда болуы элементтік жұмыс істеу ұзақтығына тәуелді емес. Бірақта пайдалану уақытының өсуіне қарай, машинаның кенеттен істен шығуы ұлғаятыны анықталған. Элементтердің бұзылуы кенеттен болғандықтан,оның алдын-ала қирау белгілері болмайды. Кенеттен істен шығудың себептері, қирауға байланысты белгісіз болып келеді. Өйткені олардың пайда болуы элементке беріктікке есептегенде ескерілмейді. Сондықтан кенеттен бұзылу жауапты элементтер үшін өте қауіпті болып саналады. Ал элементтің қорлық беріктігін өсіру бұзылуды тоқтата алмайды. Қирап істен шығуды тоқтату үшін беріктіктің физикасын толық негізделген болған жағдайда ғана жоюға болатын шығар.

Біртіндеп істен шығу мен тотығу тозуға байланысты. Пайдалану мерзімі өскен сайын тозу мен тотығу ұлғая түсетін болғандықтан, бұзылу ықтималдығы да өсе түседі.

Үйкеліс жұбының тозуы шарасыз. Алайда машинаны топтамалы өндірістен шығарғанша дейін тозу шамасының шегін анықтап, алдын-ала бұзылу болатынын анықтауға болады. Одан басқа бұзылу барысын төмендететін шаралар қабылдап, оның тозу жылдамдығын азайтуға болады немесе үйкеліс жұбының материалдарын қайта таңдауға тура келеді.

Тотығу туралы келесін айтуға болады. Кейбір жағдайда тотығу үрдісін майлауды қолданып толық жоюға болады. Одан басқа тотығу қарсы жабу, катодтық қорғау және т.б. жасауға болады.

Кезектесіп бұзылу деп жұмысты атқару кезінде әлсін-әлсін бір ақаудың әсерінен істен шығуды айтады. Мысал ретінде іштен жанатын қозғалтқыштың отын-экономикалық көрсеткіші бойынша қуаттың төмендеуі – цилиндр қалпақшаларында күйдірмелердің пайда болуы немесе ылғал сусымалы жүктерді тасығанда, таспаға материалдардың жабысып қалуы және т.б. Бұл істен шығу машина ұзақ уақыт жұмыс істеген өздігінен жойылып та кетеді.

Параметрлік істен шығуға тежегіш жолының ұлғаюы, металл өңдейтін станоктардың дәлдігінің төмендеуі, қозғалтқыш қуатының азаюы және басқалар жатады.

Функционалдық істен шығу деп бұйым өзіне жүктелген міндетті атқармауы. Мысалы сынып, қирап істен шығу. Кейбір жағдайларда функционалдық істен шығу объектінің техникалық жағдайы іске жарамды күйінде де болуы мүмкін. Мысалы, сорап сұйықты айдамайды. Соратын құбыршаға сұйықты құйып, сорапты қайта іске қосу керек. Қозғалтқыш тұтанбайды, клапандардың жұмыс істеу тәртібі реттелінбеген.

Соседние файлы в папке 27-01-2013_10-52-07