Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скен.doc
Скачиваний:
115
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
461.31 Кб
Скачать

11. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Еңбекті қорғау

Жылжымалы құрама станция жолдарында шекті қадамен белгіленген қашықтықта орналасады. Маневр жұмыстары орындалмастан бұрын, вагондар тіркеліп және тежеу табандықтарымен бекітілуі қажет. Маневрлық қозғалыстардың жылдамдығы мына шектен аспауы қажет:

Локомотиві бар вагон немесе жеке локомотивтің өзі бос жолмен қозғалғанда 60 км/сағ аспауы қажет, артында вагондары тіркелген локомотив бос жолмен қозғалғанда жылдамдығы 40 км/сағ аспауы қажет, адамы бар вагондардың және 3,4 категориялы габаритсіз жүктері бар вагон қозғалғанда оның жылдамдығы 15 км/сағ аспауы қажет, локомотив вагонға жақындағанда 3 км/сағ аспайды. Ағытылған вагондар келесі вагондарға дөңестен тарқату барысында жүрісінің жылдамдығы 5 км/сағ аспауы қажет. Станцияның территориясында жолдар мен жоларалықтар және су шығару қондырғылары жабық болуы қажет. Станция жолдарын өте жақсы жарықпен қамтамасыз ету қажет. Сұрыптау дөңесі мен сұрыптау паркінің мойнағында жарық 10 Лк аспауы қажет. Маневрларды электрленген жолдарда орындағанда тоқ сымдарына 2 м қашықтықтан жақындауға болмайды.

Табиғатты қорғау, табиғи және материалдық қорларды сақтау жалпы мемлекеттік мақсат болып табылады.шағылтас, цемент, темір бетондарды сонымен қатар ақтарма жүктерді ашық жылжымалы құрамаларда тасымалдағанда, қоршаған ортаға құм тәріздес бөліктер жайылады.

Қорытынды

Жобаланатын телімдік стансада мынадай бөлімдер қарастырылады: телімдік стансаның техникалық-экономикалық сипаттамасы, қабылдау-жөнелту парктерінің жолдарының ұзындығы анықталады, станцияның берілген түрі белгіленіп, қабылдау-жөнелту және сұрыптау парктеріндегі жолдар саны есептелді. Жүк ауласы құрылымдарының өлшемдері, вагон шаруашылығының типтері анықталып, станцияның масштабты жоспары сызылды. Станса жұмыстарын ұйымдастыру мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбекті қорғау шаралары көрсетілді.

1 бөлімде. Станса мен тартым ауданының техникалық-экономикалық сипаттамасын анықтадық. 2 бөлімде. Қабылдап – жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығын анықтау. Бұл бөлімде жүк пойызының ұзындығын таптым. 3 бөлімде. 2 бөлімде берілген есеп бойынша стансаның сұлбасын анықтадық. 4 бөлімде. Қабылдап – жөнелту парктеріндегі жолдар санын анықтау. Парктегі пойыздардың тек бір бағыттағы есептік интервалы, орташа интервалы анықталды. 5 бөлімде. Сұрыптау және тартымдық жолдар санын анықтау. Тартып шығу жолдарының санын өңделетін вагондар мен телімдік және құрама пойыздарды бөлшектеуінің маневрлік жұмыстарының орындау әдісіне байланысты анықтадым. 6 бөлімде. Жүк ауласындағы құрылғылардың көлемін анықтау. Аз көлемді жүктерді өңдеу мен жинақтауға қойманың ауданы, контейнерлік алаңшаның сыйымдылығы, жартылай ашық вагоннан көмірді түсіруге арналған биіктетілген жолдың ұзындығын және биіктігін, оның сыйымдылығын анықтадым. 7 бөлімде. Локомотив шаруашылығының құрылғы көлемін анықтау. 8 бөлімде. Вагон шаруашылығының құрылымдарын анықтадым, сұлбаларын сыздым.

9 бөлімде. Стансаның масштабты жоспарын құрастыру және 1:2000 масштабын қолдана отырып, курстық жобада шығарылған нәтижелер бойынша алынған өлшемдерді қарастыра отырып ақ қағазға сызба жұмысын орындадым. 10 бөлімде. Телімдік стансаның жұмысы және онда атқарылатын операциялар тағы да басқа стансадағы құралдар мен құрылғылар туралы ақпарат жаздым.

11 бөлімде. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Еңбек қорғау шаралары туралы мәліметтер келтірдім.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]