Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Макс курс.docx
Скачиваний:
19
Добавлен:
03.05.2015
Размер:
217.65 Кб
Скачать

Анықтамалар

Топырақ – жер қыртысының үстіңгі қабатында жатқан және құрылыста пайдаланатын тау жыныстары.

Топырақтардың негізгі физикалық қасиеттері – гранулометриялық құрамы, үлес салмағы, көлемді салмағы, ылғалдылығы, илену және ағу шекаралары.

Топырақтың гранулометриялық құрамы – зерттелетін топырақтың әр түрлі іріліктегі түйіршіктерінің жалпы салмағына қатысты, пайыз есебімен көрсетілген құрамы.

Топырақтың көлемді салмағы – топырақтың жалпылай салмағының оның көлеміне қатыстылығы.

Топырақтың ылғалдылығы – топырақ құрамындағы су салмағының, кептірілген топырақ салмағына немесе қатты бөлшектің салмағына қатыстылығы.

Топырақтың кеуектілік коэффициенті – топырақтағы кеуектілік көлемінің қатты бөліктерінің көлеміне қатыстылығы.

Илену шекарасы (- ылғалдық аздап азаятын кезіндегі топырақтың қатты күйге ұшырау шекарасы. Бұл топырақ ылғалдылығының төменгі шегі.

Ақпалықтың шекарасы (- топырақ ылғалдылығының аздап артуының нәтижесінде, оның ақпалық күйге ұшырауы. Бұл топырақтың жоғарғы шегі.

Қада – құрылыстан берілетін жүкті топыраққа тарату үшін ендірілген стержень.

Қысқартулар мен белгіленулер

–пластикалық сан

–консистенция (аққыштық) көрсеткіші

–топырақтың аққыштық шекарасындағы ылғалдығы

–топырақтың илену шекарасындағы ылғалдығы

–сығымдылық коэффициенті

- сығымдылық қатыстылық коэффициенті

- топырақтың деформация модулі

–топырақтың Пуассон коэффициенті

- топырақтың ішкі үйкеліс бұрышы

–топырақтың жалғасу немесе байланыс күші

–топырақтың шартты есептік кедергісі

–топырақтың ылғадылық дәрежесі

–қаданың көлденең қимасының ауданы

–қада қимасының сыртқы периметрі

Есептеу үшін берілген бастапқы мәліметтер

Ғимарат №3

Қима (2-2), 4-4

Тұрақты күш салмақ (700).25; уақытша күш салмақ (390),0

Құрылыс ауданы – Ақтөбе қаласы

Грунт вариантының номері-8

Құрылыс алаңының номері-1

Сурет-1. І-І Қима

Сурет-2. Жоспар

1 Топырақтың толық атын, шартты есептік кедергісін анықтау.

Қабат №1 (құмды топырақ)-қалыңдығы – 1,2 м

  1. Грануметриялық құрамы бойынша берілген құмды грунт – орташа іріліктегі топырақ, себебі 0,1мм-ден үлкен бөлшектердің мөлшері 75% аз, - 72,72%.

  2. Кеуектілік коэффициентін анықтаймыз

  1. Бірігу тығыздығы, кеуектілік коэффициентіне сәйкес ҚМжЕ 2.01.01-2002 бойынша анықталады – орташа іріліктегі тығыз құм

  2. Ылғалдылық дәрежесі

ылғалды.

Жоғарыда анықталғандарға сәйкес ҚМжЕ 2.01.01-2002 кесте 2 бойынша, топырақтың шартты есептік кедергісін анықтаймыз R0=150кПа.

Қабат №2 (саздақ топырақ)-қалыңдығы – 4 м

  1. Грунттың атын анықтаймыз Ip=WT-Wp=35-20=15/100=0,15 СНиП бойынша бұл саздаққа жатады, себебі Ip=0,07-0,17 арасында жатыр

  2. Грунттың кеуектілік коэффициентін анықтаймыз

  1. Консистенциялық көрсеткіші

=0,4 – Қиын иілетін

JL грунт қатты күйде

0JL қиын иілетін

  1. Жоғарыда анықталғандарға сәйкес ҚМжЕ 2.01.01-2002 кесте 2 бойынша, топырақтың шартты есептік кедергісін анықтаймыз R0=202кПа.

Қабат №3 (құмды топырақ)-қалыңдығы-4,1м

  1. Грануметриялық құрамы бойынша берілген құмды грунт – орташа іріліктегі топырақ, себебі 25мм-ден үлкен бөлшектердің мөлшері 50% көп, - 56,88%.

  2. Кеуектілік коэффициентін анықтаймыз

  1. Бірігу тығыздғы, кеуектілік коэффициентіне сәйкес ҚМжЕ 2.01.01-2002 бойынша анықталады – орташа іріліктегі тығыз құм

  2. Ылғалдылық дәрежесі

сумен қаныққан құм

  1. Жоғарыда анықталғандарға сәйкес ҚМжЕ 2.01.01-2002 бойынша, топырақтың шартты есептік кедергісін анықтаймыз

R0=400кПа.

Қабат №4 (саз топырақ)- қалыңдығы-4,83м

  1. Грунттың атын анықтаймыз

Ip=WT-Wp=39-23=16/100=0,16 саздақ

  1. Грунттың кеуектілік коэффициентін анықтаймыз

  1. Консистенциялық көрсеткішін анықтаймыз

=0,31 – Қиын иілетін

JL грунт қатты күйде

0JL қиын иілетін

  1. Жоғарыда анықталғандарға сәйкес ҚМжЕ 2.01.01-2002 кесте 2 бойынша, топырақтың шартты есептік кедергісін анықтаймыз

R0=210кПа.