Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
варикоз.docx
Скачиваний:
48
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
71.49 Кб
Скачать

10.5. Кан тамыры ішінде қанның ұю механизмі мен себептері

Қан тамыры ішінде қанның ұюының казіргі уақытта жиі кездесуіне және мұндай жағдайға душар болған адамдардың бірсыпырасының өлуіне байланысты оны уақтылы анықтау және емдеу медицинаның өте жауапты проблемаларының біріне айналып отыр.

Тромбтар артерия, вена қан тамырларында, жүректің ішінде пайда болуы мүмкін. Егер олар өзінің бірінші пайда болып "өскен" орнынан кан ағынымен басқа денеге көшсе, оны тромбоэмболия деп атайды.

Тромб пайда болуы себептері көп және бір уақытта бірнеше мүшелердің қызметі бұзылуымен байланысты. Осыған қоса атеросклероз, гипертония, ревматизм, семіздік, диабет, өкпе аурулары, қан аурулары және стресс (кейіту, ренжіту), адинамия (аз қозғалу, қара жұмыс жасамау) т.б.

Осы жағдайларға қоса қан тамырларының интимасы бұзылса, склерозға айналса эндотелийдің коллагені тромбоциттердің "жабысқақтығын" күшейтіп, тромб пайда болуына әсер етеді.

Тромбоциттер адреналин, норадреналин, серотонин шығарып, фибриногеннің фибринге айналуын тездетеді.

Тромбоциттердің адгезиялық - жабысқақтық (жыртылған қан тамырына, лейкоциттерге) қасиеті бар. Бұл ағзада қорғаныс қызметін орындайды.

Адгезия — операциядан соңғы уақытта, травмадан соң, цирроз, тромбофлебит, денеде су жетіспеушілігінен соң, қатерлі ісік ауруларынан соң күшейеді.

Агрегация деп тромбоциттердің біріне - бірі жабысуын атайды. Бұл қасиет микробтарды фагоцитозбен жою үшін, антигендер мен антитденелер реакциясы үшін қажет. Дегенмен осы жабысқақтық тым күшейсе, онда қан тамыры ішінде тромб пайда болады да окклюзияға әкеліп соғады.

Сау қан тамырында және тромбоцитте электрлік қуат жоқ, сондықтан cay, жарақатсыз қан тамырындағы тромбоциттер қан тамырына жабыспайды. Жарақаттанған қан тамырында электрлік қуат пайда болады да осьгған байланысты өзіне тромбоциттерді тартып, жабыстырады. Осыған қоса қан айналысының нашарлауының әсері зор.

Қан ұю үш түрлі үрдістен тұрады—протромбиназа пайда болу, оның тромбинге айналуы одан соң фибрин пайда болуы.

Қан ұю процессі көп компонентті және көп фазалы үрдіс. Бұл үрдіс жүйке, эндокринді және гуморалъды жүйенің басшылығымен орындалады. Мысалы, егер қанда көп тромбин пайда бола қалса, ағзам гуморальды факторларды көп шығарып, фибринолизистік үрдісті күшейтеді, гепаринді көбейтіп қанның қоюлануына қарсы әсер етеді.

Тромбоэмболияны емдеу үш түрлі әрекеттен құралады:

1. Тромбоциттердің агрегациялануына қарсы

2. Фибриннен тромб пайда болуына қарсы.

3. Тромбты еріту.

1. Тромбоциттердің агрегациясына қарсы (ацетилсалицил қышқылы, курантил, персантин). Тромбоциттердің адгезия және агрегациялық қасиеттерін төмендететін препараттар (ацетилсалицил қышқылы, бутадион, индометацин, реополиглюкин, аминазин, қурантил, папаверин, никотин қышқылы) қанның қоюлану үрдісіне және фибринолизге онша әрекет жасамайды. Олар тек тромбоциттердің адгезивті — агрегациялы қасиетін азайтады.

2. Антикоагулянттар:

а) тікелей әсерлі - қанның қоюлануына қарсы адамның ағзасында және ағзадан тыс жағдайда әсер ете алады. Бұлар гепарин, натрий цитраты.

б) тікелей емес әсерлі - қанның қоюлануына тек ағзада әсер етуші препараттар. Бұлар — неодикумарин, пелентан, синкумар, финилин, амефин.

Гепарин – жан- жақты антикоагулянт. Тромб пайда болу үрдісінің барлық фазаларына қарсы әсер етеді (тромбопластин, тромбин, фибринге қарсы). Ағзада гепарин толық деп аталатын торшаларда пайда болып, қан қоюланып тромб пайда болуы қаупі туғанда қан тамырына көптеп түсіп, қанның сұйықтығын сақтауға қатысады. Осымен қатар фибринолизді үрдісін күшейтіп, пайда бола бастаған тромбтерді ерітеді. Гепарин және де дене ауыруын азайтады, гипоксияға қарсы, регенерациялық үрдісті күшейтеді, қабынуға қарсы, қан қысымын төмендетеді, диурезді молайтады.

Гепаринді қан тамырына, бұлшық ет арасына, терінің астына жіберуге болады. Денеден гепарин 2-6 сағаттан соң бүйрек арқылы шығады. Натрий цитраты қандағы калъцийдің иондарын байлап, ерімейтін қоспа пайда болуына әкеп соғады да, осы арқылы қан қоюлануына қарсы әсер етеді. Сондықтан 4—5% натрий цитраты донордың қанын консервирлеуде қолданылады.

Антикоагулянттарды пайдалану келесі тексерістердің нәтижесіне сүйене отырып жүргізіледі:

1. Қанның ұю уақыты 5—10 мин (Ли-Уайт бойынша)

2. Қандағы кальцийдің жоғалуы -1-2минут.

3. Плазманың гепаринге шыдамдылығы 6-12 мин.

4. Протромбинді индекс 100%.

5. Фибриногеннің концентрациясы 0,2-0,4г/л.

6.Фибринді еріту белсенділігі 183-263 мин.

7. Тромботест - ІҮ ст.

8. Қан ағу уақыты 1-3 мин.

Әрдайым антикоагулянттар пайдалану алдында қан ағу уақыты межеден 2-3 рет ұзақ болуы, зәрде эритроциттер болмауы керек.