Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ / ЕНБЕК ҚОРҒАУ.docx
Скачиваний:
72
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
48.13 Кб
Скачать

7.2Технологиялық құрылғыларды пайдалану және орналастыру

Сынау зертханаларында технологиялық қондырғылар қолданылмайды.

7.3 Көтеру-көліктік құралдары

Сынау зертханада көтеру-көліктік құралдары қолданылмайды.

7.4 Электр кауіпсіздігі

Сынау зертханасында әртүрлі жабдықтар қауіпті жағдайлар туғызады, оларға стендтер, электр жабдықтарын жатады. Бұл қондырғылардан сақтану үшін келесі шаралар іске асырылады:оқшаулау, ток жүретін бөлімдерін алыстату.МСТ 12.1.019-79* ЕҚСЖ. Электр қауіпсіздігі. Қорғау түрлерінің жалпы талап­тары және номенклатурасы талаптары белгіленеді.

Сынау зертханасында электр тогымен істейтін жабдықтарға электр қозғалтқыштар жатады, және де электр тогына арналған сымдар. Электрлік токтан қорғанудың бірден-бірі жолы, қорғаныштың дара құралы және қорғанышты сөндіргіш ол - жерлендіру. Сынау зертханасында жұмыстық кернеу 380 вольтты құрайды . Осыған сәйкес адамды электр тогынан қорғау проблемасы пайда болады. Барлық ток жүруші бөлікке және бу-ауалы өткізгіштерде электр тогы қауіпін ескертетін бағдарламалар жабыстырылған. Жүйе тәртібі изоляцияланған, сондықтан электрлік токтың қауіпсіз қорғанышы ретінде жерлендіруді қолданамыз. Жерлендірушілер ретінде диаметрі 50 мм және ұзындығы 2,5 метр тік болат құбырларды қолданылады

7.5 Қысыммен жұмыс атқаратын қондырғылардың қауіпсіздігі

Сынау зертханаларында көптеген қысыммен жұмыс атқаратын құралдар қолданылады. Бұндай құралдарға манометр, барометр, анеометр құралдары жатады. Бұл құралдардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп отырылады. Жыл сайын тексерілуден өткізіліп отырады. Сонымен қатар, қысыммен жұмыс істейтін құралдардаң қауіпсіздік ережелері көрсетілген.

7.6 Шу мен дірілмен күресу іс шаралары

Сынау зертханасында көптеген құрылғылар, стендтер қолданылады, оларды пайдалану қарқынды шумен бірге жүреді, бұл еңбек шарттарының нашарлауына әкеледі. МҚН 2.04-03-2005 Шудан қорғау шаралары жүргізіледі.

Шу есту қабілетін жартылай немесе толығымен жоғалтуға, жүйке жүйесінің тозуына, көз сезімталдығының өзгеруіне әкеп соқтыра алады. Олардың салдары, естудің нашарлауы - шу зардаптары болып табылады. Тексеру орнында шуды нормалау екі бағытта жүргізіледі: гигиеналық нормалау және машинаның шулық сипатын нормалау. Жұмыс орнындағы шудың нормасы МЕСТ 12.1.003–83 «ССБТ. Шу қауіпсіздігінің жалпы талаптары» бойынша қарастырылады.

7.7 Ауаның шаңдылығы және газдылығымен күресу іс шаралары

Шаңнан тазарту үшін әр түрлі тазартқыштар, аспирация жүйелері, желдеткіштер қолданылады.

7.8 Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ кезінде нысандарды қорғау бойынша іс шаралар Сынау зертханада табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ кезінде нысандарды қорғау бойынша мынадай шаралар жүргізіледі: - ғылыми зерртеулер, жағдайларды ққадағалау, бақылау, ТЖ пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін зілзала және апаттарды болжайды және қаупі туралы хабарлап отырады; - ТЖ саласындағы білімдерді насихаттайды, сақтану шараларын үйретеді;-табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ саласындағы техникалық регламенттерге талдаулар жасалынып отырады. 7.9 ТЖ зардаптарды жою Бiрiншi кезекте жасалатын iс-қимыл кезiнде сынау зертханасындағы қызметкерлерді төтенше жағдай аймағынан уақытша көшіру, ұйымдардың қажеттi материалдық - техникалық ресурстарын жұмылдыру iсi жүргiзiледі, зiлзала немесе апат болған объектiнiң жұмысы тоқтатылады немесе тоқтатыла тұрады, ұйымдарда жұмыс режимi өзгертiледi, адамдардың жүрiп-тұруы мен жүктердiң тасымалдануына шектеу енгiзiледi, мүмкiн болатын құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстары жүзеге асырылады, қоғамдық тәртiп пен объектiлердi қорғау қамтамасыз етiледi.