Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
микра дайын.doc
Скачиваний:
94
Добавлен:
05.06.2015
Размер:
82.43 Кб
Скачать

Микробиологияның мақсаты мен міндеттері.

Микробиология (грек сөзінен micros - ұсақ, bios - емір, logos - ілім) көзге көрінбейтін өсімдік және жануар текті өте ұсак тіршілік түрлерін - микроорганизмдердің құрылысын, тіршілігін және экологиясын зерттейтін ғылым. Микробиология микроәлемнің барлық өкілдерін (бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар, вирустар) зерттейді. Мағынасы бойынша микробиология биологиялық іргелі (негізгі) ғылым болып табылады. Микроорганизмдерді зерттеу үшін ол басқа ғылымдар әдістерін қолданады, ең алдымен физика, биология, биоорганикалық химия, молекулярлық биология, генетика, цитология, иммунология. Басқа ғылымдар сияқты микробиология да жалпы және жеке болып белінеді. Жалпы микробиология микроорганизмдердің құрылысы мен тіршілік ету заңдылықтарын молекулярлы, жасушалы, популяциялы деңгейлерде генетиканы және оның қоршаған ортамен қатынасын зерттейді. Жеке микробиология микроорганизмдердің қоршаған ортадағы, тірі табиғаттағы көрінісі және адамдағы көрінісі мен әсер етуіне байланысты микроәлемнің жекелеген екілдерін зерттейді. Микробиологияның жеке бөлімдеріне жатады: медициналық, ветеринарлық, ауыл шаруашылык техникалык (биотехнология бөлімі), тещздік, космостық микробиология.

Медициналық микробиология адамға патогенді микроорганизмдерді зерттейді: бактериялар, вирустар, саңыраукұлақтар, қарапайымдылар. Зертгелетін патогенді микроорганизмдердің табиғатына байланысты медициналық микробиология бактериологияға, вирусологияға, микологияға, протозоологияға бөлінеді. Бұл пәндердің әрқайсысы келесі сұрақтарды қарастырады:

-морфологиясын және физиологиясын, яғни микроскопиялық және басқа зертгеу түрлерін қарастырады, патогенді микроорганизмдердің зат алмасуын, қоректенуін, тыныс алуын, өсу және көбею жағдайларын, генетикалык ерекшелілн зерттейді;

-микроорганизмдердің жұкпалы аурулар этиологиясы мен патогенезіндегі орнын;

-микроорганизмдер тудыратын аурулардың негізгі клиникалык көріністері мен таралуын;

-жұқпалы аурулардың арнайы диагностикасын, алдын алуын және емдеуін;

-патогенді микроорганизмдердің экологиясын.

Медициналық микробиологияға санитарлык, клиникалық және фармацевтикалық микробиология жатады.

Санитарлық микробиология қоршаған ортадағы микрофлораны, микрофлораның организммен қарым-қатынасын, микрофлораның және оның өнімдерінің адам денсаулығынын жағдайына әсерін зерттейді, адамға микроорганизмдердің колайсыз әсерлерінін алдын алатын шараларды өңдейді.

Клиникалың микробиология-адамдағы аурулардың пайда болуындағы шартты-патогенді микроорганизмдердің рөлін, осы аурулардың диагностикасы мен сақтандыру маңызын зерттейді. Фармацевтикалық микробиология дәрілік есімдіктердің жұқпалы ауруларын, дәрілік өсімдіктер мен олардың шикізатгарының микроорганизмдермен зақымдануын, дәрілік заттарды дайындау барысындағы, сондай-ақ дайын дәрілік түрлердін ластануын, асептика мен антисептика әдістерін, дәрілік препараттар өндірісіндегі дезинфекцияны, микробиологиялық және иммунологиялық диагностикалық, сақтандыру, емдеу препараггарын алу технологиясын зерттейді.

Ветеринарлық микробиология медициналык микробиология мәселелерін, бірақ көбінесе жануарларда ауру туғызатын микроорганизмдерді зерттейді.

Ауыл шаруашыльщ микробиология топырақ микрофлорасын, өсімдіктер әлемін, оның өсімталдығына әсерін, топырақ құрамын, өсімдіктердін жүқпалы ауруларын және т.б. мәселелерді зерттейді.

Теңіздік және космостық микробиология сәйкесінше теңіздік және су қоймаларындағы, космостық кеңістік пен басқа планеталардағы микрофлораны зерттейді.

Техникальщ микробиология биотехнологияның бөлігі болып табылады, халық шаруашылығы пен медицинадагы әртүрлі өнімдерді (антибиотиктер, вакциналар, ферменттер, ақуьпдар, витаминдер) микроорганизмдерден алу технологиясын оцдейді. Қазіргі заманғы биотехнологияньщ негізі - генетикалық инженерия.

XIX ғ. екінші жартысындағы макро -және микроорганизмдер арасындағы қарым-қатынасты зерттейтін микробиология саласындағы көптеген жаңалықтар иммунологияның қарқынды дамуына әкелді. Алғашында иммунология жұқпалы ауруларға ағзаның тұрақтылығы туралы ілім ретінде карастырылды. Қазіргі кечдс ол жалпы медициналық және жалпы биологиялык ғылым болып табылады, Иммунды жүйенің тек микробтардан ғана емес, сонымен катар организмді кез келген бөтендігі бар заттардан қорғау қабілеттілігі долслдснгсн, бұл организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын, яғни гомеостазды сақтайды.

Иммунология диагностиканың зертханалық әдістерін, жұқпалы және көптеген жұқпалы емес (соматикалык) аурулардын, алдын алуы мен емдеуін өңдеуде, сондай-ақ иммунобиологиялық препараттарды (вакцина, иммуноглобулиндер, иммуномодуляторлар, аллергендер, диагностикалық препараттар) өңдеуде негіз болып табылады. Иммунобиологиялық препараттарды өңдеу мен өндірісімен айналысатын иммунологияның жеке бөлігі - иммунобиотехнология болып саналады. Қазіргі заманғы медициналық микробиология мен иммунология иммунды жүйенің бұзылысына байланысты көптеген жүқпалы және жұкпалы емес аурулардың (онкологиялық, аутоиммундық аурулар, мүше мен тіндердің трансплантациясы) диагностикасында, сақтандыру мен емдеуінде аса маңызды орынды алып үлкен жетістіктерге жетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]