Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кадиша казахский.docx
Скачиваний:
19
Добавлен:
01.05.2015
Размер:
103.57 Кб
Скачать

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол түркі тілдерінің тобынан шыққан. Қазақ тілі сияқты түркі тілдерінің тобынан тараған қазіргі ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, әзірбайжан, ұйғыр, шуваш, тува, саха (якут) т.б. тілдерде сөйлейтін халықтар бір-бірімен еркін түсінісе алады. Сол себепті бұл тілдер өзара туыстас тілдер болып саналады.

Ал қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қарайым тілдері бір-біріне өте жақын. Өйткені бұлар түркі тілдерінің бір тармағы қыпшақ тобына жатады. Қазақ тілі өзінің көп ғасырлық дамуы барысында рулық тіл дәуірін де, тайпалық тіл дәуірін де, халықтық тіл дәуірін де басынан кешірді. Қазақ тілі ұзақ замандар бойы қазақ халқының қарым-қатынас тілі болумен қатар, оның рухани байлығы – ауыз әдебиетін атадан балаға мұра етіп ауызша жеткізді.

Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасынан тыс елдерде тұрып жатқан қазақтардың да тілі. Олар Ресейде, Қытайда, Монғолияда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түрікменстанда, Түркияда, Алманияда т.б. елдерде шоғырланған. Қазіргі таңда жер бетінде 12 миллионға жуық қазақ өмір сүреді. Оның 8 миллионнан астамы Қазақстанда, ал қалғандары шет елдерде тұрып жатыр. (Ш.К.Бектуров., А.Ш.Бектурова)

5. Қазақстанның тарихи орындары Түркістан

Қазақстан - көне мәдениет өлкесі. Ерте замандардан-ақ оны мекен етушілер мал бағып, егін салумен шұғылдана жүріп, өзіндік өрнегі мол өнерін, мәдениетін қалыптастырды. Біздің заманымызға дейінгі сақталған обалар мен қала орындары, қорғаныстық бекіністер, мавзолейлер мен тұтас кенттер кеңінен дамыған көне мәдениеттің тамаша ескерткіштері болып табылады. Бұлардың арасында орта ғасырлық сәулет өнерінің теңдесі жоқ туындысы - Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі айрықша көзге түседі. Ол 14 ғасырдың аяғында қазіргі Түркістан қаласында салынған.

Түркістан көп ғасырлар бойы түркі халықтары қоныстанған қазіргі Орта Азия мен Қазақстан территориясының бөлігін, сондай-ақ Орталық Азияның бірқатар аудандарын қамтыған тарихи-географиялық аймақ.

Түркістанда орналасқан Қожа Ахмет Яссауи мешіт-мавзолейі - көне архитектуралық ескерткіш. 1389-99 жж. Әмір Темірдің бұйрығымен Ахмет Яссауи қабірінің басына тұрғызылған. Мавзолей күмбезді мемориалдық құрылыс үлгісінде салынған. Оның негізіне жергілікті архитектуралық дәстүрді жете меңгерген ирандық шеберлердің жобасы алынған. Мавзолей оңтүстік-шығыстан солтүстік батысқа қарай созылып жатыр, ұзындығы 65 м, ені 46,5 м.

Кешеннің кіндік ортасы қазандық болып саналады. Қазандық аталатын себебі ортасында Тебриздік шебер Абдуләзіз 7 металл қорытпасынан құйған, 60 шелек су сыятын, диаметрі 2,4 м, салмағы 2 тонна үлкен қазан орнатылған. Қазандық бөлме мінәжат етушілердің жиналатын орны. Мавзолейде барлығы 30-дан астам бөлме бар.

Түркістан қаласы 16-19 ғасырлар аралығында қазақ хандарының орда тіккен мекені.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]