Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скен.doc
Скачиваний:
115
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
461.31 Кб
Скачать

КІРІСПЕ

Теміржол көлігі ең өнімді, ыңғайлы, қауіпсіз, сенімді көлік түрі болып табылады. Пойыздың қауіпсіздігі мен қозғалысы қуатты локомотивті және ауыр жүк тасымалдайтын вагондарды пайдалану теміржолдың қуаттылығы мен қалыптылылығына байланысты болады.

Темір жол көлігі еліміздің негізгі көлік түрі болып табылады. Темір жол көлігі халық шаруашылығының маңызды, құрамды бөлігі, оның қызметінен өнеркәсіптің, ауыл шаруашылықтың, сауданы жабдықтау, кәсіпорындардың дамуы мен жұмыс атқаруы тығыз байланысты. Қазақстанның көлік қатынасында темір жолдың маңызы ерекше зор. Өйткені темір жол арқылы республиканың халқы тек біздің елімізде ғана емес, сонымен қатар бүкіл жер бетінің барлық аймақтарына ешқандай қиындықсыз бара алады және қажетті тауарларын жеткізе алады. Темір жолдарды техникалық жағынан қамтамасыз ету және тасу жөніндегі Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды алады. Темір жол Қазақстан Республикасының халық шаруашылығында ең маңызды көліктің қызметін атқарады. Қазақстан темір жолы көптеген бағытта жұмыс жасай алады.

Теміржол – бағыттаушы рельс табаны төселген құрылыстарының және қондырғыларының жиыны болып табылады.Теміржол көлігі жолаушыларды, жүкті, почтаны тасымалдауға арналған барлық техникалық құралдары бар жиынды көлік саласы болып табылады.

Теміржолдың негізгі техникалық құрылғылары – бұл жылжымалы құрамалары, локомотив, вагондар, рельс жолдары, жасанды құрылғылар, көпірлер, эстакадалар, виадуктар, стансаның аумағы, автоматика мен телемеханика құрылымдары және т.б.

Стансалар – жеке пунктердің ең көп тараған түрі болып табылады. Соның ішінде телімдік стансалар локомотив пен локомотив бригадаларын ауыстыруға, локомотивті жабдықтауға, техникалық тексеруге, құрама және телімдік пойыздарды құрастыру және бөлшектеуге, жолаушылар пойызына қызмет етуге арналған. Телімдік станциялар тартым түріне қарай электрлі, тепловозды, аралас тартымды болып бөлінеді. Локомотив қызмет ету жүйесіне қарай негізгі айналмалы немесе локомотивтер айналу пунктері болып бөлінеді. Басты жолдардың санына қарай, және стансаға екі бағыттан көп бағыттар жалғанса, торапты телімдік станса телімдік станса болып бөлінеді.

  1. СТАНСА МЕН ТАРТЫМ АУДАНЫНЫҢ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Жобаланатын телімдік станция IV категориялы дара жолдық аралықта орналасады. Екі жағынан жалғанатын аралықтар автобекітумен қамтамасыздандырылған, бағыттама бұрмалары мен сигналдары басқару электрлік орталықтандыруға қосылған.

Жүк пойыздары ВЛ-80 сериялы локомотивімен қызметтеледі. Локомотивтің бір жыл ішінде жүрген қашықтығы 30 млн.км. тең. Жобаланатын телімдік стансаның солтүстігінде елді мекен орналасқан. А бағытынан станса арқылы тәулік ішінде 30 өңдеусіз транзит пойыздары өтеді, оның ішінде 4 тілімдік, 4 құрама пойыздары. Сонымен қатар, А бағытынан 12 жолаушылар пойызы өтеді. Б бағытынан тәулік ішінде 45 өңдеусіз транзит пойыздары өтеді, оның ішінде 4 телімдік, 4 құрама пойыздары, және де 13 жолаушылар пойыздары өтеді.

Берілген стансалық алаңшаның ұзындығы 3000 м. Жүк пойызының салмағы: А – Н 5000т, Н-Б 4000т. Жетекші еңісі: А-Н 9‰, Н-Б 8‰. 4- білікті вагондар жүк вагондары паркінің 80%-ды, 8-білікті вагондар 20% - ды құрайды.

4 - білікті вагонның жүгі мен бірге салмағы 56 т, 8 – білікті вагондікі 105 т. Стансада жылжымалы құрамаларды техникалық тексеру және жөндеу мақсатында негізгі депо орналасады. Стансаға жүк ауласы және кірме жол жалғанады. Жүк ауласы тұйық типті, онда қаптардағы жүктерге арналған ішіне жолдары енгізілген жабық қойма, контейнерлік алаңша және ақтарма жүктер үшін биіктетілген жол орналасады.

  1. ҚАБЫЛДАУ-ЖӨНЕЛТУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ПАЙДАЛЫ ҰЗЫНДЫҒЫН АНЫҚТАУ

Қабылдау-жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығы пойыздардың ұзындығына байланысты анықталады.

Жүк пойызының ұзындығы келесі формуламен анықталады:

Qп

Lп = —————— (l4 γ4 + l8 γ8 ) + lл + 10, м (2.1.)

g4 γ4 + g8 γ8

Мұндағы,

Qп – пойыздың салмағы,т (қосымша 2)

q4 q8– 4-білікті және 8-білікті вагондардың брутто салмағы(қосымша 2)

l4 l8 – 4-білікті және 8-білікті вагондардың ұзындығы., м (қосымша 2)

lл – локомотивтің ұзындығы, м, l л=14,73

γ4 γ8 – 4-білікті және 8-білікті вагондардың пайыздық үлесі

Qп=5000т

q4 =50 т

q8 =130 т

l4 =14,73 м

l8 =21,12 м

lл =34 м

γ4 =0,35

γ8 =0.65

5000

Lп = ——————— (14,73*0,35+21,12*0,65)+14,73+10=956 м

50*0,35+130*0,65

4000

Lп = ——————— (14,73*0,35+21,12*0,65)+14,73+10=770 м

50*0,35+130*0,65

Жобаланатын телімдік стансаның қабылдау-жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығы 1050 метрге тең.

  1. СТАНСА СҰЛБАЛАРЫНЫҢ НҰСҚАЛАРЫН ТАҢДАУ

Стансаның нұсқаларын құрастыруда стансаның тиімді сұлбаларын анықтау қажет. Бұл анықталған сұлба барлық жағдайларда келтірілетін шығындардың аз болуын қамтамасыз етуі қажет. Бұл үшін берілген станса алаңшасының ұзындығын 3.1-ші кестенің мәліметтерімен салыстырып, ең кемі 2 түрлі станса сұлбаларының нұсқаларын анықтайды.

Кесте 3.1

Станса типі анықталған соң, алынған станса сұлбаларының әр қайсысына сипаттама беру керек: негізгі стансалық құрылғылардың стансада орналасуы, өткізу қабілетінің деңгейі, станса қызметкерлері үшін тиімділігі, пойыздар мен локомотивтердың қозғалуының қолайлығы, стансаның ары қарай дамуы және т.б.

Стансаның сұлбаларын анықтағанда, стансаның қылталарында орындалатын операциялардың параллельдігіне көп көңіл бөлу қажет. Станса қылталарының құрылымы қарсы маршруттардың санын азайтуы қажет.

1 Сурет. Телімдік стансаның бойлық схемасы

  1. ҚАБЫЛДАУ-ЖӨНЕЛТУ ПАРКТЕРІНДЕГІ ЖОЛДАР САНЫН АНЫҚТАУ

Телімдік стансаларда жолаушы пойыздарды қабылдау және жөнелтуге басты және арнайы жолдар пайдаланылады. Жолаушылар поездарын қабылдайтын жолдар және басты жолдар саны стансаға жалғасатын бағыттардың санынан кем болмауы тиіс. Жолаушы пойыздарын қабылдау-жөнелту жолдарын анықтағаннан кейін, жүк пойыздарын қабылдап, жөнелтетін жолдар санын анықтайды. Жолдар санын қозғалыс сипаты мен мөлшеріне автоматика мен телемеханика құрылымдарына байланысты есептейді.

Қабылдау-жөнелту парктерінде өтпелі жүк пойыздарына арналған жолдар саны тақ және жұп бағыттарына жеке-жеке келесі формуламен анықталады:

tт

m = ——— + l, жол (4.1.)

Iе

Мұндағы,

tт – поездың жолда тұру уақыты, мин

Iе – берілген паркке поездардың келуінің есептік интервалы, мин

1 – басып озуға арналған жол

57

m = ——— + 8 = 11 жол

16

56

m = ——— + 8 =12 жол

16

Парктерге пойыздар тек бір бағыттан келгенде, есептік интервал мына формуламен анықталады:

Imin + Iор

Iе = ———— , мин (4.2.)

2

Мұндағы,

Imin – жүк пойыздардың телімде жүруінің интервалы (автобекітуде 8 не 10 мин, жартылай автобекітуде 20 мин)

Iор – пойыздардың стансаға жақындауының орташа интервалы

8 +23

Iе = ———— = 16 мин

2

8+32

Iе = ———— =20 мин

2

Орташа интервал келесі формуламен анықталады:

1440

Iор = —————— , мин (4.3.)

Nжүк + ENжол

Мұндағы,

Nжүк Nжол – есептелетін бағыттардағы жүк және жолаушылар пойыздарының саны (қосымша 1)

E – жүк пойыздарын жолаушылар пойыздарымен ауыстыру коэффициенті (қос жолда желіде 1,8, дара жолды желіде 1,3)

1440

Iор = —————— =32 мин

30 + 1,3*12

1440

Iор = —————— =23 мин

45 + 1,3*13

Бір пойыздың жолда тұру уақыты келесі формуламен анықталады:

tт = tқ +tоп +tкүту +tжөн; мин (4.4)

Мұндағы,

tқ – пойызды стансаға қабылдағанда маршрутта жүру уақыты

tоп – технологиялық процесске сәйкес қабылдау-жөнелту жолдарында операцияларын орындау уақыты (транзит пойыздарына 30 мин)

tкүту – пойыздың жөнелтуді күтіп тұру уақыты

tжөн –пойызды жөнелткен уақыттан станса жолдарының бос болу уақытына дейінгі маршруттан өту уақыты.

tт = 11+30+3+13=57мин

tт = 11+30+2+13=56ми

Жүк пойызды қабылдағанда маршруттың бос болмауы келесі формуламен анықталады:

Lбл L′′бл + Lк

tқ = tм + ———— + ———— , мин (4.5.)

16,7 × V 16,7 × Vк

Мұндағы,

tм – қабылдау маршрутын дайындау уақыты (маршрутты релелік орталықтандыруда 0,5, электрлік орталықтандыруда 0,2 мин)

Lбл L′′бл – 1-ші және 2-ші блок-телімдердің ұзындығы (1000 м)

V Vк – жүк пойыздардың аралықтардан және стансаға кіру жылдамдығы (V=80 км/сағ, Vк =40 км/сағ)

Lк = Lм +Lп – қабылдау-жөнелту жолдарының қабылдау сигналынан шығу белгісіне дейінгі қашықтық

Lм – пойызды қабылдау қылтасының ұзындығы, яғни қабылд аужолындағы кіру бағдаршамнан шектік бағанға дейінгі қашықтық, м (электрлік тартымда 650 м, тепловоздық тартымда 400 м)

Lп – қабылдау-жөнелту жолының ұзындығына тең пойыз ұзындығы (қосымша 2)

1000 1000+5650

tқ = 0,2 + ———— + ———— = 11 жол

16,7 ×80 16,7 × 40

Lк = Lм +Lп = 650м +5000 =5650

Пойыздың жөнелтуді күтіп тұру уақыты ықтималдылық теориясының негізінде келесі формуламен анықтауға болады:

720 Nжүк (1+Vжөн )

tкүту = ——————————, мин (4.6.)

Nmaxжүк (Nmaxжүк – Nжүк)

Мұндағы,

Nжүк – тәулік бойынша жөнелту паркіне келген жүк пойыздарының саны

Vжөн – пойыздарды жөнелту интервалдарының алмасу коэффициенті (Vжөн =0,7-0,9)

Nmaxжүк – жүк пойыздың қозғалысына телімнің максимал өткізу қабілеті

720*45 (1+0,49)

tкүту = —————————— = 3мин

163*(163 –45)

720*30 (1+0,49)

tкүту = —————————— = 2мин

164*(164 –30)

Жүк пойыздың қозғалысына телімнің максимал өткізу қабілеті келесі формуламен анықталады:

Nmaxжүк = Nпар –E*Nжол; пойыз (4.7)

Мұндағы,

Nпар – параллель кестелі телімнен максимал өткізу қабілеті (автобекітуде Nпар =1440/Iмin)

E – жүк пойыздарын жолаушылар пойыздарымен ауыстыру коэффициенті (қос жолда желіде 1,8, дара жолды желіде 1,3)

Nmaxжүк = 180 –1,3*13 =163 пойыз

Nmaxжүк = 180 –1,3*12 =164 пойыз

Пойызды жөнелткендегі маршрутта жүру уақыты келесі формуламен анықталады:

Lшығу

tжөн = tм + tа + —————, мин (4.8.)

16,7 Vшығу

Мұндағы

tм – маршрутты дайындау уақыты

tа – бағдаршамды ашу уақытынан жүк поезының орташа қозғалуына дейінгі уақыт (ta=1мин)

Lшығу – жолдың босауына дейінгі пойыздың жүру қашықтығы, бұл қашықтық жолдың пайдалы ұзындығы мен шығу қылтасының ұзындығына тең болады

Vшығу – пойыздың стансадан шығуының орташа жылдамдығы (Vшығу= 30 км/сағ )

5650

tжөн = 0,2 + 1 + ————— = 13мин

16,7*30км/сағ

Есептеу бойынша анықталған қабылдау-жөнелту жолдарының саны станса мен тораптарды, жобалау нұсқауларында берілген жолдар санымен салыстыру қажет.

  1. СҰРЫПТАУ ЖӘНЕ ТАРТЫМДЫҚ ЖОЛДАР САНЫН АНЫҚТАУ

Сұрыптау паркінің жолдары құрастыру жолдарының бағыты бойынша вагондарды жинақтауға, жергілікті және өңделетін вагондарды жинақтауға арналған.

Телімдік және құрама пойыздарды және кірме жолдар мен жүк ауласынан келетін вагондарды бөлшектегенде, вагондар сұрыптау паркінің жолдарына бағыты бойынша жинақталады.

Телімдік және құрама пойыздарды әр бағытқа жинақтау мақсатында, әр бағытқа бір жолдан арналады. Бұл жолдардың ұзындығы қабылдау-жөнелту жолдарының ұзындығынан 10% -ға жоғары болады.

Стансаға жүгін түсіруге келетін вагондарға (жүк ауласына, кірме жолдармен және т.б.) бір жол арналады. Ал егер стансаға тәулігіне 30 вагоннан жоғары вагон қабылданса, екі жол арналады. Жолдардың ұзындығы пайдалы ұзындықтан кем болуы мүмкін, бірақ ұзындығы 300 метрден кем болмауы тиіс. Өңделетін вагондарға пайдалы ұзындығы 200-300 м болатын жолдар арналады.

Кесте 5.1.

Тартып шығу жолдарының санын өңделетін вагондар мен телімдік және құрама пойыздарды бөлшектеуінің маневрлік жұмыстарының орындау әдісіне байланысты анықталады.

(Nбөлш tбөлш + Nқұр tқұр + Nж tж +Nлок tлок +Nк tк) Кқ

mтарт = ——————————————————————, жол (5.1)

1440 – Тж

Мұндағы,

Nбөлш – өңдеуге ке

летін телімдік және құрама пойыздардың саны(қосымша 1)

Nқұр – өз құрастырымдағы поездар саны (8-10)

Nж – жүк ауласына берілетін вагондар саны (8-10)

Nлок – локомотив шаруашылығына жіберілетін локомотивтердің беру саны (8-10)

Nк – кірме жолдарға берілетін вагондардың жөнелту саны (8-10)

tбөлш tқұр tж tлок tк – тартып шығу жолының бір құрамамен жұмыс істеп тұруында, құраманы қабылдау-жөнелту жолына және кері операцияларында бос болмай тұру уақыты

tбөлш =30мин

tқұр =20-25 мин

tж =30-40 мин

tлок =10-15 мин

tк =30-40 мин

Кқ – маневрлық жұмыстардың көлемінің қауіпсіз коэффициенті (1,3-1,5)

Тж – тәуліктегі маневрлық локомотивтерді жабдықтауының және бригадаларды ауыстыруының ұзақтығы (60-90)

(8*30+8*20+6*30+6*10+6*30)*1,3

mтарт = ——————————————— = 1 жол

1440 – 60

Телімдік стансаларда сұрыптау паркінің екі жағынан тартып шығу жолдары жобаланады. Жартылай бойлық типті стансаларда стансаға кіру қылтасында тартып шағу жолы жобаланады. Оның ұзындығы пайдалы ұзындықтың жартысына тең болады және 200 метрден кем болмауы тиіс.

  1. ЖҮК АУЛАСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫҢ КӨЛЕМІН АНЫҚТАУ

Жүк операциялары жүк ауласы мен кірме жолдарда орындалады. Жүк операциялары деп тиеу, түсіру жұмыстарын айтады. Жүк ауласында тиеу, түсіру жолдары, көлемі аз жүктерді сақтайтын қоймалар, контейнерлерге арналған алаңша, ағаш өнімдеріне арналған алаңша, ақтарма жүктерге арналған алаңша, жүктерді тиеу, түсіру механизмдері болады. Кейбір жүк аулаларда дөңгелекті жүктерге және өздігінен жүретін бірліктер үшін тиеу мен түсіруге арналған платформалары, жүкті автокөліктен вагонға бірден тиеп, түсіру құрылғысы орналасады.

Ыдыстама-даралы жүктерге бір қабатты тиеу, түсіру жолдары қойманың ішіне кіре орналасқан немесе сыртына орналасқан жолдармен және тиеу, түсіру жұмыстары мен механизациясымен жобаланады. Жабық қойманың, ашық және жабық платформаның ені сақталатын жүктердің түрі мен санына, жүргізілетін операциялардың сипатына, механикаландыру мен автоматтандыру құралдарына байланысты жобаланып, 18 м кем болмауы тиіс. Жабық қойманың алдындағы алаңшаның ені тиеу-түсіру машиналарының жұмысына кедергі болмай, теміржол жақтан 3 м кем емес, автокөлік жолы жақтан 1,5 м кем емес болуы тиіс.

Жүк өңделуі күрделі стансаларда жолдары ішіне енгізілген ангарлы типті қоймалар құрылады.

Контейнер алаңшаларында жүккөтергіштігі 5 және 10 т болатын, тіреу аралығы 11,3; 16 және 25 м болатын қосконсольді төрттағанды крандар қолданылады. Контейнер саны көп болған жағдайда көпірлік крандарды қолданады.

Контейнерлерге, ауыр салмақты жүктерге, орман жүктеріне арналған бір жалпы қойма қарастырылуы мүмкін.

Дөңгелекті жүктер мен өздігінен жүретін бірліктерге арналған биік платформа қосылған немесе ұзындығы 27 немесе 54 м болатын тек қана бүйірлі типті болуы мүмкін. Бүйірлі платформаның ені 6 м болады, биік платформадан түсу еңісі 1:10 болады.

Көмір мен минералды-құрылыстық материалдарды түсіру үшін биіктігі 1,5 немесе 2,4-2,5 м болатын биіктетілген жолдар ұйымдастырылады. Қауіпті жүктер қоймасы басқа қоймалардан алшақ жерде орналасады. Жүкті вагоннан автокөлікке және автокөліктен вагонға тиеп, түсіру үшін машиналардың тұрағына арналған автокөлік жақындауы жағынан биік платформа орналасады.

Жабық жүк қоймаларының, жабық және ашық платформаның ені, вагондарға арналған тиеу-түсіру фронтының ұзындығы, контейнер алаңшасының ұзындығы мен көлемі, түсіру эстакадасының немесе биіктетілген жолдың сиымдылығы, оқулықта көрсетілген формулалармен және берілген әдістеменің 4 тарауы арқылы анықталады.

Қажетті жағдайда көлемді, ақтарма және төгілмелі жүктерді тиеу-түсіру үшін жүк ауласында вагон таразысын қолданады. Таразы орналасатын жол түзу, өтпелі және бойлық болуы тиіс. Таразының әр бағыттарының телім ұзындығы 20 м кем болмай, шағылтас балластында орналасуы тиіс. Жүк ауласынан шығаберісте жүккөтергіштігі 10-25 т болатын ақтарма жүктерді өлшеуге арналған автомобиль таразысы орналасады.

мен жолдар жанындағы тиеу-түсіру жолдарды түзу телімде жобалайды. Жүк ауласында қойманы, алаңша мен жолдарды аумақты аз алатындай және автомобиль жүрісі аз болатындай тығыз орналастырады. Жолдарды жобалағанда, маневрлық рейстің ұзындығы аз және қозғалыс уақыты аз болатындай қысқарту керек.

Платформа

Жаңа жүк аулаларды тұйық типті қылып жобалайды.

Барлық жүк аулаларда автомобиль көліктері қозғалысының ағымдылығы, өтпелердің қажетті ені қамтамасыз етіледі, олардың тұрағы үшін арнайы орындар бөлінеді. Қоймалар мен платформаның бір жақты орналасуында өтпелердің ені автокөлік қозғалысы айналмалы болғанда 16 м кем емес, тұйық қозғалыста 19 м кем емес болуы керек. Қоймалар екі жақты орналасса, олардың бір-бірінен ара қашықтығы айналмалы қозғалыста 28 м кем емес, тұйық қозғалыста 35 м кем емес болады.

Тауар кеңсесі жүк ауласына басты кіре беріс жағында орналасады. Кеңсенің ішінде контейнерлік көліктік-экспедиторлық кеңсе, жүк тасушыларға арналған бөлме мен тиеу-түсіру жұмыстарының қашықтық телімі кеңсесі, машина мен көлікке қызмет көрсететін қызметкерлердің тұрмыстық бөлмелері орналасады.

Жүк ауласының қосымша құрылғыларына заряд алу станциялары, гараж пункттері, жөндеу шеберханалары, майлау материалдары қоймалары кіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]