Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

тесты пульмонология 6-7 курсам

.docx
Скачиваний:
118
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
310.53 Кб
Скачать

! III дәрежелі көмейдің стенозы, жедел ларинготрахеиті бар балаға дәрігерді шақырту кезінде жедел жәрдем дәрігерінің іс-әрекеті:  *+жедел госпитализациялау, кез-келген әдіспен оксигенация, отырғызып тасымалдау  * трахеостоманы қою, ылғалдандырылған оттегі беру * қажет болса ӨЖЖ, асқазанға зонд енгізу  * бұлшықетке немесе көк тамырғае гормонды препараттарды, антиоксиданттарды енгізу  * бронхолитиктерді, ылғалдандырылған оттегіні беру ! Генезі белгісіз II-III дәрежелі көмейдің стенозы бар балаға дәрігерді шақырту кезінде жедел жәрдем дәрігерінің жасауға болмайтын іс-әрекеті:  * анамнезді анықтау  * жедел госпитализациялау  * бөгде затты алып тастауға әрекет ету (ауыз-жұтқыншақтың бөгде заты кезінде)  *+тасымалдаудың алдында седативті заттарды және гормондарды енгізу * оксигенациямен отырғызып немесе жатқызып тасымалдау ! I дәрежелі круп болған балаға шақыру кезіндегі жедел жәрдем дәрігерінің іс-әрекеті:  *+симптоматикалық көңіл алаңдатушы терапия, көп мөлшерде сұйықтық беру, булық ингаляциялар  * антигистаминді препараттарды енгізу, көп мөлшердегі сұйықтық беру * жансыздандыратын, седативті препараттарды енгізу * жедел госпитализациялау  * дәрігер келіп қарағаннан кейін үйде қалдыруға болады  ! Балалардағы тез тыныстық декомпенсацияға алып келетін ерекшеліктерге жатады:  * баланың салыстырмалы тыныс жолдарының тарлығы  * ларингоспазмға балалардың бейімділігі * байланыстыру аппараты клетчаткасының борпылдақтығы  * тыныс бұлшықеттерінің салыстырмалы әлсіздігі *+аталған ерекшеліктердің барлығы 

! Балалардағы кеңірдектің интубациясы кезінде дамымайтын асқынуларын көрсетіңіз:  * гипоксия  * таңдай доғашықтарының жарақаттық зақымданулары  * интубациялық түтікшемен бітелуі  * брадиаритмия  *+эмфизема, пневмоторакс  ! Тыныстың кенеттен тоқтауына немесе тыныстың декомпенсациясына жатпайтын белгілерді көрсетіңіз:  * тыныс қозғалысының болмауы  * брадипноэ, тыныстың патологиялық ырғағының пайда болуы  *"тыныс орталығының ыдырауы" – координацияның болмауы  * бозаруға ауысатын жайылған цианоз  *+жүректің тоқтауы  ! 3 жасқа дейінгі балалардағы жедел тыныс жетіспеушілігінің ең жиі болатын үш себептерін атаңыз: * бронх демікпесі  *+пневмония, жоғары тыныс жолдарының обструкциясы, даму ақаулары  * ферментопатия, гипотрофия, кеуде қуысының рахиттік деформациялары

* ОНЖ зақымдануы, жүректің ақаулары * уланулар, атопиялық дерматит ! 3 жастан 12 жасқа дейінгі балалардағы жедел тыныс жетіспеушілігінің үш негізгі себептері болып табылады: * сепсис  * энцефалиттер мен менингиттер *+бронх демікпесі, пневмония, ТБЖА  * диафрагмальды жарық, сколиоз  * туа біткен жүрек ақауы  ! "Ауыздан ауызға" вентиляциялаудың тиімсіздігі кезінде жүргізу қажет:  *+зәбір көрушінің басын шалқайту, төменгі жағын алдыға шығару және реанимациялық шараларды жалғастыру  * бас жағын төменге түсіру және реанимациялық шараларды жалғастыру  * бас жағын жоғары көтеру және реанимациялық шараларды жалғастыру  * басқа реаниматологты шақыру және реанимациялық шараларды жалғастыру  * трахеостоманы қою және реанимациялық шараларды жалғастыру  ! Ауа өткізгіштер қолданылады: * егер бар болса әрқашан  *+басын шалқайтумен, тыныс жолдары өткізгіштігі бұзылыстарын қалпына келтіре алмағанда  * кеңірдек интубациясының алдында  * спонтанды тынысты қалпына келтіргеннен кейін  * "Амбу" қапшығымен вентиляциясы үшін ! Асқазан құрамының заттарымен аспирациясында келесі ерте асқынулардың дамуына алып келеді: *+цианоздың және тыныс бұзылысына, сырылдардың пайда болуына, асфиксияға  * жүрек жетіспеушілігіне * бронхопневмонияға * өкпенің абсцесіне  * пневмотораксқа

!Тіндерге оттегінің жеткізілуін жоғарылату жүргізілмейді: * оксигенотерапиямен  * анемия кезінде қан құюмен  *+тұзды ерітінділерді құюмен  * гемодиамика көрсеткіштерінің қалыптастырумен  * альвеолярлы-капиллярлық мембрана функциясын қалыптастырумен

!Қақырықты сұйылту мен шығаруға ықпал етеді:  * дегидратация  * 100% оттегімен ингаляция *+тыныс алатын қоспаны ылғалдандыру, гидратация * тұзды ерітінділерді енгізу * зәр айдағыш заттар

! Инфекциялық-токсикалық шоктың бірінші сатысының тиімді терапиясына кіреді:  * глюкокортикоидтар, симпатомиметиктер  * инфузиялық терапия, глюкокортикоидтар  * антибактериальды терапия, глюкокортикоидтар  *+глюкокортикоидтар, инфузиялық терапия, симпатомиметиктер * антибиотиктер, гормоны, инфузиялық терапия ! Инфекциялық-токсикалық шоктың екінші сатысының тиімді терапиясына кіреді: *+инфузиялық терапия, глюкокортикоидтар, дофамин, антибиотикотерапия  * инфузиялық терапия, глюкокортикоидтар, супрастин  * инфузиялық терапия, глюкокортикоидтар, лазикс  * антибиотикотерапия, дофамин, инфузиялық терапия * дофамин, антибиотикотерапия 

! Анафилактикалық шоктың найзағай тәрізді түрі сипатталады: *+агональды тыныспен, артериялық қан қысымының күрт төмендеуімен, 2-3 минут бойына жедел тиімсіз жүрек симптомдарының дамуымен * тұншығумен, ысслаумен, қорқынышпен, жіп тәрізді пульспен  * есекжеммен, Квинке ісігімен, терілік қышумен  * аллергенді енгізгенге жүректің және тыныстыңкүрт тоқтауымен   * бастың ауыруымен, әлсіздікпен, ентігумен, тахикардиямен 

! Кез-келген генездегі науаста тыныстың жартылай депрессиясы кезінде қанында байқалады: * рО2жоғарылауы *+ рО2 төмендеуі, рСО2 жоғарылауы * қанда қанттың,рСО2 жоғарылауы * рСО2 төмендеуі * рО2 және рСО2 қалыпты көрсеткіштер деңгейінде 

! Науқаста ентігу дамыған кезінде қанында байқалатын өзгерістер:  * рО2 жоғарылауы *+ рО2 төмендеуі * рСО2 жоғарылауы *+ рСО2 төмендеуі * рО2 өзгермеуі

!Кернелген пневмоторакс кезіндегі дәрігердің тактикасы болып табылады: * пульмонологиялық бөлімшеге жедел жатқызу  * кеңірдектің жедел интубациясы және ӨЖЖ  *+бұғана ортаңғы сызық бойынша ІІ қабырға аралықтан плевра қуысына дренаж жасау  * артқы аксилярлық сызық бойынша VII қабырға аралығына дренаж жасау  * аталғандардың барлығы 

!Науқастан аспирациялық пневмонияны диагностикалау кезіндегі жедел жәрдем дәрігерінің іс-әрекеті:  * антибиотикотерапия, үйде бақылау * дезинтоксикациялық, антибактериальды терапия, аймақтық дәрігерге "актив" беру  *+адекватты тыныспен қамтамасыздандырумен госпитализациялау және тасымалдау кезінде аналгезия  * іс-әрекеті аурудың ауырлығына байланысы жоқ  * викасолды, антибиотиктердіенгізу, тұратын мекен-жайы бойынша педиатрдың бақылауы

! Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне ауыр дәрежелі асфиксиямен және ОНЖ перинатальды патологиясымен мерзіміне жетіп туылған нәресте келіп түсті. Балада ауыр дәрежелі жедел тыныс жетіспеушілігі– респираторлықдистресс-синдромы бар. Реаниматолог дәрігері баланы ӨЖЖ ауыстыруға шешім қабылдады. Тыныс жиілігінің көрсеткіші мерзімі жетіліп туылған нәресте үшін ӨЖЖ ауыстыру үшін бекітілген (бастапқы) көрсеткіші болып табылатын тыныс жиілігін атаңыз:

* 15-25 минутына

*+30-40 минутына

* 40-60 минутына

* 60-70 минутына

* 70-80 минутына

! Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне респираторлық дистресс синдромымен жаңа туған нәресте келіп түсті. Жедел тыныс жетіспеушілігінің және қан айналысы бұзылысының клиникасы бар. Тыныштық жағдайында цианоз байқалады, рН = 7, 15, рО2 = 40 мм сын.бағ., рСО2 = 60 мм сын.бағ. шұғыл жағдайда сәйкес келетін емді тағайындаңыз:

* трахеобронхиальды ағашты санациялау

* оксигенотерапия

*+ тыныс шығару кезіндегі оң қысыммен ӨЖЖ

* тыныс шығару кезіндегі теріс қысыммен ӨЖЖ

* муколитиктермен ингаляциялық терапия

! Жедел жәрдем бригадасымен, жедел тыныс жетіспеушілік синдромымен өте ауыр жағдайда 5 жасар бала ауруханаға жеткізілді. Келесі диагноз қойылды: жедел ларингит III дәрежелі. III дәрежелі стеноздаушы ларинготрахеобронхитпен келіп түскен балаға бірінші кезекте жүргізілетін шаралар:

* көк тамырғагормондарды енгізу

* дегидратациялық терапия

*+ наркоз арқылы тікелей ларингоскопия, ӨЖЖ ауыстыру

* көңіл алаңдатушы терапия

* оксигенотерапия

! Балада астматикалық жағдай, адреномиметиктермен тиімсіз емделу гипоксияның, ұйқышылдықтың, гиперкапнияның, ацидоздың дамуына алып келді.Шұғыл емінің құрамында болуы керек:

* натрийдің бикарбонатын енгізу

* көк тамырғадиазепам

* эуфиллиннің инфузиясы

*+ интубация және вентиляция

* спейсер арқылы сальбутамол

! Бала, 3 жасар, Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне рентгенологиялық нақтыланған екі жақты пневмонияны тиімсіз амбулаторлы 12 күн емделгеннен кейін келіп түскен. Есі – кома 1 дәр. Жағдайында.Тынысы дербес, беткей. Аускультативті: өкпесінде барлық аймағында тынысы әлсіреген, көп мөлшерде сықырлаған сырылдар естіледі. Кеуде қуысының экскурсиясы толық емес. Осы жағдайдағы мүмкін болатын қышқылды-негізді статусты немесе қанның газды құрамының өзгерістерін көрсетіңіз:

* рСО2 жоғарылауы, рО2 жоғарылауы, рН жоғарылауы

* рСО2 төмендеуі, рО2 төмендеуі, рНтөмендеуі

*+ рСО2жоғарылауы, рО2төмендеуі, рНтөмендеуі

* рСО2төмендеуі, рО2жоғарылауы, рНтөмендеуі

* рСО2жоғарылауы, рО2төмендеуі, рНжоғарылауы

! Бала, 2 жасар, реанимация бөлімшесінде келесі диагнозбен ауруханада жатыр: екі жақты жайылған пневмония. 3 күн бойына өкпені жасанды желденуінде (ӨЖЖ) жатыр, рН - 7,15: РаСО2- 63 мм сын.бағ. ВЕ -3,0мэкв/л. Қышқылды-негіздістатустың көрсеткіштерін бағалаңыз:

* компенсирленгентыныстық алкалоз

* компенсирленгенметаболикалық ацидоз

*+ компенсирленбегентыныстық ацидоз

* субкомпенсирленгентыныстық ацидоз

* аралас алкалоз

! Жедел жәрдем бригадасы дәрігерлерімен кома жағдайындағы 3 жасар бала ауруханаға жеткізілді. Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің кезекші дәрігері емдеу-диагностикалық зерттеуге және шұғыл көмек көрсетуге кірісті. Анамнезі анықталмаған кома жағдайында ауруханаға келіп түскен науқасқа бірінші кезекте не істеу керек:

* А/Қ өлшеу

* глюкоза және налоксон ерітінділерін енгізу

* есінің деңгейін бағалау

*+ адекватты тынысты қамтамасыздандыру

* тұлғасын идентификациялау

! Балада өкпенің жасанды желденуінде альвеолярлы-капиллярлық мембрана арқылы газдар диффузиясының бұзылысы орын алды. Альвеолаға дейінгі трахеобронхиальды ағаш бойынша газдардың жеткізілуі бұзылмаған. Қандай гипоксияның дамуыорын алды:

*+ гипоксиялық

* анемиялық

* циркуляторлық

* гистотоксикалық

* гипоксия жоқ

! Қайтарылмайтын өкпе ісінуінің фонында ауыр гипоксияға байланысты науқас өкпені жасанды желдендіруге ауыстырылды. ӨЖЖ мақсатты түрде қандай тәртіпте жүзеге асырған дұрыс:

* тыныс шығару кезінде теріс қысыммен нормовентиляция тәртібінде

* тыныс шығару кезінде оң қысыммен нормовентиляция тәртібінде

* тыныс шығару кезінде теріс қысыммен гипервентиляция тәртібінде

*+ тыныс шығару кезінде оң қысыммен гипервентиляция тәртібінде

* өкпені жасанды желдендіру жоғары жиіліктегі тәртіпте

! Тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру үшін қолданылатын қарапайым әдістерге барлығы жатады, біреуінен басқа:

* басын шалқайту

* аузын ашу және төменгі жағын қозғалту

* постуральды дренаждау арқылы тыныс жолдарын механикалық тазалау және кеуде қуысын ұрғылау

* тілін шығару

*+басын төменге ию

! Пневмония кезінде гипоксемия дамуының негізгі факторлары болып табылады:

* гипертермия

* беткей тыныс

* метаболизмнің жоғарылауы

*+ өкпенің аэрациялық емес аймақтарындағы қан айналымның сақталуы(шунттар)

* жедел оң қарыншалық жетіспеушілік

!Өкпені жасанды желдендіру арқылы қолдан наркоз беру үрдісі кезінде дәрігер анестезиолог тыныс алу және шығару кезінде газдынаркотикалық қоспаның өтуі кезіндегі қиындағандығын сезінді (ауыру дәрежелі). Бұл кезде бронхиальды шу ара қашықтықтан естіледі. Содан кейін үдемелі түрде жоғарылаған гипоксия және гиперкапния дамыды. Осындай жағдайда басқа да реанимациялық шаралармен мақсатты түрде аталған препараттардың қайсысысын енгіземіз:

* тубарин

* прозерин

* морфин

*+ эуфиллин

* седуксен

! Бір жасар бала жедел ауырды, дене температурасы- 38,9°С, бала қозған, жиі үрген тәрізді жөтел, инспираторлық ентігу, тахипноэ 60 рет мин., тынысы көмекші бұлшықеттердің қатысуымен шулы тыныс. Болжам диагнозы:

* ЖРВИ, обструктивті бронхит

*+ЖРВИ, ларинготрахеит, II дәрежелікөмей стенозы

* ЖРВИ, бронхопневмония

* ЖРВИ, ларинготрахеит, I дәрежелі көмей стенозы

* жоғарғы тыныс жолдарының бөгде заты

!Астматикалық статустың дамуына бейімдеуші факторларға жатады:

* десинсибилизирлеуші заттарды қабылдау

* сұйықтықты көп ішу

* эуфиллинді шектен тыс қолдану

* жедел ішектік инфекция

*+жедел респираторлық вирусты инфекция

! Астматикалық статус ІІ сатысының маңызды белгісі болып табылады:

* цианоздың айқындылығы

* мойын веналарының пульсациясы

* тахикардия

* тыныстың қатаңдығы

*+өкпе үстінен тыныс шуларының болмауы

! Бөгде затпен шақырылған, жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясы кезіндегі патогномды симптомы болып табылады:

* тұншығу

* ентігу

*+ұстама тәрізді жөтел

* дене қызуының жоғарылауы

* кеудесінің ауруы

!Жедел бронх обструкциясы кезінде қандай патофизиологиялық механизмдердің рөлі маңызды емес:

*бронхтар тегіс бұлшықетінің спазмы

*бронх ағашы шырышты қабатының ісінуі

*жабысқақ шырышпен бронхтар саңылауының бітелуі

* +бронхтардың шырыш асты қабатының склерозы

* бронхтардың шырышты қабатының қабынуы

!Жедел бронхоспазмды қайтару мақсатында шұғыл көмек көрсету кезінде қолданылатын препаратты атаңыз:

*+қысқа әсерлі симпатомиметиктер

* пролонгирленген симпатомиметиктер

* антигистаминді препараттар

* пролонгирленген эуфиллин

* глюкокортикостероидтар

!Балаға 6 жас – пневмониясы бар. Жөтелгенде және терең тыныс алғанда, оңға еңкейгенде ауру сезімі пайда болған. Науқаста қандай жағдай дамыды:

* ателектаз

* пневмосклероз

*+плеврит

* эмфизема

* пневмоторакс

! Ваня 5 жасар, ТЖ 2 дәрежесі, интоксикация есебінен ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Тынысы шулы, арақашықтықтан естіледі, тыныс шығаруықиындаған. Өкпесінде – қораптық реңкпен өкпелік дыбыс, аускультативті – шулы тыныс шығарумен тынысы әлсіреген, көп мөлшерде ысқырған және орта көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Болжам диагнозы:

* жедел бронхит

*+обструктивті синдромменжедел бронхит

* жедел пневмония

* жедел бронхиолит

* өкпенің поликистозы

! Балаға 2 жас, 6 ай. Дене температурасы -38оС, 3 күн бойына жөтеледі. Қазір - құрғақ жөтелі бар. Аускультативті: тыныс алу кезінде құрғақ жайылған орта көпіршікті сырылдар естіледі, тынысы қатаң. Диагнозы:

* пневмония

* бронхиолит

*+жедел бронхит

* созылмалы бронхит

* көкжөтел

! Бала8 айлық,ЖРВИ фонында ауруының 4-ші күні жағдайы нашарлады, дене қызуы қайтадан 37,8С дейін жоғарылады, экспираторлық сипаттағы ентігу, оральды сырылдар естіледі. Аускультациялау кезінде – тыныс шығаруы ұзарған, өкпенің екі жағынан әртүрлі калиберлі ылғалды сырылдар естіледі. Сіздің болжам диагнозыңыз

* бронхиолит

*+обструктивті бронхит

* рецидивті бронхит

* пневмония

* плеврит

! Бала 1 жасар, ауруханаға айқын токсикозбен, аралас сипаттағы ентігумен, дене қызуының 38Сдейін көтерілуімен келіп түсті. Перкуссиялау кезінде қораптық реңкпен перкуторлық дыбыс естіледі. Аускультацияда жайылған сырылдар, ал оң жақ жауырын бұрышының астынан тұрақты ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Ең мүмкін болатын болжам диагнозы:

* бронхиолит

* альвеолит

*+ пневмония

* бронх демікпесі, ұстама

* обструктивті бронхит

!Астматикалық статусты емдеудің негізгі қағидалары болып табылады:

*+кортикостероидтардыпарентеральды енгізу

* бронхтарды кеңейтетін заттарды парентеральды енгізу

*оттегімен ингаляция

* ингаляциялық кортикостероидтардың жоғары мөлшерін қолдану

*антигистаминді препараттар

! Қандай клиникалық синдром астматикалық статусдеп аталады:

* өршу кезеңіндегі бронх демікпесімен ауыратын науқастан физикальды зерттеу кезінде анықталатын белгілер кешені

*+жедел тыныс жетіспеушілігімен, гипоксемиямен және гиперкапниямен жүретін бронхтарды кеңейтетін препараттарға көнбейтін, бронх демікпесінің ауыр созылыңқы ұстамасы

* симпатомиметиктермен ингаляциядан кейін тоқтамайтын бронх демікпесінің ұстамасы

* бірінен соң бірі болатын бронх демікпесінің ұстамасы

* қанның газды құрамының өзгерістерінсіз, кортикостероидтарды қолдануды талап ететін, созылыңқы тұншығу ұстамасы

!Обструктивті бронхит этиологиясында ең жиі кездеседі:

*ішек таяқшасы

* гемофильдітаяқша

*тұмау вирусы

* стафилококк

*+ РС-вирус

! Ұзақ уақытқа созылған (2 аптадан астам уақытқа) бір жақты бронхит болса не туралы ойлауға болады:

*+бронхта бөгде заттың болуы

* бронх демікпесі

* бронх-өкпелік дисплазия

* жедел бронхит

* обструктивті бронхит

! Созылмалы пневмония – дегеніміз созылмалы спецификалық емес үрдіс, ол сипатталады:

* айқын катаральды көріністермен

*+рецидивке бейімділікпен, қайтымсыз морфологиялық өзгерістермен

* рецидивтердің болмауымен

* өзбетінше емдеуге бейімділікпен

* ателектаздың дамуымен

!Созылмалы бронх-өкпелік аурулардың дамуына ықпал ететін факторларға жатады:

* стрептококты баспа

*деструктивті пневмонияның табысты емі

*сирекЖРВИ

*+өкпенің және бронхтардың даму ақаулары, жедел пневмонияны кеш емдеу

* атипті флораның болуы

! Бронх демікпесі кезіндегі бронхтардың обструкциясы шақырылады:

*бронхтар қабырғасының парезімен

*бронхтар иннервациясының бұзылысымен

*шырыштардың гипосекрециясымен

* бронхоконстрикциямен, шырыштардың гиперсекрециясымен,бронх қабырғасының ісінуімен

* сыртынан бронхтардың қысылуы

!Бронх демікпесі ұстамасын қайтару үшін қолданылатын бірінші кезектегі препарат болып табылады:

* беклометазон

*+сальбутамол

* кетотифен

* натрийкромогликаты

* антигистаминді препараттары 1-2 ұрпақтары

! Бала 1жас.8ай. I дәрежелі паратрофиясы және алергодерматозы бар, пульмонологиялық бөлімшеде келесі диагнозбен емделді: ЖРВИ. Бронхоспазмменжедел бронхит, ТЖ II дәрежелі. Кешенді ем қабылдады, жақсарумен шығарылды. Қосарланған ауруын ескере отырып, профилактикалық шаралардың құрамына кірмеуі керек:

*+ антибиотикотерапия

* гипоаллергенді тұрмыс пен емдәм

* тиімді теңдестірілген тамақтану

* ЖРВИ алдын алу

* иммуностимуляторлар

! Созылмалы обструктивті бронхит кезіндегі кортикостероидты терапияға көрсеткіштер болып табылады:

* ауру клиникалық ағымының ауыр болуы

* бронхоспазмолитикалық заттармен емдеудің нәтижесіз болуы

* бронхоспазмолитикалық заттарды көтере алмаушылық

* дәрілік заттардың әсері болмағанда

* +аталғандардың барлығы

! Созылмалы бронхит кезіндегі жөтел шақырылады:

*ірі бронхтар шырышты қабаттарының қабынуымен

*ұсақ бронхтар шырышты қабаттарының қабынуымен

*+ ірі бронхтар шырышты қабаттарының рефлекторлық аймақтары сезімталдығының жоғарылауымен

*бронхтар шырышты қабаттарының гипертрофиясымен

* атрофией шырыштый оболочки бронхов и обнаружением в ней нервных окончаний

! Созылмалы бронхит кезіндегі клиникалық симптоматикасы анықталады:

* аурудың формасымен

* ауру ағымының сатысымен (өршу, ремиссия)

* асқынулармен

* зақымдануының басым орнымен

*+ аталғандардың барлығы

! Обструктивті емес созылмалы бронхит кезінде клиникалық тәжірибеде бірінші жоспарда анықталатын белгілері:

* бронхоспазм

*+ бронхтар шырышты қабаттарының қабынуы және мукоцилиарлық транспорттың бұзылысы

* инфекциялық үрдіс

* бронхиальды дискенезия және ұсақ бронхатр қабырғасының экспираторлық коллапсы

* бронхомаляция

! Созылмалы бронхиттің асқынулары болып табылады:

* бронх демікпесі

*+ қан түкіру, өкпеден қан кету, өкпенің буллезді эмфиземасы, кіші қан айналысы ұсақ тамырларының облитерациясы және оң қарынша қабырғасының гипертрофиясы

* ателектаздың дамуы

* өкпенің көптеген абцестері

* спонтанды пневмоторакс және тромбоэмболия

! Ірі бронхтар шырышты қабаттарының зақымдануымен жүретін созылмалы бронхиттің негізгі симптомы болып табылады:

* қатты құрғақ жөтел

*+қақырықпен жөтел

* ентігу

* безгек

* кеуде қуысының ауыруы

! Созылмалы бронхит кезіндегі антибактериальды терапияға көрсеткіш болып табылады:

* өкпеде сырылдардың пайда болуымен жүретін, аурудың өршуі

* жөтелдің күшеюімен және қақырық бөлінуінің жоғарылауымен жүретін аурудың өршуі

* күшті жөтелмен және бронхоспазм белгілерімен жүретін аурудың өршуі

*+инфекциялық үрдістің даму белгілерімен аурудың өршуі

* демікпенің дамуы

! Ұсақ бронхтар шырышты қабаттарының зақымдануымен жүретін созылмалы бронхиттің негізгі симптомы болып табылады:

* қатты қоймайтын құрғақ жөтел

* қақырықпен жөтел

*+ ентігу

* безгек

* кеуде тұсының ауруы

! Созылмалы бронхит диагнозы туралы ойлауға болады, егер жөтелдің ұзақтығы:

*+ жылына 3 айдан аз емес, қатарынан 2 жыл болатын болса

* жылына 6 айдан аз емес болатын болса

* жылына 2 айдан аз емес, 3 жыл бойына

* жылына 1 айдан аз емес

* жылына 3 айдан аз емес

! Созылмалы бронхиттің клиникалық көрінісінде келесі белгілердің қосарлануы байқалады:

*+ қақырықпен қоймайтын жөтел, тынысы қатаң және құрғақ сырылдар, астенизациясимптомдары

* сирек құрғақ жөтел, ылғалды сырылдар

* дене қызуының жоғары сандарға жоғарылауы

* жөтелі ұстама тәрізді, ысқырықты сырылдар

* жөтелі сирек қақырықсыз, сырылдар жоқ

! Созылмалы бронхит диагнозын қою үшін тән емес белгіні атаңыз:

*+ өкпеде локальды өзгерістер

* субфебрильді температура

* қақырықпен жөтел

* интоксикация

* ентігу

!Созылмалы жай бронхит кезінде өкпе вентиляциясының қандай бұзылысы байқалады:

*обструктивті

* аралас

*рестриктивті

*вентиляцияның бұзылыстары өтпелі

*+ вентиляцияның бұзылысы болмайды

! Бронхоэктазды ауру диагнозын нақты қоюға болады:

* бронхоскопияда

* пикфлоуметрияда

* спирографияда

*+ бронхографияда

* өкпенің қалдық көлемін зерттеуде

! Вентиляциялық жетіспеушіліктің дәрежесі мен формасының ба екендігін анықтауға мүмкіндік беретін әдісті атаңыз:

* пневмотахография

* пикфлоуметрия

*+ спирография

* реография

* доплерография

! Өкпенің диффузды қабілетін зерттеуге көрсеткіштер:

* өкпенің диффузды аууына күмәнданғанда

* бронх демікпесі диагнозын нақтылауда

*+ жедел пневмония кезіндегі үрдістің таралуы туралы сұрақты шешуде

* өкпелік асқынуды нақтылау мақсатында

* өкпе ақауын жоққа шығару мақсатында

! Муковисцидоз кезіндегі вентиляциялық жетіспеушіліктің типі:

* обструктивті

* рестриктивті

*+аралас

* констриктивті

* аталғандардың барлығы

! Бала 5 жасар, келесі шағымдармен келіп түсті: қиындаған тыныс, жөтел. 7 күн бұрын ауырған, катаральды көріністер пайда болғанда дене t - 38,6оС жоғарылады. Ауруының 3-ші күні құрғақ жөтел және ентігу пайда болды. Анамнезінде: экссудативті-катаральды диатездің көріністер бар. Жағдайы ауыр ТЖ II дәр. есебінен. Тыныс алуы көмекші бұлшықеттердің қатысуымен, тыныс шығаруы шулы, қиындаған. Аускультацияда: тынысы әлсіреген, көп мөлшерде құрғақ ысқырықты және орта көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі, ТЖ- 48/мин. Спирограммада: ЖЕЛ-41%, ФЖЕЛ-46%, МВЛ-44%, РВ-31%, МОД-31%, тыныс шығарудың ПТМ -0,6%. Беротектен кейін: тыныс шығарудың ПТМ +12%. Болжам диагнозы:

* жедел бронхит

*+жедел бронхит обструкциямен, ТЖ II дәр.

* бронх демікпесі

* 2 жақты ошақты пневмония, ТЖ II дәр.

* созылмалы деформацияланған бронхит

! Созылмалы бронхит кезіндегі өкпе вентиляциясының бұзылысы байқалады:

*+ обструктивті тип бойынша

* рестриктивті тип бойынша

* аралас тип бойынша

* вентиляцияның бұзылуынсыз

* транзиторлы тип бойынша

! Тыныс шығарудың шектік жылдамдығы (ТШШЖ) (ПСВ) ненің көмегімен анықталады:

* пульсоксиметрдің

* спирометрдің

* глюкометрдің

*+пикфлоуметрдің

* пневмотахометрдің

! Спирометрияның көмегімен нені анықтауға болмайды:

* ӨТС(ЖЕЛ)

* ФӨТС (ФЖЕЛ)

* ТШФК(ОФВ1)

* ӨМЖ(МВЛ)

*+оттегінің сатурациясы

! ИВБДВ стратегиясында қолданылатын аурудың жағдайын, ауырлық жіктелуін, емін және консультациясын бағалау үшін қабылданған балалардың екі жастық категорияларын атаңыз:

*+0-2 ай, 2 ай-5 жас

* 0-1 жас, 1 жас-5 жас

* 0-5 жас, 5-14 жас

* 0-3 жас,4-7 жас

* 0-6 ай,6-12 ай

! БДҰ бойынша балалар жасындағы ауруларды интегрирленген жүргзу (ИВБДВ) тсіндіріледі: *+жекелеген аурулар мен синдромдар кезіндегі диагностикалық және емдік шаралардың реттілігі

* науқас балаларды емдеудегі полипрогмазия

* науқас балаларды емдеудегі монотерапия

* арнайы медициналық көмек көрсету

* жоғары мамандандырылған көмекті көрсету

! Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты жиілеген тыныстың шекаралары:

* туылғаннан 2 айға дейін – 50 және одан көп, 2 айдан 12 айға дейін - 40 және одан көп, 12 айдан 5 жасқа дейін – 30 және жоғары

* туылғаннан 1 айға дейін – 60 және одан жоғары, 1 айдан 12 айға дейін-50 және жоғары, 12 айдан 5 жасқа дейін – 40 және одан жоғары

*+туылғаннан 2 айға дейін – 60 және одан жоғары, 2 айдан 12 айға дейін -50 және одан жоғары, 12 айдан 5 жасқа дейін – 40 және одан жоғары

* туылғаннан 2 айға дейін – 50 және одан жоғары, 2 айдан 12 айға дейін - 40 және одан жоғары

* туылғаннан 1 айға дейін – 60 және одан жоғары, 1 айдан 12 айға дейін -50 және одан жоғары

! Стридор – дегеніміз:

*+тыныс алудағы қатаң дыбыс

* тыныс шығарудағы қатаң дыбыс

* дөрекі үрген жөтел

* жөтел сирек, бірақ ысқырған

* ұстама тәрізді жөтел

! Ауыр стридордың себебі болуы мүмкін:

* жедел бронхит

*+ көмекей асты абцесс

* өкпенің ісігі

* жүректің туа біткен ақауы

* пневмония

! Астмоидты тыныс – дегеніміз:

* тыныс шығару кезіндегі ысқырықты тыныс

* тыныс алу кезіндегі ысқырықты тыныс

*+тыныс шығау кезіндегі әртүрлі тембрдегі және интенсивтілігі әртүрлі дыбыстар немесе ұзарған тыныс шығару

* тынысы қатаң, ылғалды сырылдар

* тынысы қатаң, өтпелі сырылдар

! Кеуде қуысының тартылуы (жөтелдің ауыр ауруының белгісі ретінде) - дегеніміз:

*+тыныс алу кезіндегі кеуде қуысы төменгі бөлімдерінің тартылуы

* тыныс алу кезіндегі қабырға аралықтардың тартылуы

* кеуде қуысының кез-келген бөлімдерінің тартылуы

* тыныс алу кезіндегі кеуде қуысы жоғарғы бөлімдерінің тартылуы

* тыныс алу кезіндегі төстің тартылуы

! Жөтел немесе қиындаған тыныс блогы бойынша 2 айдан 5 жасқа дейінгі балаларды тез ауруханаға жатқызуға көрсеткіштер (біріншілік бағалау кезінде басқа ауыр аурудың болмауы):

қауіптіліктің кез-келген жалпы белгілерінің болуы немесе кеуде қуысы төменгі бөлімдерінің тартылуы немесе дене температурасы 38,5 жоғары;