Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

партиялар туралы зан

.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
02.05.2015
Размер:
31.8 Кб
Скачать

      17-бап. Саяси партияның меншiгi

      Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған объектiлердi қоспағанда, саяси партияның меншiгiнде оның жарғысында көзделген қызметтi материалдық жағынан қамтамасыз ету үшiн қажеттi объектiлер, сондай-ақ оның қаражаты есебiнен құрылатын ұйымдар болуы мүмкiн.       Саяси партия тұтас алғанда, саяси партия мүлкiнiң, соның iшiнде оның құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) мүлкiнiң меншiк иесi болып табылады. Саяси партия мүшелерiнiң саяси партияның мүлкiне қатысты құқықтары болмайды.       Саяси партияның мүлкi саяси партияның жарғысы мен бағдарламасында көзделген мақсаттарды жүзеге асыру және мiндеттердi шешу үшiн пайдаланылады.       Саяси партияның мүлкi ол таратылған жағдайда оның жарғысына сәйкес пайдаланылуға тиiс. Егер саяси партияның жарғысында мұндай тәртiп көзделмесе, онда бұл мәселенi шешудi саяси партияны тарату туралы шешiм қабылдаған орган жүзеге асырады.     

      18-бап. Саяси партияны қаржыландырудың көздерi               және оның қаражатын пайдалану

      1. Саяси партияның қаражаты:

      1) мүшелiкке кiру және мүшелiк жарналардан;

      2) қайырмалдықтар құжатпен расталып, олардың шығу көздерi көрсетiлген жағдайда мемлекет алдындағы салықтық мiндеттемелерiнiң орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн орталық атқарушы орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттiк емес ұйымдарының қайырмалдықтарынан;

      3) кәсiпкерлiк қызметтен түскен кiрiстерден;

      4) бюджет қаражатынан құралады.

      2. Саяси партияға және оның құрылымдық бөлiмшелерiне (филиалдары мен өкiлдiктерiне):

      1) шет мемлекеттерден, шетелдiк заңды тұлғалардан және халықаралық ұйымдардан;

      2) шетелдiктерден және азаматтығы жоқ адамдардан;

      3) шетел қатысатын заңды тұлғалардан;

      4) мемлекеттiк органдардан және мемлекеттiк ұйымдардан;

      5) дiни бiрлестiктерден және қайырымдылық ұйымдарынан;

      6) иесi көрсетiлмеген қайырмалдық жасаушылардан;

      7) халықаралық немесе шетелдiк үкiметтiк емес ұйымдардан гранттар және өзге де қаражаттар алатын Қазақстан Республикасының азаматтарынан немесе мемлекеттiк емес ұйымдарынан қайырмалдық алуға жол берiлмейдi.       Осы тармақта көрсетiлген адамдардан келiп түскен қайырмалдықтар соттың шешiмi бойынша мемлекеттiң кiрiсiне аударылады.

      3. Саяси партиялардың ақшасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тiркелген банктердiң шоттарына орналастырылады.

      4. Саяси партияның ақшасы мен өзге де мүлкi оның мүшелерi арасында бөлiнбейдi және жарғылық мақсаттарға сәйкес жұмсалуға тиiс. Саяси партияның өз қаражатын қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына жол берiледi.

      5. Саяси партияның жылдық қаржылық есебi жыл сайын республикалық баспасөз басылымдарында жарияланады.       Ескерту. 18-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi N 67-III Заңымен (Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009 жылғы 6 ақпандағы N 122-IV (Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      18-1-бап. Саяси партияларға бөлiнетiн бюджет қаражаты

      1. Соңғы сайлау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiнде өкiлдiк ететiн саяси партияларға бюджет қаражаты жыл сайын бөлiнедi.       2. Саяси партиялардың қызметiн қаржыландыруға бөлiнетiн бюджет қаражатының мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда айқындалады.       3. Саяси партияларды қаржыландыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.       4. Бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.       Ескерту. 18-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының  2009 жылғы 6 ақпандағы N 122-IV (Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптанқараңыз) Заңымен.

4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      19-бап. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы               заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдарын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған кiнәлi жеке және заңды тұлғалар, оның iшiнде мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары және саяси партияның басшы органдарының құрамына кiретiн адамдар жауаптылықта болады.

      20-бап. Саяси партиялардың халықаралық байланыстары

      Қазақстан Республикасының саяси партиялары халықаралық байланыстар орнатып, жасай алады, тиiстi келiсiмдер жасасып, дiни бiрлестiктердi қоспағанда, халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктерге ұжымдық мүшелер ретiнде кiре алады.

      21-бап. Өтпелi ережелер

      Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн құрылған саяси партиялар алты ай iшiнде осы Заңның талаптарына сәйкес мемлекеттiк қайта тiркеуден өтуге мiндеттi.

      22-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.       2. "Саяси партиялар туралы" 1996 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының күшi жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 11-12, 260-құжат; 1997 ж., N 13-14, 205-құжат).

      Қазақстан Республикасының       Президентi