Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

KZ Патофизиология учебник

.pdf
Скачиваний:
353
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
6.67 Mб
Скачать

нейрондарының қозуын арттырып, терінің сәйкес бөліктеріне таратуы ауыру сезімі ретінде қабылданады. Бұндай ауыру сезімін жаңғырыққан ауыру дейді.

Құбыжық ауыру аяқ немесе қолы кесіліп тасталған адамдарда байқалады. Бұл кезде организмде жоқ дене мүшелері бар сияқты сезіліп, олардың орнында қатты ауыру сезімі пайда болады. Даму жолдары жоғарыда келтірілді.

Каузалгия - дененің ірі жүйке тармақтары бүлінуден, жанға қатты бататын, қақсап ауыратын сезім. Бүлінген

711мүшеге болымсыз әсерлердің өзі қатты ауыруға әкеледі. Каузалгия жиі жүйкенің толық кесілмеуінен, бірақ бұл кезде жуан миелиндік талшықтардың көпшілігі бүлінуінен дамиды. Оның даму тетіктері жоғарыда келтірілген құбыжық ауыруға сәйкес болады.

Ауыру сезімталдығының бұзылу түрлері.

1. Гипералгезия (лат. гипер-көтеріңкі, жоғары, aldonауыру) ауыру сезімталдығының артуы. Б9л кезде бүліндіруші ықпалдардың болмауына қарамай өз бетінше қатты ауыру сезімі пайда болады.

2.Гипалгия немесе гипалгезия - ауыру сезімталдығының азаюы. Гипалгезия ақыл-естің бұзылыстарында: шизофренияның кейбір түрлерінде, мидың маңдай бөлігінің үлкен бүліністерінде, араққа масайғанда т.б. жағдайларда байқалады.

3.Аналгезия немесе аналгия - ауыру сезімінің мүлде болмауы. Мұндай жағдайдың негізінде ауыру сезімталдығының өткізгіштері мен орталықтарының толық дамымауы жатады. Кейде ауыру туындататын рецепторлардың, жұлынның артқы мүйізі жасушаларының немесе гипоталамустың толық дамымауы ауыру сезімінің болмауына әкеледі. Ауыру сезімінің болмауы балаларда тіс шыға бастағанда байқалады. Балалар тілін, ернін, саусағын т.б. тістеп, қанатып қояды, бірақ ауыруды сезбейді. Бұндай балалардың ақыл есі жасына сәйкес дамиды. Аналгия балалар 5-12 жасқа келгенде азаяды, кейде 20 жасқа келгенде жоғалады.

Ауыру сезімі организмнің көптеген ағзалары мен жүйелерінің өзгерістеріне әкеледі. Сыртқы қабаттардың жарақаттануынан болатын ауыру сезімі жалпы организмнің қозуына, тыныс алудың жиілеп, артериялық қысымның көтерілуіне, тахикардияға, гипергликемияға әкеледі. Бұл көрсетілгендер қанға адреналиннің артық түсуімен, ауыртпалық жағдай дамуынан болады. Тым қатты ауыру сезімталдығы ауыр сілейме дамуына әкеледі.

Ішкі ағзалардың ауыруы, керісінше, парасимпатикалық

жүйке

жүйесінің

межеқуаты

көтерілуімен,

артериялық

қысымның

төмендеуімен,

гипогликемиямен

т.с.с.

 

құбылыстармен сипатталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Патологиялық ауыру сезімін емдеу негіздері.

 

Ауыру сезімін емдеу үшін ең алдымен оны туындатқан

 

себепкер ықпалға қарсы әсер ету қажет. Оны патогенездік

 

емдеудің негізінде ауыру туындататын, ноцицепциялық,

 

жүйенің

белсенділігін

 

төмендетіп,

антиноцицепциялық

 

жүйенің белсенділігін арттыру жатады.

 

 

 

 

Қатты

әсерленген

 

ноцицепциялық

нейрондардың

 

белсенділігін төмендету үшін және күшейген дерттік қозу

712

ошағын болдырмау үшін қояншық ауруына қарсы қолданылатын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

дәрі-дәрмектер пайдаланылады. Осы мақсатта қолданылатын

 

карбамазепин

қатарындағы

дәрі-дәрмектер

(тегретол,

 

финлепсин) үштармақ жүйкелердің невралгиясында

т.с.с.

 

жедел

дамитын

ұстамалы

ауыру

сезімдерінде өте

нәтижелі

 

әсер

етеді.

 

Ноцицепциялық

нейрондардың

көтеріңкі

 

белсенділігін төмендету үшін Са2+

иондарының шабан

 

өзекшелерінің тежегіштерін пайдалану нәтижелі қолданылады.

 

Сонымен бірге, антиноцицепциялық жүйенің белсенділігін

 

арттыру қажет. Ол үшін наркоз туындататын анальгетиктер

 

қолданылады;

Моноаминергиялық

антиноцепциялық

жүйені

 

күшейту үшін антидепрессанттар мен транквилизаторлар

 

пайдаланылады. Сонымен бірге, терінің белсенді нүктелерін,

 

жаңғырыққан ауыру сезімінің терідегі аймақтарын электр

 

аңымымен тітіркендіру немесе ине салу, науқас адамды

 

гипнозбен иландыру антиноцицепциялық жүйенің белсенділігін

 

көтереді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауыру

туындататын

жүйенің

белсенділігін төмендету

 

үшін,

 

жоғарыда

келтірілген

фармакологиялық

дәрі-

 

дәрмектерден басқа, хирургиялық тәсілмен жүйке талшықтарын

 

кесу де қолданылады.

 

 

 

 

 

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]