Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ / ЕНБЕК ҚОРҒАУ.docx
Скачиваний:
72
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
48.13 Кб
Скачать

7.14 Өрт жарылыс қауіпсіздігі

Өндірістік орында өрт қауіпсіздігін мемлекеттік өртке қарсы ұйымы бақылайды. Кәсіпорын өртке қарсы шараларын ұйымдастырып олардың орындалуын бақылайтын мемлекеттік өртке қарсы ұйымның инспекторы бекітіледі. Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар 1996 жылғы 22 қарашада қабылданған "Өрт қауіпсіздігі туралы" заңмен жүзеге асады. Сынау зертханасында көпіршікті генераторлар, автоматты сигнал беру құралдарын қолдану арқылы автоматты өрт сөндіру жүйелері қойылған.

Өндірістік объектілердегі өрт қорғанысы (жарылыс қорғанысы): - объектінің өртке тұрақтылық дəрежесін жəне жеке элементтері мен құрылымдарының өртке тұрақтылық шектерін дұрыс таңдаумен; - өрт ошағы пайда болған жағдайда өрттің таралуын шектеумен; - түтінге қарсы жүйелерді қолданумен; - адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз етумен; - дабылдық, хабарлауыш жəне өртті сөндіру құралдарын қолданумен; - өрт қорғанысын, газдық құтқару жəне тау-кен құтқару қызметін ұйымдастырумен қамтамасыз етіледі.

Бұл объектілерді мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары екі жылда бір рет жоспарлы тексереді және жыл сайын жоспарлы тексеру кезеңінде айқындалған өрт қауіпсіздігі саласындағы нормаларды, ережелер мен стандарттарды бұзушылықтарды жоюдың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Өрт сөндіру және техника қауіпсіздігі:

1) Тез жанатын, зиянды заттармен сынақ зертханасында жұмыс істегенде жұмыс, кермелеу желдетуінің қосылған кезінде жүру керек.

2) Желдету жұмыстың алдында жасалу керек, және де бөлме толық желдетуі тиіс.

3) Барлық жұмыстар зертханада электр жабдықтарының, электр сымдарының және жерлену құрылғысының жұмысқа жарамды кезінде жүргізілуі тиіс.

4) Егер де қандай да бір өрт жағдайы болса, онда дереу түрде өртті өрт сөндіру құралдарымен өшіріп, кәсіпорынның өрт сөндіру қызметіне дереу хабарлау қажет.

6) Зертханада алғашқы медициналық көмекті көрсетуге, қолды кесіп алған жағдайда, уланғанда дәрілер жиынтығынан құралған қорапша болу керек.

7) Зертханада мына жағдайларға рұқсат берілмейді:

- өртке тез жанатын заттармен киімді тазалауға және еденді жууға;

- шафты, үстелді, еденді кірлетуге;

- токқа қосылып тұрған құрылғыны және аспапты қараусыз қалдыруға;

- іс-әрекет кезінде тез жанатын және көп мөлшерде жылуды бөлетін реактивтерді бірге сақтауға;

- жұмыс орнында темекі тартуға және тамақтануға.

8) Құралдармен жұмыс жасаған кезде қорғану айлабұйымдарын қолданып жүргізу қажет (қолғап, алжабқыш, халат).

9) Жұмыс соңында мыналарды тексеру қажет:

- құбыршүмек жабық па екені тексерілу қажет;

- электр жабдықтары, сынау жабдықтары, жарықтандыру және т.б. аспаптардың өшірілуін тексеру қажет;

- қорапта қажет емес заттардың алынуын тексеру қажет.

7.15 Жобаланатын нысанның қоршаған ортаға кері әсері мәселелері

Жобаланатын нысанның қоршаған ортаға кері әсері бар. Сынау зертханасында жылыны мөлшермен 300000 өнім түрлері шығарылады. Сынаудан шыққан жарамсыз болып қалған өнім қалдықтары ауаны ластайды.