Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gistologia_srs.doc
Скачиваний:
58
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
85.5 Кб
Скачать

Жүректің өткізгіш жүйесі құрамындағы бөліктердің қайсысына болмасын өздігінен қозатын автоматиялық қасиет тән. Бірақ олар бірдей емес, жүрек автоматиясында айырмашылық – градиент болады.

1883 жылы ағылшын ғалымы В.Гаскелл жүректің өткізгіш жүйесіндегі бөлімдер синоатриалдық түйіннен алыстаған сайын олардың автоматиялық дәрежесі төмендейді деген тұжырымға келді, автоматия градиент заңы. Бұл заң бойынша атриовентрикулярлық түйін автоматиясы синоатриалдық түйін автоматиясынан төмен, Гисс шоғырының автоматиясы бұдан да төмен, Гисс шоғырының аяқшаларының автоматиясы Гисс шоғырының автоматиясынан да төмен, ал Пуркинье талшықтарының автоматиясы бұдан да төмен.

Бұл автоматия заңы бойынша: I – автоматизм орталығы синоатриалды түйін, импульс жиілігі минутына 60-80рет. Бұл түйіннен Бахман, ВЕнкебах, Торел жіпшелері арқылы импульстар оң жақ жүрекшеге және атриовентрикулярлы түйінге өтеді. Ұзақтығы 0,08-0,1 с, Экг-да Р-тісшесі II – автоматизм орталығы атриовентрикулярлы түйіннен Гисс шоғырына таралуы, ұзақтығы – 0,12-0,2 с, Р-Q тісшелері аралығы III – Гисс шоғыры, импульс жиілігі минутына 25-45рет, ұзақтығы 0,03 с, Q – тісшесі. Гисс шоғырынан Гисс аяқшаларына өту ұзақтығы 0,08-0,12 с, Q-R т3сшелері аралығы, келесі Гисс аяқшаларынан сол және оң қарыншаның базальды бөліктеріне өту ұзақтығ 0,06 с, S-тісшесі IV-Пуркинье талшықтарынан импульстардың толығымен қарыншаларға берілуі, ұзақтығы 0,16-0,24 с, S-T-тісшелер аралығы және T-тісшесі

Бұлардың автоматиялық дәрежесі өздігінен туатын қозу санына байланысты.

Демек, синоатриалдық түйінде өздігінен туатын қозу саны өте көп. Бқл сан жүрек соғуының жиілігіне сәйкес келеді. Демек, жүрек соғуы осы түйінде туатын қозуға байланысты. әдетте өткізгіш жүйенің синоатриалдық түйіннен басқа бөлімдері өздігінен қозбайды, синоатриалдық түйін олардың атоматиялық қасиетін басып, өздігінен қозуға жол бермейді. Сондықтан бұлар тек синоатриалды түйіннен шыққан қозуды өткізеді.

Синоатриалдық түйіннің атриовентрикулярлық түйінге тигізетін әсерін тоқтатып тастаса, соңғы аталған түйін өздігінген қозып, жүрек еті жиырыла бастайды. Бірақ жүректің соғу жиілігі көп төмен болады. Сонымен жүректің автоматиялық қасиеті әсіресе синоатриалдық түйінде өте жоғары, жүрек етінің жиырылуы осы түйіннің әсеріне байланысты. Осыған орай бұл түйін жүректің пейсмекері деп аталады, ағыл. Pace – қадам, адым, maker – алып жүреді, жетектейді. Сонымен пейсмекер – жүрек соғуының жетекшісі.

Өткізгіштік жүйе бұзылысымен байланысты дамитын аурулар:

  • Жүрекше фибриляциясы;

  • Синусты түйіннің дисфункциясы;

  • Қарыншалық пароксизмальды тахикардия;

  • Синусты аритмия;

  • Қарыншалық экстрасистолия;

  • Брадикардия, тахикардия;

  • Қарынша фибриляциясы және т.б.

Диагностикасы: - электрокардиография

- эхокардиография

Қорытынды

Жүрек – ағзаның негізгі мүшесі, ол адамның қалыпты өмір сүруіне жағдай жасайды және жүрек жұмысы тоқтаса адам өмірі де тоқтайды. Жүрек өте күрделі жүйе, оның негізгі қызметі қанды қозғалысқа келтіріп мүшелерге айдау нәтижесінде ол барлық организмді түгелдей зат алмасу процесімен қамтамасыз етіп отырады. Ал жүректің бұл қызметтері оның жиырылып және босаңсу қасиетіне байланысты, ал бұл қасиетін өткізгіштік жүйе жүзеге асырады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1)”Гистология, цитология және эмбриология”, Ю.И. Афанасьева, С.Л. Кузнецова, Н.А. Юриной, Москва 2004г; 2) “Цитология, эмбриология және гистология”, Ж.О. Аяпова, Алматы 2009ж; 3) “Адам физиологиясы”, Х.Қ. Сәтбаева, А.А. Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы 2010ж; 4) ғаламшар желісі www.google.ru

5) «Жалпы гистология негіздері» Қ.А.Сапаров Алматы,1994ж.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]