Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СилабусБиофизказ-13-14.doc
Скачиваний:
206
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
2.44 Mб
Скачать

Оқыту міндеттері:

  1. Фотоэффект құбылысын, олардың фототүрлендіргіштерде қолданылуларын қарастыру.

  2. Спектрофотометрлер көмегімен фотобиологиялық үрдістерді зерттеу.

Ұйымдастыру бөлімі - 5 мин

Студенттерді түгендеу және олардың сабаққа қатыспау себебін анықтау, конспектлерін тексеру.

Қалыптастыратын құзыреттілік түрлері: білімділік, практикалық дағдылар.

Тақырыптың негізгі сұрақтары: - 45 мин

  1. Фотоэлектрлік эффект құбылысы

  2. Жұмыс істеу принципі фотоэффект құбылысына негізделген фотоэлектрлік

приборлар.

3.Жұтылу спектрлерінің көмегімен фотобиологиялық үрдістерді зерттеу әдістері.

4. Жұтылу спектрлерін алуға арналған құралдар.

5. Фотобиологиялық үрдістердің энергетикасы.

6. Жүйенің жұту қабілеттілігін анықтаушы факторлар.

7. Жарық ағыны жұтылуының тәуелділіктері.

Үзіліс

- 10 мин

Оқыту мен үйрету әдістері:

  1. негізгі және бақылау сұрақтарын талдау мен талқылау

  2. зертханалық жұмысты орындау нәтижелерін талқылау

  3. тестлеу

  4. қателерді түзету

Сабақта қалыптастыратын құзыреттілікті бақылау әдістері:

- компьютерлерде тестлеу (студент өзінде төменгі деңгейдегі білімділік пен дағдыларды қалыптастыратын ұғымдары – берілген тақырыптың негізгі анықтамалары, теориялық сұрақтары бар «тестке» жауап беруі қажет);

- зертханалық жұмысты орындау, қателерді есептеу және өлшеулер нәтижелерін графиктік түрде көрсету

- оқыту материалдарын талдау кезінде пікір алмасу

- аппаратпен жұмыс істеу; құралдармен жұмыс істеу кезінде техника қауіпсіздігін сақтау.

Студенттердің өзіндік жұмыстары - 50 мин

«Фотоэлектрлік концентрациялық колориметр КФК-2» аппаратын баптау. Аппаратпен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын және пациенттің қауіпсіздігін сақтау, графиктер тұрғызу. Құралдың қарапайым ақауларын жөндеу: (сақтандырғыштарды, белгі шамдарын ауыстыру, жерге қосылғандығын тексеру).

І-тапсырма.

Өткізгіштік коэффициентінің зат қабаттарының қалыңдығына тәуелділігін анықтау.

1.Фотоэлектрлік колориметрді ток көзіне қосқанда, шам жанады. Колориметр кюветінің қақпағын 15 минут ашып қою керек.

2. Кювет орналастыратын бөлімге қалыңдықтары бірдей екі кюветті орналастыру керек. Біреуі бос кювет, екіншісі ұзындығы 50 мм-лік ішінде зерттелетін ерітіндісі бар кювет. Бос кювет кювета ұстағышының түп жағына орналастырады. Ұстағышты солға бұрса жарық ағыны бос кюветке бағытталады да, ал оңға бұрса зерттелетін ерітіндісі бар кюветке бағытталады.

3. Кюветтің қақпағын жауып қою керек.

4. Жарық ағынын енді бос кюветаға түсіреміз.

5. Ұстағышты 100 деген цифрға қою керек.

6. Тұтқаны оңға бұрау арқылы жарық ағынын зерттелетін ерітіндісі бар кюветке бағыттау керек.

7. Ерітіндінің өткізгіштік коэффициентіне сәйкес келетін құралдың көрсетуін жазамыз. Тәжірибені 3-рет қайталау керек. Өткізгіштік коэффициентінің орта арифметикалық шамасын табыңыз.

8.Осы тәсіл арқылы қалған ерітінділер құйылған ұзындықтары 30; 20;10 мм кюветтерді орналастыра отырып, өткізгіштік коэффициентін анықтау қажет. Алынған мәндерді 1-ші кестеге жазу керек.

Өткізгіштік коэффициенті Т (%) 1- кесте

1

2

3

Орта мәні

Алынған мәндері бойынша график тұрғызамыз, абцисса осінің бойына кюветтің ұзындығын, ал ордината осінің бойына өткізгіштік коэффициентін салу керек

ІІ-ші тапсырма.

Фотоколориметрдің көмегімен боялған ерітінділердің концентрациясын анықтау.

  1. Кюветке дистиляцияланған суы және ерітіндісі бар, ұзындығы кюветті орналастырамыз.

  2. Жарық ағынын суы бар кюветке бағыттап, құралдың тілін 100-ге орналастырамыз.

  3. Жарық ағынын ерітіндісі бар кюветке бағыттап, құралдың көрсетуі мен өткізгіштік коэффициентін жазып алу керек.

  4. Әртүрлі ерітінді үшін өткізгіштік коэффициентін өлшеу керек.

  5. Тәжірибені 3 рет қайталап, нәтижені 2-ші кестеге жазамыз.

Өткізгіштік коэффициенті Т (%)

2-ші кесте

1

2

3

Орта мәні

  1. Градуирленген графигін сызу керек, горизонталь ось бойына белгілі концентрацияны, ал вертикаль оське сәйкес өткізгіштік коэффициентін беру қажет.

  2. Градуирленген график бойынша белгісіз ерітінді концентрациясын өткізгіштік коэффициент өлшеміне сәйкес табу керек.

  3. Қорытындыны тұжырымдап жазыңыз.

Студенттердің оқытушымен бірігіп орындайтын жұмысы - 5 мин.

Зертханалық жұмыстарды орындағаннан кейін, оқытушы студенттер әрекетінің дұрыстығы мен реттілігін, олардың соңғы нәтижеге жеткендігін тексереді. Содан кейін оқытушы тақырыпты талдау мақсатында студентерден жауап алады. Практикада қолданылу облыстарын түсіндіреді.

Білімнің қорытынды деңгейін бақылау - 15 мин.

Оқытушы студенттердің орындаған зертханалық жұмыстарының нәтижелерін тексереді. Содан кейін студенттер білімді бақылауға арналған тест тапсырады. Оқытушы студенттер білімін жоғарыда көрсетілген құзіреттіліктер бойынша бағалайды (ауызша жауап, зертханалық жұмыстың орындалуының дұрыстығы мен тест тапсырмалары және арифметкалық бағалар қояды).

Ұсынылатын әдебиет: негізгі және қосымша

Негізгі:

1. Ремизов А.Н., Максина А.Г., ПотапенкоА.Я. Медицинская и биологическая физика :учебник. – 9-е изд., стереотип. – М. : Дрофа, 2010 ж. – 558 б. : ил.

2.Ремизов А.Н., Максина А.Г., ПотапенкоА.Я. Сборник задач по медицинской и биологической физике : учеб. пособие – 4-е изд., стереотип. – М. : Дрофа, 2010 ж. – 189 б.

3.Антонов В.Ф. Физика и биофизика : учебник. – М. : ГОЭТАР-Медиа, 2008. – 480 б.

4.Антонов В.Ф., Черныш А.М., Козлова Е.К., Коржуев А.В. Практикум : учебное пособие.– 3-е изд., перераб. и доп. – М. : ГОЭТАР-Медиа, 2008 ж . – 336 б.

5.Самойлов В.О. Медицинская биофизика. СПб.: СпецЛит, 2007ж . –496 б

Қосымша:

1.Антонов В.Ф. Физика и биофизика : учебник. – М. : ГОЭТАР-Медиа, 2008 ж. – 480 б.

2.Антонов В.Ф., Коржуев А.В. Физика и биофизика : курс лекций для студентов медицинских вузов : учебное пособие. – 3-е изд., перераб. и доп. – М. : ГОЭТАР-Медиа, 2007 ж. – 240 б.

3.Рубин А.Б. «Биофизика». изд.МГУ, 2006 ж.- 435 б.

4. В.А.Тиманюк, Е.Н.Животова. Биофизика. М., 2004 ж. – 703 б.

5. Оразақынов К.Б., «Физика және биофизика пәндеріне арналған оқу құралы», Алматы, 2011 ж. - 242 бет.

6. www. Sciencedirect.com.

7. www.thecochranelibrary.com.

8. www.springerlink.com.

9. www.webofknowledge.com.

10. http://dlib.eastview.com.

Бақылау

Сұрақтар:

  1. Биологиялық нысандардың спектрлік сараптамалары

  2. Спектроскопиялық (спектрометриялық) әдістер

  3. Атомдық спектральдық анализ (АСА)

  4. Атомдық-абсорбциялық С. а. (ААА) және атомдық-флуоресценттік С. а. (АФА).

  5. Молекулярлық спектрлік анализ (МСА)

Сауалнамалық тапсырмалар:

1. Кез келген заттан өткендегі жарық қарқындылығының кемуі, және соның есебінен жарық энергиясының энергияның басқа түріне айналуы:

  1. жарықтың шашырауы

  2. дисперсия

  3. интерференция

  4. дифракция

  5. жарықтың жұтылуы

2. Ортада таралатын жарық шоғының мүмкін болатын барлық бағыттарда ауытқуы:

А)жарықтың шашырауы

В)дисперсия

С)интерференция

D)дифракция

E)жарықтың жұтылуы

3.Спектрометрдің монохроматоры қандай қызмет атқарады ?

A)когорентті жарық алу үшін

B)толқын ұзындығы бірдей жарық алу үшін

C)толқын ұзындығы әртүрлі жарыққ алу үшін

D)ультракүлгін сәуле алу үшін

E)инфрақызыл сәуле алу үшін

4.Фотохимиялық реакцияны қандай жарық бере алады?

A)жүйеден өткен жарық

B)жүйеге түскен жарық

C)жүйенің жұтқан жарығы

D)жүеден шашыраған жарық

E)когорентті жарық

5.Затқа түскен жарық қарқындылығының одан шыққан жарық қарқындылығына қатынасының ондық

логарифмі ....

A)жұтылу коэффициенті деп аталады

B)жұтылу спектрі деп аталады

C)шашырау көрсеткіші деп аталады

D)өткізгіштік көрсеткіші деп аталады

E)оптикалық тығыздығы деп аталады

6.Оптикалық тығыздық заттың қандай қабілеттілігін көрсетеді?

A)жұтылу қабілеттілігін

B)өткізу қабілеттілігін

C)шашырату қабілеттілігін

D)сындыру қабілеттілігін

E)жарықтың түсін өзгерту қабілеттілігін

7. кімнің теңдеуі ?

A) Планк теңдеуі

B) Резерфорд теңдеуі

C) Джоуль-Ленц теңдеуі

D) Бугер- Ламберт –Бер теңдеуі

E) Эйнштейн теңдеуі

8. Боялған ертінділердегі жарық толқындарының жұтылу көрсеткіші ертіндідегі заттың концентрациясына тура пропорционал. Бұл заң:

  1. Бугер-Бер-Ламберт

  2. Бугер-Бер

  3. Бер

  4. Рэлей

  5. Тиндаль

9. ,қатынасы .... деп аталады:

  1. жұтылу көрсеткіші

  2. өткізу көрсеткіші

  3. шашырау көрсеткіші

  4. спектрлік құрамы

  5. оптикалық тығыздығы

10. Концентрациялық колориметрия әдісі қандай құбылысқа негізделген?

  1. Жарықтың шашырауына

  2. Жарықтың дисперсиясына

  3. Жарықтың жұтылуына

  4. Жарықтың поляризацисына

  5. Жарықтың шашырауына

14. Тақырыбы: Биологиялық объектілер микроскопиясының арнайы тәсілдері.

Сабақтың мақсаты:

Оптикалық микроскопта кескінді алудың физикалық негізін, оның сипаттамаларын оқып үйрену. Электронды оптиканың элементтерін, электронды микроскоптың жұмыс істеу принципін және оның мүмкіндіктерін оқып үйрену. Көздің оптикалық жүйесі. Берілген тақырып бойынша есеп шығару әдістемесін меңгеру.

Оқытудың міндеті:

- оптикалық және электрондық микроскоптарда кескінді алу мүмкіндіктерін, физикалық негізін үйрену

- көрудің биофизикасын, көзді оптикалық жүйе ретінде қарастыру.

Ұйымдастыру кезеңі: 5-мин.

Студенттердің сабаққа қатысуын тексеріп, келмеген және дайындалмаған себептерін айқындап, жаңа сабаққа назар аудару.

Құзыреттілікті қалыптастыру саны: білімділік, практикалық дағдылар

Негізгі сұрақтар:

  1. Микроскоптың оптикалық жүйесі, объектінің кескінін салу.

  2. Оптикалық микроскоптың үлкейтуінің формуласы.

  3. Максималды және пайдалы үлкейту.

  4. Микроскоптың рұқсат ету шегі және мүмкіндігі

  5. Электронды микроскоп, электронды оптиканың элементтері

  6. Көз көру мүшесі.

Үзіліс -10 мин.

Оқыту және сабақ беру әдістері:

  1. Негізгі және бақылау сұрақтарды талқылау

  2. Зертханалық жұмысты орындау нәтижелерін талқылау

  3. Тест тапсыру

Құзыреттілікті қалыптастыру әдістері:

  • Компьютерде сауалнама тапсыру (студент берілген тақырып бойынша минималды білімді және дағдыны тексеруге арналған теориялық сұрақтардан, негізгі анықтамалардан тұратын сауалнамаға жауап беруі тиіс).

  • зертханалық жұмысты орындау, қателерді есептеу және өлшеулер нәтижелерін графиктік түрде көрсету

  • оқыту материалдарын талдау кезінде пікір алмасу

Студенттің өз бетімен жұмысы -30 мин

1-тапсырма. Микрометр көмегімен үш обьектінің өлшемін анықтау.

1.1. Окулярлы микрометр окулярдың линзаларының арасына қою керек.

1.2. Окулярда шкаланың кескіні көрінеді, құн бөлігін ескере отырып, объектив көрсететін кескінінің өлшемін анықтауға болады

1.3. Микрометрдің көмегімен кем дегенде үш жалғағыш сымның диаметрін d(m) анықтап, 1 кестеге жазыңыз.

2 -тапсырма. Биологиялық микроскоптың окулярлық торының бөліктерінің құнын анықтау.

2.1. Диаметрі белгілі сымға сәйкес окулярдан оның кескінін көріңіз де, окулярлық тордың неше бөлігіне келетінін санаңыз (n).

2.2. Окуляр бөліктерінің құнын (ок) мына формуламен есептеу : ок = dm/n.

2.3. Өлшеу нәтижесін №2 кестеге жазыңыз.

Студенттердің оқытушымен бірігіп істейтін жұмысы - 5 мин.

Жұмыстың зертханалық бөлігі аяқталғаннан соң оқытушы студенттердің жұмыс жасауда алынған нәтижелерін дұрыстығын тексереді. Содан кейін оқытушы тақырыпты студенттермен бірге талқылайды.

Соңғы білім деңгейлерін бақылау -15 мин.

Оқытушы студенттердің зертханалық жұмыс нәтижелерінің қорытындысын тексереді. Тақырыпты сараптай отырып, бақылау сұрақтарын жүргізеді. Студенттер компьютерде сауалнама тапсырады. Оқытушы білім деңгейлерін үш параметр бойынша бағалайды.

Ұсынылатын әдебиет: негізгі және қосымша

Негізгі:

1. Ремизов А.Н., Максина А.Г., ПотапенкоА.Я. Медицинская и биологическая физика :учебник. – 9-е изд., стереотип. – М. : Дрофа, 2010 ж. – 558 б. : ил.

2.Ремизов А.Н., Максина А.Г., ПотапенкоА.Я. Сборник задач по медицинской и биологической физике : учеб. пособие – 4-е изд., стереотип. – М. : Дрофа, 2010 ж. – 189 б.

3.Антонов В.Ф. Физика и биофизика : учебник. – М. : ГОЭТАР-Медиа, 2008. – 480 б.

4.Антонов В.Ф., Черныш А.М., Козлова Е.К., Коржуев А.В. Практикум : учебное пособие.– 3-е изд., перераб. и доп. – М. : ГОЭТАР-Медиа, 2008 ж . – 336 б.

5.Самойлов В.О. Медицинская биофизика. СПб.: СпецЛит, 2007ж . –496 б

Қосымша:

1.Антонов В.Ф. Физика и биофизика : учебник. – М. : ГОЭТАР-Медиа, 2008 ж. – 480 б.

2.Антонов В.Ф., Коржуев А.В. Физика и биофизика : курс лекций для студентов медицинских вузов : учебное пособие. – 3-е изд., перераб. и доп. – М. : ГОЭТАР-Медиа, 2007 ж. – 240 б.

3.Рубин А.Б. «Биофизика». изд.МГУ, 2006 ж.- 435 б.

4. В.А.Тиманюк, Е.Н.Животова. Биофизика. М., 2004 ж. – 703 б.

5. Оразақынов К.Б., «Физика және биофизика пәндеріне арналған оқу құралы», Алматы, 2011 ж. - 242 бет.

6. www. Sciencedirect.com.

7. www.thecochranelibrary.com.

8. www.springerlink.com.

9. www.webofknowledge.com.

10. http://dlib.eastview.com.

Бақылау сұрақтары:

  1. Оптикалық жүйелердің түрлері.

  2. Оптикалық микроскоптың үлкейтуінің формуласы.

  3. Максималды және пайдалы үлкейту.

  4. Микроскоптың рұқсат ету мүмкіндігі және рұқсат ету шегі туралы түсінік.

  5. Линзаның түрлері және линзаның формуласы.

Сауалнамалық тапсырмалар

  1. Микроскоптың ажырату шегінің мүмкiндiгi:

  1. Объективтің фокустық арақашықтығы мен тубус ұзындығына тәуелді

  2. Окуляр мен объективтің фокустық арақашықтықтарына тәуелді

  3. Линзадан экранға дейінгі аа қашықтыққа туелді

  4. Апертуралық бұрышқа, толқын ұзындығына және сыну көрсеткішіне тәуелді

  5. Шашыратқыш линзаның қалыңдығына тәуелді

2. Микроскоптың ажырату шегін жақсартатын әдіс:

а) Объективтің фокус арақашықтығын өзгерту; б) Тубус ұзындығын өзгерту

в) рұқсат ету шегін арттыру; г) Иммерсиялық ортаны пайдалану;

д) Окулярдың фокус арақашықтығын өзгерту;

  1. а, б, в, г, д

  2. а, б, в, г

  3. а

  4. г

  5. г, в

3. Көздi теңестiруге болатын оптикалық құрал:

  1. Лупа

  2. Телескоп

  3. Поляриметр

  4. Фотоаппарат

  5. Фотоэлектроколориметр

4. Склераның алдыңғы бөлiгi:

  1. Мүйіз қабықша

  2. Сары дақ

  3. Көз бұршағы

  4. Қарашық

  5. Түрлі түсті қабықша

5. Көз аккомодациясы дегеніміз:

  1. Көзден әртүрлі қашықтықта орналасқан денелерге көзбұршақтың бейімделуі

  2. Диафрагманың шетіне қарай нүктеден келетін сәулелермен түзілетін бұрыш

  3. Екі қисық сызықты бетпен шектелген мөлдір дене

  4. Көздің ажырату қабілетінің өзгеруі

  5. Қараңғыда қарашықтың үлкеюі

6. Гиперметропия (алыстан көргiштiк):

  1. Заттың кескіні торлы қабықшаның сыртында пайда болатын көз кемістігі

  2. Заттың кескіні торлы қабықшаның ішінде пайда болатын көз кемістігі

  3. Заттың кескіні торлы қабықшада пайда болатын көз кемістігі

  4. Заттың кескіні торлы қабықшада пайда болмайтын көз кемістігі

  5. Заттың кескіні торлы қабықшаның екі жағында да пайда болатын көз кемістігі

7. Көздiң iшiне түскен жарық сәулелерiн реттеудің жүзеге асуы:

  1. Көз бұршағы қисығының өзгеруі

  2. Түрлі түсті қабықшасының жиырылуы

  3. Мүйіз қабықшасына сыну қабілетінің өзгеруі

  4. Көздің алдыңғы камерасындағы ылғалдың сыну коэффициентін ұлғайтуы

  5. Шыны тәріздес дененің сыну қабілетінің төмендеуі

8. Көздiң апертуралық диафрагмасы қызметін атқаратын:

  1. Көз бұршағы

  2. Түрлі түсті қабықша

  3. Мүйіз қабықша

  4. Сары дақ

  5. Склера

9. Жарық сәулесiн сындыратын көз бөлiгi:

  1. Көз бұршағы

  2. Түрлі түсті қабықша

  3. Мүйіз қабықша

  4. Сары дақ

  5. Склера

10. Сау көздiң ең жақсы көру қашықтығы:

  1. 2.5 см

  2. 0.35 м

  3. 25 см

  4. 25 мм

  5. 3.5 см

11. Оптикалық микроскоптағы конденсордың қолданылуы:

  1. кескінді ұлғайту үшін

  2. ажырату шегін жақсарту үшін

  3. объектідегі жарықтың қарқындылығын жақсарту үшін

  4. сфералық аберрацияны реттеу үшін

  5. оптикалық бұзылуды реттеу үшін

12. (n - сыну көрсеткiшi, U – аппертуралық бұрыш) бұл:

  1. Сандық апертура формуласы

  2. Микроскоптың үлкейту формуласы

  3. Микроскоптың ажырату шегінің формуласы

  4. Микроскоптың пайдалы үлкейтуінің формуласы

  5. Объективтің үлкейтуінің формуласы

13. , мұндағы L - тубустың оптикалық ұзындығы, S - айқын көретiн арақашықтық F1 және F2 - объектив пен окулярдың фокустық арақашықтығы)

  1. Ажырату қабілеті

  2. Рұқсат етілгент шегі

  3. Сандық аппертур

  4. Линазалардың үлкейтуі

  5. Микроскоптың үлкейтуі

14. Микроскоптың оптикалық жүйесі ... тұрады:

  1. конденсордан

  2. жинағыш линзадан

  3. шашыратқыш линзадан

  4. объектив пен окулярдан

  5. әртүрлі айнадан

15.Окулярдың алдыңғы фокусы мен объективтiң артқы фокусының арақашықтығы:

  1. Объективтің фокустық арақашықтығы

  2. Окулярдың фокустық арақашықтығы

  3. Тубустың оптикалық ұзындығы

  4. Тубустың геометриялық ұзындығы

  5. Сандық аппертура

16. Нәрсе мен микроскоп объективiнiң арасындағы кеңiстiктi толтыратын сұйық:

  1. Тұтқыр

  2. Жоғары молекулалы

  3. Төмен молекулалы

  4. Иммерсиялық

  5. Суспензия

17. Көз миопиясы (жақыннан көргiштiк):

А) Көз алмасының ұзарған формасы В)Көз алмасының қысқартылған формасы С) Хрусталик қисығының өзгеруi D) Көздiң апертуралық диафрагмасының өзгеруi

Е) Көздiң сындыру қабiлеттiлiгiнiң әлсiздiгi

18. Микроскопта нәрсенiң үлкейтiлген, нақты және төңкерілген кескiнiн алу үшiн объективалдындағы дене ... арақашықтықта орналасуы керек.(а нәрседен объективке дейiнгi арақашықтық, F - объективтiң фокустық арақашықтығы)

А) a<F

В) F<a<2F С) a=F D) a=2F

Е) a>2F

19. Микроскоптың ажырату шегi деп:

A.Нәрсенiң микроскопта екi нүкте болып көрiнетiн ең жақын екi нүктесінiң ара

қашықтығына керi шама

B.Нәрсенiң микроскопта екi нүкте болып көрiнетiн ең жақын екi нүктесінiң ара

қашықтығына тең шама

C.Объектив пен окуляр фокустарының ең аз ара қашықтығы

D.Объектi жарықтандыруға арналған жарықтың толқын ұзындығы

E.Объект пен нәрсе арасындағы ара қашықтық

20. Обьектив линзасының сыну көрсеткiшiмен (N) салыстырғанда иммерсиялық сұйықтың сыну көрсеткiшi (n) мынаған тең:

А) n < N

В) n > N С) n = N D) n = 1 Е) n = 0

Мамандығы: Жалпы медицина

Мед. биофизика және биостатистика модулі