Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЖ.doc
Скачиваний:
26
Добавлен:
03.05.2015
Размер:
79.87 Кб
Скачать

Тж болған оқиғаны бағалау

Радиациялық жағдай – жердің радиоактивтік зақымдану көлемі мен дәрежесі, мұның өзі азаматтық қорғаныс жасақтарының іс – қимылына, халық шаруашылығы нысандарының жұмысына және халықтың тіршілік қызметіне әсер етеді.

Радиациялық жағдай болжау әдісімен, радиациялық барлау мәліметтері бойынша анықталып, оған баға берілуі мүмкін.

Болжау әдісі дұшпан ядролық қаруды қолданғаннан кейін зақымдау уақытын, сипатын, жасақтардың іс- қимылын және халықтың мінез – құлық жағдайын анықтау үшін пайдаланылады. Бірақ болжау зақымдану сипаттамасын тек шамалап қана көрсетеді, ол іс жүзінде едәуір өзгеше болуы мүмкін. Болжау үшін қажетті бастапқы мәліметтер: жарылыстың қуаты, түрі және жарылыс орталығының (эпицентр) координаттары, жарылыс уақыты, орташа желдің жылдамдығы мен бағыты.

Болжаған радиациялық жағдай міндетті түрде радиациялық барлаумен нақтыланып, барлау мәліметтері алынғаннан кейін келесі ретпен баға беріледі: радиацияның өлшенген деңгейі бойынша зақымдану аймағы белгіленеді, зақымданған аймақта радиацияның белгілі деңгейі бойынша адамдардың қанша уақыт бола алатындығы, сәуле шарпуының белгілі мөлшері (дозасы) кезінде құтқару жұмыстарын бастаудың рұқсат етілген уақыты және оларды жүргізудің ұзақтығы, цехтар немесе тұтас алғанда нысан бойынша жұмысшылардың, қызметшілердің жұмыс тәртіптері және радиоактивті зақымдану жағдайында халықтың мінез – құлқы анықталады.

Радиациялық қауіп – радиоактивтік зақымдану қаупі туралы халықты ескертетін қорғаныс дабылы. Дабылды берумен қатар, халыққа, нақты қорғану шаралары, атап айтқанда, жеке қорғаныс құралдары мен қорғаныс ғимараттарын пайдалану ұсынылады. Жүріп – тұру тәртібін және қорғаныс ғимараттарынан шығуды тиісті штабтар мен азаматтық қорғаныс бастықтары белгілейді

Химиялық жағдай – қоршаған ортада белгілі бір мөлшерде әртүрлі химиялық заттардың концентрациясының болуы.

Химиялық қауіп дабылы дұшпанның улағыш заттарды және бактериалық құралдарды қолданғаны туралы халықты ескерту мақсатымен беріледі. Дабыл кәсіпорын, ұйымдардағы қолда бар хабарландыру құралдарын пайдалана отырып қайталанылады.

Радиациялық және химиялық барлау. Жердің, ауаның және су көздерінің радиоактивтік және химиялық зақымдануының бар – жоғын, дәрежесін анықтап, радиация деңгейі (улағыш заттардың шоғырлануы) неғұрлыс аз маршруттар мен аймақтарды белгілейді, жердің, ауаның, азық – түлік пен судың зақымдану дәрежесіндегі өзгерістерге бақылау жасап отырады.

Радиациялық бақылау кезінде иондаушы сәулеленуді анықтау үшін индикация әдістері қолданылады:

  • Химиялық әдіс – радиоактивтік сәулелердің әсерінен кейбір заттарда болатын химиялық өзгерістерді анықтауға негізделген. Мысалы: хлороформ сәуле шарпуының нәтижесінде ажырап тұз қышқылын бөледі,ол белгілі мөлшерде жиналып, хлороформ ерітіндісіне қосылған арнайы бояғыштың түрін өзгертеді (ДГ – 70м тектес дозиметр). Алынған бояудың түрлерін алғашқы эталон түрімен салыстыру арқылы радиоактивтік сәулеленудің мөлшерін (дозасын) анықтауға болады;

  • Суретке түсіру әдісі – иондаушы сәуленің фотоматериалдың жарық сезгіш қабатына әсер ету арқылы, пленаның қараю тығыздығына байланысты анықтайды;

  • Сцинтилляциялық әдіс – люминисцентті материалдың иондаушы сәулеленудің әсерінен жарық түрінде, шашыранды сәуле шығарады;

  • Люминисценттік әдіс – екі жағдайда анықталады радиофотолюминисцентті және радиотермолюминисцентті, бірінші жағдайда иондаушы сәуле әсерінен люминисцирлеуші материалда күміс иондары мен атомынан тұратын фотолюминисцентті орталығы құрылады, ультрафиолет жарығынан көрінетін люминисценция тудырады.

Ал екінші жағдайда жылу әсерінен иондаушы сәуленің сорылған энергиясы люминисценцияға айналады.