Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абылай СРС.docx
Скачиваний:
102
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
513.45 Кб
Скачать

C.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ

ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА



Сөж Тақырыбы: Медициналық ақпараттық жүйелер

Қабылдаған: Баракова Ә.Ш

Орындаған: Кенжебек А.

Факультет: Жалпы медицина

Курс: I

Тобы:20-01қ

Алматы - 2014жыл

Жоспар

  • Кіріспе

  • Базалық деңгейдегі ақпараттық жүйелер

  • Дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орны

  • УЗИ дәрігерінің автоматтандырылған жұмыс орны

  • Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Өзімізге белгілі информациялық жүйелер медицина мен денсаулық сақтау ұйымының барлық саласында ауқымды орынды алады.Информациялық ақпаратты медицинада өңдеу өңдеу информациялық технологиялары арқылы іске асады. Ал жаңа ақпараттық технологияларды медицинаға еңгізу денсаулық сақтау ұйымындағы информаатизация деп аталады. Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі информатизациясы - ақпараттық жүйе болып табылады.Сол себепті денсаулық ұйымының әр-түрлі бағытына байланысты медициналық ақпараттақ жүйелері де жіктелінеді. Медициналық ақпараттық жүйелердің жіктелуі иерархиялық принципке негізделген және медицинаның барлық құрылымына сәйкес келеді,негізгі деңгейлері:

1.Базалық деңгей клиникалық немесе әр-түрлі профильдегі дәрігерлер.

2. Мекемелер - поликлиника,стационарлар,диспансерлер,жедел-жәрдем орталықтары.

3.Территориальды деңгей – профильді немесе мамандандырылған медициналық қызметтер және аймақтық басқару органдары

Жалпы әрбір деңгей өзінің атқаратын қызметіне байланысты жіктелген жәнедәлірек айтқанда есептерді осы жүйемен шешу мақсатында.

Бұл тақырыпта медициналық ақпараттық жүйелердің ішінен қарастырылатын деңгей базалық деңгей болып отыр, яғни базалық деңгейдің бағыттары, түрлері және тағы басқалар қарастырылады.

Базалық деңгейдегі ақпараттық жүйелер технологиялық процесстер көмегімен,медико-технологиялық ақпараттық жүйемен,іске асады.

Базалық деңгейдегі медициналық ақпараттық жүйелер информациялық технологияларды дәлірек медико-технологиялық ақпараттық жүйелер қамтамасыз етеді.

Бұл топтағы жүйелер әртүрлі саладағы дәрігерлерге әр түрлі деңгейдегі есептерді ақпараттық өңдей арқылы шығару үшін кең түрде қолданылады. Бұлардың басты мақсаты дәрігер-клиницистке, гигиенистке, лаборанттарға әртүрлі тапсырмаларды орындау мақсатында компьютерлік қол ұшын беру болып табылады. Олар профилактикалық және емдік диагностикалық жұмыстардың сапасының артуына ықпал жасайды, әсіресе жоғары мамандандырылған дәрігерлердің жаппай тексерісі кезінде, қабылдау кезінде уақыт тым шектеулі кезде оларға деген сұраныстың, науқас жағынан, көп болған жағдайда өте маңызды болып табылады. Базалық деңгейдегі медико-технологиялық ақпараттық жүйелерді атқаратын қызметіне қарай келесі топтарға бөлуге болады:

1.     Медициналық информациялық анықтамалық жүйелер;

2.     Медициналық концультациялық-диагностикалық жүйелер;

3.     Медициналық құрал-жабдық компьютерлік жүйе;

4.     Дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орны;

1. Қолданушының сұранысы бойынша медициналық ақпаратты іздеуге табылған беруге негізделген жүйе медициналық информациялық анықтамалық жүйе деп аталады.Базалық деңгейдің бұл жүйесінде әртүрлі сипаттағы ақпараттар сақталады. Мысалы, ауру тарихы, науқас жайлы мәлімет немесе дәрігерлер туралы ақпарат т.б.

2. Медициналық концультациялық-диагностикалық жүйелер әртүрлі аурулар кезінде және науқастардың түрлі котигорияларында патологиялық жағдайды сонымен қосқанда болжам (прогноз) және емдеу жолдарын, диагностикалау мақсатындағы жүйе болып табылады. Бұл жүйе медициналық ақпараттық жүйелердің ішіндегі ең алғашқысы болып табылады. Алғаш шет елдерде 1956 жылы пайда болды. Бұл жүйеде ауру симптомдары компьютерге диалогты режимде немесе арнайы өндірілген ақпараттық форматта енгізіледі. Сонымен қатар ем шаралық мерекелері, ауру алдын алу, емдік ұсыныстарды еңгізіледі. Есепті шешу мақсатында бұның өзі екі жүйеге ажыратылады.

·        Дәлелді (вероятностный) жүйе. Бұл жүйе ауруды нақты белгісімен тану арқылы жүргізіледі.

·        Экспертті жүйе. Бұл жүйе тәжирібелі дәрігерлердің жүргізген эксперименттері болып табылады.

Консултативті диагностикалық жүйеде қауыпты жағдайда онымен қоса уақыт аздығында тексеріс мүмкіндігі аз жағдайда және адам өміріне қауыпты жоғары деңгейдегі клиникалық симптом кезінде шешімді тез табуға мүмкіндік туғызады. Тағы бір айта кететін жайт бұл жүйе барлық медициналық орталықтарда, диспансерлерден бастап госпиталды ауруханаларға дейін, кең түрде қолданылады. Бұл система диагностикалардың сапасын арттыра түскен және көмек ресурстарын тиімді қолдану, тексеріс барысын жеңілдету ең бастысы дәрігердің профессионалдық деңгейін жоғарылатқан. Бірақ өкінішке орай бұл жүйе практикалық медицинада әліде өз алдына кең қолдануға ие болған жоқ, тек басқа жүйелермен бірге қолданылып келеді. Бұл жүйеге 80-жылдардың басында Стэнфорд университетінде (АҚШ) жасалған MYCIN системасы болып табылады. Бұл система экспертті жүйе және қан жүйесінің бұзылысын және менингитті инфекцияларды емдеу үшін дайындалған жүйе. Берілген симптомдарға қарап соған сай диагноз қояды және медикаментозды емдеу курс ұсынады. Бұл жүйе күрделі 450 ережеден тұрады. Жүйенің диагностикалық сапасы жоғары дәрежедегі дәрігердің деңгейімен теңестіріледі екен.

Дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орны (АРМ врач)

Бұл жүйе базалық деңгейдің негізі болып табылады. Дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орны медициналық ақпараттарды жинау , сақтау және анализ жасауды іске асырады және диагностикалық және тактикалық (емдік, мекемелік т.б.) дәрігерлік шешімдері үшін қолданылады.

Жоғарыда көрсетілген барлық клиникалық деңгейдегі информациялық жүйелер осы жүйенің құрамына кіруі мүмкін, кіруі тиіс және дәрігердің технологиялық автоматтандыруын қамтамасыз етеді, оның ішінде емдік профилактикалық және қорытынды статистикалық мәліметтер енгізу, жұмыс жоспарын құру, әртүрлі сипаттағы анықтамалық ақпаратты алу. Базалық деңгейде қолданылатын дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орнын міндетіне қарай үш топқа жатады.

  1. Емдеуші дәрігерлерге

  2. Медициналық қызметшілерге (медбике, санитар, фельдшер)

  3. Административті шаруашылық бөлімге арналған автоматтандырылған жұмыс орындары.

Медициналық приборлық компьюютерлік жүйені программалық ақпараттық комплекс немесе құрал жабдықтық компьютерлік және микропроцессорлық медико технологиялық автоматтандырылған информациялық жүйе деп те айтуға болады. Бұл жүйе информациялық қолдау және диагностикалық және емдік процесстерді автоматтандыру мақсатында қолданылады,науқас организмімен байланыыс жасау арқылы және осы байланыс жасау мүмкіншілігімен басқа жүйелерден ерекшеленеді. Бұл жүйемен жұмыс жасау үшін арнайы медициналық құрал жабдықтар, саймандар, телетехника, байланыс құралдары қажет. Мысалы, ЭЭГ, ЭКГ, ультрадыбысты диагностика, радиография. Бұл жүйе 60 жылдардың аяғында дамыды және қолданысқа түсті. Даму барысы екі жолмен жүрді:

  1. Медаппаратураларды шығару

  2. Қолданысқа түсіру

  • Дәрігердің негізгі мақсаты- науқастарды амбулаторлы және үйінде емдеу, профилактика мен диспансеризация жүргізу, медициналық документацияны өткізу және басқарушы алдында жұмыс туралы есеп беру. Дәрігердің ең шаршататын жұмысы – “қағаздық”. Бұл амбулаторлы карталарды толтыру, әртүрлі бөлімдерін көшіру болып келеді.

“Дәрігердің автоматтандырылған жұмы орны” - кез-келген медициналық ақпараттық жүйенің орталық бөлімі. Бұл дәрігердің қызметі жалпы максималды және толық түрде автоматтандырылған, яғни нақты бағыттағы арнайы стационар мен поликлиникадағы жұмысқа шартталған болып келеді. Сондықтан дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орны көпт еген медициналық мекемелерде қолданылады.