Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
микра дайын.doc
Скачиваний:
94
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
82.43 Кб
Скачать

Микробиология және оның дамуы

Микроорганизмдердің жалпы сипаттамасы. Биосферада тірі ағзалар өте көптеп орналасқан. Оның бірі макроәлемді, басқалары -микроәлемді құрайды. Макроәлемге жануарлар, құстар, өсімдіктер, жәндіктер мен басқа да көзге көрінетін организмдер жатады; микроәлемге өсімдік және жануар текті көзге көрінбейтін өте ұсақ тірі организмдер жатады; бұлар негізінен бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар мен вирустар. Жобамен алғанда биосферада бактериялардың саны 1030 -дейін жетеді, ал вирустар мен қарапайымдылардың санын тіпті есепке алу қиын.

Микроорганизмдер молекулярлы-биологиялық құрылымына байланысты прокариоттар мен эукариоттарға бөлінеді. Прокариоттар (грек тілінен аударғанда karyon - ядро) - ядролық мембранасы және жоғары құрылымды органеллалары жоқ тіршіліктің ядроға дейінгі бір жасушалы қарапайымдылары. Бұл бактериялар, соның ішінде актиномицетгер мен көк-жасыл балдырлар. Эукариоттарға тұрақты ядросы және жоғары құрылымды органеллалары бар біржасушалы және копжасушалы ағзалар - қарапайымдылар, саңырауқүлақтар, балдырлар (тек кек-жасыл балдырдан баскасы) жатады. Прокариоттар мен эукариоттардың белгілі құрылысы, тіршілігінің арнайы тұрі бар және басқа тірі организмдермен, сондай-ақ тірі емес табигатпен биоценозды (грек тілінен аударғанда bios - өмір және koinos-жалпы) қарым-қатынаста болады. Прокариоттар сияқты эукариоттар да олардың өмір сүруі мен көбеюіне бағытталған тіршілік процесін қамтамасыз ететін қүрылымдардан тұрады.

Микроорганизмдердің ішінде ерекше орынды вирустар алады (латын тілінен аударғанда virus - у), вирустар тіршіліктің өте ұсак, және қарапайым түрі, тірі және тірі емес аралығында орналасып, жасушадан тыс өмір сүре алмайды. Вирустар құрамына нуклеин қышқылдары (ДНҚ немесе РНҚ), ақуыз, ферментгер кіреді. Приовдар құрылысы оған қарағанда қарапайым - генетикалык материалы яғни нуклеин кышқылы жоқ «инфекциялық» ақуызды бөлшектерден тұрады.

Вирустар мен приондар облигатты (міндетгі түрде) жасушаішілік паразиттер болып табылады. Прокариоттар әдетге жасушадан тыс көбейеді, бірақта факультативті жасушаішілік паразиттер де бола алады; тек кейбір бактериялар (риккетсиялар, хламидиялар) облигатты жасушаішілік паразиттер болады. Эукароиоттардың құрылысы прокариоттарға қарағанда анағүрлым күрделі. Бүл туралы жасушаның генетикалык аппаратын құрайтын гендер санына, яғни геном көлемі бойынша дәлелденеді. Эукариотгардың гендік келемі прокариоггарға қарағанда он есе, жүз есе үлкен. Вирустардың геном көлемі - 10-100 гендерден түрса, бактериялар - 1000-5000 гендерден, қарапайымдылар 10000-нан астам гендерден түрады. Микроәлемнің кейбір өкілдерін өлшемі 0,01-0,4 мкм, немесе 10-400 нм (вирустар), 10 мкм-ге дейін және одан жоғары (бактериялар, саңырауқүлақтар, карапайымдылар).

Микроорганизмдер табиғат пен адам өмірінде аса үлкен орын алады. Олар табиғатта заттар мен энергия айналымын, топырақтың құнарлылығын, атмосфераның газдық қүрамын және басқа табиғи процестерді ұстап тұруды қамтамасыз етеді.

Микроорганизмдердің көпшілігі адам үшін қауіпсіз, тіпті көбісі пайдалы. Тері мен шырышты кабаттағы, асқазан-ішек жолдарывдағы және зәр жыныс жолдарындағы микроорганизмдер адам ағзасының экологиялық бірлігін кұрайды және де оның тіршілігіндегі (эндоэкология) бірқатар процестердің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Адам көптеген микроорганизмдерді тіршілігіне қажетті өнімдер мен материалдарды алу үшін колданады.

Адам организміне зақым келтірмейтін және ауру тудырмайтын микроорганизмдерді патогенді емес немесе сапрофиттер деп атайды (грек тілінен аударғанда заргоз - шірік және рһуіоп - өсімдік), яғни өлі организмнің органикалык заттарымен коректенеді. Дегенмен адамда әртүрлі ауруларды және патологиялық процестерді тудыратын микроорганизмдер топтары кездеседі. Бүл микроорганизмдерді патогенді (грекше раthos - ауру) деп атайды; олар органикалық субстраттар арқылы қоректеніп өмір сүреді. Патогенді микроорганизмдердің саны өте көп -3000-нан астам түрлері бар (бактериялар, вирустар, саңыраукүлақтар), соның ішінде 1000-нан астамы вирустар. Организмнің қарсы түру қабілеті төмендегенде немесе сәйкес-қолайлы жағдайлар туындағанда сапрофиттер ауру туғызуы мүмкін, яғни олар патогенді микроорганизмдер сияқты болады. Мүндай микроорганизмдер шартты-патогевді деп аталады.

Микроорганизмдерді зерттейтін ғылым микробиология деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]