Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломы-2 / ВЗД-172 / 5. Экономикалық бөлім.docx
Скачиваний:
69
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
113.81 Кб
Скачать

5. Экономикалық бөлім

5.1 Жобалаудың экономикалық тиімділігінің жоспары

Экономикалық баға беру кезінде өндірістік кез-келген объект немесе үрдіс ең бірінші мына көрсеткіштерді анықтау керек: қабылданатын өнімнің өзіндік құнының бірлігі, капиталды шығындар, еңбек өнімділігі және капиталды шығындарды толықтыру мерзімі. Осы көрсеткіштердің ішінде маңызды рөл ойнайтын көрсеткішке өнімнің өзіндік құн бірлігін жатқызамыз, себебі бұл көрсеткіште капиталды шығындардың, еңбек өнімділігінің барлық қасиеттері бейнеленген. Сондықтан өнімнің өзіндік құн бірлігін анықтамағанша, келесі үш көрсеткішті қолдана алмаймыз.

Осы тенденцияны және экономиканың нақты ережелерін ескере отырып,капиталды салыстырмалы және пайдалану шығындарына ерекше мән береміз. Жабдыққа сәйкес келетін барлық пайдалану шығындары өнімнің өзіндік құнын құрайды. Ғылыми техникалық прогресс мықты кәсіпорында жаңа машиналар және жүйелермен реттейтін, басқаратын құралдармен принципиалды жаңа техника және өнім түрлерін құрудың, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды рационалды пайдалануға жоспарлы жұмыстарды өңдеудің негіздерін қарастырады. Қондырғының техника-өнімділік сипаттамаларын жақсарту мен жаңарту (модернизациялау), оның қуаты, өнімділігі, ұзақ мерзімділігі және тағы басқа параметрлері техникалық прогресстің бір маңызды жағы болып табылады. [18]

Қазіргі уақытта мұнай-газ бұрғылау өнеркәсібінде соңғы ұңғыма бұрғылау процессінің тиімділігін сипаттайтын жабдықтың параметрлерінің көрсеткіштері прогрессивті технологиясы өңделуде. Өндірісте жаңа техника және технологияны енгізу, келесі экономикалық нәтижелер орын алса ақталады:

- бірлік ұңғыма бұрғылауға кететін шығындарды азайту;

- бұйымның сапасын көтеру;

- еңбек өнімділігін арттыру.

Техниканы жетілдіруге жұмсалған қосымша капитал салымдар, бұрғылауға кеткен шығындар экономикасымен қайтаруы керек.

Басқа түптік гидравликалық қозғалтқыштарға қарағанда бұрандалы қозғалтқыштың бірнеше артықшылықтары бар:

- қозғалтқыш білігінің жоғары айналу моментінде төмен айналу жиілігі қашау рейсына енуінің артуына мүмкіндік береді (турбиналық бұрғылау салыстырғанда);

- қозғалтқыштың жұмысы кезінде сораптардың қадаушасы қысымының өзге Технология бурения нефтяных и газовых скважин Технология бурения нефтяных и газовых скважин руін көрсеткіштерін бақылауға мүмкіндігі бар.

Ғылыми техникалық прогресс мықты кәсіпорында жаңа машиналар және жүйелермен реттейтін, басқаратын құралдармен принципиалды жаңа техника және өнім түрлерін құрудың, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды рационалды пайдалануға жоспарлы жұмыстарды өңдеудің негіздерін қарастырады. 5.1 - кестеде тередігі 4000 метр ұңғыманы бұрғылаудың жоспарлы ұзақтығы көрсетілген.

5.1 – Кесте - Ұңғыманы бұрғылаудың жоспарлы ұзақтығы

Цикл элементтері

Қалыпты ұзықтылық

Пайдалы әсер коэффициенті,

кп

Жоспарлы ұзақтылық, тәулік

сағат

тәулік

1

2

3

4

5

Дайындық жұмыстары

168

7

1

7

Бұрғылау кезеңі:

бағыттаушыға

кондукторды

бірінші аралық

екінші аралық

пайдалану тізбегі

1392

120

275

288

336

408

58

5

11

12

14

17

1,05

60

5

12

13

15

18

Барлығының қату ұзақтығы:

- бағыттаушы

- кондуктор

- бірінші аралық

- екінші аралық

- пайдалану тізбегі

192

24

72

96

120

168

8

1

3

4

5

7

1,05

9

1

3

4

5

7

Бұрандалы түптік қозғалтқышының өстік жүктемені қабылдайтын негізгі элементі шпиндель секциясындағы өстік тірегі болып табылады. Оның резина металлды бөлшектері оның жұмыс істеу мерзіміне тікелей әсер етеді. Сондықтан ол маңызды рөл атқарады. 5.2 - кестеде МЕСТ 4671-76 бойынша бұрандалы түптік қозғалтқыштың тірегінің резина металлды бөлшектерінің кепілді беріктігі көрсетілген. Осыдан біз тереңдігі 4000 м ұңғыманы бұрғылағанда өстік тіректерді 19 рет, радиалды тіректерді 8 рет ауыстыру керек екенін көреміз. Ал ток өткізгіш кабельді 1457 сағатта 3 рет ауыстыру керек.

5.2 - кесте -Түптік қозғалтқыш бөлшектерінің кепілді беріктігі

Жуу сұйығының параметрлері

Кепілді жұмыс істеу мерзімі, сағат

өстік тіректер

радиалды тіректер

Ротор - статор

Су

100

200

525

Салмағы 1,5 кг/см3 болатын бұрғылау сұйығы, құм мөлшері 2 %-ға дейін

65

180

497

Салмағы 2,2 кг/см3 болатын бұрғылау сұйығы, құм мөлшері 3%-ға дейін

55

160

380

Орташа есеппен жұмыс істеу мерзімі, сағат

75

180

467

Қолдану ұзақтығын арттыра отырып, шпиндельді секция бөлшектерінің ұзақ мерзімділігін қамтамасыз ете отырып, оның сенімділігін және экономикалық тиімділігін атап өтейік. [19]

5.3 - кестеде түптік қозғалтқыштың тозатын элементтерінің бағасы келтірілген.