Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скен.doc
Скачиваний:
115
Добавлен:
08.04.2015
Размер:
461.31 Кб
Скачать

Ақтарма жүктер

Жартылай ашық вагоннан көмірді түсіруге арналған биіктетілген жолдың ұзындығын және биіктігін, оның сыйымдылығы мына формуламен анықталады:

Qк жК

Qктәу= ———

365

Qж жК

Qжтәу= ———

365

80000*1,2

Qктәу= ——— =263

365

70000*1,3

Qжтәу= ——— =249

365

Бір тәулікте келетін жартылай ашық вагонның сыйымдылығы келесі формуламен анықталады:

Qктәу

mк тәу = ———

90

Qжтәу

mж тәу = ———

90

Мұндағы, m – тәулік бойынша түсірулуге келетін вагондар саны:

263

mк тәу = ——— =3

90

249

mж тәу = ——— =3

90

Вагондарды беру және жинақтаудың тиімді саны келесі формуламен анықталады:

Биіктетілген жолдың жүк түсіретін бөлігі мына формуламен анықталады:

Lтүс = mтәу × —— + а

nбер

14,73

Lтүс.қ = 3×———+14,73=37м

4

14,73

L түс.ж = 3×———+14,73=37м

4

Мұндағы, L – вагон ұзындығы (14,73 м)

nбер – жүк ауласына вагондардың берілетін саны (1-4)

а – түсіру фронтында берілулердің толық еместігін ескеретін шама, жобада бір немесе үш вагонның ұзындығына тең деп алынады

Биіктетілген жолдың биіктігі мына формуламен анықталады:

mт.ж d

hб.ж = ———

γ ψ Lв ρ

2*60

hб.ж = ———————— =1м

0.85*0.9*14.7*45

Мұндағы, m – бір орында жұгі түсірілетін жартылай ашық вагондардың саны (2 вагон)

d – бір вагондағы жүктің салмағы (60 т)

γ – жүк тығыздығы (0,85 т/м³)

ψ – еңістің толық коэффициенті (0,8-0,9)

ρ –еңістік бұрышы (45˚)

Lв – вагон ұзындығы (14,73 м)

Биіктетілген жолдың еңістік бөлігінің ұзындығын келесі формуламен анықтайды:

1000*hб.ж.

Lең = —————

i

1000*1

Lең = ———— =50м

20

Мұндағы, i – қиғаш бөліктің бұрышы (15-20˚)

Биіктетілген жолдың екі жағынан да қойманың сиятынын келесі формуламен анықтайды:

Еб.ж= 4hб.ж *Lтүс*γ*ψ

Eб.ж =4*1*74*0.85*0.9=226м³

Содан, бір берілуде жүктің салмағын есептеу қажет:

mтәулік. *d

Qбер = —————

nбер

6*60

Qбер = ———— =90

4

Егер, Eб.ж > Qбер болса, биіктетілген жол қалыпты жұмыс атқарады, егер керісінше болса, есептеулерді қайтадан қарап, есептеп шығу керек.

  1. ЛОКОМОТИВ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒЫ КӨЛЕМІН АНЫҚТАУ

Локомотив шаруашылығында техникалық қызмет көрсету, ағымды жөндеу және жабдықтау құрылғылары болады.Локомотив шаруашылығының аумағында қажетті локомотивтің дұрыс жолдары, өрт сөндіру және қалпына келтіру поездарға арналған жолдар, материалдық қойма орналасады. Тартыммен қызмет ету мақсатында телімдік станцияларда негізгі және айналмалы деполары орналасады.

Негізгі депосы бар телімдік станцияда локомотивтерге қызмет ету мен жабдықтау орындалады. Бұл жерде ТЖ-2 мен ТЖ-3 тек ірі, жақсы жабдықталған деполарға жұмыс атқарады. Ал айналмалы локомотивтік деполарда тек қана локомотивтерді жабдықтау және техникалық қызмет ету орындалады.

Тепловоз паркінде жабдықтау құрылымдары тепловозды жанармаймен, тазартылған сумен және тазартылған сумен қамтамасыз етуге арналады.

Электрлі тартымда жабдықтау құрылғылары су мен маймен және т.б. материалдармен жабдықтайды.

Орындардың саны әр түрдің жылдық жөндеу жұмыстарының санына байланысты болады.

Жөндеу түрі

Жылдық жөндеу саны

Орын саны

ТҚК-2 мен жабдықтаудың орналасу санын мына формуламен анықтайды:

Nжаб tжаб Кқал

Сжаб = ——————, орын (7.9)

1440 - Tүз

40×50×1,2

Сжаб = —————— =2 орын

1440 - 60

Мұндағы,

Nжаб – тәулігіне ТҚ-2 мен жабдықтауға келген локомотивтердің саны (40-50)

tжаб – бір локомотивті ТҚ-2 мен жабдықтау ұзақтығы (50-60 мин)

Kқал – жабдықтауға түскен локомотивтердің қалыпсыздық коэффициенті (1,2-1,3 )

Tүз – құрылымдар жұмысындағы техникалық үзілістердің уақыты (60 мин)

Құм қоймасының өлшемі мына формуламен анықталады:

Еқ = 30 Етәу М (7.10)

Еқ =30*40*6=7200 м³

Мұндағы, Етәу – локомотивтердің тәуліктегі құм шығыны

М – құмның қоймада тұру периоды (2-6 ай)

Берілген пунктте локомотивтерді жабдықтауда жұмсалатын тәуліктік құм шығыны мына формуламен анықталады:

Sжыл αқ qқ rқ К

Етәу = ——————, м3 (7.11)

365 × 103

30000000×0,8×0,7×0,9×1,05

Етәу = ———————————— = 39 м3

365 × 103

Мұндағы, Sжыл – локомотивтердің бір жылда жүрілген жолы (қосымша 2)

qқ – 1000 поездар келгенде жұмсалатын құм

rқ – берілген пунктегі локомотивке құмның қай бөлігі берілетінінескеретін коэффициент (0,6-0,9)

αқ – локомотивтердің резервті жүрген жолын шектейтін

коэффициент (0,8-0,9)

Құрғақ және ылғалды құмға арналған қоймалардың ұзындығы мына формуламен анықталады:

Eқ

Lқ = —— + Cт , м (7.12)

Pқ

7200

Lқ = —— + 12 = 127 м

62,5

Мұндағы, Рқ – 1 метрге шаққандағы қойма ұзындығының өлшемі, (қойма ені 9м=15 м³; 14м=36м³; 18м=62,5 м³)

Ст – берілген қойманың еніне берілген тұрақты шама (ені 9м- Ст =10; 14 м- Ст =11; 18 м- Ст =12 )

Тепловоздық тартымда отын қоймасының сиымдылығы мен көлемін анықтау қажет. Дизельді отынның қосымша көлемі келесі формуламен анықталады:

Еэ= Етәу ∙ t, (7.13)

Еэ= 39 х 30 = 1170

мұнда, Етәу – пойыздық локомотивтердің тәулік бойы отынды пайдалану көлемі, т

t – қойманың тәулік бойы жабдықталуы (30 тәулікке тең деп алса болады)

Дизельдік отынды сақтауға қажетті ыдыс саны:

Еэ

Mыдыс= ------------ (7.15)

Еыдыс γт

1170

Mыдыс= ----------------- = 1орын

1000×0.85

Мұндағы, Еыдыс – ыдыстың сиымдылығы, м3 (1000, 2000, 3000 м3)

γт – дизель отынының тығыздылығы (0,85 т\м3)

Локомотивтің жабдықтау орындары түзу телімдерде орналасады, және де байқау жырасының соңынан бұрма басына дейінгі қашықтық 8 м кем болмау керек.

Локомотив шаруашылығының жоспары келесіні қамтамасыздандыруы керек:

- құрылғылардың орналасуының шағындылығы;

- локомотив жабдықтау жолына, жұмысқа дайын локомотивтердің тұру жолына және станциядан шығу жолына өткендегі операциялардың ағымдылығы, және локомотивтің депоға ыңғайлы кіруі;

- жөндеу құралдарын және жабдықтау құрылғыларын ары қарай дамыту мүмкіндігі.

Тепловоздық және электровоздық тартымдағы локомотив шаруашылығының сұлбалары бір-бірінен үш элементтің орналасуымен ажыратылуы мүмкін (жабдықтау құрылғылары, депо, станцияға шығуын күтуге арналған уақытша тұрақ жолы).

Жұмысты күтіп тұрған локомотивтердің тұрақ жолдарының санын осы жолда орналасуына байланысты анықтайды. Ол тәулігіне келетіе барлық локомотивтердің 10-12 % құрайды. Әрбір жолдың ұзындығын 4-5 локомотивті орналастырғанда анықтауға болады (130-170м ).

  1. ВАГОН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДАРЫН АНЫҚТАУ

Телімдік стансаның вагон депосында техникалық-экономикалық негізгі байланыс орналастырылады. Вагон шаруашылығы локомотив шаруашылығымен және қызметтік орындармен бір алаңда орналастырылады.

Үлкен торапты телімдік стансаларда вагондарды техникалық қызмет көрсету пункттерімен жабдықтайды. Техникалық қызмет көрсету пункттерінің ең басты міндеті – бұл өтпелі және құрастырылатын поездардың ақауларын жөндеу. Бойлық типті телімдік стансаларда екі техникалық қызмет көрсету пункттерін жобалауға болады. Техникалық қызмет көрсету пункттерінде жөнделетін және қарастырылатын вагондарды шеттеуге арналған қондырғылар, ауа жіберу құрылыстары болады.

Қабылдау-жөнелту парктерінде ені 5,5-5,6 м болатын жоларалықтар жасалады. Ағытылатын вагондарды жөндеуге 200-300 м болатын және сұрыптау паркімен байланысқан екі жол салынады

Вагондардың техникалық жағдайын тексеру үшін, олардың ағымды тексерілісі мен жөнделуі үшін темір жолда техникалық базаның алатын орны ерекше (вагон деполары, вагондарды тасымалдауға даярлау бөлімдері – ВДБ, вагондарды техникалық тексеру бөлімдері – ТТБ, вагондардың ағымды ажырата жөндейтін механизациялы бөлімі – ВЖМБ, вагонды техникалық бақылау бөлімі – ТББ және т.б.).

Вагон депосы жүк және жолаушылар вагондарына қызмет көрсету үшін, вагондарды деполық жөндеу үшін, вагон түйіндерін, құралдары мен доңғалақтарын құрастыру мен жөндеу үшін арналған. Жөнделетін вагондардың типіне байланысты вагон деполары жүк, жолаушы және арнайы болып үшке бөлінеді.

Жүк вагондарына арналған вагон деполары тасымалдауға үлкен көлемде дайындалатын стансаларда және сұрыптау мен ірі телімдік стансаларда салынады.

Вагон депосының техникалық өамтамастандырылуы ағымды-агрегатты және ағымды-конвейерлі амал бойынша вагондарды жөндеуді ұйымдастыруды, тозған түйіндерді жаңасына ауыстыру не оларды қайта жөндеуді қарастыру керек.

Вагондарды тасымалдауға даярлау бөлімдері жүктердің үлкен көлемде тиеу, түсіру жұмыстары мен бос вагондарды жинақтау жүргізілетін бекеттерде орналасады. Бұл бөлімдерде вагондар поездан ажыратусыз жөнделетінде болатын жөндеу жұмыстары мен тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Вагондарға техникалық қызмет көрсету бөлімдері учаскелік және сұрыптау стансаларында орналасады, олар өтпелі поездан вагондарды ажыратусыз техникалық ақауларын жөндеу үшін арналған. Бұл бөлімдерде өндірістік-қолданбалы бөлімшелер, қосымша құралдар мен бөліктерді тасмылдау үшін арналған тоннльдер, тежеуді тексеруге арналған құрылғылар, тексеру мен жөндеу қабылдау-жөнелту жолдарында жүргізіліп жатқанда құраманы қоршау құрылғылары, жарықтандыру құрылғылары орналасады.

Локомотивті ауыстыру жүргізілетін телімдік стансаларда әне басқа да стансаларда еңісті перегон алдында вагондарды техникалық бақылау бөлімдері орналасады.

Берусіз, вагондарды поездан ажыратып ағымыды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін деполарда вагондарды механизациялы жөндеу бөлімдерін орнатады, олар көбіне сұрыптау паркінің шеткі жолдарының жанынан орналастырылады.

Ірі телімдік стансалардың территориясы қолайлы болса, вагон депосын локомотив шаруаышылығымен бірге орналастырға дұрыс.

Жөнделіп біткен не жөндеуді тосып тұрған вагондарға арналған жолдарды жөндеу жолдарына параллель орналастырады. Бұл жолдардың пайдалы ұзындығы бір уақытта жөнделуге келетін вагондардың санына байланысты болады. Жуық шамамен оларды 250 – 300 м тең деп алады.

Қойма жанында орналасқан түсіру жолдарының ұзындығын 80 – 100 м тең қылып жобалайды, және де олар тартып шығу жолдар жағында орналасады, ол жерде, сонымен қатар, ұзындығы 50 – 80 м болатын мотовоздар мен көтеру крандарына арналған тұйық жолдар да орналасады.

Вагондық депо. 1 –негізгі корпус, 2 –сығымдағыш бөлімі, 3 –сығымдағышсіңіру бөлімі, 4-майландыру қоймасы, 5 –жанармай қоймасы, 6, 11, 12 –кесілген тақтайлар қоймасы, 7 –бөліктер қорының қоймасы, 8–сұйық жанармайды төгуге арналған қойма, 9 –сұйық жанармай ыдыстары, 10 –ағаш өңдеу цехы, 13 – дөңгелектер паркі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]