Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кадиша казахский.docx
Скачиваний:
19
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
103.57 Кб
Скачать

Уақыт туралы тәмсіл

Кішкентай Балақай күні-түні өмірге қуанып, күліп-ойнап жүрді. Қасына үнемі Уақыт ерді. Сеп-семіз, топ-толық, үп-үлкен Уақыт көп болатын. Уақыт деген бәріне, барлығына жетіп артылатын: балалармен футбол ойнауға да, теледидар көруге де, және Балақайдың – Уақытпен, Уақыттың - Балақаймен еш шаруасы болмайтын.

Балақай ер жетті. Дос-жарандар, құрбы-құрдастар пайда болды. Іс деген атау қосылды. Әр Іске көп уақыт қажет еді. Бала Уақыттан аздап кесіп алуды әдетке айналдырды: көлік жөндеуге, қызбен қыдыруға. Уақыт Бала артынан ере беруден шаршамады – Уақыт бар-тұғын.

Дос-жаран, ағайын-туыс, құрбы-құрдастар Балаға өз мұңдарын шағып келе бастады. Олардың әрқайсысына Уақыт қажет-тұғын. Бала өз Уақытын өлтіруге әрқашан құлық білдірмесе де, өзгелер көмектесіп жатты. Бірде көршісі келіп, өсек айтып кетсе, енді бірде дос баласы қала аралауға алып шығатын. Одан қалды әр күн сайын өз дегендерін жасап үйренген теледидар, компьютер, телефон деген құбыжықтар бар-ды.

Өзгелер кеміріп жатқан, өзі де ұрлап тұратын Уақытқа ара-тұра көз тастайтын болды. Бірақ еш нәрсе демейтін: болмайды.... онда... мұнда дегендей.

Ақыры уақыт өлді. Ендігәрі Уақыты қалмады.

Баласы келіп сұрады:

- Әке, саябаққа ма, киноға ма барып қайтайықшы!

Ол оған:

- Кешір, ұлым, менің уақытым жоқ! - деді

Әкесі қоңырау шалып, сұрады:

- Қалайсың, хабарласпай кеттің ғой?

- Кешір, әке, менің уақытым жоқ.

Уақыт – көзге көрінбейтін ең қымбат әрі ең бағалы қор. Оны басқара біл. Алда мақсаттар болсын. Өмір мен жарқын істерді жобала. Бір күні бәріне, барлығына жететін Уақыттың күлімдеп тұрған жүзін көр!.. (Дайындаған: Фараби Арыстанбек http://massaget.kz/ сайтынан алынды)

Ұрланған ноутбук иесіне өзі «хабарласты»

Әлемде ноутбукты бақылап отыруға мүмкіндік беретін көптеген бағдарламалар бар. Сондай бағдарламасы бар, ұрланған ноутбук интернетке қосылысымен өзінің қай жерде екенін иесіне хабарлайды.

Лондон тұрғыны, графикалық дизайнер Дом дель Торто ақпан айында пәтерінен ноутбугін ұрлатып алған. Британдық Huffingtonpost сайтының жазуынша, Лондонда ұрланған ноутбук бір айдан соң арнайы бағдарлама арқылы өзінің Тегеранда (Лондоннан шамамен 5 мың шақырым жерде) екенін хабарлап, пайдаланып отырған адамның суретін иесіне жіберген. Дом дель Торто бұл жайтты Лондон полициясына хабарлаған кезде олар күліп, бұдан түк шықпайтынын айтқан.

- Олар Интерполға сілтеді, бірақ қандай да бір нәтиже шығатынына сенген жоқ, - дейді дель Торто.

Мұнан соң Дом дель Торто блог ашып, «ұрының» суретін интернетке орналастырған кезде ол әлеуметтік желілерде тез таралып, «вирустық постқа» айналып кетті. (http://www.azattyq.org/ сайтынан алынды)

  1. Туған жер – алтын бесігім Қазақстан

Қазақстан Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы - 15000 шақырымнан астам. Батысында және солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстанмен, ал шығысында Қытаймен шектеседі. Қазақстанның жер көлемі - ұлан байтақ. Ауданы – 2717,3 мың шаршы шақырым. Қазақстан жеріне Франция, Испания, Португалия, Италия, Греция, Швеция, Норвегия және Финляндия мемлекеттерінің жер көлемі сыяды. Жер шарын бір тәулікте аралап шығатын Күн біздің еліміздің үстінде үш сағат кідіреді. Оңтүстігінде өрік гүлдеп тұрғанда, солтүстігінде қар жаууы да мүмкін.

Халқының саны 14 (2014 ж. ақпандағы мәлімет бойынша 16 млн-дай) миллиондай. Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Онда 100-ден астам ұлт тату-тәтті өмір сүреді.

Қазақ жері қызық та, бай тарихымен белгілі. Оған дәлел болатын Отырар, Тараз, Иасы, Сауран сияқты көне қалалары.

Елдің солтүстігі орманды, ал оңтүстігі таулы болып келеді. Орталық Қазақстанды жазық дала алып жатыр. Қазақстанның өзендері – Ертіс, Сырдария, Жайық, Іле, Есіл, Шу және басқалары. Ең үлкен көлдері мен теңіздеріне Балқаш пен Зайсан көлдері және Каспий мен Арал теңіздері жатады.

Қазақстан кенге бай. Сарқылмас қоры бар түсті металдар, темір, көмір, мыс, мұнай, газ және басқа кен байлықтары кездеседі. Қазақстанның ауыл шаруашылығы, өнеркәсібі жақсы дамыған. Өнеркәсібінің негізгі салалары – металлургия, металл өңдеу, отын-энергетика, химия және тағы басқа салалар. Ауыл шаруашылығының негізгі салалары – егіншілік пен мал шаруашылығы.

Ауыр және жеңіл өнеркәсіптің орталықтары – Қарағанды, Теміртау, Екібастұз, Балқаш, Жезқазған, Шымкент және тағы басқалары.

Сонымен қатар Қазақстан ғылымы мен мәдениеті жоғары дамыған ел. Қазақстан ұлттық академиясы, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, опера және балет театры, драма театрлары, мектептер, кинотеатрлар, кітапханалар, мәдениет сарайлары сияқты ғылым мен мәдениет ошақтары бар.

1992 жылы наурыз айында Қазақстан Республикасын бүкіл дүние жүзі танып, Біріккен Ұлттар Ұйымына толық құқылы мүше болып қабылданды.

1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республиксының мемлекеттік нышандары - мемлекетттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны қабылданды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]